Ақтоғай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 49 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 маусымда № 6455-09 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтоғай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшерін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Аудандық мәслихат төрағасы Р. Абеуов

О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в Актогайском районе

Решение Актогайского районного маслихата Карагандинской области от 27 июня 2023 года № 49. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Карагандинской области 29 июня 2023 года № 6455-09

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее решение вводится в действие с 01.01.2023.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 696-3 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Актогайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Понизить размер ставки корпоративного или индивидуального подоходного налога, за исключением налогов, удерживаемых у источника выплаты, при применении специального налогового режима розничного налога в Актогайском районе с 4% на 2% по доходам, полученным (подлежащим получению) за налоговый период.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2023 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель районного маслихата Р. Абеуов