Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 тамыздағы № 425 "Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 97 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 8479 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 124 шешімімен

      Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 28.03.2024 № 124 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 тамыздағы № 425 "Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7343 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен айқындалған Ойыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібінде:

      11 тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295 Н/Қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл аудандық
мәслихатының төрағасы
С. Займолдин

О внесении изменения в решение Уилского районного маслихата от 17 августа 2020 года № 425 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Уилском районе"

Решение Уилского районного маслихата Актюбинской области от 21 декабря 2023 года № 97. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 28 декабря 2023 года № 8479. Утратило силу решением Уилского районного маслихата Актюбинской области от 28 марта 2024 года № 124

      Сноска. Утратило силу решением Уилского районного маслихата Актюбинской области от 28.03.2024 № 124 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Уилский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Уилского районного маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Уилском районе" от 17 августа 2020 года № 425 (зарегистрированое в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7343) следующее изменение:

      в Размере и порядке оказания жилищной помощи в Уилском районе, определенным указанным решением:

      подпункт 10) пункта 11 изложить в новой редакции:

      "10) Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально-защищаемым гражданам устанавливается в соответствии с Приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Уилского
районного маслихата
С. Займолдин