Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-2 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 25-1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31183 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 13-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қызылқоға ауданы мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3384 болып тіркелген) келесі өзерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қызылқоға ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қызылқоға ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      2-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы А. Аккайнанов

  Қызылқоға аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
30 қарашадағы № 25-1
  Қызылқоға аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
18 қарашадағы № ХХХV-2
шешіміне қосымша

Қызылқоға ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы Қызылқоға ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын қуәландыратын құжаттың орнына қандастармен қандас куәлігі ұсынылады.

      7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде әрбір мүгедектігі бар балаға ай сайын 2,4 ( екі бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

О внесении изменений и дополнения в решение Кызылкогинского районного маслихата от 18 ноября 2015 года № XXXV-2 "Об определении порядка и установлении размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану"

Решение Кызылкогинского районного маслихата Атырауской области от 30 ноября 2022 года № 25-1. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 декабря 2022 года № 31183. Утратило силу решением Кызылкогинского районного маслихата Атырауской области от 26 декабря 2023 года № 13-2

      Сноска. Утратило силу решением Кызылкогинского районного маслихата Атырауской области от 26.12.2023 № 13-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Кызылкогинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об определении порядка и установлении размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" от 18 ноября 2015 года № XXXV-2 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3384) следующие изменения и дополнение:

      заголовок указанного решения изложить в новой редакции:

      "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Кызылкогинском районе";

      пункт 1 указанного решения изложить в новой редакции:

      "1.Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Кызылкогинском района, согласно приложению к настоящему решению.";

      пункт 2 исключить;

      указанное решение дополнить приложением согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь районного маслихата А. Аккайнанов

  Кызылкогинского районного
маслихата от 30 ноября 2022
года № 25-1
  Приложение к решению
Кызылкогинского районного
маслихата от 18 ноября 2015
года № ХХХV-2

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Кызылкогинском районе

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Кызылкогинском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидности", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Кызылкогинский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении психолого-медико-педагогической консультации.

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат на обучение (достижение ребенка с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Перечень документов, необходимых для возмещения затрат на обучение предоставляется согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат, при этом кандасами для идентификации личности вместо документа, удостоверяющего личность, предоставляется удостоверение кандаса.

      7. Размер возмещения затрат на обучение равен 2,4 (два целых четыре десятых) месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью ежемесячно.

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девять приложения 3 к Правилам возмещение затрат.