Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 тамызда № 33282 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ережесінің 15-тармағының 213) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 12 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13072 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму министрлігі,

      инновациялық және аэроғарыштық

      өнеркәсіп

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 9 тамыздағы
№ 335 Бұйрығына
қосымша

Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ережесінің 15-тармағының 213) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есебін жүргізуді айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) сәйкес айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТ МҚ) – ақпаратты автоматты түрде жинауға, сақтауға және ақпараттарды өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіргішін енгізу мақсатында жеке сәйкестендіргіш нөмірінің Ұлттық реестрін құру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және құзыреті аясында мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған ақпараттық жүйе;

      4) міндетті зейнетақы жарналары – Әлеуметтік кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына енгізілетін ақша

      5) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – агенттер меншікті қаражатының есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері жұмыскерлер өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасына аударған ақша;

      6) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін жүргізу тәртібі

      3. Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың дербестендірілген есебін Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорындағы (бұдан әрі – дерекқор) мәліметтер негізінде жүргізеді және әрбір салымшы (алушы) бойынша мынадай:

      1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);

      2) салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, туған жері, жынысы, тұрғылықты жерінің мекенжайы, азаматтығы;

      3) жеке басты куәландыратын құжаттың сериясы мен нөмірі, көрсетілген құжаттардың берілген күні және оларды берген органның атауы;

      4) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күнін өзгерту туралы;

      5) азаматтығын өзгерту туралы;

      6) салымшының (алушының) деректемелерін, мәртебесін өзгерту туралы;

      7) Әлеуметтік кодекстің 11-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде (бұдан әрі – Қағидалар) белгіленген тәртіппен аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұлдар туралы, сондай-ақ оларды қайтару туралы;

      8) Қағидаларда белгіленген тәртіппен агенттің атауы мен деректемелерін қоса алғанда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер туралы дербес деректерді қамтиды.

      4. Мемлекеттік корпорация:

      1) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 125) және 126) тармақшаларына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларына және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларына сәйкес мәліметтер мен өзгерістерді дерекқорға уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді;

      2) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дерекқорда қамтылған мәліметтердің сенімді сақталуын ұйымдастырады;

      3) ай сайын 10-і күніне дейін уәкілетті органға міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың саны, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары және агенттердің саны туралы мәліметтерді ұсынады.

      5. Мемлекеттік корпорация күн сайын дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшыларының деректемелерін ЖТ МДҚ-дағы мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді.

      6. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшыларының деректемелерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН және жынысы бойынша сәйкессіздіктер анықталған кезде Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшысының деректемелерін бір күн ішінде ЖТ МДҚ деректеріне сәйкес келтіреді.

      7. Салымшының (алушының) деректемелерінің өзгеруі туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға беру Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электрондық тәсілмен дерекқорға өзгерістер енгізілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      ______________________________________

Об утверждении Правил ведения персонифицированного учета обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов и (или) пени

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 9 августа 2023 года № 335. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 августа 2023 года № 33282.

      В соответствии с подпунктом 213) пункта 15 Положения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения персонифицированного учета обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов и (или) пени.

      2. Признать утратившим силу Приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 12 января 2016 года № 12 "Об утверждении Правил ведения персонифицированного учета обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов и (или) пени", (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13072).

      3. Департаменту социального обеспечения и социального страхования Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
- Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
Т. Дуйсенова

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Заместитель Премьер-Министра
- Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 9 августа 2023 года № 335

Правила ведения персонифицированного учета обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов и (или) пени

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила персонифицированного учета обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов и (или) пени (далее – Правила) разработаны в соответствии подпунктом 213) пункта 15 Положения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 и определяют ведение персонифицированного учета обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов и (или) пени.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) единый накопительный пенсионный фонд (далее – ЕНПФ) – юридическое лицо, осуществляющее деятельность по привлечению пенсионных взносов и пенсионным выплатам, а также иные функции, определенные Социальным кодексом Республики Казахстан (далее- Социальный кодекс);

