2020-2021 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 193 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 тамызда № 6342 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №13418 болып тіркелген) бұйрығын басшылыққа ала отырып Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020 – 2021 оқу жылында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.А.Мыңбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Р.Егізбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 14 тамыздағы
№ 193 қаулысымен бекітілген

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020 – 2021 оқу жылында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламасы тобының коды

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

Саны

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырылатын жоғары оқу орындары

6B01 Педагогикалық ғылымдар

1

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

5

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын

2

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

В017

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

6

6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

3

6В022 гуманитарлық ғылымдар

В033

Дінтану және теология

4

"Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті

6B10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

4

6В101 Денсаулық сақтау

В086

Жалпы медицина

60

"Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

5

6В101 Денсаулық сақтау

В089

Қоғамдық денсаулық сақтау

25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады