Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 307 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 29 қыркүйекте № 33485 болып тіркелді

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы А. Жұмағали

  Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасы
2023 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 307 бұйрығымен бекітілген/

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;

      2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі – қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға жататын мемлекеттік орган және (немесе) оның ведомствосы, мемлекеттік ұйым, квазимемлекеттік сектор субъектісі;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыруды және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері.

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері –мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге жеке және заңды тұлғалар.

      3. Осы Қағидалардың қолданысы мынадай салалардағы қатынастарға қолданылмайды:

      1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;

      2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу;

      3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;

      4) сот төрелігі;

      5) жедел-іздестіру қызметі;

      6) қылмыстық-атқару қызметі;

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау.

2-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу

      4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін уәкілетті органның бірінші басшыларының және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің, олар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқаратын не олардың лауазымдарын алмастыратын адамдардың бірлескен шешімі (бұдан әрі – бірлескен шешім) негіз болып табылады.

      5. Бірлескен шешім:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің;

      2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің бастамашылық өтініші және уәкілетті органның оны жүргізу туралы шешімінің;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың шешімдері мен ұсынымдарының;

      4) әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері негізінде қабылданады.

      6. Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қажеттігі туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін осы Қағидалардың 5-тармағы 1), 3) және 4) тармақшалары бойынша сыртқы талдау объектісін хабардар етеді.

      Осы Қағидалардың 5-тармағы 2) тармақшасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі уәкілетті органды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қажеттігі туралы хабардар етеді.

      Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы қағидалардың 5-тармағы 1), 2) және 4) тармақшалары бойынша бірлескен шешімді уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасауға бастамашылық жасалған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдайды.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау осы Қағидалардың 5-тармағы 3) тармақшасының негізінде міндетті түрде жүргізіледі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен шешім тапсырма келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.

      Осы Қағидалардың 5-тармағы 1), 2) және 4) тармақшалары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау жүргізуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде оны өткізу мерзімін ауыстыру мүмкіндігімен бас тарту себептерінің дәлелді негіздемелерін оның бастамашысына ұсынады.

      Бас тарту себептерін жойған кезде, уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге қайта бастамашылық жасауға құқылы.

      7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы шешімде мынадай ақпарат жазылады:

      1) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға жататын бөлімшенің атауы;

      2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізетін жұмыс тобының құрамы;

      3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мерзімі;

      4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаумен қамтылатын кезең;

      5) уәкілетті орган және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге және басшылық ету, үйлестіру және жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік жүктелетін лауазымды адамдар туралы.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен шешім қабылдаған кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі және уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға жататын бағыттар тізілімін бекітеді.

      8. Бірлескен шешіммен құрылған жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды 30 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүргізеді.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге, сондай-ақ оның нәтижелерін талқылауға және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды іске асыру мониторингіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ол сыртқы талдау объектісінде болған жағдайда, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандары және (немесе) сарапшылары тартылады.

      9. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау өткізу кезінде қосымша материалдарды зерделеу қажет болған кезде уәкілетті органның бірінші басшыларының және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің, олар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқаратын не олардың лауазымдарын алмастыратын адамдардың бірлескен шешімге қол қоюы арқылы оны жүргізу 30 жұмыс күнінен аспайтын жаңа мерзімде ұзартылады.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мерзімі оны жүргізуге кедергі келтіретін ерекше жағдайларда – уәкілетті органның бірінші басшыларының және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің, олар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқаратын не олардың лауазымдарын алмастыратын адамдардың бірлескен шешім негізінде оларды жойғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      10. Жұмыс тобының функциялары:

      1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісіне қатысты ақпаратты жинау, қорыту және талдау жолымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу;

      2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметіне қатысты түсіндірмелер беру;

      3) байқалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлау;

      4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметін қозғайтын заңнама нормаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау.

      11. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес талдамалық анықтама жасай отырып, осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісіне қатысты ақпаратты жинау, қорыту және талдау;

      2) талдамалық анықтаманы осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарына сәйкес келісу және қол қою;

      3) осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шараларды қабылдау.

      12. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметіне қатысты құқықтық және өзге де актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

      2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

      13. Сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мынадай мәселелерді зерделеуді қамтиды:

      1) персоналды басқару;

      2) мүдделер қақтығысын реттеу;

      3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

      4) рұқсат беру функцияларын орындау;

      5) бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру;

      6) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

      7) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

      14. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге арналған ақпарат көздері:

      1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық және өзге де актілер, құжаттар;

      2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі ұсынатын оның бағыттары бойынша мәліметтер;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметі туралы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері;

      4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне қатысты бұрын мемлекеттік органдар жүргізген тексерулердің нәтижелері;

      5) ішкі аудит қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;

      7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

      8) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің лауазымды адамдарын анықтау және жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер;

      10) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері болып табылады.

      15. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында заңнаманы бұзушылықтар не қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау белгілері байқалған кезде жұмыс тобының мүшелері Заңның 24-бабына сәйкес шаралар қабылдайды.

3-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары

      16. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша жұмыс тобы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды қамтитын талдамалық анықтама (бұдан әрі – талдамалық анықтама) дайындайды.

      17. Талдамалық анықтама дайындалғаннан кейін, уәкілетті орган және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі оны келіседі және 10 жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Талдамалық анықтамамен келіспеген жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі жұмыс тобына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде келіспеу себептерінің негіздемесін ұсынады.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі ұсынған келіспеу себептерінің негіздемелерімен келіскен жағдайда, жұмыс тобы талдамалық анықтаманы олар ұсынылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде пысықтайды.

      Егер жұмыс тобы келіспеу себептерінің негіздемелерімен келіспесе, уәкілетті орган осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің негізді бас тартуын қоса бере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің жоғары тұрған органына талдамалық анықтаманы келісу үшін жібереді, ол болмаған кезде талдамалық анықтаманы уәкілетті органның жанынан құрылған қоғамдық кеңестердің талқылауына шығарады.

      18. Талдамалық анықтама екі данада жасалады – уәкілетті орган және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі үшін және талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде олардың бірінші басшыларына ұсынылады.

      19. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оны жүргізудің негізіне қарай:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қарауына ұсынылады;

      2) уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің интернет-ресурстарында құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету ескеріле отырып орналастырылады.

      20. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді, уәкілетті органмен келіседі және бекітеді.

      Іс-шара, оның орындаушылары, аяқталу формасы және орындалу мерзімі іс-шаралар жоспарында айқындалады.

      Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісін уәкілетті орган тоқсан сайын хабардар етеді.

      21. Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды орындауына тоқсан сайын мониторинг (бұдан әрі – мониторинг) жүргізеді.

      Мониторинг жүргізу үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы аралық ақпаратты уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып жолдайды.

      22. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды орындау мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің интернет-ресурсында құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді ескере отырып орналастырылады.

      23. Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған кезде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі олардың бар екендігі туралы мәліметтерді тиісті уәкілетті органға (әзірлеушіге) жібереді.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар құқықтық мониторинг жүргізу кезінде қолданылады.

      24. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған ұсынымдарды орындау кезінде жобалық басқару тәсілдері қолданылуы мүмкін.

  Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне сыртқы талдау
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Бекітемін
____________________________
(сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
сыртқы талдау объектісі басшысының
лауазымының атауы, тегі, аты-жөні)
____________________________
(сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін сыртқы талдау
объектісі басшысының қолы)
20__ жылғы "____" ___________


Бекітемін
____________________________
(уәкілетті орган басшысының
тегі, аты-жөні, лауазымының атауы)
________________________________
(уәкілетті орган басшысының қолы)
20__ жылғы "____" ___________

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға жататын бағыттар ТІЗІЛІМІ

р/с №

Бағыттар тізбесі

Негіздеме

қажет қажет емес

1.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер



2.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметі



2.1.

Персоналды басқару



2.2.

Мүдделер қақтығысын реттеу



2.3.

Мемлекеттік қызметтер көрсету



2.4.

Рұқсат беру функцияларын орындау



2.5.

Бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру



2.6.

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану



2.7.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер (негіздемемен)



  Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне сыртқы талдау
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
____________________________
(сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін сыртқы талдау
объектісі басшысының
лауазымының атауы,
тегі, аты-жөні)
____________________________
(сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін сыртқы талдау
объектісі басшысының
қолы)
20__ жылғы "____" __________

______________________________________________________________
(сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің атауы) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

р/с№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау формасы

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

1.






  Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне сыртқы талдау
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің атауы: _____

      ____________________________________________________________________

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мерзімі: _______

      Талдамалық анықтамаға қол қойылған күн:_____________

р/с№

Ұсыным

Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау формасы

Ұсынымның орындалуы туралы ақпарат

1.





Об утверждении Правил проведения внешнего анализа коррупционных рисков

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 29 сентября 2023 года № 307. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 сентября 2023 года № 33485.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О противодействии коррупции" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения внешнего анализа коррупционных рисков.

      2. Службе превенции Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по противодействию коррупции
(Антикоррупционной службы)
А. Жұмағали

  Утвержден приказом
Председатель Агентства
Республики Казахстан
по противодействию коррупции
(Антикоррупционной службы)
от 29 сентября 2023 года № 307

Правила проведения внешнего анализа коррупционных рисков

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения внешнего анализа коррупционных рисков (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О противодействии коррупции" (далее – Закон) и определяют порядок проведения внешнего анализа коррупционных рисков в деятельности государственных органов и организаций, субъектов квазигосударственного сектора, за исключением специальных государственных органов.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) коррупционный риск – возможность возникновения причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений;

      2) объект внешнего анализа коррупционных рисков – государственный орган и (или) его ведомство, государственная организация, субъект квазигосударственного сектора, деятельность которого подлежит внешнему анализу коррупционных рисков;

      3) уполномоченный орган по противодействию коррупции (далее – уполномоченный орган) – государственный орган, осуществляющий формирование и реализацию антикоррупционной политики Республики Казахстан и координацию в сфере противодействия коррупции, а также предупреждение, выявление, пресечение, раскрытие и расследование коррупционных правонарушений, и его территориальные подразделения;

      4) иные субъекты противодействия коррупции – государственные органы, субъекты квазигосударственного сектора, общественные объединения, а также иные физические и юридические лица.

      3. Действие настоящих Правил не распространяется на отношения в сферах:

      1) высшего надзора, осуществляемого прокуратурой;

      2) досудебного производства по уголовным делам;

      3) производства по делам об административных правонарушениях;

      4) правосудия;

      5) оперативно-розыскной деятельности;

      6) уголовно-исполнительной деятельности;

      7) контроля за соблюдением требований законодательства Республики Казахстан о государственных секретах.

Глава 2. Проведение внешнего анализа коррупционных рисков

      4. Основанием для проведения внешнего анализа коррупционных рисков является совместное решение первых руководителей уполномоченного органа и объекта внешнего анализа коррупционных рисков (далее – совместное решение), в случае их отсутствия лиц, исполняющих их обязанности либо замещающих их должности.

      5. Совместное решение принимается на основании:

      1) результатов антикоррупционного мониторинга;

      2) инициативного обращения объекта внешнего анализа коррупционных рисков и решения уполномоченного органа о его проведении;

      3) поручений Президента Республики Казахстан, Премьер-Министра Республики Казахстан, Администрации Президента Республики Казахстан, решений и рекомендаций консультативно-совещательных органов при Президенте Республики Казахстан;

      4) результатов социологического исследования.

      6. По подпунктам 1), 3) и 4) пункта 5 настоящих Правил уполномоченный орган информирует объект внешнего анализа коррупционных рисков о необходимости проведения внешнего анализа коррупционных рисков.

      По подпункту 2) пункта 5 настоящих Правил объект внешнего анализа коррупционных рисков информирует уполномоченный орган о необходимости проведения внешнего анализа коррупционных рисков.

      Совместное решение по подпунктам 1), 2) и 4) пункта 5 настоящих Правил о проведении внешнего анализа коррупционных рисков принимается в срок не позднее 10 рабочих дней с момента инициирования внешнего анализа коррупционных рисков уполномоченным органом или объектом внешнего анализа коррупционных рисков.

      Внешний анализ коррупционных рисков на основании подпункта 3) пункта 5 настоящих Правил проводится в обязательном порядке, совместное решение о проведении внешнего анализа коррупционных рисков принимается в срок не позднее 3 рабочих дней с момента поступления поручения.

      В случае отказа в проведении внешнего анализа коррупционных рисков по подпунктам 1), 2) и 4) пункта 5 настоящих Правил в срок, указанный в части третей настоящего пункта, уполномоченный орган или объект внешнего анализа коррупционных рисков представляют его инициатору мотивированные обоснования причин отказа, с возможностью переноса срока его проведения.

      При устранении причин отказа, уполномоченный орган или объект внешнего анализа коррупционных рисков вправе повторно инициировать проведение внешнего анализа коррупционных рисков.

      7. Решение о проведении внешнего анализа коррупционных рисков содержит следующую информацию:

      1) наименование подразделения, деятельность которого подлежит внешнему анализу коррупционных рисков;

      2) состав рабочей группы, которая проводит внешний анализ коррупционных рисков;

      3) срок проведения внешнего анализа коррупционных рисков;

      4) период, охватываемый внешним анализом коррупционных рисков;

      5) о должностных лицах со стороны уполномоченного органа и объекта внешнего анализа коррупционных рисков, на которых возлагается руководство, координация и ответственность за проведение внешнего анализа коррупционных рисков и результаты работы.

      При принятии совместного решения о проведении внешнего анализа коррупционных рисков объект внешнего анализа коррупционных рисков и уполномоченный орган утверждают реестр направлений, подлежащих внешнему анализу коррупционных рисков, по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      8. Внешний анализ коррупционных рисков проводится в срок до 30 рабочих дней рабочей группой, созданной совместным решением (далее – рабочая группа).

      К проведению внешнего анализа коррупционных рисков, а также к обсуждению его результатов и мониторингу реализации рекомендаций по устранению выявленных коррупционных рисков привлекаются члены Общественного совета, в случае его наличия при объекте внешнего анализа коррупционных рисков, а также специалисты и (или) эксперты иных субъектов противодействия коррупции.

      9. При необходимости изучения дополнительных материалов при проведении внешнего анализа коррупционных рисков, его проведение продлевается путем подписания совместного решения первых руководителей уполномоченного органа и объекта внешнего анализа коррупционных рисков, в случае их отсутствия лиц, исполняющих их обязанности либо замещающих их должности, на срок, не превышающий 30 рабочих дней.

      Срок проведения внешнего анализа коррупционных рисков приостанавливается в исключительных случаях, препятствующих его проведению – до их устранения на основании совместного решения первых руководителей уполномоченного органа и объекта внешнего анализа коррупционных рисков, в случае их отсутствия лиц, исполняющих их обязанности либо замещающих их должности.

      10. Функции рабочей группы:

      1) проводить внешний анализ коррупционных рисков путем сбора, обобщения и анализа информации относительно объекта внешнего анализа коррупционных рисков;

      2) давать разъяснения касательно деятельности объекта внешнего анализа коррупционных рисков;

      3) сообщать об имеющихся коррупционных рисках;

      4) готовить предложения и рекомендации по устранению коррупционных рисков и совершенствованию норм законодательства, затрагивающих деятельность объекта внешнего анализа коррупционных рисков.

      11. Проведение внешнего анализа коррупционных рисков включает в себя следующие этапы:

      1) сбор, обобщение и анализ информации относительно объекта внешнего анализа коррупционных рисков в соответствии с направлениями, предусмотренными пунктом 13 настоящих Правил, с составлением аналитической справки согласно пункту 16 настоящих Правил;

      2) согласование и подписание аналитической справки согласно пунктам 17 и 18 настоящих Правил;

      3) принятие мер по устранению коррупционных рисков в соответствии с утвержденным планом мероприятий согласно пункту 20 настоящих Правил.

      12. Внешний анализ коррупционных рисков осуществляется по следующим направлениям:

      1) выявление коррупционных рисков в правовых и иных актах, затрагивающих деятельность объекта внешнего анализа коррупционных рисков;

      2) выявление коррупционных рисков в организационно-управленческой деятельности объекта внешнего анализа коррупционных рисков.

      13. Выявление коррупционных рисков в организационно-управленческой деятельности объекта внешнего анализа включает в себя изучение следующих вопросов:

      1) управление персоналом;

      2) урегулирование конфликта интересов;

      3) оказание государственных услуг;

      4) выполнение разрешительных функций;

      5) реализация контрольно-надзорных функций;

      6) разработка и эксплуатация информационных систем;

      7) иные вопросы, вытекающие из организационно-управленческой деятельности объекта внешнего анализа коррупционных рисков.

      14. Источниками информации для проведения внешнего анализа коррупционных рисков являются:

      1) правовые и иные акты, документы, регулирующие деятельность объекта внешнего анализа коррупционных рисков;

      2) сведения по направлениям внешнего анализа коррупционных рисков, предоставляемые его объектом;

      3) данные информационных систем государственных и правоохранительных органов о деятельности объекта внешнего анализа коррупционных рисков, полученные в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      4) результаты проверок, ранее проведенных государственными органами в отношении объекта внешнего анализа коррупционных рисков;

      5) результаты контрольных мероприятий служб внутреннего аудита;

      6) результаты антикоррупционного мониторинга;

      7) публикации в средствах массовой информации;

      8) обращения физических и юридических лиц в отношении объекта внешнего анализа коррупционных рисков;

      9) сведения о выявлении и привлечении к ответственности должностных лиц объекта внешнего анализа коррупционных рисков за совершение коррупционных правонарушений;

      10) результаты внутреннего анализа коррупционных рисков.

      15. В ходе проведения внешнего анализа коррупционных рисков члены рабочей группы при обнаружении нарушений законодательства либо признаков совершения уголовного или административного правонарушения принимают меры в соответствии со статьей 24 Закона.

Глава 3. Итоги внешнего анализа коррупционных рисков

      16. По результатам внешнего анализа коррупционных рисков рабочей группой готовится аналитическая справка, содержащая информацию о выявленных коррупционных рисках и рекомендации по их устранению (далее – аналитическая справка).

      17. После подготовки аналитической справки уполномоченный орган и объект внешнего анализа коррупционных рисков согласовывают ее и подписывают в течение 10 рабочих дней.

      В случае несогласия с аналитической справкой объект внешнего анализа коррупционных рисков в срок, указанный в части первой настоящего пункта, представляет рабочей группе обоснования причин несогласия.

      В случае согласия с обоснованиями причин несогласия, предоставленными объектом внешнего анализа коррупционных рисков, рабочая группа дорабатывает аналитическую справку в течение 10 рабочих дней со дня их предоставления.

      Если рабочая группа не соглашается с обоснованиями причин несогласия с аналитической справкой, уполномоченный орган в срок, указанный в части третьей настоящего пункта, направляет аналитическую справку с приложением обоснованного отказа объекта внешнего анализа коррупционных рисков, для согласования в вышестоящий орган объекта внешнего анализа коррупционных рисков, при его отсутствии выносит рассмотрение аналитической справки на обсуждение общественных советов, созданных при уполномоченном органе и объекте внешнего анализа коррупционных рисков.

      18. Аналитическая справка составляется в двух экземплярах – для уполномоченного органа и объекта внешнего анализа коррупционных рисков и представляется их первым руководителям в течение 3 рабочих дней после подписания аналитической справки.

      19. Результаты внешнего анализа коррупционных рисков в течение 10 рабочих дней со дня подписания аналитической справки в зависимости от основания его проведения:

      1) представляются на рассмотрение Президента Республики Казахстан, Премьер-Министра Республики Казахстан, Администрации Президента Республики Казахстан, консультативно-совещательных органов при Президенте Республики Казахстан;

      2) размещаются на интернет-ресурсах уполномоченного органа и объекта внешнего анализа коррупционных рисков с учетом обеспечения режима секретности, соблюдения требований по охране служебной, коммерческой или иной охраняемой законом Республики Казахстан тайны.

      20. Объект внешнего анализа коррупционных рисков в течение 10 рабочих дней со дня подписания аналитической справки по результатам внешнего анализа коррупционных рисков разрабатывает, согласовывает с уполномоченным органом и утверждает план мероприятий по устранению причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений, выявленных по результатам внешнего анализа коррупционных рисков (далее – план мероприятий) по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      Мероприятие, его исполнители, форма завершения и срок исполнения определяются планом мероприятий.

