Бөкей ордасы ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 68 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 маусымда № 6276 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 37 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 16.03.2021 № 37 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бөкей ордасы ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін үш пайыз мөлшерінде белгіленсін:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін.

      2. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы №142 "Бөкей ордасы ауданы бойынша 2019 жылға азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5764 тіркелген, 2019 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Айткалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Бөкей ордасы ауданының әкімі Н. Рахимжанов

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 11 маусымдағы № 68
қаулының 1-қосымшасы

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері

Квота белгіленген жұмыс орындар саны

1

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөкей ордасы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

235

3

7

2

"Бөкей ордасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі

68

3

2

3

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

38

3

1

4

Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

43

3

1


Барлығы

384


11

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 11 маусымдағы № 68
қаулының 2-қосымшасы

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері

Квота белгіленген жұмыс орындар саны

1

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бөкей ордасы аудандық ветеринариялық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

60

3

2

2

"Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы" Акционерлік қоғамы

50

3

2

3

"Бөкей ордасы аудандық мәдениет бөлімінің Бөкей ордасы аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

99

3

3

4

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

43

3

1


Барлығы

252


8

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 11 маусымдағы № 68
қаулының 3-қосымшасы

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері

Квота белгіленген жұмыс орындар саны

1

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

38

3

1

2

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекетті мекемесі

106

3

3

3

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекетті мекемесі

119

3

4


Барлығы

263


8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады