Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 47-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 мамырда № 6244 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 14-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 15.04.2022 № 14-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Ақжайық аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 18-2 "Ақжайық ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5182 тіркелген, 2018 жылы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылсын.

      3. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (М.Тойекешов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Нысанбаева
      Ақжайық аудандық маслихат хатшысы С. Сиражев

О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения

Решение Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 19 мая 2020 года № 47-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 21 мая 2020 года № 6244. Утратило силу решением Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 15 апреля 2022 года № 14-8

      Сноска. Утратило силу решением Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 15.04.2022 № 14-8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Акжаикский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Повысить базовые ставки земельного налога в десять раз на не используемые земли сельскохозяйственного назначения, в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан.

      2. Признать утратившим силу решение Акжаикского районного маслихата от 16 апреля 2018 года № 18-2 "О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Акжаикскому району" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5182, опубликованное 27 апреля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Руководителю организационного отдела аппарата районного маслихата (М.Тойекешов) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Нысанбаева
      Секретарь Акжаикского районного маслихата С. Сиражев