Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 қаңтарда № 9732 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" мемлекеттік мекемесіне "Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы" (әуе желісі-500 киловольт Жітіқара-Өлке) объектісі бойынша өңіраралық электр таратудың желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Қамысты ауданының Адаевка ауылдық округі Жайылма ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,3142 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Адаевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі К. Кушкинбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады