Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 наурызда № 6077 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 29.05.2023 № 20 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес және 2020 жылғы 28 ақпандағы Орал қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын - алу және жою жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысының хаттамасы негізінде, Орал қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шолохов көшесі бойындағы Д-1000 мм өзін-өзі ағатын канализациялық коллектордағы апатқа байланысты, жағдай қалыптасқанға дейін Орал қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайдың салдарын жою басшысы болып Орал қаласының әкімінің орынбасары М.Мүлкәй тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы (Ж.Салимов) зардап шеккен объектілерге тексеру жүргізсін.

      4. Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы (И.Джазыкбаев) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласының әкімі А. Шыныбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады