Көшелерге қайта атау беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 қаңтарда № 8020 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Көптоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көптоғай ауылдық округінің келесі көшілері қайта аталсын:

      Көптоғай ауылындағы:

      "Тамдыкөл" көшесін "Әл Фараби" көшесіне;

      "Бейбітшілік" көшесін "Абай" көшесіне.

      Шұбарши ауылындағы:

      "Тәуелсіздік" көшесін "Ишанбай Қарақұлов" көшесіне;

      "Достық" көшесін "Шығанақ Берсиев" көшесіне.

      2. "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көптоғай ауылдық округінің әкімі Е. Асылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады