Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2020-2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 107-15 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 қаңтарда № 1304 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 мамырда "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған) сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2020-2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жергілікті бюджет қаражаты есебінен "360 057 015 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып белгіленсін.

      3. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кульгинов

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 107-15 қаулысына
қосымша

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2020-2024 оқу жылдарына арналған мамандықтар бөлінісінде мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі


Р/с

ЖОО атауы

Мамандықтың коды

Мамандық

Жоғары білім бойынша бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысының саны

1

2

3

4

5

Жоғары білім

1.

"Астана халықаралық университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

6В01201

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

1

2.

6В01301

Педагогика және бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі

7

3.

6В01702

Орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерін даярлау

53

4.

6В01506

Математика пәні мұғалімдерін даярлау

28

5.

6В01701

Шет тілі пәні мұғалімдерін даярлау

263

6.

6В01501

Информатика пәні мұғалімдерін даярлау

14

7.

6В01101

Педагогика және психология

7

8.

6В01505

Физика пәні мұғалімдерін даярлау

7

9.

6В01503

Химия пәні мұғалімдерін даярлау

31

10.

6В01502

Биология пәні мұғалімдерін даярлау

25

11.

6В01504

География пәні мұғалімдерін даярлау

6

12.

6В01601

Гуманитарлық пәндерге мұғалімдерді даярлау

3

Жиыны:

445

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

13.

"Астана халықаралық университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

7М06101
7М06102
7М06103

Ақпараттық технологиялар

7

14.

7М01701

Шет тілі пәні мұғалімдерін даярлау

11

Жиыны:

18

Жиыны: 463

Жоғары білім

15.

"Нұр-Мүбарак" "Египет ислам мәдениеті университеті" жеке мекемесі

6В02201

Исламтану

2

16.

6В02202

Дінтану

1

17.

6В02203

Теология

10

Жиыны:

13

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

18.

"Нұр-Мүбарак" "Египет ислам мәдениеті университеті" жеке мекемесі

7М02201

Исламтану (магистратура)

2

Жиыны:

2

Жиыны: 15

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

19.

"Астана медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

7R11020

Отбасылық медицина

25

20.

7R09120

Педиатрия

5

21.

7R09102

Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы

25

22.

7R09101

Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы

27

23.

7R09108

Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары

25

24.

7R09113

Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы

14

25.

7R09104

Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы

8

26.

7R09128

Травматология-ортопедия, соның ішінде балалар травматология-ортопедиясы

4

27.

7R09109

Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы

5

28.

7R09111

Радиациялық диагностика

6

29.

7R09133

Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы

9

30.

7R09115

Нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы

6

31.

7R09112

Сәулелік терапия

1

32.

7R09123

Ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы

15

33.

7R09122

Пульмонология, соның ішінде балалар пульмонологиясы

29

34.

7R09119

Офтальмология, соның
ішінде балалар офтальмологиясы

19

35.

7R09118

Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы

19

36.

7R09114

Неонатология

8

37.

7R09139

Жедел кезек күттірмейтін медициналық көмек

3

38.

7R09130

Дене медицинасы және оңалту

22

39.

7R09121

Психиатрия, соның ішінде балалар психиатриясы

12

Жиыны:

287

Жиыны: 765

      ___________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады