Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/87-VII "Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/31-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 мамырда № 82-18 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 15/88-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 21.02.2024 № 15/88-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/87-VII "Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26182 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:

      4 және 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Оқыту арналған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";

      "6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса осы Қағидаларға 1 немесе 2- косымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 2- косымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген кажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы
      Г. Хусайнова

О внесении изменений в решение Курчатовского городского маслихата от 29 декабря 2021 года № 12/87-VII "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов"

Решение Курчатовского городского маслихата области Абай от 23 мая 2023 года № 4/31-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 26 мая 2023 года № 82-18. Утратило силу решением Курчатовского городского маслихата области Абай от 21 февраля 2024 года № 15/88-VIII.

      Сноска. Утратило силу решением Курчатовского городского маслихата области Абай от 21.02.2024 № 15/88-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Курчатовский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести решение Курчатовского городского маслихата от 29 декабря 2021 года № 12/87-VII "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26182) следующие изменения:

      в приложении к указанному решению:

      пункты 4 и 6 изложить в новой редакции:

      "4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке с места учебы, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.";

      "6. Для возмещения затрат на обучение на дому, заявитель обращается в уполномоченный орган через Государственную корпорацию или на портал с заявлением по форме, согласно приложению 1 или 2 к Правилам с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", согласно приложению 3 к Правилам.

      При обращении заявителя, за назначением выплаты по возмещению затрат на обучение на дому детей с инвалидностью посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений и получения необходимых сведений, предусмотренных в форме заявления, согласно приложению 2 к Правилам, осуществляется самим заявителем.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Курчатовского городского маслихата
      Г. Хусайнова