Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Құркелес, Тегісшіл ауылдық округтерінің кейбір елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 475 қаулысы және Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 13-101-VIII бірлескен шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 6437-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Құркелес, Тегісшіл ауылдық округтерінің келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:

      1) Құркелес ауылдық округінің Ақ үй елді мекенінің шекараларына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 344,32 гектар жерлерді қосу арқылы, Құркелес ауылдық округінің Ақ үй елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы көлемі 640,57 гектар шекарасында белгіленсін;

      2) Құркелес ауылдық округінің Береке елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 92,15 гектар жерлерді қосу арқылы, Құркелес ауылдық округінің Береке елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 220,9116 гектар шекарасында белгіленсін;

      3) Тегісшіл ауылдық округінің Таскескен елді мекенінің шекарасына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 99,63 гектар жерлерді қосу арқылы, Тегісшіл ауылдық округінің Таскескен елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 577,83 гектар шекарасында белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сарыағаш аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сарыағаш аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысы,Сарыағаш ауданының әкімі А. Абдуллаев
      Мәслихат төрағасы С. Таскулов

Об изменении и установлении границ некоторых населенных пунктов сельских округов Куркелес, Тегисшил, Сарыагашского района Туркестанской области

Совместные постановление акимата Сарыагашского района Туркестанской области от 25 декабря 2023 года № 475 и решение Сарыагашского районного маслихата Туркестанской области от 22 декабря 2023 года № 13-101-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 26 декабря 2023 года № 6437-13

      В соответствии с пунктами 1, 5 статьи 108 Земельного кодекса Республики Казахстан, подпунктом 3) статьи 12 Закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" акимат Сарыагашского района ПОСТАНОВЛЯЕТ и Сарыагашский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Изменить и установить границы следующих населенных пунктов сельских округов Куркелес, Тегисшил Сарыагашского района Туркестанской области:

      1) изменить границы населенного пункта Ак уй сельского округа Куркелес путем включения 344,32 гектара земель сельскохозяйственного назначения Сарыагашского района в границы населенного пункта Ак уй сельского округа Куркелес, установив границы общей площадью 640,57 гектаров;

      2) изменить границы населенного пункта Береке сельского округа Куркелес путем включения 92,15 гектара земель сельскохозяйственного назначения Сарыагашского района в границы населенного пункта Береке сельского округа Куркелес, установив границы общей площадью 220,9116 гектаров;

      3) изменить границы населенного пункта Таскескен сельского округа Тегисшил путем включения 99,63 гектара земель сельскохозяйственного назначения Сарыагашского района в границы населенного пункта Таскескен сельского округа Тегисшил, установив границы общей площадью 577,83 гектаров.

      2. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления акимата Сарыагашского района и решения Сарыагашского районного маслихата возложить на курирующего заместителя акима района.

      3. Настоящее совместное постановление акимата Сарыагашского района и решение Сарыагашского районного маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Сарыагашского района, Туркестанской оласти А. Абдуллаев
      Председатель маслихата С. Таскулов