Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 15/1 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қаңтарда № 26532 болып тіркелді

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабы 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 тіркелген) сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. А. Құрмановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

  Павлодар облысы
әкімдігінің 2022 жылғы
14 қаңтардағы № 15/1
қаулысымен бекітілген

Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Осы Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4- бабы 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу шеңберінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) құны осы бұқаралық ақпарат құралдары әрбір түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағаларына байланысты айқындалады.

      Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін бойынша базалық бағаны осы әдістеменің қосымшасына сәйкес анықталады.

      3. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды газеттерде орналастыру құны;

      Bn – газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық баға;

      V – см2-мен есептелетін, газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды журналдарда орналастыру құны;

      Bm – журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық баға;

      V – см2-мен есептелетін, журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-ресурста орналастыру құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың бір символы үшін базалық баға;

      V – символмен есептелетін, интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.

      5. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды телевизияда орналастыру құны;

      Btv – телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір секунды, минуты, сериясы үшін базалық баға;

      V – секундпен, минутпен, сериялармен есептелетін телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.

      6. Ақпараттық материалдарды және аудиороликтерді әзірлеу (дайындау және құру) және оларды радиода орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды радиоарнаның эфирінде орналастыру құны;

      Br – радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның бір минуты, радиоарнадағы аудиороликтің бір секунды үшін базалық баға;

      V – минутпен есептелетін, радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның көлемі.

  Павлодар облысы
бойынша бұқаралық ақпарат
құралдарында мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу
үшін сатып алынатын
көрсетілетін қызметтердің
құнын айқындау
Әдістемесіне қосымша

Облыстық бюджет қаражаты есебінен өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша базалық бағалар

Қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Облыстың, қалалар мен аудандардың атауы

2022 жылға базалық баға (теңге)

2023 жылға базалық баға (теңге)

2024 және алдағы жылдарға базалық баға (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

1

Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Bn)

шаршы сантиметр

Павлодар облысы

1312

1378

1447

2

Павлодар облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Bn)

шаршы сантиметр

Павлодар облысы

185

194

203

3

Павлодар қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Bn)

шаршы сантиметр

Павлодар
қаласы

116

121

127

4

Қала мен аудандар аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Bn)

шаршы сантиметр

Қала/ аудандар

94

98

102

5

Павлодар облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Bm)

шаршы сантиметр

Павлодар облысы

88

92

96

6

Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялаушы ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және интернет-ресурста орналастыру (Bi)

символ

Павлодар облысы

246

258

270

7

Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялаушы ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және интернет-ресурста орналастыру (Bi)

символ

Павлодар облысы

29

30

35

8

Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналар эфирінде, телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv)

минут

Павлодар облысы

574 933

603679

633 862

9

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Павлодар облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналардың эфирінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv)

минут

Павлодар облысы

19950

20947,50

21994,87

10

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, қала және аудандар аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналардың эфирінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv)

минут

Қала/ аудандар

19950

20947,50

21994,87

11

Екібастұз қаласы аумағында таратылатын еркін қолжетімді телеарналарда жаңалықтар сюжеттерінде, ақпараттық-талдамалық бағдарламаларда, бейнероликтерде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Btv)

минут

Екібастұз қаласы

5404

5674

5957

12

Павлодар облысының аумағында радиода ақпараттық бағдарламалар әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Br)

минут

Павлодар облысы

13578

14256

14968

13

Павлодар облысының аумағында аудиороликтерді радиода әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Br)

секунд

Павлодар облысы

226

237

248

14

Қала мен аудандар аумағында радиода ақпараттық бағдарламалар әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Br)

минут

Қала/ аудандар

13578

14256

14968


Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по Павлодарской области

Постановление акимата Павлодарской области от 14 января 2022 года № 15/1. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 января 2022 года № 26532

      В соответствии с пунктом 4-1) статьи 4-4 Закона Республики Казахстан "О средствах массовой информации", приказом исполняющего обязанности Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 19 мая 2021 года № 173 "Об утверждении типовой методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 22807) акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемую методику определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по Павлодарской области.

      2. Государственному учреждению "Управление информации и общественного развития Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Курманову А. А.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Павлодарской области А. Скаков

  Утверждена
постановлением акимата
Павлодарской области
от 14 января 2022 года
№ 15/1

Методика определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по Павлодарской области

      1. Настоящая Методика определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по Павлодарской области (далее - Методика), разработана в соответствии с подпунктом 4-1) статьи 4-4 Закона Республики Казахстан "О средствах массовой информации" и устанавливает алгоритм определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне.

      2. В рамках проведения государственной информационной политики за счет средств местного бюджета стоимость изготовления (подготовка и создание) и размещения информационных материалов в средствах массовой информации (далее – Услуга), определяется в зависимости от базовых цен на услуги, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации за счет средств местного бюджета для каждого вида средства массовой информации.

      Базовая цена для каждого отдельного вида услуги отпределяется согласно приложению к настоящей методике.

      3. Стоимость Услуги по изготовлению (подготовке и созданию) и размещению информационных материалов в периодических печатных изданиях определяется по формуле:

      1) для газет по формуле Pn=Bn x V x Kq, где:

      Pn (price) – стоимость размещения информационного материала в газетах с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bn – базовая цена за один квадратный сантиметр информационного материала, размещаемого в газете;

      V – объем информационного материала, размещаемого в газете, исчисляемый в квадратных сантиметрах;

      Kq – поправочный коэффициент на тираж газеты:

      до 200 000 экземпляров – 1,3;

      до 100 000 экземпляров – 1,15;

      до 50 000 экземпляров – 1;

      до 30 000 экземпляров – 0,9;

      до 20 000 экземпляров – 0,8;

      до 10 000 экземпляров – 0,65;

      до 5 000 экземпляров – 0,5;

      2) для журналов по формуле Pm=Bm x V x Kq, где:

      Pm (price) – стоимость размещения информационного материала в журналах с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bm – базовая цена за один квадратный сантиметр информационного материала, размещаемого в журнале;

      V – объем информационного материала, размещаемого в журнале, исчисляемый в квадратных сантиметрах;

      Kq – поправочный коэффициент на тираж журнала:

      до 15 000 экземпляров – 1,2;

      до 10 000 экземпляров – 1,1;

      до 8 000 экземпляров – 1;

      до 5 000 экземпляров – 0,9;

      до 3 000 экземпляров – 0,8;

      до 1 000 экземпляров – 0,7.

      4. Стоимость Услуги по изготовлению (подготовке и созданию) и размещению информационных материалов в интернет-ресурсе определяется по формуле Pi=Bi x V x Kq, где:

      Pi (price) – стоимость размещения информационного материала в интернет-ресурсе с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bi – базовая цена за один символ информационного материала, размещаемого в интернет-ресурсе;

      V – объем информационного материала, размещаемого в интернет-ресурсе, исчисляемый в символах;

      Kq – поправочный коэффициент для учета среднемесячного количества посещений интернет-ресурса уникальными пользователями:

      до 500 000 посетителей в месяц – 1;

      до 1 000 000 посетителей в месяц – 1,1;

      до 2 000 000 посетителей в месяц – 1,2;

      до 5 000 000 посетителей в месяц – 1,3;

      свыше 5 000 000 посетителей в месяц – 1,4.

      5. Стоимость Услуги по изготовлению (подготовке и созданию) и размещению информационных материалов на телевидение определяется по формуле Ptv=Btv x V, где:

      Ptv (price) – стоимость размещения информационного материала в телевидение с учетом налога на добавленную стоимость;

      Btv – базовая цена за одну секунду, минуту, серию информационного материала, размещаемого на телевидение;

      V – объем информационного материала, размещаемого на телевидение, исчисляемый в секундах, минутах, сериях.

      В случае если при формировании государственного информационного заказа не учитываются разделения по жанрам телевизионных программ, то стоимость производства и размещения телевизионных программ рассчитывается по базовой цене (Btv).

      6. Стоимость Услуги по изготовлению (подготовке и созданию) и размещению информационных программ и аудиороликов на радио определяется по формуле Pr=Br x V, где:

      Pr (price) – стоимость размещения информационной программы в эфире радиоканала с учетом налога на добавленную стоимость;

      Br – базовая цена за одну минуту информационной программы, размещаемого в эфире радиоканала, за одну секунду аудиоролика на радиоканале;

      V – объем информационной программы, размещаемого в эфире радиоканала, исчисляемый в минутах.

  Приложение
к Методике определения
стоимости услуг, закупаемых
для проведения государственной
информационной политики
в средствах массовой
информации по Павлодарской
области

Базовые цены по размещению государственного заказа по проведению государственной информационной политики в средствах массовой информации региона за счет средств областного бюджета

Наименование услуги

Единица измерения

Наименование области, городов и районов

Базовая цена на 2022год (тенге)

Базовая цена на 2023 год (тенге)

Базовая цена на 2024 и последую щие годы (тенге)

1

2

3

4

5

6

7

1

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационного материала в периодических печатных изданиях (газета), распространяемых на территории Республики Казахстан (Bn)

квадратный сантиметр

Павлодарская область

1312

1378

1447

2

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационного материала в периодических печатных изданиях (газета), распространяемых на территории Павлодарской области (Bn)

квадратный сантиметр

Павлодарская область

185

194

203

3

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационного материала в периодических печатных изданиях (газета), распространяемых на территории города Павлодара (Bn)

квадратный сантиметр

город Павлодар

116

121

127

4

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационного материала в периодических печатных изданиях (газета), распространяемых на территории городов/ районов (Bn)

квадратный сантиметр

города/ районы

94

98

102

5

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационного материала в периодических печатных изданиях (журнал), распространяемых на территории Павлодарской области (Bm)

квадратный сантиметр

Павлодарская область

88

92

96

6

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационного материала в интернет-ресурсе, освещающие вопросы республиканского значения (Bi)

символ

Павлодарская область

246

258

270

7

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационного материала в интернет-ресурсе, освещающие вопросы регионального значения (Bi)

символ

Павлодарская область

29

30

35

8

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационных материа-лов на телевидение (сюжеты), в эфире телеканалов, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов (Btv)

минута

Павлодарская область

574 933

603679

633 862

9

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационных материалов на телевидение (сюжеты, программы), в эфире телеканалов, входящих в перечень теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории Павлодарской области, за исключением телеканалов, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов (Btv)

минута

Павлодарская область

19950

20947,50

21994,87

10

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационных материалов на телевидение (сюжеты, программы), в эфире телеканалов, входящих в перечень теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории городов/ районов за исключением телеканалов, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов (Btv)

минута

города/ районы

19950

20947,50

21994,87

11

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационных материалов на телевидение (сюжеты, программы), в эфире телеканалов, входящих в перечень теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадио-вещания на территории города Экибастуза, за исключением телеканалов, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов (Btv)

минута

город Экибастуз

5404

5674

5957

12

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационных программ на радио, распространяемых на территории Павлодарской области (Br)

минута

Павлодарская область

13578

14256

14968

13

Изготовление (подготовка и создание) аудиороликов на радио, распространяемых на территории Павлодарской области (Br)

секунда

Павлодарская область

226

237

248

14

Изготовление (подготовка и создание) и размещение информационных программ на радио, распространяемых на территории городов/ районов (Br)

минута

города/ районы

13578

14256

14968