Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 344 "Индер ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 119 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 маусымда № 5056-06 болып тіркелді

      Индер ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 344 "Индер ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3372 болып тіркелген) төменгідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 3-қосымшасының 6 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 220066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:

      1) автобустың алдында және артында орнатылатын "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;

      2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

      4) "Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);

      5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

      6) авариялық тоқтау белгiсiмен;

      7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен жабдықталады".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Индер ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Индер ауданының әкімі Д. Шамуратов

О внесении изменения в постановление акимата Индерского района от 20 ноября 2015 года № 344 "Об утверждении схемы и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Индерского района

Постановление акимата Индерского района Атырауской области от 29 июня 2023 года № 119. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Атырауской области 29 июня 2023 года № 5056-06

      Акимат Индерского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1.Внести в постановление акимата Индерского района от 20 ноября 2015 года № 344 "Об утверждении схемы и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Индерского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистраций нормативных правовых актов № 3372) следующее изменение:

      в приложении 3 к указанному постановлению пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Автобусы, предназначенные для перевозки детей имеют не менее двух дверей и соответствуют пункту 1 приложения 25 к Санитарным правилам "Санитарно-эпидемиологические требования к транспортным средствам для перевозки пассажиров и грузов", утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 января2021 года №ҚР ДСМ-5 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к транспортным средствам для перевозки пассажиров и грузов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистраций нормативных правовых актов № 22066), а также оборудуются:

      1) квадратными опознавательными знаками "Перевозка детей", которые устанавливаются спереди и сзади автобуса;

      2) проблесковым маячком желтого цвета;

      3) двумя легкосъемными огнетушителями емкостью не менее двух литров каждый (один – в кабине водителя, другой – в пассажирском салоне автобуса);

      4) двумя аптечками первой помощи (автомобильными) с лекарственными средствами и изделиями медицинского назначения согласно перечню лекарственных средств и изделий медицинского назначения автомобильных аптечек первой медицинской помощи, утвержденного приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 368 "Об утверждении перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения автомобильных аптечек первой медицинской помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистраций нормативных правовых актов № 9649);

      5) двумя противооткатными упорами;

      6) знаком аварийной остановки;

      7) при следовании в колонне – информационной табличкой, с указанием места автобуса в колонне, которая устанавливается на лобовом стекле автобуса справа по ходу движения".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курьерующего заместителя акима Индерского района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Индерского района Д. Шамуратов