Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 22039 болып тіркелді

      "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жүктерді контейнерлермен тасу, бос контейнерлерді тасу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасу кезінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілері саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес портта көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 Бұйрыққа
1-қосымша

Электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді бақылауды күшейту мақсатында әзірленді.

      2. Осы Үлгілік регламентте мынадай ұғым пайдаланылады:

      уәкілетті органның ведомствосы – аэронавигацияның, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы Үлгілік регламентте пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Осы Үлгілік регламент реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылармен жұмыс істеу қағидаттарын айқындайтын құжат болып табылады.

      4. Тұтынушылармен өзара іс-қимыл кезінде табиғи монополия субъектісінің қызметкерлері:

      1) заңнама талаптарын сақтайды;

      2) тұтынушылармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытады;

      3) құпиялылық қағидатын сақтайды;

      4) қабылданатын шешімдерді қоса алғанда, өз іс-әрекеттерінде жеке басының мүддесін көздемейді;

      5) тұтынушыларға жедел қызмет көрсетеді, кезектерге жол бермейді;

      6) коммуналдық қызметтерді тұтынушыларды оларды қызықтыратын ақпаратпен табиғи монополия субъектісінің төлемдер қабылдау пункттерінде қабылдау тәртібін түсіндіретін ақпараттық стендтер мен хабарландырулар, типтік сұрақтар, байланыс телефондары, сондай-ақ қызметкерлердің функционалдық міндеттеріне сәйкес бекітілген телефон нөмірлері бойынша ақпаратты орналастыру арқылы қамтамасыз етеді;

      7) тұтынушының мүдделерімен есептеседі, қақтығыстық жағдайларды анықтайды және болдырмайды;

      8) қақтығыс туындаған жағдайда бұл туралы өзінің тікелей басшысына хабарлайды, ол туындаған жағдайды реттеу шараларын қабылдайды;

      9) тұтынушылар тарапынан дөрекілік көрсету фактілеріне төзімділік танытады.

2-тарау. Электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер қызметтер көрсетуі

1-параграф. Объектілерді электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру

      5. Объектілерді электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруді табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асырады.

      6. Табиғи монополиялар субъектісі тұтынушылар объектілерін электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды мынадай:

      1) жаңадан іске қосылатын немесе реконструкцияланатын электр қондырғыларының энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне қосылуы;

      2) тұтынылатын электр қуатының бұрын берілген техникалық шарттарда көрсетілген қуаттан ұлғайтылуы;

      3) сыртқы электрмен жабдықтау схемасының өзгеруі;

      4) тұтынушының электр энергиясын қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгеруі жағдайларында береді.

      7. Объектілерді электрмен жабдықтау желілеріне қосуға өтініштерді қабылдауды және нәтижелерді беруді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "электронды үкімет" веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті табиғи монополия субъектісінің кеңсесінен алған кезде өтінішті қабылдау өтінішті қабылдаған адамның аты, әкесінің аты (болған кезде), тегі көрсетіле отырып, табиғи монополия субъектісінің кеңсесінде тіркеумен (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) расталады.

      Табиғи монополия субъектісі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі. Көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналында өтінімнің келіп түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі тіркеледі.

      Көрсетілетін қызметті кіріс нөмірін көрсете отырып табиғи монополия субъектісінің ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетте тіркеумен "электронды үкімет" веб-портал арқылы алу кезінде. Табиғи монополия субъектісінің ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетте өтініштің қаралу мәртебесі көрсетіледі.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 327 бұйрығымен бекітілген Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21269 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Тұтынушылардың өтінімдерін қабылдау және қызметтер көрсету нәтижелерін беру жұмыс күндері табиғи монополия субъектісінің жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Табиғи монополия субъектісі объектілерді энергиямен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін ақы алмайды.

      8. Техникалық шарттарды беру туралы өтініш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) 6-тарауына сәйкес беріледі.

      9. Тұтынушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, табиғи монополия субъектісі екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жетіспейтін ақпараттың тізбесін көрсете отырып, техникалық шарттарды беру туралы өтінішті қайтарады.

      10. Техникалық шарттарды беру туралы өтініш қарауға қабылданған жағдайда, табиғи монополия субъектісі оны мынадай шешімдердің бірін қабылдай отырып, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарайды:

      1) өтінішті қанағаттандыру және техникалық шарттарды беру;

      2) техникалық шарттарды беруден бас тарту.

      11. Техникалық шарттарды беруден бас тартуға мынадай:

      1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін беру үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттары, сыйымдылықтары, орындары, желілерінің өткізу қабілеттері болмаған;

      2) табиғи монополия субъектісінің желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүлік болмаған жағдайларда жол беріледі.

      12. Техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайда табиғи монополия субъектісі:

      1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге уәжді негіздемені қоса береді;

      2) уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін және табиғи монополия субъектісінің бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының, желілерінің өткізу қабілеттерінің тапшылығын немесе табиғи монополия субъектісі желілерінің немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүліктің жоқ екенін есептей отырып, уәжді негіздеме жібереді.

      13. Техникалық шарттар берілген және тұтынушылар реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосылған кезде табиғи монополия субъектісі:

      1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлем алмайды;

      2) реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттары мен өзге де құжаттарын ұсынуды талап етпейді;

      3) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоймайды;

      4) реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасамайды;

      5) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектемейді;

      6) құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етпейді.

      14. Өтініш берушінің жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде табиғи монополия субъектісі берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды тексеруді жүзеге асырады. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген кезде табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосу бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

      Жүргізілген жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген кезде табиғи монополия субъектісі бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде техникалық шарттардың анықталған бұзушылықтарын көрсете отырып көрсетілетін қызметке қосудан бас тартады және бұл туралы өтініш берушіні сәйкессіздік анықталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етеді.

      15. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді талап ететін құрылыс объектілері үшін техникалық шарттарды беруге өтініш жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бастапқы деректерді қалыптастыратын сәулет және қала құрылысы органдарынан электрондық нысанда келіп түседі.

      Табиғи монополия субъектісі сәулет және қала құрылысы органдарының өтінімі бойынша техникалық шарттарды беруді электрондық нысанда:

      1) техникалық күрделі емес объектілер үшін екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      2) техникалық күрделі объектілер үшін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.

      16. Тұтынушыны энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосуға арналған техникалық шарттарда мыналар көрсетіледі:

      1) техникалық шарт берілген жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (болған кезде), тегі немесе заңды тұлғаның атауы;

      2) электрмен жабдықтау объектісінің атауы;

      3) объектінің орналасқан жері (қала, кент, көше);

      4) электрді тұтынудың рұқсат етілген қуаты;

      5) электр энергиясын тұтыну сипаты (тұрақты, уақытша, маусымдық);

      6) электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты;

      7) қуаттың рұқсат етілген коэффиценті;

      8) қосу нүктесі (шағын станция, электр станциясы немесе электр беру желісі);

      9) қосылатын электр беру желілері мен шағын станция жабдығына қойылатын негізгі техникалық талаптар;

      10) жаңа тұтынушының пайда болуына байланысты жұмыс істеп тұрған электр желісін күшейту бойынша негізді талаптар – сымдар қимасының ұлғаюы, трансформаторлар қуатын ауыстыру немесе ұлғайту, тарату құрылғыларының қосымша ұяшықтарын жабдықтау;

      11) техникалық шарттарды беру себебі;

      12) техникалық шарттардың қолданылу мерзімі.

      Егер энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның, сондай-ақ тұтынушылардың меншік құқығында электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) орнатылған трансформаторлық шағын станциялары болса, техникалық шарттарда қосымша мыналар:

      ЭКЕАЖ қолдана отырып электр энергиясын коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру;

      электр қондырғыларын релелік қорғау және автоматика, диспетчерлік басқарудың: телеөлшеу, телебасқару және байланыс арнасын ұйымдастыру құрылғыларымен жабдықтау;

      реактивтік қуатты өтем жасау бойынша талаптар көрсетіледі.

      17. Техникалық шарттардың қолданылу мерзімі электр қондырғысын жобалау мен салудың нормативтік мерзіміне сәйкес келеді.

      Басталған объектілер құрылысы бойынша техникалық шарттардың қолданылу мерзімі тұтынушының олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін берілген өтініші бойынша ұзартылады.

      18. Тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беру Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

      19. Желілерге нақты қосуды тұтынушының жазбаша өтініші бойынша табиғи монополия субъектісі жүзеге асырады.

      Желілерге қосылу үшін ақы алынбайды.

2-параграф. Тұтынушылармен шарт

      20. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарына (бұдан әрі – Үлгілік шарттар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) және азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектісі мен тұтынушының арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

      21. Шарт жасасу үшін құжаттарды табиғи монополия субъектісінің кеңсесі немесе шарттық бөлімі абоненттік (шарттық) бөлімдердің мекен-жайларын және олардың жұмыс режимін көрсете отырып, "бір терезе" қағидаты бойынша қабылдайды.

      22. Шарт жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) құжаттарды ұсыну кезінде тұтынушы толтыратын шарт жасасуға еркін түрдегі өтініш;

      2) тұтынушының тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және бұрын қолданыстағы болған техникалық шарттарға сәйкес келмейтін объектіні қосуға, бұрын қосылмаған объектіні желілерге қосуға, сыртқы жабдықтау схемасын өзгертуге арналған техникалық шарттар;

      3) желілердің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі – көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа);

      4) құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелер (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар):

      жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалдау, жал, өтеусіз пайдалану, несиелер, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);

      дербес деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісімімен меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың (куәліктің) немесе дара кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;

      қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік немесе кәсіпорынның салық төлеуші болып табылмайтыны және салықтық есепте тұрмайтыны туралы өтініш.

      23. Тұтынушы шарт жасасу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, табиғи монополия субъектісі оларды осы Үлгілік регламенттің 22-тармағына сәйкес жетіспейтін құжаттардың жоқ екенін түсіндіре отырып қайтарады.

      24. Шарт жасасу үшін құжаттар қабылданған кезде табиғи монополия субъектісі Үлгілік шарт негізінде тұтынушылардың санына сәйкес данада тұтынушымен шарт жобасын толтырады.

      Келісілген шарт жобасын табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қоюы үшін іс жүргізу қызметі немесе шарт бөлімінің қызметкері дайындайды.

      Табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған барлық шарттар ұйымның мөрімен расталады және шартқа тиісті нөмір беріле отырып, тіркеу үшін іс жүргізу қызметіне немесе шарт бөліміне беріледі.

      25. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың шарттарын тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі.

3-параграф. Есепке алу аспаптары

      26. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тұтынылған электр энергиясы бойынша есеп айырысу үшін электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғылары қажетті коммерциялық есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етіледі. Электр энергиясын есепке алу үшін типтері Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген және энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымда электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының автоматтандырылған паркі болған жағдайда, бұрын орнатылған және қашықтықтан байланысқа бапталған жабдықтың жұмыс параметрлері ЭКЕАЖ жұмыс параметрлеріне толық сәйкес келетін электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары пайдаланылады.

      Электр тұтынудың 100 кВт-тан астам шартты қуаты бар электр энергиясы тіркеліп жеткізілетін тұтынушыларда тұтынылған электр энергиясы, жүктемелердің қуат және сағаттық кестесі туралы деректерді жадында ұзақ уақыт сақтайтын активті және реактивті энергияның коммерциялық есепке алу есептеуіштері орнатылады.

      Электр тұтынудың 40-100 кВт шартты қуаты бар электр энергиясы еркін жеткізілетін тұтынушыларда тұтынылған электр энергиясы туралы деректерді жадында ұзақ уақыт сақтайтын активті және реактивті энергияның және ең жоғары қуаттың есептеуіштері орнатылады.

      Электр тұтынудың 40 кВт шартты қуаты бар электр энергиясы еркін жеткізілетін тұтынушыларда активті энергияның есептеуіштері орнатылады.

      27. Тұтынушыларда орнатылатын электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары энергия беруші ұйымның ЭКЕАЖ-да тұтынылған электр энергиясының көлемі туралы деректерді беру құрылғыларымен жарақталады.

      Жаңа салынып жатқан немесе реконструкцияланып жатқан объектілерде электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын ЭКЕАЖ мақсатында орнату тұтынушының есебінен, ал электр энергиясын тұрмыстық қажеттілікке пайдаланатын тұтынушылардың бұрын орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарын ауыстыру, осы норма электр энергиясын беру тарифіне енгізілген жағдайда энергия беруші ұйымның есебінен жүргізіледі.

      Тұтынушылар бұрын орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарын энергия беруші ұйымның ЭКЕАЖ-де тұтынылған электр энергиясының көлемі туралы деректерді беру құрылғыларымен жабдықталған есепке алу аспаптарына ауыстыру үшін энергия беруші ұйым өкілдеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      28. Электрмен жабдықтаудың бір көзінен бірнеше тұтынушы қуаттанған жағдайда электр энергиясын есепке алу әрбір тұтынушы үшін жүзеге асырылады.

      29. Электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарын күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету және оларды салыстырып тексеру теңгерімдік тиесілікке сәйкес жүзеге асырылады. Тұтынушымен жасасқан шартқа сәйкес электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді энергия беруші ұйым немесе қызметтің осындай түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйым жүргізеді.

      30. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде көрсетілген мерзімдерде салыстырып тексерудің аралық интервалына сәйкес жүргізіледі. Мүдделі тараптардың бірінің өтініші бойынша коммерциялық есепке алу аспаптарын жоспардан тыс салыстырып тексеру жүргізіледі.

      Жоспардан тыс салыстырып тексеру жүргізген және коммерциялық есепке алу аспабының жарамдылығы анықталған жағдайда, салыстырып тексеру шығындарын (оның ішінде алу және орнату жөніндегі) жоспардан тыс тексеруге бастамашылық жасаған тарап өтейді.

      31. Егер салыстырып тексеру кезінде электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері олардың дәлдік сыныбымен рұқсат етілген қателіктен асып кетсе не электр энергиясын есепке алу схемасында электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабының дәлдігін бұрмалайтын бөгде элементтер анықталса, онда кезектен тыс салыстырып тексеру бойынша шығындарды электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабын тұтынушы өтейді.

      32. Энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдар мен тұтынушы арасында есеп айырысу үшін электр энергиясын есепке алу электр желісінің теңгерімдік тиесілігі шекарасында жүргізіледі.

      33. Электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспабын электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасында орнатпаған кезде, электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарын орнатқан жерге дейінгі учаскедегі электр энергиясының ысыраптары шарт негізінде теңгерімінде электр желісінің көрсетілген учаскесі тұрған иеленушіге жатқызылады және тұтынушымен келісуі бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым есептеу жолымен айқындайды.

      34. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары қаптамаларының бекіткішінде салыстырып тексеруге құқығы бар энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның пломбалары, ал электр есептегіш қысқыштары қалыбының қақпағында, ток пен кернеу және сынақ блоктарында және қораптарда энергия беруші ұйымның пломбалары орнатылады.

      35. Электр қондырғысының иесі электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын қуаттандыратын кернеу трансформаторларының айыру жетектерін, есепке алу аспаптарына келетін сымдағы қысқыштардың жинамаларын, сондай-ақ коммерциялық есепке алу аспаптарына дейін орналасқан кірме коммутациялық аппараттардың шкафтарын рұқсатсыз пайдаланудан сақтау үшін қоршаумен жабады және энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым оларға тұтынушының қатысуымен пломба қояды.

      Кернеуі 0,4 кВ электр қондырғыларында кірме қондырғылардан бастап токты өлшеу трансформаторларына дейін қоса алғанда, барлық ток жүргізу бөліктері қоршалуға және пломбалауға жатады.

      Тұтынушы батареяларды пайдаланбаған жағдайларда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым статикалық конденсаторлар батареялары жетектерінің тұтқаларын пломбалайды.

      Электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына дейінгі кірме кәбілдер (сымдар) бүтін, қарай алатындай, шиыршықталмаған және тазаланған болады.

      36. Электр энергиясын есепке алу схемасын өзгерту немесе пломбалардың (таңбаның), электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесінің тұтастығын бұзумен байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізген кезде, тұтынушы жұмыстар басталар алдында бұл туралы жазбаша түрде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға ескертуі және тиісті рұқсат алуы тиіс.

      37. Жөндеу жұмысын жүргізу кезеңінде электр энергиясын есепке алу энергия беруші (энергия өндіруші) ұйыммен келісілген электр энергиясын уақытша есепке алу схемалары бойынша жүзеге асырылады.

      Трансформаторлық шағын станцияда оны толық ажыратумен жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қажет болған кезде электр энегриясын коммерциялық есепке алу схемасын кезектен тыс тексеруді жүргізеді.

4-параграф. Шоттар құру

      38. Тұтынушы электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары бекіткен тарифтер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) қатаң сәйкестікте жүргізеді.

      39. Тариф өзгерген кезде табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын оның өзгеруі туралы табиғи моноплоия субьектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тарайтын бұқаралық ақпарат құралдарында, өз интернет-ресурсында не уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген мерзімдерде тиісті ақпаратты орналастыру жолымен хабардар етеді.

      40. Табиғи монополия субъектісі мен тұтынушы есеп айырысудан кейінгі күнтізбелік айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде тиісті есеп айырысу кезеңінде орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ресімдейді, оған қол қойылады және болған жағдайда мөрлермен расталады. Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі табиғи монополия субъектісі тұтынушыға есеп айырысу айынан кейінгі күнтізбелік айдың үшінші күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынған коммерциялық есепке алу аспаптарының деректері негізінде жасалады. Тараптардың бірі орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, берілген электр энергиясының көлемін растайтын құжат нақты теңгерім болып табылады.

      41. Тұтынушы есеп айырысу кезеңі үшін берілген электр энергиясына ақы төлеуді орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) қол қойылған актісі негізінде берілген шот-фактура ұсынылған күннен бастап тұтынушыға қызмет көрсететін банктің бес операциялық күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді. Табиғи монополия субъектісі шот-фактураны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жазып береді.

      Табиғи монополия субъектісі шот-фактураны және орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін есеп айырысу айынан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

      42. Тұтынушы орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін осы Үлгілік регламенттің 36-тармағында көзделген мерзімде ұсынбаған кезде, өткен есеп айырысу кезеңі үшін табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясының берілген көлемдерін салыстырып тексеру актісін ұсынған кезде келесі есептік кезеңде табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін кейіннен түзете отырып, электр энергиясының берілген көлемі туралы табиғи монополия субъектісінің қолда бар жедел деректеріне сәйкес айқындалады.

      43. Өткен кезеңдер үшін берешек болған кезде, бірінші кезекте, төлем осы берешекті өтеуге жіберіледі. Тұтынушы есеп айырысу кезеңі үшін іс жүзіндегіден артық соманы төлеген жағдайда, осы артық айырма келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне (не тараптардың келісімі бойынша тұтынушының табиғи монополия субъектісі алдындағы өзге де міндеттемелері бойынша берешегін өтеу есебіне, егер мұндай болса) автоматты түрде есептеледі. Егер тұтынушы келесі есеп айырысу кезеңіне табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерінен бас тартса, тұтынушының табиғи монополия субъектісінің алдындағы өзге де міндеттемелері бойынша берешегін өтеуге кететін (егер мұндай болса) соманы қоспағанда, артық төленген сомалар қайтарылады.

      44. Егер тұтынушы ұсынылған шоттың дұрыстығына дау айтса, ол осы шотты алған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде табиғи монополия субъектісін хабардар етеді және табиғи монополия субъектісіне қарсылықтарын баяндай отырып, жазбаша өтініш береді. Бұл ретте тұтынушы жоғарыда көрсетілген мерзімдерде шоттың дау айтылмаған бөлігін төлейді.

      45. Бақылау-өлшеу аспаптарының ақаулығы нәтижесінде шот-фактуралар мен орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілері түзетілген және түзетілген кезде табиғи монополия субъектісі мен тұтынушы Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес түзету жүргізеді.

      46. Тұтынушының электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалуы болып шот-фактурада көрсетілген деректемелер бойынша табиғи монополия субъектісінің ағымдағы шотына ақшаның есепке жатқызылуы танылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 Бұйрыққа
2-қосымша

Топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыс жайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі - Үлгілік регламент) тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді бақылауды күшейту мақсатында әзірленді.

      2. Осы Үлгілік регламентте мынадай ұғым пайдаланылады:

      уәкілетті органның ведомствосы – аэронавигацияның, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын, кабельді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы Үлгілік регламентте пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы, тұрғын үй қатынастары туралы және электр энергетикасы туралы заңнамаларына сәйкес қолданылады.

      3. Осы Үлгілік регламент реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылармен жұмыс істеу қағидаттарын айқындайтын құжат болып табылады.

      4. Тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасасу кезінде табиғи монополия субъектісінің қызметкерлері:

      1) Табиғи монополиялар туралы, тұрғын үй қатынастары туралы және электр энергетикасы туралы заңнама талаптарын сақтайды;

      2) тұтынушылармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытады;

      3) құпиялылық қағидатын сақтайды;

      4) қабылданатын шешімдерді қоса алғанда, өз іс-әрекеттерінде жеке басының мүддесін көздемейді;

      5) тұтынушыларға жедел қызмет көрсетеді, кезектерге жол бермейді;

      6) табиғи монополия субъектісінің төлемдер қабылдау пункттерінде қабылдау тәртібін түсіндіретін ақпараттық стендтер мен хабарландырулар, типтік сұрақтар, байланыс телефондары, сондай-ақ қызметкерлердің функционалдық міндеттеріне сәйкес бекітілген телефон нөмірлері бойынша ақпарат орналастыру жолымен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды оларды қызықтыратын ақпаратпен қамтамасыз етеді;

      7) тұтынушының мүдделерімен есептеседі, қақтығыстық жағдайларды анықтайды және болдырмайды;

      8) жанжал туындаған кезде, бұл туралы туындаған жағдайды реттеу шараларын қабылдайтын өзінің тікелей басшысына хабарлайды;

      9) тұтынушылар тарапынан дөрекілік көрсету фактілеріне төзімділік танытады.

2-тарау. Топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуын, өнеркәсіп кәсіпорындары мен электр станцияларының, кәріз-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсету

1-параграф. Техникалық шарттарды беру және реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосу

      5. Объектілерді жылумен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруді табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асырады.

      6. Табиғи монополиялар субъектісі тұтынушылар объектілерін жылумен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды:

      1) жаңадан іске қосылатын объектілерді жылу желілеріне қосылған;

      2) тұтынушының жылу тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін тұтынылатын жылу энергиясының көлемі (немесе жылу жеткізгіш параметрлері) өзгерген;

      3) бұрын қосылмаған объекті жылу желілеріне қосылған;

      4) сыртқы жылумен жабдықтау схемасы өзгерген жағдайларда береді.

      7. Объектілерді жылумен жабдықтау желілеріне қосуға өтініштер қабылдауды және нәтижелер беруді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "электрондық үкімет" веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.

      Өтінішті қабылдау өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіле отырып, табиғи монополия субъектісінің кеңсесінде тіркелумен (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) расталады.

      Табиғи монополия субъектісі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі. Қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналында өтінімнің келіп түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі тіркеледі.

      Тұтынушылардың өтінімдерін қабылдау және қызметтер көрсету нәтижелерін беру табиғи монополия субъектісінің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері жүзеге асырылады.

      Табиғи монополия субъектісі объектілерді жылумен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу жөніндегі қызметтер үшін ақы алмайды.

      8. Техникалық шарттарды беру туралы өтініш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының 6-тарауына сәйкес беріледі.

      9. Тұтынушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, табиғи монополия субъектісі екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жетіспейтін ақпараттың тізбесін көрсете отырып, техникалық шарттарды беру туралы өтінішті қайтарады.

      10. Техникалық шарттарды беру туралы өтініш қарауға қабылдаған кезде, табиғи монополия субъектісі оны мынадай шешімдердің бірін қабылдай отырып, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарайды:

      1) өтінішті қанағаттандыру және техникалық шарттарды беру;

      2) техникалық шарттарды беруден бас тартуға құқылы.

      11. Техникалық шарттарды беруден бас тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:

      1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін беру үшін қажетті табиғи монополия субъектісі желілерінің бос және қолжетімді қуаттары, сыйымдылықтары, орындары, өткізу қабілеті болмаған жағдайларда;

      2) табиғи монополия субъектісінде жылумен жабдықтау желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүлік болмаған жағдайларда жүргізіледі.

      12. Техникалық шарттар беруден бас тартылған кезде, табиғи монополия субъектісі:

      1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге дәлелді негіздемені қоса береді;

      2) уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін және табиғи монополия субъектісі желілерінің бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының, өткізу қабілетінің тапшылығын немесе табиғи монополия субъектісінде жылумен жабдықтау желілерінің болмауын немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүліктің болмауын есептей отырып, дәлелді негіздемені жібереді.

      13. Техникалық шарттар берілген және тұтынушылар реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосылған кезде табиғи монополия субъектісі:

      1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлем алмайды;

      2) реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттары мен өзге де құжаттарын ұсынуды талап етпейді;

      3) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоймайды;

      4) реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасамайды;

      5) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектемейді;

      6) құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етпейді.

      14. Өтініш берушінің жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде табиғи монополия субъектісі берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды тексеруді жүзеге асырады. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген кезде табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосу бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

      Жүргізілген жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген кезде табиғи монополия субъектісі бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған техникалық шарттарды бұзушылықтарды көрсете отырып, көрсетілетін қызметке қосудан бас тартады және бұл туралы өтініш берушіні сәйкессіздік анықталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      15. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді талап ететін құрылыс объектілері үшін техникалық шарттарды беруге өтініш жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бастапқы деректерді қалыптастыратын сәулет және қала құрылысы органдарынан электрондық нысанда келіп түседі.

      Табиғи монополия субъектісі сәулет және қала құрылысы органдарының өтінімі бойынша техникалық шарттар беруді:

      1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін-бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде электрондық нысанда жүзеге асырады.

      16. Объектіні жылумен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарда мыналар көрсетіледі:

      1) жылумен жабдықтау көзі, жылу желілеріне қосылу нүктесі, жіберілетін жылу энергиясының мөлшерін реттеу тәсілі;

      2) жылу жеткізгіштің параметрлері мен басқа тұтынушылардың жүктемелерін ескере отырып, негізгі және резервтік енгізулерді қосу нүктелеріндегі гидравликалық режим;

      3) басқа тұтынушылардың жүктемелерін қосу перспективасын ескере отырып, негізгі тұтынушының жүктемесі (қажет болған жағдайда);

      4) қолданыстағы жылу желісінің өткізу қабілетін арттыру қажеттігі бойынша негіздеме;

      5) қайтарылатын өндірістік конденсаттың көлемі, сапасы және айдау режимі, конденсатты жинау және қайтару схемасы (қажет болған жағдайда);

      6) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату жөніндегі талаптар;

      7) жылыту-желдету және технологиялық жүктемелерді және ыстық сумен жабдықтау жүктемелерін қосудың жылу схемасы.

      17. Техникалық шарттар нормативтік жобалау мен құрылыс кезеңіне беріледі.

      18. Табиғи монополия субъектісі жылумен жабдықтау желісіне қосылғанға дейінгі тұтынушының іс-қимыл тәртібі:

      1) желі салынғаннан, есепке алу аспаптары мен ішкі жылумен жабдықтау жүйесі монтаждалғаннан кейін тұтынушы жаңадан монтаждалған жабдықтың орындалған жұмыстарын қабылдау үшін кейін актілер ресімдей отырып, табиғи монополия субъектісінің өкілдерін шақырады;

      2) табиғи монополия субъектісінің өкілдерімен бірлесіп, баланстық тиесілік пен пайдалану жауапкершілігі шекараларын бөлу актісін ресімдейді;

      3) паспортты ресімдейді және құрылғыны орнату кезінде желілердің тиесілігі бойынша пломбалау үшін табиғи монополия субъектісінің өкілін шақырады;

      4) желілердің техникалық әзірлігі актісін алу үшін табиғи монополия субъектісіне жуу, сығымдау және баптау актілерін ұсынады.

      19. Желілерге нақты қосуды тұтынушының жазбаша өтініші бойынша табиғи монополия субъектісі жүзеге асырады.

      Желілерге қосылу үшін ақы алынбайды.

2-параграф. Тұтынушылармен шарт

      20. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгі шарттарына (бұдан әрі – үлгілік шарт) және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектісі мен тұтынушы арасында жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады.

      21. Шарт жасасу үшін құжаттарды табиғи монополия субъектісінің кеңсесі немесе шарттық бөлімі абоненттік (шарттық) бөлімдердің мекен-жайларын және олардың жұмыс режимін көрсете отырып, "бір терезе" қағидаты бойынша қабылдайды.

      22. Заңды тұлғалармен Шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) құжаттарды ұсыну кезінде тұтынушы толтыратын шарт жасасуға өтініш;

      2) тұтынушының тұтыну қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және бұрын қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін объектіні қосуға, бұрын қосылмаған объектіні желілерге қосуға, сыртқы жабдықтау схемасын өзгертуге арналған техникалық шарттар);

      3) желілердің теңгерімділік тиесілілігі мен тараптардың пайдалану жауапкершілігінің аражігін ажырату актісі – көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқа);

      4) құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар):

      жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалға беру, жалдау, өтеусіз пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);

      жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісімімен меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың (куәліктің) немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;

      қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік немесе кәсіпорынның салық төлеуші болып табылмайтындығы және салықтық есепте тұрмайтындығы туралы өтініш;

      кәсіпорынның жарғысы немесе соңғы жылы Жарғыға өзгерістер енгізілмегені туралы анықтама;

      банк деректемелері.

      Жеке тұлғалармен шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) құжаттарды ұсыну кезінде тұтынушы толтыратын шарт жасасуға өтініш;

      2) тұтынушының тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және бұрын қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін объектіні қосуға, бұрын қосылмаған объектіні желілерге қосуға, сыртқы жабдықтау схемасын өзгертуге арналған техникалық шарттар);

      3) желілердің теңгерімдік тиесілілігі мен тараптардың пайдалану жауапкершілігінің аражігін ажырату актісі – көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқа);

      4) құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелер (салыстыру үшін түпнұсқалар):

      жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалға беру, жалдау, өтеусіз пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);

      жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісімімен меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың (куәліктің) немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;

      қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік немесе кәсіпорынның салық төлеуші болып табылмайтындығы және салықтық есепте тұрмайтындығы туралы өтініш;

      тұратын жеке тұлғалардың санын растайтын құжат;

      үйдің техникалық паспорты немесе пәтер жоспары – көшірме (түпнұсқа – салыстыру үшін).

      23. Тұтынушы шарт жасасуға арналған құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, табиғи монополия субъектісі осы Үлгілік регламенттің 22-тармағына сәйкес жетіспейтін құжаттардың жоқ екенін түсіндіре отырып, оларды қайтарады.

      24. Шарт жасасуға арналған құжаттар қабылданған кезде табиғи монополия субъектісі Үлгілік шарт негізінде тұтынушылардың санына сәйкес данада тұтынушымен шарт жобасын толтырады.

      Келісілген шарт жобасын табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қою үшін іс жүргізу қызметі немесе шарт бөлімінің қызметкері дайындайды.

      Табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған барлық шарттар ұйымның мөрімен расталады және шартқа тиісті нөмір беріле отырып, тіркеу үшін іс жүргізу қызметіне немесе шарттық бөлімге беріледі.

      25. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың шарттарын тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі.

3-параграф. Есептеу аспаптары

      26. Көрсетілетін қызметтерді тұтынуды есептеу үшін үлгілері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 929 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18079 болып тіркелген) Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдарын бастапқы немесе мерзімдік тексеру туралы құжаттары бар өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен қажетті коммерциялық есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етіледі.

      27. Табиғи монополия субъектісі тұтынушыға есепке алу құралын "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабы 2-тармағының 30) тармақшасына сәйкес орнатады.

      Тұтынушы есептеу құралын өз бетінше немесе табиғи монополия субъектісімен жеке шарт бойынша сатып алады және орнатады.

      28. Есепке алу аспаптарын орнатуға қойылатын талаптар және олардың техникалық жай-күйі Электр энергетикасы туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      29. Қызметтің коммерциялық есепке алу аспабын ұстау, техникалық қызмет көрсету және тексеру теңгерімдік тиесілілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

      30. Тұтынушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген) Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларында және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификат нысанында көзделген мерзімдерде өз балансындағы есепке алу аспаптарына метрологиялық салыстырып тексерулерді жүргізеді.

      Коммерциялық есепке алу аспаптарын мерзімді тексеруді, жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді осы қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдар тұтынушымен жасалған жеке шарт бойынша жүзеге асырады. Тұтынушы есепке алу аспаптарын тексеру, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мамандандырылған ұйымды дербес таңдайды.

      31. Коммерциялық есепке алу аспаптарын тексеру (кезектен тыс тексеру):

      1) аралық тексеру интервалы аяқталған;

      2) тұтынушының немесе табиғи монополия субъектісінің өтініші бойынша олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына күмән келтірген;

      3) тұтынушы немесе табиғи монополия субъектісі коммерциялық есепке алу аспаптарының жүргізілетін өлшеулердің дәлдігіне ықпал ететін ақауларын тапқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      Тұтынушы немесе табиғи монополия субъектісі талап етуші тараптың есебінен жүргізілетін қосымша тексерулер жүргізеді.

      32. Тұтынушының есепке алу аспаптарын пайдалануға рұқсат беруді және коммерциялық есепке алуды тұтынушы өкілінің қатысуымен табиғи монополия субъектісінің өкілі жүзеге асырады, ол туралы екі данада тиісті акт жасалады, оның біреуін тұтынушы, ал екіншісін табиғи монополия субъектісі алады.

4-параграф. Шоттар құру

      33. Тұтынушы топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуын, өнеркәсіп кәсіпорындары мен электр станцияларының, кәріз-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектісінің қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары бекіткен тарифтер бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына қатаң сәйкестікте жүргізеді.

      34. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы оның өзгергені туралы хабардар етеді, "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген.

      35. Тұтынушы топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуын, өнеркәсіп кәсіпорындары мен электр станцияларының, кәріз-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісі жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында нақты ұсынған көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес, ал олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес есеп айырысу жолымен, Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы, есептеуден кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей жүргізеді.

      36. Өткен кезеңдер үшін берешек болған кезде, бірінші кезекте, төлем осы берешекті өтеуге жіберіледі. Тұтынушы есеп айырысу кезеңі үшін іс жүзіндегіден артық соманы төлеген кезде, осы артық айырма келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне (не тараптардың келісімі бойынша тұтынушының табиғи монополия субъектісі алдындағы өзге міндеттемелері бойынша берешегін өтеу есебіне, егер осындай болса) автоматты түрде есептеледі. Егер тұтынушы келесі есеп айырысу кезеңіне табиғи монополия субъектісінің қызметтерінен бас тартса, тұтынушының табиғи монополия субъектісінің алдындағы өзге міндеттемелері бойынша берешегін өтеуге кететін (егер мұндай болса) соманы қоспағанда, артық төленген сомалар қайтарылады.

      37. Егер бақылау-өлшеу аспаптарының дұрыс жұмыс істемеуі нәтижесінде және басқа да жағдайларда шот-фактураларда және орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерінде түзетулер қажет болған жағдайда, табиғи монополия субъектісі мен тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түзету жүргізеді.

      38. Шот-фактурада көрсетілген деректемелер бойынша табиғи монополия субъектісінің ағымдағы шотына ақшаны есепке жатқызу топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуын, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен электр станцияларының, кәріз-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі тұтынушының міндеттемелерін орындау деп танылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 Бұйрыққа
3-қосымша

Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді бақылауды күшейту мақсатында әзірленді.

      2. Осы Үлгілік регламентте мынадай ұғым пайдаланылады:

      уәкілетті органның ведомствосы – аэронавигацияның, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, кабельдік кәрізді мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы Үлгілік регламентте пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының Су кодексіне және Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар және тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаларына сәйкес қолданылады.

      3. Осы Үлгілік регламент реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылармен жұмыс істеу қағидаттарын айқындайтын құжат болып табылады.

      4. Тұтынушылармен өзара іс-қимыл кезінде табиғи монополия субъектісінің қызметкерлері:

      1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар және тұрғын үй қатынастары туралы заңнама талаптарын сақтайды;

      2) тұтынушылармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытады;

      3) құпиялылық қағидатын сақтайды;

      4) қабылданатын шешімдерді қоса алғанда, өз іс-әрекеттерінде жеке мүддені көздемейді;

      5) тұтынушыларға жедел қызмет көрсетеді, кезектерге жол бермейді;

      6) коммуналдық қызметтерді тұтынушыларды оларды қызықтыратын ақпаратпен табиғи монополия субъектісінің төлемдерді қабылдау пункттерінде қабылдау тәртібін түсіндіретін ақпараттық стенділер мен хабарландырулар, үлгілік мәселелер, байланыс телефондары, сондай-ақ қызметкерлердің функционалдық міндеттеріне сәйкес бекітілген телефон нөмірлері бойынша ақпарат орналастыру арқылы қамтамасыз етеді;

      7) тұтынушының мүдделерін ескереді, жанжалды жағдайларды таниды және болдырмайды;

      8) жанжал туындаған жағдайда, ол туралы туындаған жағдайды реттеу шараларын қабылдайтын өзінің тікелей басшысына хабарлайды;

      9) тұтынушылар тарапынан дөрекі қарым-қатынас фактілеріне төзімділік танытады.

2-тарау. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсету

1-параграф. Объектілерді сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға техникалық шарттар беру

      5. Объектілерді сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға техникалық шарттар беруді табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асырады.

      6. Табиғи монополиялар субъектісі тұтынушылар объектілерін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды мынадай жағдайларда береді:

      1) жаңадан іске қосылатын объектілердің желілеріне қосылу;

      2) тұтынушы қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін реттеліп көрсетілетін қызметтер санының өзгеруі;

      3) бұрын қосылмаған объектіні сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосу.

      7. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы желілерге объектілерді қосуға өтініштерді қабылдауды және нәтижелер беруді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.

      Өтінішті қабылдау өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып, табиғи монополия субъектісінің кеңсесінде тіркелумен (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) расталады.

      Табиғи монополия субъектісі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі. Көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналында өтінімнің келіп түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі тіркеледі.

      Тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қызметтер көрсету нәтижелерін беру табиғи монополия субъектісінің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері жүзеге асырылады.

      Табиғи монополия субъектісі объектілерді сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін ақы алмайды.

      8. Техникалық шарттарды беру туралы өтініш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 6-тарауына сәйкес беріледі.

      9. Тұтынушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, табиғи монополия субъектісі екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жетіспейтін ақпараттың тізбесін көрсете отырып, техникалық шарттарды беру туралы өтінішті қайтарады.

      10. Техникалық шарттарды беру туралы өтініш қарауға қабылданған жағдайда, табиғи монополия субъектісі оны мынадай шешімдердің бірін қабылдай отырып, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарайды:

      1) өтінішті қанағаттандыру және техникалық шарттарды беру;

      2) техникалық шарттарды беруден бас тарту.

      11. Техникалық шарттарды беруден бас тартуға мынадай:

      1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін беру үшін қажетті табиғи монополия субъектісі желілерінің бос және қолжетімді қуаттары, сыйымдылықтары, орындары, өткізу қабілеті болмаған жағдайларда;

      2) табиғи монополия субъектісінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында желілер немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүлік болмаған жағдайларда жол беріледі.

      12. Техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайда, табиғи монополия субъектісі:

      1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге дәлелді негіздемені қоса береді;

      2) уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін және табиғи монополия субъектісі желілерінің бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының, өткізу қабілетінің тапшылығын немесе табиғи монополия субъектісінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілерінің болмауын немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүліктің болмауын есептей отырып, дәлелді негіздемені жібереді.

      13. Техникалық шарттар берілген және тұтынушылар реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосылған кезде табиғи монополия субъектісі:

      1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлем алмайды;

      2) реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттары мен өзге де құжаттарын ұсынуды талап етпейді;

      3) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоймайды;

      4) реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасамайды;

      5) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектемейді;

      6) құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етпейді.

      14. Өтініш берушінің жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде табиғи монополия субъектісі берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды тексеруді жүзеге асырады. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген кезде табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосу бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

      Жүргізілген жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген кезде табиғи монополия субъектісі бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде техникалық шарттардың анықталған бұзушылықтарын көрсете отырып, көрсетілетін қызметке қосудан бас тартады және бұл туралы өтініш берушіні сәйкессіздік анықталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      15. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді талап ететін құрылыс объектілері үшін техникалық шарттарды беруге өтініш жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бастапқы деректерді қалыптастыратын сәулет және қала құрылысы органдарынан электрондық нысанда келіп түседі.

      Табиғи монополия субъектісі сәулет және қала құрылысы органдарының өтінімі бойынша:

      1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде техникалық шарттар беруді электрондық нысанда жүзеге асырады.

      16. Объектіні сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарда мыналар:

      1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру көзі, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосылу нүктесі, босатылатын көрсетілетін қызметтің санын реттеу тәсілі;

      2) басқа тұтынушылардың жүктемелерін қосу перспективасын(қажет болған жағдайда) ескере отырып, негізгі тұтынушының жүктемесі;

      3) қолданыстағы желінің өткізу қабілетін арттыру қажеттілігі бойынша негіздеме;

      4) қайтарылатын өндірістік конденсаттың саны, сапасы және айдау режимі, конденсатты жинау және қайтару схемасы (қажет болған жағдайда);

      5) коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату бойынша талаптар (коммуналдық қызметтер үшін);

      6) желілерді қосу және реттеліп көрсетілетін қызметтің технологиялық жүктемесінің схемасы көрсетіледі.

      17. Техникалық шарттар жобалау мен құрылыстың нормативтік кезеңіне беріледі.

      18. Тұтынушыларды сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосу, тұтынушыларда:

      1) желілердің теңгерімдік тиесілілігінің шекаралары және тараптардың пайдалану жауапкершілігі айқындалатын сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне арналған шарт;

      2) табиғи монополия субъектісінің техникалық талаптарына сәйкес келетін желілер мен қажетті жабдықтар;

      3) суды есепке алу аспаптары болған жағдайда жүргізіледі.

      Тұтынушыны есепке алу аспаптарынсыз тікелей қосуға табиғи монополия субъектісінің рұқсатымен уақытша жол беріледі. Бұл жағдайда босатылған қызметтің мөлшерін табиғи монополия субъектісі су тұтыну нормалары бойынша есеп айырысу жолымен белгілейді.

      19. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне нақты қосуды табиғи монополия субъектісі тұтынушының жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырады.

      Желілерге қосылу үшін ақы алынбайды.

2-параграф. Тұтынушылармен шарт

      20. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарына (бұдан әрі – Үлгілік шарттар) және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектісі мен тұтынушы арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

      21. Шарт жасасу үшін құжаттарды табиғи монополия субъектісінің кеңсесі немесе шарттық бөлімі абоненттік (шарттық) бөлімдердің мекен-жайларын және олардың жұмыс режимін көрсете отырып, "бір терезе" қағидаты бойынша қабылдайды.

      Шарт жобасын жасауды және келісуді табиғи монополия субъектісінің іс жүргізу қызметі немесе шарттық бөлімі ұйымдастырады.

      22. Заңды тұлғалармен шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) құжаттарды ұсыну кезінде тұтынушы толтыратын шарт жасасуға өтініш;

      2) тұтынушының тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және бұрын қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін объектіні қосуға, бұрын қосылмаған объектіні желілерге қосуға, сыртқы жабдықтау схемасын өзгертуге арналған техникалық шарттар;

      3) желілердің теңгерімдік тиесілілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін шектеу актісі – көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);

      4) құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелер (түпнұсқалар салыстыру үшін):

      жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалға алу, жалдау, өтеусіз пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);

      жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісімімен меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың (куәліктің) немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;

      қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік немесе кәсіпорынның салық төлеуші болып табылмайтындығы және салықтық есепте тұрмайтындығы туралы өтініш;

      кәсіпорынның жарғысы немесе соңғы жылы Жарғыға өзгерістер енгізілмегені туралы анықтама;

      банк деректемелері.

      Жеке тұлғалармен Шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) құжаттарды ұсыну кезінде тұтынушы толтыратын шарт жасасуға өтініш;

      2) тұтынушының тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және бұрын қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін объектіні қосуға, бұрын қосылмаған объектіні желілерге қосуға, сыртқы жабдықтау схемасын өзгертуге арналған техникалық шарттар;

      3) желілердің теңгерімдік тиесілілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін шектеу актісі – көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін);

      4) құқық белгілейтін құжаттар – көшірмелер (түпнұсқалар салыстыру үшін):

      жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалға алу, жалдау, өтеусіз пайдалану, несие, мүлікті сенімгерлік басқару шарты);

      жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісімімен меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат;

      тұратын жеке тұлғалардың санын растайтын құжат;

      үйдің техникалық паспорты немесе пәтердің жоспары – көшірме (түпнұсқа салыстыру үшін).

      23. Тұтынушы шарт жасасу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, табиғи монополия субъектісі оларды осы Үлгілік регламенттің 22-тармағына сәйкес жетіспейтін ақпараттың жоқтығын түсіндіре отырып, қайтарады.

      24. Шарт жасасу үшін құжаттар қабылданған жағдайда табиғи монополия субъектісі Үлгілік шарт негізінде тұтынушылардың санына сәйкес данада тұтынушымен шарт жобасын толтырады.

      Келісілген шарт жобасын табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қою үшін іс жүргізу қызметі немесе шарттық бөлімінің қызметкері дайындайды.

      Табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған барлық шарттар ұйымның мөрімен расталады және шартқа тиісті нөмір беріле отырып, тіркеу үшін іс жүргізу қызметіне немесе шарттық бөлімге беріледі.

      25. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың шарттарын тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі.

3-параграф. Есептеу аспаптары

      26. Көрсетілетін қызметтерді тұтынуды есептеу үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 929 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18079 болып тіркелген) Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен өлшем құралдарын бастапқы немесе мерзімдік салыстырып тексеру туралы құжаттары бар типтері Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген коммерциялық есепке алудың қажетті аспаптарымен қамтамасыз етіледі.

      27. Табиғи монополия субъектісі тұтынушыға есепке алу құралын "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабы 2-тармағының 30) тармақшасына сәйкес орнатады.

      Тұтынушы есептеу құралын өз бетінше немесе табиғи монополия субъектісімен жеке шарт бойынша сатып алады және орнатады.

      28. Есепке алу аспаптарын орнатуға қойылатын талаптар және олардың техникалық жай-күйі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-8-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12111 болып тіркелген) Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      29. Қызметтің коммерциялық есепке алу аспабын ұстау, техникалық қызмет көрсету және тексеру теңгерімдік тиесілілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

      30. Тұтынушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген) Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларында және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанында көзделген мерзімдерде өз балансындағы есепке алу аспаптарына метрологиялық салыстырып тексерулерді өз есебінен жүргізеді.

      Коммерциялық есепке алу аспаптарын мерзімді салыстырып тексеруді, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді осы қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдар тұтынушымен жасалған жеке шарт бойынша жүзеге асырады. Тұтынушы есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мамандандырылған ұйымды дербес таңдайды.

      31. Коммерциялық есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру (кезектен тыс салыстырып тексеру) мынадай:

      1) аралық салыстырып тексеру интервалының аяқталуы;

      2) тұтынушы немесе табиғи монополия субъектісі коммерциялық есепке алу аспаптарының жүргізілетін өлшеулердің дәлдігіне әсер ететін ақауларын тапқан жағдайларда жүргізіледі.

      Тұтынушы немесе табиғи монополия субъектісі талап етуші тараптың есебінен жүргізілетін қосымша тексерулер жүргізеді.

      32. Тұтынушының есепке алу аспаптарын пайдалануға рұқсат беруді және коммерциялық есепке алуды тұтынушы өкілінің қатысуымен табиғи монополия субъектісінің өкілі жүзеге асырады, ол туралы екі данада тиісті акт жасалады, оның біреуін тұтынушы, ал екіншісін табиғи монополия субъектісі алады.

4-параграф. Шоттар құру

      33. Тұтынушы cумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополия субъектісінің қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары бекіткен тарифтер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) қатаң сәйкестікте жүргізеді.

      34. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі оның өзгеруі туралы табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті орган ведомствосын немесе оның аумақтық органың Заңның 15-бабының 19-тармағында белгіленген мерзімде хабардар етеді.

      35. Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, тұтынушы нақты ұсынылған қызметтер саны үшін ай сайын төлем құжатының негізінде есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың жиырма бесіне дейінгі мерзімде төлем жасайды. Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 Бұйрыққа
4-қосымша

Магистральдық теміржол желісі саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Магистральдық теміржол желісі саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді бақылауды күшейту мақсатында әзірленді.

      2. Осы Үлгілік регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      уәкілетті органның ведомствосы – аэронавигацияның, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

      Осы Үлгілік регламентте пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы және теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Осы Үлгілік регламент реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде тұтынушылармен (тасымалдаушылармен) табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі – Ұлттық инфрақұрылым операторы) жұмыс істеу қағидаттарын айқындайтын құжат болып табылады.

      4. Тұтынушылармен (тасымалдаушылармен) өзара іс-қимыл кезінде Ұлттық инфрақұрылым операторы:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, магистральдық теміржол желісінің қызметтерін ұсыну жағдайларынан басқа, магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне тұтынушыларға (тасымалдаушыларға) қол жеткізудің тең жағдайларын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген) сәйкес тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін алу шеңберінде магистральдық теміржол желісін пайдаланудың қағидалары мен технологиялық нормаларын сақтау тұрғысынан тұтынушының (тасымалдаушының) іс-қимылын есепке алуды және бақылауды жүргізеді.

      3) магистральдық теміржол желісінің объектілерін поездардың белгіленген жылдамдықпен қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін жағдайда күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      4) поездар қозғалысының графигін, технологиялық нормаларды, техникалық-өкімдік актілерді, станциялардың технологиялық процестерін және станциялар мен кірме жолдар жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін сақтайды;

      5) магистральдық теміржол желісінің техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, тұтынушымен (тасымалдаушымен) келісілген магистральдық теміржол желісі көрсетілетін қызметтерінің көлемдерін орындауды қамтамасыз етеді;

      6) шартта көзделген мерзімдер мен талаптарға сәйкес магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетеді;

      7) қызметтерді көрсету кезінде тұтынушының (тасымалдаушының) диспетчерлік қызметіне тасымалдау процесі мен вагон ағындарын ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, тұтынушының (тасымалдаушының) поездар қозғалысын бақылау, қозғалыс графигін орындау үшін қажетті ақпаратты беруді жүзеге асырады және тұтынушының (тасымалдаушының) диспетчерлік қызметінен тиісті ақпаратты алады;

      8) қауіпсіздік талаптарына және технологиялық нормаларға, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес белгіленген сападағы магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді;

      9) магистральдық теміржол желісінің объектілерін поездардың белгіленген жылдамдықпен қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін жағдайда күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      10) магистральдық теміржол желісінің Қазақстан Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану қағидаларының және құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      11) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығымен бекітілген Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11257 болып тіркелген) (бұдан әрі – Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген) (бұдан әрі – Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидалары), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықтың (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6954 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығымен бекітілген Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7021 болып тіркелген) талаптарын орындайды;

      12) тұтынушыны (тасымалдаушыны) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өзгеруі туралы хабардар етеді;

      13) магистральдық теміржол желісіне теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының және жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау қағидаларының талаптарына сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды жібермейді;

      14) жүру жолында тұтынушының (тасымалдаушының) жылжымалы құрамының темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес жүктің сақталуының техникалық және технологиялық талаптарына сәйкессіздігі анықталған кезде тұтынушының (тасымалдаушының) жылжымалы құрамының қозғалысын тоқтатады;

      15) жылжымалы құрамға қызмет көрсететін персоналдың Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесіне және оларға қойылатын біліктілік талаптарына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6581 болып тіркелген) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келмеу кезінде тұтынушы (тасымалдаушы) персоналын тасымалдау процесіне жібермейді;

      16) тұтынушылардың (тасымалдаушылардың) өтінімін беру кезектілігін ескере отырып, тұтынушының (тасымалдаушының) өтінімі негізінде поездар қозғалысының графигін әзірлейді және бекітеді;

      17) бекітілген қозғалыс графигін, қалыптастыру жоспарына және белгіленген технологиялық нормаларға сәйкес техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді келісуді қоса алғанда, поездар қозғалысын орталықтандырылған басқаруды жүзеге асырады;

      18) магистральдық теміржол желісінің ақаусыз үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

2 тарау. Магистральдық теміржол желісі саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетуі

1-параграф. Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну

      5. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін тұтынушылар (тасымалдаушылар) Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінімді және құжаттарды Ұлттық инфрақұрылым операторына жібереді.

      6. Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) Ұлттық инфрақұрылым операторының техникалық ерекшелікті әзірлеуі және жариялауы;

      2) тұтынушының (тасымалдаушының) магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуге өтінім беруі;

      3) Ұлттық инфрақұрылым операторының берілген өтінімді қарауы;

      4) поездардың қозғалыс графигін және қозғалыс графигін бекіту;

      5) шарт жасасу.

      7. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тұтынушының (тасымалдаушының) шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған ұзақ мерзімді шарттардан және уәкілетті органмен жасалған шарттардан туындайтын құқықтарды қоспағанда, тұтынушыларға (тасымалдаушыларға) поездар қозғалысының нормативтік графигіне сәйкес графиктің белгілі бір тармақтары бойынша магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қолжетімділік поездар қозғалысы графигін қолданылу мерзімінің (1 жыл) бір мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

      Поездар қозғалысының нормативтік графигінде көзделмеген қосымша тасымалдар бойынша магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсетуге арналған шарт болған кезде Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен қосымша өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

2-параграф. Ұлттық инфрақұрылым операторының тұтынушының (тасымалдаушының) өтінімін қарауы

      8. Тұтынушының (тасымалдаушының) Ұлттық инфрақұрылым операторына магистральдық теміржол желісін пайдалану құқығын алуға өтінім беруі, оны қарау және поездар қозғалысының графигіне енгізу Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      9. Ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен тұтынушының (тасымалдаушының) поездар қозғалысы учаскелері бойынша қозғалыс кестесінен үзінді-көшірме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарына сәйкес табиғи монополия субъектісі мен тұтынушы арасында жасалатын шартқа қоса беріледі.

      10. Ұлттық инфрақұрылым операторы белгіленген тәртіппен бекіткен поездар қозғалысы графигінің негізінде тұтынушы (тасымалдаушы) тасымалдау мерзіміне дейін күнтізбелік он күн бұрын Ұлттық инфрақұрылым операторына тасымалдарды жүзеге асыру кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін пайдалануға арналған өтінімде көрсетілген поездар параметрлерінің өзгерістері туралы мәліметтерді қамтитын тасымалдау жоспарын ұсынады.

      Тасымалдау жоспарын беру нысаны мен тәсілі Ұлттық инфрақұрылым операторы мен тұтынушы (тасымалдаушы) арасында жасалған шартта ескертіледі.

      11. Ұлттық инфрақұрылым операторы белгіленген тәртіппен бекіткен поездар қозғалысы графигінің негізінде тұтынушы (тасымалдаушы) тұтынушыны (тасымалдаушыны) тасымалдаудың техникалық жоспарында көрсетілген тасымалдау мерзіміне дейін бір тәулік/сағат бұрын Ұлттық инфрақұрылым операторын поездың техникалық қарап-тексеруге берілген уақыты туралы хабардар етеді.

      Хабарламаның нысаны мен тәсілі Ұлттық инфрақұрылым операторы мен тұтынушы (тасымалдаушы) арасында жасалған шартта айтылады.

      12. Жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісіне жіберу кезінде тұтынушы (тасымалдаушы) Ұлттық инфрақұрылым операторына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) белгіленген нысан бойынша және тәртіппен жылжымалы құрамға арналған есепке алу құжатын ұсынады.

      13. Тұтынушы (тасымалдаушы) толтырылған тасымалдау құжаттарының бір данасын поезды жөнелту станциясындағы Ұлттық инфрақұрылым операторына береді.

      Тасымалдау құжаттарының негізінде Ұлттық инфрақұрылым операторы поездың заттай парағын екі данада ресімдейді.

      14. Жүру жолындағы поезд құрамының барлық өзгерістері туралы Ұлттық инфрақұрылым операторының өкілдері поездың заттай парағының барлық даналарына белгі жасайды.

      15. Поезд межелі станцияға келгеннен кейін тасымалдаушы Ұлттық инфрақұрылым операторына поездың заттай парағының бір данасын және тасымалдау құжаттарының бір данасынан береді.

      16. Поездың межелі станциясында Ұлттық инфрақұрылым операторы есепке жазылған төлемдердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.

      17. Поездың тасымалдау құжаттары мен заттай парағы Ұлттық инфрақұрылым операторы мен тұтынушы (тасымалдаушы) арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес қызметтер көрсету фактісін және олардың нақты көлемін растайтын құжаттар болып табылады және магистральдық теміржол желісінің көрсетілген қызметтері үшін түпкілікті есеп айырысуды жүргізу үшін негіз болады.

      18. Ұлттық инфрақұрылым операторының тұтынушының (тасымалдаушының) диспетчерлік қызметіне тасымалдау процесі мен вагон ағындарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, тұтынушының (тасымалдаушының) поездар қозғалысын бақылау, қозғалыс графигін орындау үшін қажетті ақпаратты беруі тұтынушының (тасымалдаушының) әрбір өтініші бойынша жеке жүзеге асырылады.

3-параграф. Шоттар құру

      19. Тұтынушы (тасымалдаушы) магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары бекіткен тарифтер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына қатаң сәйкестікте (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) жүргізеді.

      20. Тариф өзгерген кезде табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын оның өзгеруі туралы табиғи монополия субьектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тарайтын бұқаралық ақпарат құралдарында, өз интернет-ресурсында не уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген мерзімдерде тиісті ақпаратты орналастыру жолымен хабардар етеді.

      21. Магистральдық темір жолжелісінің көрсетілген қызметтері үшін түпкілікті есеп айырысу магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсеткен айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірілмей, магистральдық темір жол желісі көрсетілген қызметтерінің нақты көлемі үшін екі жақты актілер, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі арқылы жазып берген, Ұлттық инфрақұрылым операторы ұсынған электрондық шот-фактура негізінде ай сайын нақты көлем үшін жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 Бұйрыққа
5-қосымша

Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді бақылауды күшейту мақсатында әзірленді.

      2. Осы үлгілік регламентте мынадай ұғым пайдаланылады:

      уәкілетті органның ведомствосы – аэронавигацияның, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын, кабельді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы Үлгілік регламентте пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы және теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Осы үлгілік регламент реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылармен жұмыс істеу қағидаттарын айқындайтын құжат болып табылады.

      4. Тұтынушылармен өзара іс-қимыл кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметкерлері:

      1) табиғи монополиялар туралы және теміржол көлігі туралы заңнама талаптарын сақтайды;

      2) тұтынушылармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытады;

      3) құпиялылық қағидатын сақтайды;

      4) қабылданатын шешімдерді қоса алғанда, өз іс-әрекеттерінде жеке басының мүддесін көздемейді;

      5) тұтынушыларға жедел қызмет көрсетеді, кезектерге жол бермейді;

      6) тұтынушының мүдделерімен есептеседі, қақтығыстық жағдайларды анықтайды және болдырмайды;

      7) қақтығыс туындаған жағдайда ол туралы туындаған жағдайды реттеу шараларын қабылдайтын өзінің тікелей басшысына хабарлайды;

      8) тұтынушылар тарапынан дөрекілік көрсету фактілеріне төзімділік танытады.

2-тарау. Бәсекелес кірме жолы болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсету

1-параграф. Табиғи монополия субъектісінің тұтынушының өтінімін қарауы

      5. Кірме жолдар қызметтерін пайдалану құқығын алу үшін өтініштерді қабылдау табиғи монополиялар субъектілерінің (тармақ иеленушілер) кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Өтінішті қабылдау табиғи монополиялар субъектілерінің (тармақ иеленушілер) кеңсесінде өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіле отырып, тіркеумен расталады.

      Табиғи монополия субъектісі (тармақ иеленуші) қызметтерді тұтынушылардың (тармақ пайдаланушылардың) өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі. Қызметтерді тұтынушылардың (тармақ пайдаланушылардың) өтініштерін тіркеу журналында өтінімнің келіп түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі тіркеледі.

      Қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау табиғи монополия субъектісінің (тармақ иеленушінің) жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері жүзеге асырылады.

      6. Тұтынушы (тармақ иеленуші) өтінішпен бірге табиғи монополия субъектісіне (тармақ иеленушіге) мынадай ақпарат береді:

      1) кірме жол тұйығының бағытын немесе станция жолының нөмірін және түйісу станциясының немесе басқа кірме жолдың немесе жалғау жолының немесе басқа түйісу жолының атауын;

      2) тұтынушы (тармақ пайдаланушы) пайдаланатын кірме жолдың ұзындығы;

      3) кірме жолмен бөлінген белдеудің және жер учаскесі орналасқан құрылыстардың шекарасын;

      4) табиғи монополия субъектісінің (тармақ иеленушінің) бір жылда реттеліп көрсетілетін қызметтері үшін, оның ішінде айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірілмей берілетін өтінішке сәйкес айлар бойынша жоспарланатын вагондардың мәлімделген саны.

      7. Табиғи монополия субъектісі (тармақ иеленуші) өтініштерді қарауды олардың келіп түсу кезектілігіне сәйкес келетін ретпен бес сағаттан кешіктірмей жүргізеді.

      8. Бір күнде бір мезгілде қанағаттандыру кірме жолдың өткізу қабілетімен шектелген бірнеше өтініш келіп түскен кезде реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету тұтынушыны (тармақ пайдаланушыны) өтініш келіп түскен кезден бастап жеті сағаттан кешіктірмей жазбаша хабардар ете отырып, кірме жолдың техникалық және технологиялық мүмкіндігіне қарай мәлімделген көлемдерге бара-бар орташа өлшемді қағидат бойынша жүзеге асырылады.

      9. Тұтынушы (тармақ пайдаланушы) қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, табиғи монополия субъектісі (тармақ иеленуші) қызмет көрсетуді өтініш берген кезектілік бойынша келесі тұтынушыға ұсынады.

      10. Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің кірме жолын ұсыну табиғи монополия субъектісінің (тармақ иеленушінің) алдын ала хабарламасы бойынша жүргізіледі.

      11. Кірме жол бойынша поездардың қозғалысы Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы заңнамасын сақтай отырып жүргізіледі.

      Бұл ретте тұтынушы (тармақ пайдаланушы) күнтізбелік он бес күн бұрын бір айға мәлімделген вагондар санын түзете алады.

      12. Мәлімделген көлем асып кеткен жағдайда, тұтынушы (тармақ пайдаланушы) қосымша көлемге өтініш береді, сондай-ақ хабарламамен бірге Шартқа сәйкес алдын ала енгізілген төлемді растауды ұсынады.

      13. Кірме жолмен өткен вагондардың санын табиғи монополия субъектісі (тармақ иеленуші) тұтынушының (тармақ пайдаланушының) қатысуымен тіркейді және есепке алады. Ол үшін акт (немесе ведомость) екі данада жасалады, оның біреуі табиғи монополия субъектісінде (тармақ иеленушіде) қалады, екіншісі тұтынушыға (тармақ пайдаланушыға) беріледі. Бір айдағы жұмыс қорытындысы бойынша орындалған жұмыстар актісі жасалады, ол тұтынушыға (тармақ пайдаланушыға) шот ұсыну үшін негіз болып табылады.

2-параграф. Тұтынушылармен (тармақ пайдаланушылармен) жасалатын шарт

      14. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгі шарттарына сәйкес табиғи монополия субъектісі (тармақ иеленуші) мен тұтынушы (тармақ пайдаланушы) арасында жасалатын шарт негізінде және азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шарт тұтынушымен (тармақ пайдаланушымен) жеке тәртіппен жасалады.

      16. Шарт жасасу үшін құжаттарды табиғи монополия субъектісінің кеңсесі немесе шарттық бөлімі абоненттік (шарттық) бөлімдердің мекен-жайларын және олардың жұмыс режимін көрсете отырып, "бір терезе" қағидаты бойынша қабылдайды.

      Табиғи монополия субъектісі (тармақ иеленуші) реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың (тармақ пайдаланушылардың) шартын тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі.

      17. Шартты жасасуға, өзгертуге, бұзуға немесе оның қолданысын ұзартуға байланысты мәселелерді шешу кезінде тараптар қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.

3-параграф. Шоттар құру

      18. Табиғи монополия субъектісінің (тармақ иеленушінің) кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді тұтынушы (тармақ пайдаланушы) уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары бекіткен тарифтер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына қатаң сәйкестікте жүргізеді.

      19. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы оның өзгергені туралы хабардар етеді, "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген.

      20. Кірме жолдар саласында қызметтер көрсеткені үшін есеп айырысумен немесе көрсетілген қызметтер көлемімен келіспеген жағдайда, тұтынушы (тармақ пайдаланушы) үлгілік шарттарға сәйкес табиғи монополия субъектісінен (тармақ иеленушіден) ұсынылған шот фактуралардың толық жазылуын (шот фактуралар тізілімі) сұратады.

      Табиғи монополия субъектісі (тармақ иеленуші) тұтынушыға (тармақ пайдаланушыға) берілген вагондардың (локомотивтердің) санын және тұтынушы (тармақ пайдаланушы) пайдаланатын кірме жолдың ұзақтығын көрсете отырып, ұсынылған шот-фактуралардың (шот-фактуралар тізілімінің) талдамасын вагондарды және басқа да растайтын материалдарды әрбір беру және жинау бөлінісінде кемінде бес жұмыс күні ішінде ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 Бұйрыққа
6-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді бақылауды күшейту мақсатында әзірленді.

      2. Осы Үлгілік регламентте мынадай ұғым пайдаланылады:

      уәкілетті органның ведомствосы – аэронавигацияның, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы Үлгілік регламентте пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы және газ және газбен жабдықтау туралы заңнамаларына сәйкес қолданылады.

      3. Осы Үлгілік регламент реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылармен жұмыс істеу қағидаттарын айқындайтын құжат болып табылады.

      4. Тұтынушылармен өзара іс-қимыл кезінде табиғи монополия субъектісінің қызметкерлері:

      1) табиғи монополиялар туралы және газ және газбен жабдықтау туралы заңнама талаптарын сақтайды;

      2) тұтынушылармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытады;

      3) құпиялылық қағидатын сақтайды;

      4) қабылданатын шешімдерді қоса алғанда, өз іс-әрекеттерінде жеке мүддені көздемейді;

      5) тұтынушыларға жедел қызмет көрсетеді, кезектерге жол бермейді;

      6) тұтынушыларды табиғи монополия субъектісінің төлемдерді қабылдау пункттерінде қабылдау тәртібін, үлгілік мәселелерді түсіндіретін ақпараттық стенділер мен хабарландырулар, Байланыс телефондары, сондай-ақ қызметкерлердің функционалдық міндеттеріне сәйкес бекітілген телефон нөмірлері бойынша ақпарат орналастыру арқылы оларды қызықтыратын ақпаратпен қамтамасыз етеді;

      7) тұтынушының мүдделерімен есептеледі, жанжалды жағдайларды таниды және болдырмайды; ;

      8) жанжал туындаған жағдайда ол туралы туындаған жағдайды реттеу шараларын қабылдайтын өзінің тікелей басшысына хабарлайды;

      9) тұтынушылар тарапынан дөрекі қарым-қатынас фактілеріне төзімділік танытады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсету

1-параграф. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге тұтынушының өтінішін қарауы

      5. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісі тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны және оған қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат береді.

      6. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін тұтынушы табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жазбаша өтініш жібереді.

      7. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге, газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беруге өтініштер қабылдау және объектілерді газбен жабдықтау желілеріне қосуға нәтижелер беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті табиғи монополия субъектісінің кеңсесінде алған кезде өтінішті қабылдау өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып, табиғи монополия субъектісінің кеңсесінде тіркелумен (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) расталады.

      Табиғи монополия субъектісі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі немесе электрондық құжат айналымы жүйесінде электрондық журнал жүргізеді. Көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналында өтінімнің келіп түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі тіркеледі.

      Көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-портал арқылы алған кезде кіріс нөмірін көрсете отырып, табиғи монополия субъектісінің ақпараттық жүйесінің жеке кабинетінде тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Табиғи монополия субъектісінің ақпараттық жүйесінің жеке кабинетінде өтінішті қарау мәртебесі көрсетіледі.

      Тұтынушылардың өтінімдерін қабылдау және қызметтер көрсету нәтижелерін беру табиғи монополия субъектісінің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері жүзеге асырылады.

      Табиғи монополия субъектісі объектілерді газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін ақы алмайды және берілген техникалық шарттардың есепке алуды жүргізеді.

      8. Тұтынушының тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге арналған өтініші (өтінімі) еркін нысанда беріледі және мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтиды:

      1) тұтынушының деректемелері;

      2) заңды тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасының резиденттері үшін жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасынан нотариат куәландырған көшірмелер, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін – құрылтайшы-шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын сауда тізілімінен немесе басқа да заңдастырылған құжаттан қазақ және орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы бар заңдастырылған үзінді көшірме, ;

      жеке тұлғалар үшін – кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) барлық тұтынушылар үшін газдың тиісті көлемінің болуын растау (ресурстық анықтама, газды немесе газ конденсатын сатып алу шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі);

      4) таратушы құбыржолдары арқылы газ тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім берілген кезде, барлық тұтынушылар үшін газ тасымалдаудың басталу және аяқталу мерзімі;

      5) таратушы құбыржолдары арқылы газ тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім берілген кезде, барлық тұтынушылар үшін газ тасымалдау маршрутының басындағы пункт;

      6) таратушы құбыржолдары арқылы газ тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім берілген кезде, барлық тұтынушылар үшін газ тасымалдау маршрутының соңындағы пункт;

      7) газды сақтау және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыларды және олармен байланысты газ тарату газ құбырларын пайдалану жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім ұсынылған кезде, газды және (немесе) сұйытылған мұнай газын барлық тұтынушылар үшін қабылдау туралы;

      8) газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім берілген кезде, барлық тұтынушылар үшін газды айдаудың басталу және іріктеудің аяқталу мерзімі;

      9) топтық резервуарлық қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге өтінім берілген кезде, барлық тұтынушылар үшін газ және (немесе) сұйытылған мұнай газын жеткізудің басталу және аяқталу мерзімі;

      10) барлық тұтынушылар үшін жеткізілетін газдың сипаттамалары мен параметрлері.

      9. Қазақстан Республикасының резидент емес тұтынушылары ұсынатын және олар келген елден шығатын құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен заңдастырылады не апостилі болады.

      10. Газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беру туралы өтінішке қоса беріледі:

      1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      2) жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не объект орналасқан жерде жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі не объектіні газдандыруға жылжымайтын мүлік иесінің нотариат куәландырған келісімі (құрылысы аяқталған объектіні реттеліп көрсетілетін қызметке қосқан кезде);

      3) жер учаскесіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;

      4) газдандырылатын объектіге (тұрғын үйге) техникалық паспорттың көшірмесі немесе қолданыстағы (үйішілік) желілерді реконструкциялауға газдандырудың эскиздік жобасының көшірмесі;

      5) тиісті пайдаланушы ұйымдармен келісілген 1:500 масштабтағы құрылыс учаскесінің топографиялық түсірілімі (барлық жер үсті және жер асты коммуникацияларымен және құрылыстарымен);

      6) техникалық сипаттамалары көрсетілген газ тұтыну жабдығына арналған техникалық паспорттың көшірмесі;

      7) объектінің орналасу схемасы;

      8) заңды тұлғалар үшін – көп қабатты үйлерді газдандыру кезінде тамақ дайындауға, жылытуға, желдетуге, ауа баптауға, ыстық сумен жабдықтауға шикі газды тұтынуға арналған гидравликалық есептер.

      11. Тұтынушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған кезде, табиғи монополия субъектісі екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жетіспейтін ақпараттың тізбесін көрсете отырып, техникалық шарттарды беру туралы өтінішті қайтарады.

      12. Өтініш қарауға қабылданған кезде, табиғи монополия субъектісі техникалық шарттарды беру туралы өтінішті мынадай шешімдердің бірін қабылдай отырып, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарайды:

      1) өтінішті қанағаттандыру және техникалық шарттарды беру;

      2) техникалық шарттарды беруден бас тарту.

      13. Техникалық шарттарды беруден бас тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:

      1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін беру үшін қажетті табиғи монополия субъектісі желілерінің бос және қолжетімді қуаттары, сыйымдылықтары, орындары, өткізу қабілеті болмаған жағдайларда;

      2) табиғи монополия субъектісінде газбен жабдықтау саласында желілер немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүлік болмаған жағдайларда жол беріледі.

      14. Техникалық шарттар беруден бас тартылған кезде, табиғи монополия субъектісі:

      1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге дәлелді негіздемені қоса береді;

      2) уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін және табиғи монополия субъектісі желілерінің бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының, өткізу қабілеттілгінің тапшылығын немесе табиғи монополия субъектісінде газбен жабдықтау желілерінің болмауын немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүліктің болмауын есептей отырып, уәжді негіздемені жібереді.

      15. Техникалық шарттар берілген және тұтынушылар реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосылған кезде табиғи монополия субъектісі:

      1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлем алмайды;

      2) реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттары мен өзге де құжаттарын ұсынуды талап етпейді;

      3) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоймайды;

      4) реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасамайды;

      5) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектемейді;

      6) құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етпейді.

      16. Өтініш берушінің жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде табиғи монополия субъектісі берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды тексеруді жүзеге асырады. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген кезде табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосу бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

      Жүргізілген жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген кезде табиғи монополия субъектісі бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде техникалық шарттардың анықталған бұзушылықтарын көрсете отырып, көрсетілетін қызметке қосудан бас тартады және бұл туралы өтініш берушіні сәйкессіздік анықталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етеді.

      17. Табиғи монополия субъектісі сәулет және қала құрылысы органдарының өтініші бойынша табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беруді жүзеге асырады:

      1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беруге міндетті.

      18. Объектіні газбен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарда мыналар:

      1) газбен жабдықтау көзі, газбен жабдықтау желілеріне қосылу нүктесі, босатылатын көрсетілетін қызметтің санын реттеу тәсілі;

      2) басқа тұтынушылардың жүктемелерін қосу перспективасын (қажет болған жағдайда) ескере отырып, негізгі тұтынушының жүктемесі;

      3) қолданыстағы желінің өткізу қабілетін арттыру қажеттілігі бойынша негіздеме;

      4) қайтарылатын өндірістік конденсаттың саны, сапасы және айдау режимі, конденсатты жинау және қайтару схемасы (қажет болған жағдайда);

      5) коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату бойынша талаптар (коммуналдық қызметтер үшін);

      6) желілерді қосу және реттеліп көрсетілетін қызметтің технологиялық жүктемесінің схемасы көрсетіледі.

      19. Техникалық шарттар жобалау мен құрылыстың нормативтік кезеңіне беріледі.

      20. Тұтынушыларды газбен жабдықтау желілеріне қосу тұтынушыларда:

      1) желілердің теңгерімдік тиесілілігінің шекаралары және тараптардың пайдалану жауапкершілігі айқындалатын, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы сақтау, тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметтеріне арналған шарт; ;

      2) табиғи монополия субъектісінің техникалық талаптарына сәйкес келетін желілер мен қажетті жабдықтар;

      3) газды есепке алу аспаптары болған жағдайда жүргізіледі.

      21. Тұтынушыны есепке алу аспаптарынсыз қосуға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9936 болып тіркелген) Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларына сәйкес жол беріледі.

2-параграф. Тұтынушылармен шарт

      22. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгі шарттарына (бұдан әрі – Үлгілік шарттар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) және азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектісі мен тұтынушы арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

      23. Табиғи монополия субъектісі тұтынушыны газбен жабдықтау желілеріне қосу кезінде осы Үлгілік регламенттің 10 және 12-тармақтарына сәйкес тұтынушы ұсынған құжаттар негізінде шарт жасасады.

      Табиғи монополия субъектісінің іс жүргізу қызметі немесе шарттық бөлімі шарт жобасын жасауды және келісуді ұйымдастырады.

      Іс жүргізу қызметі немесе шарт бөлімінің қызметкері келісілген шарт жобасын табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қою үшін дайындайды.

      Табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қойған барлық шарттар ұйымның мөрімен расталады және шартқа тиісті нөмір беріле отырып, тіркеу үшін іс жүргізу қызметіне немесе шарттық бөлімге беріледі.

      24. Табиғи монополия субъектісі жасалған шарттардың есебін жүргізеді.

3-параграф. Есептеу аспаптары

      25. Көрсетілетін қызметтерді тұтынуды есептеу үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 929 бұйрығымен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18079 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен өлшем құралдарын бастапқы немесе мерзімдік салыстырып тексеру туралы құжаттары бар типтері Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген коммерциялық есепке алудың қажетті аспаптарымен қамтамасыз етіледі.

      26. Есепке алу аспаптарын орнату тұтынушы үшін міндетті болып табылады және оның есебінен жүргізіледі.

      Тұтынушы есептеу құралын өз бетінше немесе табиғи монополия субъектісімен жеке шарт бойынша сатып алады және орнатады.

      Тұрмыстық тұтынушыларда жеке немесе ұжымдық есепке алу аспаптары болмаған, олар ақаулы болған не газ жабдығының параметрлеріне сәйкес келмеген жағдайда көлемді есепке алу тұтыну нормалары бойынша жүргізіледі.

      Өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларда жеке немесе ұжымдық есепке алу аспаптары болмаған, олар ақаулы болған не газ жабдығының параметрлеріне сәйкес келмеген жағдайда көлемді есепке алу газ тұтыну жабдығының қуаты бойынша жүргізіледі.

      27. Қызметтің коммерциялық есепке алу аспабын ұстау, техникалық қызмет көрсету және тексеру теңгерімдік тиесілілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

      28. Тұтынушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген) және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанында көзделген мерзімдерде өз балансындағы есепке алу аспаптарына метрологиялық салыстырып тексерулерді өз есебінен жүргізеді.Коммерциялық есепке алу аспаптарын мерзімді салыстырып тексеруді, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді осы қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдар тұтынушымен жасалған жеке шарт бойынша жүзеге асырады. Тұтынушы есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мамандандырылған ұйымды дербес таңдайды.

      29. Коммерциялық есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру (кезектен тыс тексеру) мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) аралық салыстырып тексеру интервалының аяқталуы;

      2) тұтынушының немесе табиғи монополия субъектісінің өтініші бойынша олардың көрсеткіштерінің анықтығына күмән келтірген;

      3) тұтынушы немесе табиғи монополия субъектісі коммерциялық есепке алу аспаптарының жүргізілетін өлшеулердің дәлдігіне әсер ететін ақауларын тапқан жағдайларда жүргізіледі.

      Тұтынушы немесе табиғи монополия субъектісі талап етуші тараптың есебінен жүргізілетін қосымша салыстырып тексерулер жүргізуді талап ете алады.

      30. Тұтынушының есепке алу аспаптарын пайдалануға рұқсат беруді және коммерциялық есепке алуды тұтынушы өкілінің қатысуымен табиғи монополия субъектісінің өкілі жүзеге асырады, ол туралы екі данада тиісті акт жасалады, оның біреуін тұтынушы, ал екіншісін табиғи монополия субъектісі алады.

4-параграф. Шоттар құру

      31. Тұтынушы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары бекіткен тарифтер бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) қатаң сәйкестікте жүргізеді.

      32. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын табиғи монополия субъектісі қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы оның өзгергені туралы "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген мерзімде хабардар етеді,.

      33. Төлем әрбір төлемге тапсырыс және (немесе) шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру бойынша банктік аударымдармен ақша аудару арқылы жүргізіледі. Төлем тапсырмасында міндетті түрде жеке жолда шарттың нөмірі мен күні, тауардың саны, шот және оларды шығару күні көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 Бұйрыққа
7-қосымша

Портта көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы портта көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді бақылауды күшейту мақсатында әзірленді.

      2. Осы Үлгілік регламентте мынадай ұғым пайдаланылады:

      уәкілетті органның ведомствосы – аэронавигацияның, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын, кабельді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы Үлгілік регламентте пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы және сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Осы Үлгілік регламент реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылармен жұмыс істеу қағидаттарын айқындайтын құжат болып табылады.

      4. Тұтынушылармен өзара іс-қимыл кезінде табиғи монополия субъектісінің қызметкерлері:

      1) табиғи монополиялар туралы және сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнама талаптарын сақтайды;

      2) тұтынушылармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытады;

      3) құпиялылық қағидатын сақтайды;

      4) қабылданатын шешімдерді қоса алғанда, өз іс-әрекеттерінде жеке басының мүддесін көздемейді;

      5) тұтынушыларға жедел қызмет көрсетеді, кезектерге жол бермейді;

      6) тұтынушыларды қабылдау тәртібін, үлгілік мәселелерді түсіндіретін хабарландыруларды, байланыс телефондарын, сондай-ақ қызметкерлердің функционалдық міндеттеріне сәйкес бекітілген телефон нөмірлері бойынша ақпаратты табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы оларды қызықтыратын ақпаратпен қамтамасыз етеді;

      7) тұтынушының мүдделерімен есептеседі, қақтығыстық жағдайларды анықтайды және болдырмайды;

      8) қақтығыстық туындаған кезде ол туралы туындаған жағдайды реттеу шараларын қабылдайтын өзінің тікелей басшысына хабарлайды;

      9) тұтынушылар тарапынан дөрекілік көрсету фактілеріне төзімділік танытады.

2-тарау. Портта көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсету

1-параграф. Порттық көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттар саласында көрсетілетін қызметтерді алуға табиғи монополия субъектісінің тұтынушының өтінішін қарауы

      5. Кеменің портқа келуі Порттың теңіз әкімшілігінде шекаралық, кедендік, санитарлық және карантиндік талаптарды сақтай отырып, келген сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде ресімделеді.

      Кеменің келуі жалпы декларация, кеме рөлі және жолаушылар тізімі ұсынылғаннан кейін ресімделеді. Порттың теңіз әкімшілігі кемелердің келуін және шығуын есепке алу журналында кемелердің келуін есепке алуды жүргізеді.

      Шетелдік кеменің капитаны портқа келген кезде қосымша конвенциялық құжаттарды (Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын теңіз көлігі саласындағы халықаралық конвенцияларда айқындалған куәліктер мен сертификаттар) ұсынады.

