Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 3 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 ақпанда № 7125 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2020 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6206 болып тіркелген).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының әкімі
Р. Анбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады