Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы № 10/2-VII "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 2/17-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 мамырда № 8848-16 болып тіркелді

      Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы № 10/2-VII "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26844 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      1 – тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қалалық мәслихатының төрағасы Е. Нужных

О внесении изменения в решение Риддерского городского маслихата от 4 февраля 2022 года № 10/2-VII "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану"

Решение Риддерского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 5 мая 2023 года № 2/17-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 19 мая 2023 года № 8848-16

      Риддерский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Риддерского городского маслихата от 4 февраля 2022 года № 10/2-VII "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26844) следующее изменение:

      в приложении к указанному решению:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.  

      Председатель Риддерского городского маслихата Е. Нужных