Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 22 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 наурызда № 27195 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарда, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарда:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сақтандыру ұйымы әрбір жасасқан сақтандыру шартына қатысты сақтандыру ісін қалыптастырады, оның мазмұнына қойылатын талаптар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысында белгіленген.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Сақтандырушы өзіне берілген өкілеттіктері шеңберінде сақтандыру агенті қызметінің мынадай талаптарын айқындайды:

      1) сақтандыру агентінің сақтанушыға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17806 болып тіркелген "Сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 269 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес сақтандыру полисін ресімдеуі (қосылу шартын жасасқан жағдайда);

      2) сақтандыру шартын жасасуға арналған барлық ақпаратты (сақтандыру тарифтерін, франшиза мөлшерін, қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін, сақтанушы үшін көрсетілетін қосымша қызметтердің аясын) бере отырып, жеке сақтандыру шартын жасасу;

      3) сақтандыру түрлерін (сыныптарын) айқындау, оның шеңберінде сақтандыру агенті сақтандыру шарттарын жасау құқығына ие болады;

      4) жеке сақтандыру шарты және жиынтық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қолма-қол нысанда қабылдауға лимиттер белгілеу.".

      2. "Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтау қағидаларын және Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарының тізбелерін және оларды сақтау мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 171 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14309 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құжаттарын сақтауды және архивке берудi ұйымдастыруға қойылатын талаптар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату ережесін және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысымен айқындалды.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру нарығына кәсіби қатысушыларының (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының) міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарының тізбесінде және оларды сақтау мерзімінде:

      реттік нөмірі 128-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

128

"Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенті арасындағы жасалған тапсырма шартына сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасын жүзеге асыруына өкілеттіктерін және оқыту жүргізу тәртібіне талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 тіркелген) сәйкес жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тiзiлiмi

5 жыл*

5 жыл*

* Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізіліміндегі соңғы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін

      ".

      3. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
      Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі

О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования деятельности участников страхового рынка

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 14 марта 2022 года № 22. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 марта 2022 года № 27195

      Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 1 марта 2010 года № 25 "Об утверждении Требований к осуществлению страховой организацией, филиалом страховой организации-нерезидента Республики Казахстан страховой деятельности, в том числе во взаимоотношениях с участниками страхового рынка, к договору поручения, заключаемому между страховой организацией и страховым агентом, и полномочиям страхового агента на осуществление посреднической деятельности на страховом рынке, а также минимальной программы обучения страховых агентов и требований к порядку проведения обучения" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 6164) следующие изменения:

      в Требованиях к осуществлению страховой организацией, филиалом страховой организации-нерезидента Республики Казахстан страховой деятельности, в том числе во взаимоотношениях с участниками страхового рынка, к договору поручения, заключаемому между страховой организацией и страховым агентом, и полномочиям страхового агента на осуществление посреднической деятельности на страховом рынке, а также минимальной программе обучения страховых агентов и требованиях к порядку проведения обучения:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. В отношении каждого заключенного договора страхования страховой организацией формируется страховое дело, требования к содержанию которого установлены постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 августа 2018 года № 198 "Об утверждении Правил формирования системы управления рисками и внутреннего контроля для страховых (перестраховочных) организаций, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17462.";

      пункт 18 изложить с следующей редакции:

      "18. В рамках предоставленных полномочий страховщик определяет следующие условия деятельности страхового агента:

      1) оформление страховым агентом страхователю страхового полиса (в случае заключения договора присоединения) в соответствии с требованиями, установленными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 269 "Об установлении Требований к содержанию и порядку оформления страховых полисов", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17806;

      2) заключение отдельного договора страхования с предоставлением всей информации для заключения договора страхования (страховые тарифы, размер франшизы, принимаемые страховые риски, спектр предоставляемых дополнительных услуг для страхователя);

      3) определение видов (классов) страхования, в рамках которых страховой агент имеет право заключать договоры страхования;

      4) установление лимитов на принятие страховых премий в наличной форме по отдельному договору страхования и совокупности договоров страхования.".

      2. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 августа 2016 года № 171 "Об утверждении Правил хранения документов, подлежащих обязательному хранению профессиональными участниками страхового рынка, страховыми агентами, осуществляющими предпринимательскую деятельность, и Перечней документов, подлежащих обязательному хранению, и сроков их хранения профессиональными участниками страхового рынка, страховыми агентами, осуществляющими предпринимательскую деятельность" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14309) следующие изменения:

      В Правилах хранения документов, подлежащих обязательному хранению профессиональными участниками страхового рынка, страховыми агентами, осуществляющими предпринимательскую деятельность, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Требования к организации хранения и передачи документов ликвидируемой страховой (перестраховочной) организации, прекращающего деятельность филиала страховой (перестраховочной) организации-нерезидента Республики Казахстан в архив определены постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года № 77 "Об утверждении Правил ликвидации страховой (перестраховочной) организации, принудительного прекращения деятельности филиала страховой (перестраховочной) организации-нерезидента Республики Казахстан и требований к работе ликвидационных комиссий принудительно ликвидируемой страховой (перестраховочной) организации, принудительно прекращающего деятельность филиала страховой (перестраховочной) организации-нерезидента Республики Казахстан", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4257.";

      в Перечне документов, подлежащих обязательному хранению, и сроках их хранения профессиональными участниками страхового рынка (страховые (перестраховочные) организации, филиалы страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан), утвержденных указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 128, изложить в следующей редакции:

      "

128

Реестр договоров страхования (перестрахования), составленный в соответствии с постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 1 марта 2010 года № 25 "Об утверждении Требований к осуществлению страховой организацией, филиалом страховой организации-нерезидента Республики Казахстан страховой деятельности, в том числе во взаимоотношениях с участниками страхового рынка, к договору поручения, заключаемому между страховой организацией и страховым агентом, и полномочиям страхового агента на осуществление посреднической деятельности на страховом рынке, а также минимальной программы обучения страховых агентов и требований к порядку проведения обучения" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6164)

5 лет*

5 лет*

*После истечения срока действия последнего договора страхования (перестрахования) в реестре договоров страхования (перестрахования)

      ".

      3. Департаменту страхового рынка и актуарных расчетов в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
М. Абылкасымова

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан