Мәслихаттың 2021 жылғы 28 қазандағы № 64 "Арқалық қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2022 жылғы 5 тамыздағы № 133 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 тамызда № 29089 болып тіркелді

      Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Арқалық қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 28 қазандағы № 64 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25047 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Оқуға арналған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес беріледі, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куаландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

      7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын оқу жылына әр мүгедек балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы Г. Елтебаева

О внесении изменений в решение маслихата от 28 октября 2021 года № 64 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Аркалык"

Решение маслихата города Аркалыка Костанайской области от 5 августа 2022 года № 133. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 августа 2022 года № 29089

      Аркалыкский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Аркалык" от 28 октября 2021 года № 64 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25047) следующие изменения:

      в приложении указанного решения пункты 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6. Перечень документов, необходимых для возмещения затрат на обучение предоставляется согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат, при этом кандасами для идентификации личности вместо документа, удостоверяющего личность, предоставляется удостоверение кандаса.

      7. Размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями, из числа инвалидов, по индивидуальному учебному плану равен восьми месячным расчетным показателям на каждого ребенка- инвалида ежемесячно на учебный год.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Аркалыкского городского маслихата Г. Елтебаева