Тасқала ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшерін ұлғайту, салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекенді айқындау туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 48-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 шілдеде № 6289 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Тасқала ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшері автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай ұлғайтылсын.

      2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын орналасқан Тасқала ауылы елді мекені болып айқындалсын.

      3. Тасқала аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Т. Шатенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Бисенгалиева
      Мәслихат хатшысы С. Рахимов

  Тасқала аудандық мәслихатының
2020 жылғы 26 маусымдағы № 48-3
шешіміне қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің ұлғайтылуы

№ р/с

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Базалық салық мөлшерлемелерінің ұлғаютылуы

1.

Автотұрақтардың (паркингтердің) ашық түрдегі

1 санаты

он есе

2.

Автотұрақтардың (паркингтердің) жабық түрдегі

2 санаты

он есе


Об установлении категории автостоянок (паркингов), увеличений размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги), определении близлежащего населенного пункта, базовые ставки на земли которого будут применяться при начислении налога по Таскалинскому району

Решение Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 26 июня 2020 года № 48-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 3 июля 2020 года № 6289

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Таскалинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить категории автостоянок (паркингов) и увеличить размеры базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в зависимости от категорий автостоянок (паркингов) по Таскалинскому району, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Определить село Таскала близлежащим населенным пунктом, базовые ставки на земли которого будут применяться при исчислении налога на земли других категорий, выделенные под автостоянки (паркинги).

      3. Руководителю аппарата Таскалинского районного маслихата (Шатенова Т.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ж. Бисенгалиева
      Секретарь маслихата С. Рахимов

  Приложение
к решению Таскалинского
районного маслихата
от 26 июня 2020 года № 48-3

Категория автостоянок (паркингов), увеличения размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)

№ п/п

Типы автостоянок (паркингов)

Категории автостоянок (паркингов)

Увеличение базовых ставок налога

1.

Автостоянки (паркинги) открытого типа

1 категория

в десять раз

2.

Автостоянки (паркинги) закрытого типа

2 категория

в десять раз