      О ходе реализации плана мероприятий объект внешнего анализа коррупционных рисков информирует уполномоченный орган ежеквартально.

      21. Уполномоченный орган ежеквартально со дня подписания аналитической справки по результатам внешнего анализа коррупционных рисков проводит мониторинг исполнения объектом внешнего анализа коррупционных рисков рекомендаций по устранению причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений, выявленных по результатам внешнего анализа коррупционных рисков (далее – мониторинг).

      Для проведения мониторинга объект внешнего анализа коррупционных рисков не позднее трех месяцев со дня подписания аналитической справки направляет в уполномоченный орган промежуточную информацию об исполнении рекомендаций, внесенных по итогам внешнего анализа коррупционных рисков по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам, с приложением подтверждающих документов.

      22. Информация о результатах мониторинга исполнения объектами внешнего анализа коррупционных рисков рекомендаций по устранению причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений, размещается на интернет-ресурсе уполномоченного органа и объекта внешнего анализа коррупционных рисков с учетом обеспечения режима секретности, соблюдения требований по охране служебной, коммерческой или иной охраняемой законом Республики Казахстан тайны.

      23. При выявлении коррупционных рисков в нормативных правовых актах объект внешнего анализа коррупционных рисков направляет сведения об их наличии в соответствующий уполномоченный орган (разработчик).

      Рекомендации по устранению причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений, выявленных по результатам внешнего анализа коррупционных рисков, применяются при проведении правового мониторинга.

      24. При устранении коррупционных рисков и исполнении рекомендаций, внесенных по результатам внешнего анализа коррупционных рисков, могут применяться подходы проектного управления.

  Приложение 1
к Правилам проведения
внешнего анализа
коррупционных рисков
  Форма

Утверждаю
____________________________
(наименование должности,
фамилия, инициалы
руководителя объекта внешнего
анализа коррупционных рисков)
____________________________
(подпись руководителя
объекта внешнего анализа
коррупционных рисков)
"____" _____________ 20__года


Утверждаю
____________________________
(наименование должности,
фамилия, инициалы руководителя
уполномоченного органа)
____________________________
(подпись руководителя
уполномоченного органа)
"____" _____________ 20__года

РЕЕСТР направлений, подлежащих внешнему анализу коррупционных рисков

№ п/п

Перечень направлений

Обоснование

Требуется

Не требуется

1.

Правовые акты, затрагивающие деятельность объекта внешнего анализа коррупционных рисков



2.

Организационно-управленческая деятельность объекта внешнего анализа коррупционных рисков



2.1.

Управление персоналом



2.2.

Урегулирование конфликта интересов



2.3.

Оказание государственных услуг



2.4.

Выполнение разрешительных функций



2.5.

Реализация контрольно-надзорных функций



2.6.

Разработка и эксплуатация информационных систем



2.7.

Иные вопросы, вытекающие из организационно-управленческой деятельности объекта внешнего анализа коррупционных рисков (с обоснованием)



  Приложение 2
к Правилам проведения
внешнего анализа
коррупционных рисков
  Форма
  Утверждаю
_________________________
(наименование должности,
фамилия, инициалы
руководителя объекта внешнего
анализа коррупционных рисков)
____________________________
(подпись руководителя объекта
внешнего анализа
коррупционных рисков)
"____" _____________ 20__года

План мероприятий по устранению причин и условий,
способствующих совершению коррупционных правонарушений,
выявленных по результатам внешнего анализа коррупционных рисков в
_______________________________________________________________
(наименование объекта внешнего анализа коррупционных рисков)

№ п/п

Рекомендация

Мероприятие

Форма завершения мероприятия

Исполнители

Срок исполнения мероприятия

1.






  Приложение 3
к Правилам проведения
внешнего анализа
коррупционных рисков
  Форма

Информация об исполнении рекомендаций, внесенных по итогам внешнего анализа коррупционных рисков

      Наименование объекта внешнего анализа коррупционных рисков:
________________________________________________________
Срок проведения внешнего анализа коррупционных рисков:
________________________________________________________
Дата подписания аналитической справки: ____________________

№ п/п

Рекомендация

Форма завершения согласно плану мероприятий

Информация об исполнении рекомендации

1.