Жезқазған қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 19/34 "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/11 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 желтоқсанда № 78-20 болып тіркелді

      Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жезқазған қаласының әкімдігінің "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы" 2015 жылғы 27 тамыздағы №19/34 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3419 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшерін белгілеу туралы";

      2) көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қоса берілген Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері белгіленсін.";

      3) көрсетілген қаулы қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі К. Шайжанов

О внесении изменений в постановление акимата города Жезказган от 27 августа 2015 года № 19/34 "Об утверждении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а так же размеров льгот"

Постановление акимата города Жезказган области Ұлытау от 14 декабря 2023 года № 42/11. Зарегистрировано в Департаменте юстиции области Ұлытау 14 декабря 2023 года № 78-20

      Акимат города Жезказган ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Жезказган "Об утверждении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а так же размеров льгот" от 27 августа 2015 года № 19/34 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3419) следующие изменения:

      1) заголовок указанного постановления изложить в новой редакции:

      "Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размеров льгот";

      2) пункт 1 указанного постановления изложить в новой редакции:

      "Установить прилагаемый Перечень категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размеры льгот.";

      3) заголовок приложения указанного постановления изложить в новой редакции:

      "Перечень категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением лиц с инвалидностью, а также размеры льгот".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Жезказган.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Жезказгана К. Шайжанов