Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 қаңтарда № 9730 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 01-20/436 ұсынысы негізінде Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округі Дәмді ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 8 тамыздағы № 1 шешімінің (2019 жылғы 22 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8626 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Науырзым ауданы Дәмді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Дәмді ауылдық округінің әкімі С. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады