Көкпекті аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 16-5/2 "Көкпекті ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 5-3/2 шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 18 тамызда № 108-18 болып тіркелді

      Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 16-5/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27667 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      1 – тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.";

      4 – тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";

      6 – тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе "электрондық үкімет" веб-порталға осы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса осы Шығындарды өтеу қағидаларының 1- немесе 2- қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Шығындарды өтеу қағидаларының 2- қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген кажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкпекті аудандық мәслихатының төрағасы
      Т. Сарманов

О внесении изменений в решение Кокпектинского районного маслихата от 15 апреля 2022 года № 16-5/2 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Кокпектинском районе"

Решение Кокпектинского районного маслихата области Абай от 11 августа 2023 года № 5-3/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 18 августа 2023 года № 108-18

      Кокпектинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Кокпектинского районного маслихата "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Кокпектинском районе" от 15 апреля 2022 года № 16-5/2 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 27667) следующие изменения:

      в приложении к указанному решению:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Кокпектинском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" от 25 марта 2021 года № 84 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).";

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Возмещение затрат производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.";

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. Для возмещения затрат на обучение на дому, заявитель обращается в уполномоченный орган через Государственную корпорацию или на веб-портал "электронного правительства" с заявлением по форме, согласно приложению 1 или 2 к Правилам возмещения затрат с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      При обращении заявителя за назначением выплаты по возмещению затрат на обучение на дому детей с инвалидностью посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений и получения необходимых сведений, предусмотренных в форме заявления, согласно приложению 2 к Правилам возмещения затрат, осуществляется самим заявителем.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Кокпектинского районного маслихата
      Т. Сарманов