Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі Ақшат ауылының оңтүстік-шығыс бағытындағы бағымына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 23 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 қарашада № 6470 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі әкімінің 30.04.2021 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 09 қарашадағы №01-18/485 ұсынысы негізінде, Ақшат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі Ақшат ауылының оңтүстік-шығыс бағытындағы бағымына мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ю.Б.Бокаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақшат ауылдық округінің әкімі М. Сатыбалдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады