Бәйтерек ауданы Рубежин ауылдық округі Рубежин ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Рубежин ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 ақпанда № 6025 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Рубежин ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Рубежин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Рубежин ауылдық округінің Рубежин ауылының көше атаулары:

      "Ленин" көше – "Абай" көшесі;

      "Мирная" көше – "Бейбітшілік" көшесі;

      "Набережная" көше – "Жайық" көшесі;

      "Ситников" көше – "Сарайшық" көшесі;

      "Молодежная" көше – "Жастар" көшесі;

      "Овражный" тұйық көше – "Ақсарай" көшесі;

      "Зерновой" тұйық көше – "Береке" көшесі;

      "Пугачевский" тұйық көше – "Махамбет Өтемісұлы" көшесі;

      "Кировский" тұйық көше – "Исатай батыр" көшесі;

      "Уральный" тұйық көше – "Құлагер" көшесі;

      "Садовая" тұйық көше – "Шаңырақ" көшесі;

      "Подстанция" көше – "Ақкент" көшесі;

      "Лесной" тұйық көше – "Өркен" көшесі;

      "Сельповский" тұйық көше – "Қадыр Мырза Әли" көшесі;

      "Почтовый" тұйық көше – "Мәншүк Мәметова" көшесі;

      "Суворовский" тұйық көше – "Әлия Молдағұлова" көшесі;

      "Чапаевский" тұйық көше – "Хиуаз Доспанова" көшесі;

      "Некрасовский" тұйық көше – "Азаттық" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Рубежин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Р.Абдуллаев) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М. Ажкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады