Карантинді тоқтату және Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы "Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің "Бирлик" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы" № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 ақпанда № 7215 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-01/22 ұсынысы негізінде, Қожамжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің "Бирлик" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы "Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің "Бирлик" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы" № 7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7124 болып тіркелген, 2020 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қожамжар ауылдық округінің әкімі С. Тезекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады