Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 тамыздығы "Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің Набережное ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 1-03-3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 ақпанда № 7213 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 2-36/460 ұсынысы негізінде, Григорьевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің Набережное ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 тамыздағы "Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің Набережное ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6926 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Григорьевка ауылдық округінің әкімі В. Бруцкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады