"Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 ақпанда № 34039 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 24.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларында:

      3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Электрондық түрде ақпарат беру Мемлекеттік корпорацияның немесе өтініш иесінің электрондық қолтаңбасы бар болған жағдайда "электрондық үкімет" портал арқылы жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЖМБМК) пайдаланып беріледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Сұрау салу ЖМБМК өңдеуге беріледі, онда өңдеу 20 минут ішінде ЖМБМК жүзеге асырылады.

      "Сұрау салу өңдеуде" деген мәртебе сұрау салу өңдеуде екенін білдіреді.

      Сұрау салу өңделгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға "Сұрау салу оң өңделді" деген мәртебе беріледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. ЖМБМК арқылы қалыптастырылған электрондық құжаттың тиісті мәліметі көрсетілген қызметті алушының "жеке кабинетіне":

      жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы;

      жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы;

      жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар ауыртпалықтары, заңды талаптары туралы мәліметтер нысанында жіберіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) басқа жеке тұлғаға қатысты электрондық нысанда ЭҮП арқылы ол келіскен кезде көрсетіледі.

      Үшінші түлғалар ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу жібереді. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы ЭҮП-тегі "жеке кабинетінен" ұсынылған мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі болған кезде, сондай-ақ біржолғы парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқаша мәтіндік хабар жіберу арқылы субъектінің ұялы байланысының ЭҮП-те тіркелген абоненттік нөмірі арқылы орындалады.

      Қызметті көрсетуге мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі (бас тартуы) сұрау салу алынған кезден бастап 2 (екі) сағат ішінде жіберіледі. Келісім алынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, ЖМБМК арқылы қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі үшінші тұлғаның "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. ЖМБМК бұзылған жағдайда бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы жасайды және оған көрсетілетін қызметті берушімен қол қояды.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Ақпараттық жүйесі бұзылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор ақпараттық жүйенің бұзылу себебін анықтау бойынша шаралар қабылдайды 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      Әділет министрлігі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 131 "Об утверждении Правил предоставления информации из правового кадастра"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 2024 года № 156. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 февраля 2024 года № 34039

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 24.02.2024

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 131 "Об утверждении Правил предоставления информации из правового кадастра" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7586), следующие изменения:

      в Правилах предоставления информации из правового кадастра, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 2) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "2) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. При предоставлении информации посредством портала "электронного правительства" из информационной системы единого государственного кадастра недвижимости (далее - ЕГКН) электронный документ заверяется электронной цифровой подписью услугодателя по месту нахождения недвижимого имущества.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Запрос передается на обработку в ЕГКН, где обработка осуществляется в ЕГКН в течение 20 минут.

      Статус "Запрос в обработке" означает, что запрос находится в обработке.

      После обработки запроса услугополучателю в "личный кабинет" предоставляется статус "Запрос отработан положительно.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Сформированные посредством ЕГКН соответствующие сведения электронного документа направляются в "личный кабинет" услугополучателя в форме сведений:

      о зарегистрированных правах (обременениях) на недвижимое имущество и его технических характеристиках;

      об отсутствии (наличии) недвижимого имущества;

      о зарегистрированных обременениях прав, юридических притязаниях на объект недвижимости.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Государственная услуга может оказываться физическим и юридическим лицам (далее – третьи лица) в отношении другого физического лица в электронной форме посредством Портала, при условии его согласия.

      Третьими лицами через Портал направляется запрос на получение услуги.

      Электронный запрос третьих лиц исполняется при условии согласия лица, в отношении которого запрашиваются сведения, предоставленного из "личного кабинета" на Портал, а также посредством зарегистрированного на Портал абонентского номера сотовой связи субъекта путем передачи одноразового пароля или путем отправления короткого текстового сообщения в качестве ответа на уведомление портала.

      Согласие (отказ) лица, в отношении которого запрашиваются сведения на оказание услуги, направляется в течение 2 (двух) часов с момента получения запроса. При получении согласия результат государственной услуги, сформированный посредством ЕГКН с использованием ЭЦП уполномоченного лица услугодателя, направляется в "личный кабинет" третьего лица.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. В случае сбоя ЕГКН услугодатель незамедлительно уведомляет оператора информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства" (далее – оператор).

      В этом случае оператор предпринимает меры по определению причины сбоя информационной системы и в течение 1 (одного) рабочего дня составляет протокол (акт) о технической проблеме и подписывает его услугодателем.";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. В случае сбоя информационной системы услугодатель незамедлительно уведомляет оператора информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства" (далее – оператор).

      В этом случае оператор предпринимает меры по определению причины сбоя информационной системы и в течение 1 (одного) рабочего дня составляет протокол (акт) о технической проблеме и подписывает его услугодателем.

      Министерство юстиции в течение трех рабочих дней предоставляет в Государственную корпорацию информацию о порядке оказания государственных услуг и внесенных изменениях и (или) дополнениях в подзаконные нормативные правовые акты, определяющие порядок оказания государственной услуги, с даты их утверждения или изменения.".

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 24 февраля 2024 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
А. Ескараев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан