Орал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 39-4 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 43-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 сәуірде № 6205 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 8-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 22.09.2021 № 8-4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 39-4 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4192 тіркелген, 2016 жылы 5 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған ) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы";

      кіріспе бөлігі (кіріспе) келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын

      өндіріп алу қағидасы мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Крылов
      Орал қалалық мәслихатының хатшысы А. Аубекеров

  Орал қалалық мәслихатының
2020 жылғы 27 сәуірдегі
№ 43-5 шешіміне қосымша
  Орал қалалық мәслихатының
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 39-4 шешіміне қосымша

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу қағидалары мен мөлшері

1-тарау. Жалпы ережелер

      Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік – еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11324 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді.

2–тарау. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Шығындарды өтеу мүгедек баланың үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде ай сайын бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізіледі.

      2. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай беріледі.

      3. Шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Орал қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің психологиялық – дәрігерлік - педагогикалық кеңестің қорытындысында (бұдан әрі –қорытынды) белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі.

      4. Төлемдерді тоқтату келесі жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады:

      1) қорытындыда белгіленген мерзімнің аяқталуы;

      2) мүгедек баланың қайтыс болуы;

      3) мүгедектікті алып тастау;

      4) мүгедек баланың интернат үйі немесе санаториялық мектепте оқу кезеңінде.

      5. Мүгедек қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу стандартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Мүгедек қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды төлеу жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Орал қаласында тұрақты тұратын тұлғаларға уәкілетті органдармен екінші деңгейдегі банктер арқылы арызда көрсетілген алушының жеке есеп шотына аударылады

3-тарау. Қорытынды ережелер

      7. Мүгедек қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды тағайындау барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

О внесении изменений в решение Уральского городского маслихата от 3 декабря 2015 года №39-4 "Об утверждении Правил и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану"

Решение Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 27 апреля 2020 года № 43-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 28 апреля 2020 года № 6205. Утратило силу решением Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 22 сентября 2021 года № 8-4

      Сноска. Утратило силу решением Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 22.09.2021 № 8-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" Уральский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Уральского городского маслихата от 3 декабря 2015 года № 39-4 "Об утверждении Правил и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №4192, опубликованное 5 января 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      заголовок на казахском языке излагается в новой редакции, текст на русском языке не меняется;

      вступительную часть (преамбула) изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" Уральский городской маслихат РЕШИЛ:";

      пункт 1 на казахском языке излагается в новой редакции, текст на русском языке не меняется;

      Правила и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану утвержденные указанным решением изложить в новой редакции согласно приложению, к настоящему решению.

      2. Руководителю аппарата Уральского городского маслихата (С.Даулетов) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии В. Крылов
      Секретарь Уральского городского маслихата А. Аубекеров

  Приложение
к решению Уральского
городского маслихата
от 27 апреля 2020 года № 43-5
  Приложение
к решению Уральского
городского маслихата
от 3 декабря 2015 года № 39-4

Правила и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Глава 1. Общие положения

      Настоящие Правила возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану (далее - Правила) определяют порядок возмещения затрат обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану и разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" и стандартом государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей- инвалидов", утвержденным приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 "Об утверждении стандартов государственных услуг в социально - трудовой сфере" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11342) (далее – стандарт).

Глава 2. Порядок и размер возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

      1. Возмещение затрат производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ" (далее - уполномоченный орган) на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка-инвалида на дому, в размере пяти месячных расчетных показателей ежемесячно.

      2. Возмещение затрат на обучение на дому (кроме детей-инвалидов, находящихся на полном государственном обеспечении и детей инвалидов, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей и иным законным представителям детей инвалидов независимо от дохода семьи.

      3. Возмещение затрат производится с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении городской психолого - медико- педагогической консультации (далее – заключение) государственного учреждения "Отдел образования города Уральска".

      4. Выплата прекращается с месяца, в котором наступили следующие обстоятельства:

      1) окончание срока, установленного в заключении;

      2) смерть ребенка-инвалида;

      3) снятие инвалидности;

      4) в период обучения ребенка-инвалида в доме интернате или санаторной школе.

      5. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов осуществляется согласно требованиям стандарта.

      6. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов предоставляется за счет средств местного бюджета постоянно проживающим лицам в городе Уральск и осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня за счет бюджетных средств на лицевые счета получателей.

Глава 3. Заключительные положения

      7. Все споры и разногласия, возникшие при назначении возмещения затрат на обучение на дому для детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов, разрешаются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.