Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. "Маңғыстау аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М.Сарбалаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары А.Аққұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау ауданының әкімі | Т. Кушмаганбетов |
Маңғыстау ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 13 қаңтардағы | |
№ 175 қаулысына қосымша |
Маңғыстау ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Елді мекендердегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенттері |
1 | Сайөтес ауылдық округінің Сайөтес ауылы | 1,82 |
2 | Сайөтес ауылдық округінің Боздақ елді мекені | 1,39 |
3 | Жыңғылды ауылы | 1,82 |
4 | Тұщықұдық ауылдық округінің Тұщықұдық ауылы | 1,84 |
5 | Шайыр ауылдық округінің Шайыр ауылы | 2,04 |
6 | Шайыр ауылдық округінің Тиген елді мекені | 1,17 |
7 | Шайыр ауылдық округінің Тасмұрын елді мекені | 1,21 |
8 | Шебір ауылдық округінің Шебір ауылы | 1,75 |
9 | Шетпе ауылы | 2,06 |
10 | Ақтөбе ауылдық округінің Ұштаған ауылы | 1,79 |
11 | Ақтөбе ауылдық округінің Жарма елді мекені | 0,90 |
12 | Ақтөбе ауылдық округінің Сазды елді мекені | 1,37 |
13 | Жармыш ауылы | 1,75 |