      Порт капитанының өкімі және шекаралық бақылау органдарының келісімі бойынша кеменің келуін (кетуін) ресімдеу порттың сыртқы рейдінде жүзеге асырылады.

      6. Кеменің межелі портқа жақындауы туралы ақпаратты кеме капитаны Қазақстан Республикасының теңіз портына бара жатқанда порт диспетчеріне, порт капитанына және, қажет болған жағдайда, басқа мекенжайларға береді.

      Жақындау туралы ақпарат қырық сегіз сағат бұрын, екінші рет жиырма төрт сағат бұрын хабарланады және жақындауға дейін төрт сағат бұрын нақтыланады. Кеме жөнелту портынан шыққаннан кейін екі сағат шегінде өту ұзақтығы қырық сегіз сағаттан кем болған кезде.

      Кеме басқа мекенжайға жіберілген кезде капитан бастапқы межелі портқа бұрын берілген өтінімдерді радиограммамен жояды. Порттың диспетчерлік қызметі кемені арқандап байлау орны және тиеу-түсіру немесе басқа да жұмыстарды орындау тәсілі туралы кеме портқа келгенге дейін төрт сағаттан кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Мұнай мен мұнай өнімдерін кейіннен порттан шыға отырып, танкерге/танкерге құбыржолдар арқылы ауыстырып тиеу үшін кеменің теңіз портына кіруі үшін көрсетілетін қызметтер (кемеге кіру) Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасын және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып жүргізіледі.

      8. Мұнай мен мұнай өнімдерін кейіннен порттан шыға отырып, танкерге/танкерге құбыржолдар арқылы аудару үшін кеменің теңіз портына кіруі үшін көрсетілетін қызметтер көлемін табиғи монополия субъектісі тұтынушының немесе оның агентінің қатысуымен тіркейді және есепке алады. Ол үшін екі данада акт (таймшит) жасалады, оның біреуі табиғи монополия субъектісінде қалады, екіншісі тұтынушыға шот ұсыну үшін негіз болып табылатын тұтынушыға беріледі.

2-параграф. Тұтынушылармен шарт

      9. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгі шарттарына (бұдан әрі – үлгі шарттар) және азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектісі мен тұтынушы арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

      10. Мұнайды және мұнай өнімдерін құбыр жолдары арқылы танкерге/танкерлерге ауыстырып тиеу үшін кеменің теңіз портына кіруі үшін кейіннен порттан шыға отырып, қызмет көрсетуге арналған шарт тұтынушымен немесе оның агентімен жеке тәртіппен жасалады.

      11. Техникалық шарттар берілген және тұтынушылар реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосылған кезде табиғи монополия субъектісі:

      1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлем алмайды;

      2) реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттары мен өзге де құжаттарын ұсынуды талап етпейді;

      3) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоймайды;

      4) реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасамайды;

      5) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектемейді;

      6) құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етпейді.

      12. Шартты жасасуға, өзгертуге, бұзуға немесе оның қолданысын ұзартуға байланысты мәселелерді шешу кезінде Тараптар 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін басшылыққа алады.

3-параграф. Шоттар құру

      13. Табиғи монополия субъектісінің портта көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттар саласындағы қызметтеріне ақы төлеуді тұтынушы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының теңіз порты үшін нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 тіркелген) бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына қатаң сәйкестікті жүзеге асырылады.

      14. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы оның өзгергені туралы хабардар етеді, "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген.

      15. Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді тұтынушы кеме теңіз портынан шыққанға дейін соманы алдын ала төлеу шартымен жүргізеді.

      16. Кеме теңіз портынан шығар алдында тұтынушы және табиғи монополия субъектісі Мұнайды және мұнай өнімдерін кейіннен порттан шыға отырып, танкерге/танкерге құбыржолдар арқылы аудару үшін теңіз портына кіргені үшін нақты көрсетілген қызметтер үшін төлемақы сомасын айқындайды және шот жазып берілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей толық есеп айырысуды жүзеге асырады.

      17. Тараптар арасындағы есеп айырысулар порт жазып беретін шоттар негізінде жүзеге асырылады.

      18. Егер тұтынушы ұсынылған шоттың дұрыстығына дау айтса, ол осы шотты алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде табиғи монополия субъектісін хабардар етеді және табиғи монополия субъектісіне қарсылығын баяндай отырып, жазбаша өтініш береді. Бұл ретте тұтынушы жоғарыда көрсетілген мерзімде шоттың дауланбаған бөлігін төлейді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 Бұйрыққа
8-қосымша

Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Респбликасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді бақылауды күшейту мақсатында әзірленді.

      2. Осы Үлгілік регламентте мынадай ұғым пайдаланылады:

      уәкілетті органның ведомствосы – аэронавигацияның, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын, кабельдік арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы Үлгілік регламентте пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы және магистральдық құбыр туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Осы Үлгілік регламент реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде тұтынушылармен табиғи монополиялар субъектілерінің жұмыс істеу қағидаттарын айқындайтын құжат болып табылады.

      4. Тұтынушылармен өзара іс-қимыл кезінде табиғи монополия субъектісінің қызметкерлері:

      1) табиғи монополиялар туралы және магистральдық құбыр туралы заңнама талаптарын сақтайды;

      2) тұтынушылармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытады;

      3) құпиялылық қағидатын сақтайды;

      4) қабылданатын шешімдерді қоса алғанда, өз іс-әрекеттерінде жеке басының мүддесін көздемейді;

      5) тұтынушыларға жедел қызмет көрсетеді, кезектерге жол бермейді;

      6) тұтынушының мүдделерімен есептеседі, жанжалды жағдайларды анықтайды және болдырмайды;

      7) жанжал туындаған кезде бұл туралы туындаған жағдайды реттеу шараларын қабылдайтын өзінің тікелей басшысына хабарлайды;

      8) тұтынушылар тарапынан дөрекілік көрсету фактілеріне төзімділік танытады.

2-тарау. Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетуі

1-параграф. Табиғи монополия субъектісінің мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдауға рұқсат алуға тұтынушының өтінішін қарауы

      5. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісі тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтердің құны және оған қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат береді.

      6. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін тұтынушы табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес нысанда жазбаша өтініш жібереді.

      7. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) тұтынушының деректемелері;

      2) бір айға және бір жылға жоспарланған тасымалдау көлемі;

      3) жер қойнауын пайдалану учаскесінің орналасқан жері;

      4) магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің мұнайын тапсыру орны;

      5) мұнай сапасының сертификаты.

      8. Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдауға рұқсат алуға өтініштер қабылдауды, техникалық шарттар беруді және нәтижелер беруді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.

      Табиғи монополия субъектісінің кеңсесінде қызметті алу кезінде өтінішті қабылдау өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіле отырып, табиғи монополия субъектісінің кеңсесінде тіркелумен (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) расталады.

      Табиғи монополия субъектісі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі немесе электрондық құжат айналымы жүйесінде электрондық журналды жүргізеді. Қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналында өтінімнің келіп түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі тіркеледі.

      Қызметті веб-портал арқылы алу кезінде кіріс нөмірін көрсете отырып, табиғи монополия субъектісінің ақпараттық жүйесінің жеке кабинетінде тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Табиғи монополия субъектісінің ақпараттық жүйесінің жеке кабинетінде өтінішті қарау мәртебесі көрсетіледі.

      Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу және қызметтер көрсету нәтижелерін беру үшін тұтынушылардың өтініштерін қабылдау табиғи монополия субъектісінің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері жүзеге асырылады.

      Табиғи монополия субъектісі мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдауға қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтер үшін ақы алмайды.

      9. Тұтынушыларды магистральдық құбыр желілеріне қосу тұтынушыларда реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгі шарттарына сәйкес табиғи монополия субъектісі мен тұтынушы арасында жасалған, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында оларды тасымалдауды қоспағанда, Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтеріне арналған шарттың болуы шартымен жүргізіледі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік шарттар).

      10. Мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтер тұтынушыға магистральдық мұнай құбыры жүйесінде мұнайды тасымалдаудың қолданыстағы маршруттары бойынша ұсынылады.

      11. Тұтынушы табиғи монополия субъектісіне:

      1) тасымалдаудың жылдық кезеңінің алдындағы жылдың 1 тамызына дейін мұнайдың болжамды тоқсандық көлемдеріне бөле отырып, мұнайдың міндетті ең төмен жылдық көлемін қоса алғанда, магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша мұнай тасымалдаудың болжанатын көлемдері туралы жылдық өтінімді;

      2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17072 болып тіркелген) мұнайды магистральдық мұнай құбыры жүйесіне тапсыруға және оны тасымалдауға, мұнайдың міндетті ең төмен айлық көлемін қоса алғанда, тасымалдаудың айлық кезеңінің алдындағы айдың оныншы күнінен кешіктірмей бекітілген нысан бойынша айлық өтінімді жолдайды.

      Тұтынушы өтінім берген күн табиғи монополия субъектісінің интернет-порталында оның орналастырылған күні немесе табиғи монополия субъектісіне қағаз жеткізгіштегі өтінім түпнұсқасының келіп түскен күні деп танылады.

      3) өздерінің жұмыскерлеріне табиғи монополия субъектісінің интернет-порталына қолжетімділікті ұсыну үшін тұтынушының ақпаратын табиғи монополия субъектісінің интернет-порталына орналастыруға жауапты жұмыскерлерінің (олардың тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда), электрондық мекенжайын, лақап атын (логинін) латын әріптерімен көрсете отырып) тізбесін жолдайды.

      12. Тұтынушы табиғи монополия субъектісінің талап етуі бойынша бекітілген кестеде көрсетілген мұнай көлемін магистральдық мұнай құбыры жүйесіне тиісті түрде тапсыруы қажет.

      Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау кестесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 276 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11283 болып тіркелген) магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау кестесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.

2-параграф. Табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттар беруі

      13. Техникалық шарттарды беру туралы өтініш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының 6-тарауына сәйкес беріледі.

      14. Тұтынушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде, табиғи монополия субъектісі екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жетіспейтін ақпараттың тізбесін көрсете отырып, техникалық шарттарды беру туралы өтінішті қайтарады.

      15. Өтініш қарауға қабылданған кезде, табиғи монополия субъектісі техникалық шарттарды беру туралы өтінішті мынадай шешімдердің бірін қабылдай отырып, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарайды:

      1) өтінішті қанағаттандыру және техникалық шарттарды беру;

      2) техникалық шарттарды беруден бас тарту

      16. Техникалық шарттарды беруден бас тартуға мынадай:

      1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін беру үшін қажетті табиғи монополия субъектісі желілерінің бос және қолжетімді қуаттары, сыйымдылықтары, орындары, өткізу қабілеттері болмаған;

      2) табиғи монополия субъектісінде газбен жабдықтау саласында желілер немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүлік болмаған жағдайларда жол беріледі.

      17. Техникалық шарттар беруден бас тартылған кезде, табиғи монополия субъектісі:

      1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге уәжді негіздемені қоса береді;

      2) уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін және табиғи монополия субъектісі желілерінің бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының, өткізу қабілеттерінің тапшылығы немесе табиғи монополия субъектісінде газбен жабдықтау желілерінің немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүліктің болмауын есептей отырып, уәжді негіздеме жібереді.

      18. Техникалық шарттар берілген және тұтынушылар реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосылған кезде табиғи монополия субъектісі:

      1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлем алмайды;

      2) реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттары мен өзге де құжаттарын ұсынуды талап етпейді;

      3) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоймайды;

      4) реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасамайды;

      5) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектемейді;

      6) құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етпейді.

      19. Өтініш берушінің жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде табиғи монополия субъектісі берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды тексеруді жүзеге асырады. Орындалған жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келген кезде табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметіне қосу бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

      Жүргізілген жұмыстар техникалық шарттарға сәйкес келмеген кезде табиғи монополия субъектісі бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде техникалық шарттардың анықталған бұзушылықтарын көрсете отырып, көрсетілетін қызметке қосудан бас тартады және бұл туралы өтініш берушіні сәйкессіздік анықталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етеді.

      20. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді талап ететін құрылыс объектілері үшін техникалық шарттарды беруге өтініш жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бастапқы деректерді қалыптастыратын сәулет және қала құрылысы органдарынан электрондық нысанда келіп түседі.

      Табиғи монополия субъектісі сәулет және қала құрылысы органдарының өтінімі бойынша техникалық шарттар беруді электрондық нысанда:

      1) техникалық күрделі емес объектілер үшін екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      2) техникалық күрделі объектілер үшін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімдежүзеге асырады.

3-параграф. Қызмет көрсету рәсімі

      21. Тұтынушы төлемге тапсырма алған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде табиғи монополия субъектісіне мұнай тасымалдауды жүзеге асыру үшін мынадай құжаттар топтамасын:

      1) мұнай тасымалдауға тапсырыс.

      Мұнай тасымалдауға тапсырыс нысанын табиғи монополия субъектісі белгілейді және жасалған шарттың нөмірі мен күнін, мұнай тасымалдау маршрутын (жөнелту пункті мен межелі пункті), жеткізу санатын (Қазақстан Республикасының ішкі нарығы, экспорт, импорт, сақтау), мұнай өндірушіні, маршруттың басында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне магистральдық мұнай құбыры жүйесіне қабылданатын және маршруттың соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне жүк алушыға тапсырылатын мұнай мөлшерін, мұнайды тасымалдау маршрутының соңында, мұнай тасымалдауды жүзеге асыру үшін өзге де ақпарат;

      2) мұнайды Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына және өзге де зауыттарға жеткізу кезінде осындай зауыттардың соңғы жүк алушыны көрсете отырып, мұнайды қабылдауға келісетіні туралы растауын;

      3) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша тасымалданатын Тұтынушының мұнайын кедендік декларациялау көзделген жағдайда, мұнайға уақытша кедендік декларацияны ұсынады.

      22. Тұтынушы табиғи монополия субъектісіне мұнайға арналған толық кедендік декларацияның көшірмесін олар ресімделген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.

      Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде мұнайды нақты әкету туралы кеден органдарының хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі мұнайға арналған толық кедендік декларация да мұнай экспортын растайтын құжат болып табылады. Электрондық құжат түріндегі мұнайға арналған кедендік декларация болған кезде мұнайға арналған толық кедендік декларацияны ұсыну талап етілмейді. Бұл ретте, тұтынушы табиғи монополия субъектісін осы тармақта көрсетілген мерзімде салық органдарының ақпараттық жүйелерінде мұнайдың нақты әкетілуі туралы кеден органдарының хабарламасының бар екендігі туралы хабардар етеді.

      23. Тұтынушыға маршруттық тапсырма ресімделгеннен кейін мұнай тасымалдауға арналған жүк ілеспе құжаттарды кері қайтарып алуға тыйым салынады.

      24. Тұтынушы магистральдық мұнай құбыры жүйесіне тапсырған барлық мұнай табиғи монополия субъектісінде жауапты сақтауда болады. Магистральдық мұнай құбыры жүйесінде тасымалдаудың толық айлық кезеңінде болған тұтынушы мұнайының бөлінбеген қалдығын (тұтынушы магистральдық мұнай құбыры жүйесін толтыру үшін берген Мұнайды және мөлшері уәкілетті орган бекітетін ұтқыр қалдықтарды шегергенде) сақтағаны үшін тарифті есептеу, төмендегідей айқындалады:

      егер тасымалдаудың айлық кезеңінің соңындағы мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың айлық кезеңінің басындағы қалдықтан артық болған жағдайда, тасымалдаудың айлық кезеңінің басындағы бөлінбеген қалдық тасымалдаудың толық айлық кезеңі сақталған көлем болып есептеледі;

      егер тасымалдаудың айлық кезеңінің соңындағы мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың айлық кезеңінің басындағы қалдықтан кем болған жағдайда, тасымалдаудың айлық кезеңінің соңындағы бөлінбеген қалдық тасымалдаудың толық айлық кезеңі сақталған көлем болып есептеледі.

      25. Мұнайды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер маршруттық тапсырма негізінде магистральдық мұнай құбыры жүйесіндегі мұнайдың технологиялық жүк ағындарының схемасына сәйкес келетін маршруттар бойынша жүргізіледі.

      26. Табиғи монополия субъектісі жүк алушыларға мұнайды маршруттың соңында қабылдау-тапсыру пунктіне тапсыруды сапа паспорттарын және қабылдау-тапсыру актілерін ресімдей отырып, мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу және өзге де зауыттарына жеткізу кезінде – мұнай беру жүзеге асырылатын зауыттың өкіліне;

      2) магистральдық мұнай құбыры жүйесінің меншік иесінің (оператордың) өкіліне магистральдық мұнай құбырын басқа жүйелерге берген кезде;

      3) мұнайды көліктің басқа түріне ауыстырып тиеу кезінде – жүк алушыға беріледі.

      27. Табиғи монополия субъектісі магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша тасымалданатын мұнайды нормативтік техникалық ысыраптар шегінде мұнай тасымалдау кезіндегі техникалық ысыраптарды шегере отырып, тұтынушыға маршруттың соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне тапсырады.

      28. Тұтынушы мұнайдың мөлшері мен сапасын өлшеу құралдарының жұмысын реттейтін нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарын сақтамаған кезде мұнайдың мөлшері мен сапасын айқындау жөніндегі рәсімдер негізгі схема бойынша бекітілген резервтік схемалар бойынша жүргізіледі.

      29. Магистральдық мұнай құбыры жүйесіне мұнайды маршруттың басында қабылдау-тапсыру пунктіне тапсырудан бастап оны жүк алушы маршруттың соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне қабылдағанға дейін тасымалдау маршрутының бүкіл бойында тасымалданатын мұнай көлеміне меншік құқығы тұтынушыда қалады.

4-параграф. Шоттар құру

      30. Табиғи монополия субъектісінің Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы қызметтеріне ақы төлеуді, оларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тасымалдауды қоспағанда, тұтынушы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары бекіткен тарифтер бойынша тарифтерді қалыптастыру қағидаларына қатаң сәйкестікте жүргізеді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген).

      31. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы оның өзгергені туралы хабардар етеді, "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген.

      32. Табиғи монополия субъектісі орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерінің негізінде тұтынушыға шот-фактура ұсынады.

      33. Төлем әрбір төлем тапсырмасы және (немесе) шот-фактура бойынша жеке банк аударымдарымен ақша аудару жолымен жүргізіледі. Төлем тапсырмасында міндетті түрде жеке жолда шарттың нөмірі мен күні, тасымалданатын мұнайдың мөлшері, шоттар және оларды шығару күні көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 Бұйрыққа
9-қосымша

Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді бақылауды күшейту мақсатында әзірленді.

      2. Осы Үлгілік регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      концессионер (табиғи монополия субъектісі) – концессия шартына сәйкес концессия объектісіне құқық алған заңды тұлға (мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

      уәкілетті органның ведомствосы – аэронавигацияның, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      теміржол көлігіндегі тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тасымалдаушы.

      Осы Үлгілік регламентте пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы, концессиялар туралы және теміржол көлігі туралы заңнамаларына сәйкес қолданылады.

      3. Осы Үлгілік регламент бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар теміржолдар қызметтерін көрсеткен кезде концессионердің тасымалдаушылармен жұмыс істеу қағидатын айқындайтын құжат болып табылады.

      4. Тасымалдаушылармен өзара іс-қимыл кезінде Концессионер:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, магистральдық теміржол желісінің қызметтерін ұсыну жағдайларынан басқа, магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне тұтынушыларға (тасымалдаушыларға) қол жеткізудің тең жағдайларын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген) сәйкес тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерін алу шеңберінде магистральдық теміржол желісін пайдаланудың қағидалары мен технологиялық нормаларын сақтау тұрғысынан тасымалдаушының іс-қимылын есепке алуды және бақылауды жүргізеді;

      3) бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың объектілерін белгіленген жылдамдықтармен поездарды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ететін жағдайда ұстауды қамтамасыз етеді;

      4) поездар қозғалысының графигін, технологиялық нормаларды, техникалық-өкімдік актілерді, станциялардың технологиялық процестерін және станциялар мен кірме жолдар жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін сақтайды;

      5) магистральдық теміржол желісінің техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, тасымалдаушымен келісілген бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтері көлемінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      6) шартта көзделген мерзімдер мен шарттарға сәйкес бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар қызметтерін көрсетеді;

      7) қызметтерді көрсету кезінде тасымалдаушының диспетчерлік қызметіне тасымалдау процесі мен вагон ағындарын ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, тасымалдаушы поездарының қозғалысын бақылау, қозғалыс графигін орындау үшін қажетті ақпаратты беруді жүзеге асырады және тасымалдаушының диспетчерлік қызметінен тиісті ақпарат алады;

      8) қауіпсіздік және технологиялық нормалар талаптарына, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес белгіленген сападағы бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдарда көрсетілетін қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етеді;

      9) бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың объектілерін белгіленген жылдамдықтармен поездарды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ететін жағдайда ұстауды қамтамасыз етеді;

      10) бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың Қазақстан Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану қағидаларының және құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      11) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығымен бекітілген Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидалары) (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11257 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықтың (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6954 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығымен бекітілген Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7021 болып тіркелген) талаптарын орындайды;

      12) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өзгеруі туралы тасымалдаушыны хабардар етеді;

      13) магистральдық теміржол желісіне теміржол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды жібермейді;

      14) жүру жолында тасымалдаушының жылжымалы құрамының темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен жүктің сақталуының техникалық және технологиялық талаптарына сәйкессіздігі анықталған кезде тасымалдаушының жылжымалы құрамының қозғалысын тоқтатады;

      15) жылжымалы құрамға қызмет көрсететін персоналдың Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6581 болып тіркелген) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі анықталған кезде тасымалдаушы персоналын тасымалдау процесіне жібермейді;

      16) тасымалдаушылар өтінімін беру кезектілігін ескере отырып, тасымалдаушының өтінімі негізінде поездар қозғалысының графигін әзірлейді және бекітеді;

      17) бекітілген қозғалыс графигіне, қалыптастыру жоспарына және белгіленген технологиялық нормаларға сәйкес техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді келісуді қоса алғанда, поездар қозғалысын орталықтандырылған басқаруды жүзеге асырады;

      18) магистральдық теміржол желісінің ақаусыз үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

2-тарау. Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсету

1-параграф. Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну

      5. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін тасымалдаушылар концессионерге Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінімді және құжаттарды жолдайды.

      6. Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) концессионердің техникалық ерекшелікті әзірлеуі және жариялауы;

      2) бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуге тасымалдаушының өтінім беруі;

      3) ұлттық инфрақұрылым операторының берілген өтінімді қарауы;

      4) поездардың қозғалыс графигін және қозғалыс кестесін бекіту;

      5) шарт жасасу.

      7. Поездар қозғалысының нормативтік графиктеріне сәйкес графиктің белгілі бір желілері бойынша бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді тасымалдаушы поездардың қозғалысы кестесі қолданылуының бір мерзімінен аспайтын мерзімге (1 жыл) береді.

      Поездар қозғалысының нормативтік графигінде көзделмеген қосымша тасымалдар бойынша бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну қосымша өтінімдер негізінде Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіпте бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар қызметтерін көрсетуге шарт болған кезде жүзеге асырылады.

2-параграф. Концессионердің тасымалдаушының өтінімін қарауы

      8. Тасымалдаушының концессионерге бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдарды пайдалану құқығын алуға өтінім беруі, оны қарау және поездар қозғалысының графигіне енгізу Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      9. Концессионер бекіткен тасымалдаушының поездар қозғалысының учаскелері бойынша қозғалыс графигінен үзінді-көшірме жасалатын шартқа қоса беріледі.

      10. Концессионер белгіленген тәртіппен бекіткен поездар қозғалысы графигінің негізінде тасымалдаушы концессионерге тасымалдау мерзіміне дейін күнтізбелік он күн бұрын тасымалдарды жүзеге асыру кезінде бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар көрсетілетін қызметтерін пайдалануға арналған өтінімде көрсетілген поездар параметрлерінің өзгерістері туралы мәліметтерді қамтитын тасымалдау жоспарын ұсынады.

      Тасымалдау жоспарын беру нысаны мен тәсілі концесионер мен тасымалдаушы арасында жасалған шартта айтылады.

      11. Концессионер белгіленген тәртіппен бекіткен поездар қозғалысы графигінің негізінде тасымалдаушы тасымалдаушының тасымалдарының техникалық жоспарында көрсетілген тасымалдау мерзіміне дейін бір тәулік/сағат бұрын концессионерді поездың техникалық қарап-тексеруге берілген уақыты туралы хабардар етеді.

      Хабарламаның нысаны мен тәсілі концесионер мен тасымалдаушы арасында жасалған шартта айтылады.

      12. Жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісіне жіберу кезінде тасымалдаушы концессионерге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) белгіленген нысан бойынша және тәртіпте жылжымалы құрамға арналған есепке алу құжатын ұсынады.

      13. Толтырылған тасымалдау құжаттарының бір данасын тасымалдаушы концессионерге поезды жөнелту станциясында береді.

      Тасымалдау құжаттарының негізінде концессионер поездың заттай парағын екі данада ресімдейді.

      14. Концессионердің өкілдері жүру жолындағы поезд құрамының барлық өзгерістері туралы поездың заттай парағының барлық даналарына белгі жасайды.

      15. Поезд межелі станцияға келгеннен кейін тасымалдаушы концессионерге поездың заттай парағының бір данасын және тасымалдау құжаттарының бір данасынан береді.

      16. Поездың межелі станциясында концессионер есептелген төлемдердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.

      17. Поездың тасымалдау құжаттары мен заттай парағы концесионер мен тасымалдаушы арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес қызметтер көрсету фактісін және олардың нақты көлемін растайтын құжаттар болып табылады және бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілген қызметтері үшін түпкілікті есеп айырысу жүргізу үшін негіз болады.

      18. Концессионердің тасымалдаушының диспетчерлік қызметіне тасымалдау процесі мен вагон ағындарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, тасымалдаушы поездарының қозғалысын бақылау, қозғалыс графигін орындау үшін қажетті ақпаратты беруі тасымалдаушының әрбір өтініші бойынша жеке жүзеге асырылады.

3-параграф. Шоттар жасау

      19. Тұтынушы магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары бекіткен тарифтер бойынша әрбір айдың бірінші күніне дейін концессионердің кіріс шотына аудару арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) қатаң сәйкестікте жүргізеді.

      20. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын оның өзгеруі туралы тиісті ақпаратты "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында көзделген мерзімдерде табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабардар етеді.

      21. Магистральдық темір жол желісінің көрсетілген қызметтері үшін түпкілікті есеп айырысу магистральдық теміржол желісі көрсетілген қызметтерінің нақты көлемі үшін екіжақты актілер, сондай-ақ "Электронды шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі арқылы табиғи монополия субъектісі жазып берген Ұлттық инфрақұрылым операторы ұсынған электронды шот-фактура негізінде магистральдық теміржол желісі қызметтері көрсетілген айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 Бұйрыққа
10-қосымша

Электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді бақылауды күшейту мақсатында әзірленді.

      2. Осы Үлгілік регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы – жүйелік оператордың Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясы мен қуатын өндіру, беру және тұтыну режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      тұтынушы – энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы немесе энергия беруші ұйым, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден электр энергиясын жеткізуді (импорттауды) жүзеге асыратын заңды тұлға;

      уәкілетті органның ведомствосы – аэронавигацияның, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы Үлгілік регламентте пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар және электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Осы Үлгілік регламент реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылармен жұмыс істеу қағидаттарын айқындайтын құжат болып табылады.

      4. Тұтынушылармен өзара іс-қимыл кезінде жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы:

      1) электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық қатысушылары үшін тең жағдайлар жасайды;

      2) электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтер көрсетуді беруде шартта белгіленбеген үзілістерге, тоқтатуға немесе шектеуге жол бермейді;

      3) тұтынушының Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің құрамында, сенімділігін, оның ішінде тұтынушы мен үшінші тұлғалардың объектілерінде аварияға қарсы басқару қаражаты есебінен де қатар жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      4) өтінімдерді техникалық пысықтауды жүзеге асырады және жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының (өңірлік диспетчерлік орталықтың) жедел басқаруындағы және қарауындағы тұтынушының диспетчерлік-технологиялық басқару құралдарының бастапқы жабдығын, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын, сондай-ақ аварияға қарсы автоматиканы жөндеуге шығару үшін жағдайлар жасайды және жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету немесе тұтынушының объектілерінде сынақтар жүргізу үшін электр желілерінде қажетті қайта қосуды жүргізеді;

      5) босатылған электр энергиясы үшін тұтынушының төлемі болмаған немесе уақтылы төлемеген кезде тұтынушыларды шектеуге тұтынушының өтінімдерін орындайды. Бұл ретте тұтынушының өтінім беру мерзімі шектеулер енгізілгенге дейін кемінде төрт тәулік болуы тиіс;

      6) тұтынушының энергия көзі (электр станциясы) қуатын нөлге дейін толық түсірген кезде энергия көздерінің (электр станцияларының) өз мұқтаждарын жоғалтумен тұтынушының энергия көзінің шиналарына өз мұқтаждарын қоректендіруді қалпына келтіру үшін кернеу беруді жүзеге асырады;

      7) тұтынушының энергия көзі жабдығы жұмысының қалыпты режимінің бұзылуына әкеп соққан Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің қалыпты режимі бұзылуының туындау себептері туралы тұтынушыны уақтылы хабардар етеді;

      8) тұтынушыға жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығымен келісілген көлемде технологиялық ақпаратты, таратушы желілер мен қосалқы станциялардың сипаттамалары мен схемаларын ұсынады;

      9) толық ақпарат алу үшін тұтынушы өкілдерінің қол жеткізуінің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

      10) диспетчерлік-технологиялық тәртіпті сақтайды, тұтынушының энергия көзінің жұмыс режимін бұзуға әкелетін іс-әрекеттерге жол бермейді;

      11) нормативтік құжаттардың, нұсқаулықтардың талаптарын орындайды, өзінің іс-әрекеттерімен тұтынушының коммерциялық қызметіне залал келтірмейді;

      12) тұтынушыға оның өтінімі бойынша электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне қажетті жедел түзетулерді келіседі. Мұндай түзетулерді келісуден негізсіз бас тартуға жол бермейді;

      13) тұтынушыға жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының желілеріне тікелей қосылған оның тікелей тұтынушыларының тұтыну көлемдері бойынша күн сайынғы ақпаратты ұсынады;

      14) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының жедел басқаруындағы және қарауындағы 110-220-500-1150 киловольт желісіндегі тұрақтылық және аварияға қарсы басқару мәселелерін есептейді және пысықтайды;

      15) жүктеменің автоматты жиілік кестелерін орындауға ұсынады;

      16) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының электр энергетикалық объектілерінде электр энергетикасы саласындағы нормативтік-техникалық актілерге және стандарттарға сәйкес қалыпты режимдерде жиілік пен кернеулердің талап етілетін деңгейін ұстап тұрады;

      17) бақылау нүктелерінде тоқсанына кемінде бір рет кернеу кестелерін ұсынады;

      18) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының жедел басқаруындағы және қарауындағы электр желісі және электр энергетикасы жабдықтарын, релелік қорғау және автоматика және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық және айлық кестелерін қарайды және келіседі;

      19) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының жедел басқаруындағы және қарауындағы релелік қорғау және автоматика және аварияға қарсы автоматика құрылғылары үшін қажетті есептемелерді және орнатуды келісуді, қағидаттық (құрылымдық) схемаларды әзірлеуді немесе келісуді орындайды;

      20) тұтынушы орындаған жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының жедел басқаруындағы және қарауындағы релелік қорғау және автоматика және аварияға қарсы автоматика құрылғылары үшін қажетті орнату есептемелерін, қағидаттық (құрылымдық) схемаларды қарайды және келіседі.

2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру қызметтерін көрсету

1-параграф. Электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру қызметтерін көрсету

      5. Техникалық диспетчерлендіру режиміне энергия өндіруші ұйымдардан және/немесе тұтынушы импорттайтын электр энергиясын берудің тәуліктік кестелері қабылданады.

      6. Электр энергиясын өндіру мен тұтынудың тәуліктік кестесін тұтынушы оның тұтынушылармен жасасқан тікелей шарттары негізінде, тұтынушылардың келісілген тәуліктік өтінімдері негізінде түзетулерді ескере отырып жасайды.

      7. Электр қондырғыларының қосылу нүктесіне қарамастан кернеулердің барлық сыныптарының желілеріне (желілері арқылы) тұтынушы босатқан (импорттайтын) электр энергиясының нақты көлемі есеп айырысу кезеңінің бірінші күні сағат 00:00-ден бастап соңғы күні сағат 24:00-ді қоса алғанға дейін (орташа еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) тұтынушының энергия өндіруші ұйымдарының (электр станцияларының) шиналарында не тұтынушының және электр желісі меншік иелерінің пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстырып тексеру актісіне қол қоя отырып айқындалады.

      8. Электр энергиясын беру шамасының айлық көлемі бойынша түзету ай басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей келісіледі. Айлық көлемді түзетуге техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің шарттық тоқсандық көлемі шегінде жол беріледі.

      Электр энергиясын желіге берудің және тұтынудың шарттық шамасының тоқсандық көлемі жөніндегі ұсыныстарды тұтынушы және жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы тоқсан басталғанға дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей келіседі.

2-параграф . Тұтынушылармен шарт жасасу

      9. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы мен тұтынушы арасында жасалатын шарт негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарына (бұдан әрі – Үлгілік шарттар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) және азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Келісілген шарт жобасын табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қоюы үшін іс жүргізу қызметі немесе шарт бөлімінің қызметкері дайындайды.

      Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының басшысы қол қойған барлық шарттар ұйымның мөрімен расталады және шартқа тиісті нөмір беріле отырып, тіркеу үшін іс жүргізу қызметіне немесе шарт бөліміне беріледі.

      10. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың шарттарын тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі.

3-параграф. Есепке алу аспаптары

      11. Көрсетілетін қызметтерді тұтынуды есептеу үшін үлгілері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 929 бұйрығымен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18079 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген коммерциялық есепке алудың қажетті аспаптарымен қамтамасыз етіледі, олардың өлшем құралдарын бастапқы немесе кезеңдік салыстырып-тексеру туралы құжаттары болады.

      12. Есепке алу аспаптарын орнату тұтынушы үшін міндетті болып табылады және оның есебінен жүргізіледі.

      Тұтынушы есептеу құралын өз бетінше немесе табиғи монополия субъектісімен жеке шарт бойынша сатып алады және орнатады.

      13. Көрсетілетін қызметтің коммерциялық есепке алу аспабын ұстау, оған техникалық қызмет көрсету және оны салыстырып тексеру теңгерімдік тиесілілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Тұтынушы оның теңгеріміндегі есепке алу аспаптарына метрологиялық салыстырып тексерулерді өз есебінен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген) көзделген мерзімдерде жүргізеді.

      Коммерциялық есепке алу аспаптарын кезеңді салыстырып тексеруді, жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді осы қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдар тұтынушымен жасалған жеке шарт бойынша жүзеге асырады. Тұтынушы есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мамандандырылған ұйымды өз бетінше таңдайды.

      15. Коммерциялық есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру (кезектен тыс тексеру) мынадай:

      1) тексеру аралығы интервалы аяқталған;

      2) тұтынушы немесе табиғи монополия субъектісі коммерциялық есепке алу аспаптарының жүргізілетін өлшемдердің дәлдігіне әсер ететін ақауларын тапқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      Тұтынушы немесе табиғи монополия субъектісі талап етуші тараптың есебінен жүргізілетін қосымша тексерулер жүргізеді.

      16. Тұтынушының есепке алу аспаптарын пайдалануға рұқсат беруді және коммерциялық есепке алуды тұтынушы өкілінің қатысуымен табиғи монополия субъектісінің өкілі жүзеге асырады, ол туралы екі данада тиісті акт жасалады, оның біреуін тұтынушы, ал екіншісін табиғи монополия субъектісі алады.

4-параграф. Шоттар жасау

      17. Тұтынушы электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласындағы табиғи монополия субьектісінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары бекіткен тарифтер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) қатаң сәйкестікте жүргізеді.

      18. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын оның өзгеруі туралы тиісті ақпаратты "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында көзделген мерзімдерде табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабардар етеді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 3 Бұйрыққа
11-қосымша

Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапалы және тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді бақылауды күшейту мақсатында әзірленді.

      2. Осы Үлгілік регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      жүктеме бейіні – көтерме сауда нарығы тұтынушысының (энергиямен жабдықтаушы ұйымның) электр энергиясын тұтынуының (сальдо-ағымның) сағаттық мәндерін есептеу үшін жүйелік оператормен келісілген (айқындаған) алгоритм. Жүктеме бейіні коммерциялық есепке алу жүйелерінің (аспаптарының) сағаттық деректері болмаған кезде тұтынудың (сальдо-ағымның) сағат сайынғы нақты шамаларын есептеу үшін пайдаланылады;

      құзыретті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі – есеп айырысу кезеңінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында орталықтандырылмаған және орталықтандырылған сауда нарықтарында өндірілген, жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемдерін атаулы бөлуді белгілейтін Жүйелік оператор жасаған құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері арасында өзара есеп айырысулар жүргізу үшін негіз болып табылады;

      Мемлекеттік энергетикалық бақылау (бұдан әрі – Мемлекеттік энергетикалық бақылау) – мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асыратын электр энергетикасы саласындағы бақылау;

      теңгерім провайдері – жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын өндіру-тұтынудың меншікті теңгерімсіздіктері, сондай-ақ электр энергиясы нарығының басқа субъектілерінің теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін өзіне жауапкершілік алған электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектісі;

      өнім беруші – тұтынушыға электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін жүйелік оператор;

      тұтынушы – энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйым;

      уәкілетті органның ведомствосы – аэронавигацияның, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Осы Үлгілік Регламентте пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Осы Үлгілік регламент реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылармен жұмыс істеу қағидаттарын айқындайтын құжат болып табылады.

      4. Тұтынушылармен өзара іс-қимыл кезінде табиғи монополия субъектісі:

      1) электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық қатысушылары үшін тең жағдайлар жасайды;

      2) тұтынушыға оның қызметін жүзеге асыру үшін ақпарат береді;

      3) тарифтерді белгілеу бөлігінде электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге шарттар жасасу кезінде уәкілетті органның шешімдерін басшылыққа алады;

      4) теңгерімсіздіктерді физикалық реттеуге кепілдік беріледі;

      5) теңгерімдік тиесілігіне қарай электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының (жүйелерінің) тиісті техникалық жай-күйін сақтайды, электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын олардың техникалық жай-күйі бойынша талаптарды орындайды;

      6) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының стандарттық жиілігін ұстап тұруға бағытталған нормативтік талаптарды орындайды;

      7) тұтынушының жұмыскерлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес электр қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін Мемлекеттік энергия бақылау жұмыскерлерін коммерциялық есепке алу аспаптарына жібереді.

2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру қызметтерін көрсету

1-параграф. Электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру қызметтерін көрсету

      5. Тұтынушы электр энергиясын теңгерімдеуші нарығында теңгерім провайдері ретінде әрекет етеді. Тұтынушы теңгерім провайдері болып әрекет ететін электр энергиясы нарығы субъектілерінің тізбесі табиғи монополия субъектісі мен тұтынушы арасында жасалатын шартқа қоса беріледі.

      6. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер мыналарды:

      1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының, оның ішінде имитациялық режимде жұмыс істеуін ұйымдастыруды;

      2) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық жұмыс режимінде нақты уақыт режимінде туындайтын электр энергиясының теңгерімсіздіктерін (реттеудің белгіленген диапазондары шеңберінде) физикалық реттеуді;

      3) электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерінің көлемін айқындауды;

      4) теңгерімдеуші нарықтың имитациялық режимдегі жұмыс кезеңін қоспағанда, сағаттық теңгерімсіздіктердің бағасын, іске қосылған теңгерімдеуші электр энергиясының бағасы мен көлемдерін айқындауды;

      5) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының бағдарламалық қамтылымына қызмет көрсетуді және пайдалануды;

      6) нарықтар субъектілерінің ақпараттық-коммуникациялық жүйелерінің өзіндік интеграциясын құруды қамтиды.

      7. Теңгерімдеуші нарық жұмысының имитациялық режимінде табиғи монополия субъектісі электр энергиясын өндіру-тұтынудың мәлімделген тәуліктік кестесінен ауытқулардың келісілген ауқымы шеңберінде тұтынушының теңгерімсіздігін физикалық реттеуді жүзеге асырады. Тұтынушы тәулігіне және есептік кезеңде электр энергиясы теңгерімсіздіктерінің нөлдік сальдосын сақтайды. Тұтынушының электр энергиясын өндіру-тұтыну көлемдерінің тәуліктік кестеде берілгендерден ауытқуына ауытқулардың келісілген ауқымы шегінде ғана жол беріледі.

      8. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету осы Үлгілік регламенттің 10 және 12-тармақтарына сәйкес жүргізілген ықтимал түзетулер ескеріле отырып, тұтынушының тоқсандық немесе айлық өтінімінің негізінде және оған сәйкес жүргізіледі.

      9. Алдағы тоқсанға өтінім тиісті тоқсан басталғанға дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей беріледі.

      10. Алдағы есеп айырысу кезеңіне арналған айлық өтінім тиісті есеп айырысу кезеңі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей беріледі.

      11. Тұтынушы айлық және тоқсандық өтінімді табиғи монополия субъектісіне кейіннен өтінімнің түпнұсқасын бере отырып, факсимильдік байланыс құралдарымен ұсынады.

      12. Тұтынушының айлық өтінімде электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік көлемдерін және оларды қуаты бойынша бөлуді тиісті тәуліктер ішінде түзетуіне жол беріледі. Түзету мыналар:

      1) көлемдер түзетілетін тәуліктердің алдындағы тәулікте сағат 11: 00-ден кешіктірмей берілетін тәуліктік өтінім;

      2) операциялық сағат басталғанға дейін 2 сағаттан кешіктірмей бекітілген тәуліктік кестеге түзетулер енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      13. Тәуліктік өтінімді тұтынушының уәкілетті өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен береді.

2-параграф. Тұтынушылармен шарт жасасу

      14. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы мен тұтынушы арасында жасалатын шарт негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарына (бұдан әрі – Үлгі шарттар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) және азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Келісілген шарт жобасын табиғи монополия субъектісінің басшысы қол қоюы үшін іс жүргізу қызметі немесе шарт бөлімінің қызметкері дайындайды.

      Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының басшысы қол қойған барлық шарттар ұйымның мөрімен расталады және шартқа тиісті нөмір беріле отырып, тіркеу үшін іс жүргізу қызметіне немесе шарттық бөлімге беріледі.

      15. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың шарттарын тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленеді және тігіледі.

3-параграф. Есепке алу аспаптары

      16. Тұтынушының есеп айырысу кезеңі ішінде электр энергиясын өндіру-тұтынуының нақты көлемі есеп айырысу кезеңінің бірінші күнтізбелік күнінде сағат 00:00-ден бастап соңғы күнтізбелік күнінде сағат 24:00-ге дейін (орташа еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері және электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімдері негізінде айқындалады.

      17. Тараптар есеп айырысудан кейінгі күнтізбелік айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде тиісті есеп айырысу кезеңінде электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ресімдейді, оған табиғи монополия субъектісінің және тұтынушының қолдары қойылады және мөрлерімен (олар болған кезде) расталады.

      Олардың біреуі актіге қол қоюдан бас тартқан кезде электр энергиясын өндіру-тұтыну көлемін растайтын құжаттар электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімдері болып табылады.

      18. Көрсетілетін қызметтерді тұтынуды есептеу үшін үлгілері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 929 бұйрығымен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18079 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген коммерциялық есепке алудың қажетті аспаптарымен қамтамасыз етіледі, олардың өлшем құралдарын бастапқы немесе кезеңдік салыстырып-тексеру туралы құжаттары болады.

      19. Көрсетілетін қызметтің коммерциялық есепке алу аспабын ұстау, оған техникалық қызмет көрсету және оны салыстырып тексеру теңгерімдік тиесілілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Тұтынушы оның теңгеріміндегі есепке алу аспаптарына метрологиялық салыстырып тексерулерді өз есебінен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген) көзделген мерзімдерде жүргізеді.

      Коммерциялық есепке алу аспаптарын кезеңді тексеруді, жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді осы қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдар тұтынушымен жасалған жеке шарт бойынша жүзеге асырады. Тұтынушы есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мамандандырылған ұйымды өз бетінше таңдайды.

      21. Коммерциялық есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру (кезектен тыс тексеру) мынадай:

      1) тексеру аралығы интервалы аяқталған;

      2) тұтынушы немесе табиғи монополия субъектісі коммерциялық есепке алу аспаптарының жүргізілетін өлшемдерінің дәлдігіне әсер ететін ақауларын тапқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      Тұтынушы немесе табиғи монополия субъектісі талап етуші тараптың есебінен жүргізілетін қосымша тексерулер жүргізеді.

      22. Тұтынушының есепке алу аспаптарын пайдалануға рұқсат беруді және коммерциялық есепке алуды тұтынушы өкілінің қатысуымен табиғи монополия субъектісінің өкілі жүзеге асырады, ол туралы екі данада тиісті акт жасалады, оның біреуін тұтынушы, ал екіншісін табиғи монополия субъектісі алады.

      23. Егер тұтынушы Ұлттық электр желісіне тікелей қосылған кезде, теңгерімсіздіктерді айқындау (өлшеу) электр энергиясын коммерциялық есепке алу нүктелерінде орнатылған аспаптардың деректері бойынша және телеметрия деректері бойынша есептеу формуласын қоса алғанда, табиғи монополия субъектісімен келісілген формулалар бойынша жүргізіледі.

      24. Тұтынушы теңгерім провайдері болып табылатын желі топографиясының және (немесе) электр энергиясы нарығы субъектілері тізбесінің өзгеруіне байланысты есептеу формулаларының өзгеруі табиғи монолия субъектісі мен тұтынушы арасында жасалатын шартқа қосымша келісімдермен ресімделеді.

      25. Тұтынушы Ұлттық электр желісіне басқа энергия беруші ұйымдардың желілері арқылы қосылған кезде электр энергиясының теңгерімсіздіктерін айқындау (өлшеу) электр энергиясын коммерциялық есепке алу нүктелерінде орнатылған аспаптардың деректері бойынша және тұтынушы тиісті энергия беруші ұйыммен келісілген формулалар бойынша жүргізіледі. Тұтынушы мен энергия беруші ұйым арасында электр энергиясы теңгерімсіздіктерінің нақты көлемі туралы деректер алшақтығы кезінде есептерге энергия беруші ұйым табиғи монополия субъектісіне ұсынған деректер қабылданады.

      Басқа энергия беруші ұйымдардың желілері арқылы ұлттық электр желісіне қосылған тұтынушы үшін электр энергиясының теңгерімсіздіктері шамаларының есептемелерін түзету есеп айырысу кезеңінің нәтижелері бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу актісі негізінде жүргізіледі.

      26. Есеп айырысу кезеңінің нәтижелері бойынша есеп айырысудан кейінгі күнтізбелік айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде тұтынушының электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу актісі ресімделеді, оның негізінде тұтынушы қабылдаған-босатқан электр энергиясының нақты көлемін Тараптар айқындайды және келіседі. Тұтынушы қабылдаған-босатқан электр энергиясының нақты көлемі есептік кезеңдегі сағат сайынғы мәндер сомасынан ауытқыған кезде Сағат сайынғы мәндерге түзету және электр энергиясының Сағат сайынғы теңгерімсіздіктерін қайта есептеу жүргізіледі. Есептеу қателігінің түзету коэффициенті тұтынушы қабылдаған-жіберген электр энергиясының нақты көлемінің сағаттық мәндердің сомасына қатынасы ретінде анықталады.

      27. Энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын тұтынушылар үшін техникалық себептер бойынша жүктеменің сағаттық өлшемдері болмаған кезде теңгерімсіздіктердің сағаттық мәндері түзету коэффициентін ескере отырып, телеметрия деректері бойынша, телеметрия деректері болмаған кезде тәулік ішіндегі орташа сағаттық шама ретінде айқындалады.

      29. Жүктеме бейіні электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің тұтынуын (сальдо – ағыны) сағаттық өлшеу болмаған кезде тұтынудың сағаттық мәндерін айқындау үшін пайдаланылады. Тұтынушыда тұтынудың сағаттық өлшемдері (сальдо – ағын) болмаған кезде не осы жүйелердің (аспаптардың) қандай да бір уақытша істен шығуы (жұмыстағы іркілістер) туындаған кезде электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімсіздіктерінің шамасы жүктеме бейіні пайдаланыла отырып айқындалады.

      30. Жүктеме профилі телеметрия деректері негізінде қалыптастырылады. Телеметрия деректері болмаған кезде жүктеме бейіні статистикалық ақпараттың, өткізілетін маусымдық сағаттық бақылау өлшемдерінің, тұтынушының жұмыс режимінің басқа параметрлерінің негізінде қалыптастырылады, тараптар тоқсан бойынша келіседі және тараптардың келісімі бойынша тоқсан ішінде түзетіледі. Келісілген бейіннің қолданылу мерзімі және оны өзгерту мен келісу шарттары теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартта айтылады.

      31. Тұтынушыда келісілген жүктеме бейіні болмаған кезде табиғи монополия субъектісі тұтынудың сағат сайынғы мәндерін айқындау үшін тұтынудың ұқсас құрылымымен не тұтынушының жыл сайын жүргізілетін сағат сайынғы бақылау өлшемдерінің деректері бойынша тұтынушының жүктемесінің үлгілік бейінін айқындайды және пайдаланады.

4-параграф. Шоттар жасау

      32. Тұтынушы электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары бекіткен тарифтер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) қатаң сәйкестікте жүргізеді.

      33. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын оның өзгеруі туралы тиісті ақпаратты "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында көзделген мерзімдерде табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабардар етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады