Жаңақала аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 25-6 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 қарашадағы № 28-1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 қарашада № 30557 болып тіркелді

      Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жаңақала аудандық мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 26 ақпандағы №25-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3844 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      2-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы С. Жардемалиев

  2022 жылғы 11 қарашадағы
№ 28-1 Шешіміне қосымша
  Жаңақала аудандық
мәслихатының
2015 жылғы 26 ақпандағы
№25-6 шешіміне қосымша

Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте қандастар, жеке басын сәйкестендіру үшін, жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігін ұсынады.

      7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға үш айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

О внесении изменений и дополнения в решение Жангалинского районного маслихата от 26 февраля 2015 года № 25-6 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану"

Решение Жангалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 11 ноября 2022 года № 28-1. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 ноября 2022 года № 30557

      Жангалинский районный маслихат Западно-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жангалинского районного маслихата "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" от 26 февраля 2015 года №25-6 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №3844) следующие изменения и дополнение:

      заголовок указанного решения изложить в новой редакции:

      "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану";

      преамбулу изложить в новой редакции:

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Жангалинский районный маслихат РЕШИЛ:";

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану согласно приложению к настоящему решению.";

      пункт 2 исключить;

      указанное решение дополнить приложением согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата С. Жардемалиев

  Приложение к решению
от 11 ноября 2022 года № 28-1
  Приложение к решению
Жангалинского районного
маслихата от 26 февраля
2015 года №25-6

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года №84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №22394) (далее - Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Жангалинский районный отдел занятости и социальных программ" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении психолого-медико-педагогической консультации.

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат на обучение (достижение ребенка с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Перечень документов, необходимых для возмещения затрат на обучение предоставляется согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат, при этом кандасами для идентификации личности вместо документа, удостоверяющего личность, предоставляется удостоверение кандаса.

      7. Размер возмещения затрат на обучение равен трем месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью ежемесячно в течение учебного года.

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девять приложения 3 к Правилам возмещения затрат.