Алматы қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 1/204 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 1694 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы "тауық жұмыртқасы (I санатты)" он данасына 487 теңге мөлшерінде, 90 күнтізбелік күн мерзімге бекітілсін

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 30.04.2021 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Қиқымовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары в городе Алматы

Постановление акимата города Алматы от 31 марта 2021 года № 1/204. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 1 апреля 2021 года № 1694. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" и Правилами установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них", утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 282, акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить предельно допустимую розничную цену на социально значимый продовольственный товар "яйцо куриное (I категория)" в размере 487 тенге за десяток, сроком на 90 календарных дней.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления акимата города Алматы от 30.04.2021 № 2/255 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление предпринимательства и инвестиций города Алматы" обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции с последующим официальным опубликованием в периодических печатных изданиях и размещение на интернет-ресурсе.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы Кикимова М.С.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы Б. Сагинтаев