Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 59 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 сәуірде № 6932 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 тіркелген) бұйрығын басшылыққа ала отырып, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі Комиссияның ұсынымы негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №288 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6534 тіркелген, 2020 жылы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Н. Манкеевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2021 жылғы 8 сәуірдегі № 59
қаулысымен бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті
рұқсат етілген мөлшері

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары

Әкімшілік-аумақтық бірлік

Бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері, теңге литрына

Қолданылу мерзімі

1

Күнбағыс майы

Батыс Қазақстан облысы

624

30 күнтізбелік күн


Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 8 апреля 2021 года № 59. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 8 апреля 2021 года № 6932

      Руководствуясь Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" и приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года №282 "Об утверждении правил установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №11245), на основании рекомендации Комиссии по утверждению размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый размер предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Западно-Казахстанской области от 9 декабря 2020 года №288 "Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №6534, опубликованное 15 декабря 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Государственному учреждению "Управлению предпринимательтва и индустриально-инновационного развития Западно-Казахстанской области" обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима Западно-Казахстанской области Манкеева М.Н.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Западно-Казахстанской области Г. Искалиев

  Утвержден
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от 8 апреля 2021 года № 59

Размер предельно допустимых розничных цен на социально значимые
продовольственные товары

Социально значимые продовольственные товары

Административно-территориальная единица

Размер предельно допустимых розничных цен, тенге за литр

Срок действия

1

Масло подсолнечное

Западно-Казахстанская область

624

30 календарных дней