      3) государственная база данных "Физические лица" (далее – ГБД ФЛ) – информационная система, предназначенная для автоматизированного сбора, хранения и обработки информации, создания Национального реестра индивидуальных идентификационных номеров с целью внедрения единой идентификации физических лиц в Республике Казахстан и предоставления о них актуальных и достоверных сведений органам государственного управления и прочим субъектам в рамках их полномочий и соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      4) обязательные пенсионные взносы – деньги, вносимые в соответствии с Социальным кодексом в единый накопительный пенсионный фонд в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      5) обязательные профессиональные пенсионные взносы – деньги, перечисленные агентами за счет собственных средств в единый накопительный пенсионный фонд в пользу работников, занятых на работах с вредными условиями труда, профессии которых предусмотрены перечнем производств, работ, профессий работников;

      6) уполномоченный орган в сфере социальной защиты населения (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирование, контрольные функции за деятельностью Фонда.

Глава 2. Порядок ведения персонифицированного учета обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов и (или) пени

      3. Персонифицированный учет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов и (или) пени ведется Государственной корпорацией на основании сведений из базы данных вкладчиков (получателей) по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам (далее - база данных), и включает в себя следующие персональные данные по каждому вкладчику (получателю):

      1) индивидуальный идентификационный номер (далее - ИИН);

      2) фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата рождения, место рождения, пол, адрес места жительства, гражданство вкладчика (получателя);

      3) серия и номер документа, удостоверяющего личность, дата выдачи указанных документов и наименование выдавшего их органа;

      4) об изменении номера и даты выдачи документа, удостоверяющего личность;

      5) об изменении гражданства;

      6) об изменении реквизитов, статуса вкладчика (получателя);

      7) о перечисленных обязательных пенсионных взносах, обязательных профессиональных пенсионных взносах и (или) пени, а также их возврата в порядке, установленном Правилами и сроками исчисления, удержания (начисления) и перечисления обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в единый накопительный пенсионный фонд и взысканий по ним, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан в соответствии с подпунктом 6) статьи 11 Социального кодекса (далее – Правила);

      8) об агентах по уплате обязательных профессиональных пенсионных взносов, включая наименование и реквизиты агента в порядке, установленным Правилами.

      4. Государственная корпорация:

      1) обеспечивает своевременное внесение сведений и изменений базу данных в соответствии с Правилами формирования базы данных вкладчиков (получателей) по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и Правилами обмена информацией между информационными системами центрального исполнительного органа и единого накопительного пенсионного фонда о движениях по индивидуальным пенсионным счетам, а также о получателях и размерах пенсионных выплат, утвержденными уполномоченным органом в соответствии с подпунктами 125) и 126) пункта 15 Положения о Министерстве труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 "Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан";

      2) организовывает надежное хранение сведений, содержащихся в базе данных в соответствии с Законом Республики Казахстан "О персональных данных и их защите";

      3) ежемесячно до 10 числа предоставляет в уполномоченный орган сведения о количестве вкладчиков обязательных пенсионных взносов, физических лиц, за которых перечислены обязательные профессиональные пенсионные взносы, а также о суммах перечисленных обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов и количестве агентов.

      5. Государственная корпорация ежедневно производит сверку реквизитов вкладчиков обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в базе данных со сведениями ГБД ФЛ.

      6. При выявлении расхождений в реквизитах вкладчиков обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов фамилии, имени, отчества (при его наличии), даты рождения, ИИН и пола Государственная корпорация приводит реквизиты вкладчика обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в соответствие с данными ГБД ФЛ в течении одного дня.

      7. Передача сведений об изменении реквизитов вкладчика (получателя) в ЕНПФ осуществляется электронным способом, определенным в соответствии с договором между Государственной корпорацией и ЕНПФ, не позднее одного рабочего дня, следующего за днем внесения изменений в базу данных.
__________________________________________________________