Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 14 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 қаңтарда № 8016 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 490 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 479 "Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6570 болып тіркелген бірлескен қаулысы және шешімі негізінде, Қауылжыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қауылжыр ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 14 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-113 тіркелген, 2009 жылғы 29 шілдеде аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесіндегі "№ 148" және "№ 4200" сандары алынып тасталынсын;

      3, 4 тармақтар алынып тасталынсын;

      5 тармақ мынандай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "3) Көкбек көшесі;",

      "4) Татыр көшесі;",

      "5) Бүйректөбе көшесі;".

      2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қауылжыр ауылдық округінің әкімі Т. Балымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады