Жарма ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 11/210-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 наурызда № 235-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Жарма ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;

      осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;

      осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Жарма ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      2. Жарма аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 52/499-VI "Жарма ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды белгілеу, олардың пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7868 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы
      М. Оспанбаев

  Жарма аудандық мәслихатының
2024 жылғы 4 наурыздағы
№ 11/210-VIII шешіміне
1-қосымша

Жарма ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

р/с №

Арнайы орын

Шекті толу нормасы

1.

Қалбатау ауылы, Достық көшесінде орналасқан орталық алаң

100 адамнан артық емес

  Жарма аудандық мәслихатының
2024 жылғы 4 наурыздағы
№ 11/210-VIII шешіміне
2-қосымша

Жарма ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде дыбыс-бейне жазу техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.

      2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

  Жарма аудандық мәслихатының
2024 жылғы 4 наурыздағы
№ 11/210-VIII шешіміне
3-қосымша

Жарма ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы жерлерде өткізіледі.

      Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.

  Жарма аудандық мәслихатының
2024 жылғы 4 наурыздағы
№ 11/210-VIII шешіміне
4-қосымша

Жарма ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Жарма ауданының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Жарминскому району

Решение Жарминского районного маслихата области Абай от 4 марта 2024 года № 11/210-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 13 марта 2024 года № 235-18

      В соответствии с пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Жарминский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить:

      специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Жарминском районе и нормы их предельной заполняемости, согласно приложению 1 к настоящему решению;

      требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, согласно приложению 2 к настоящему решению;

      порядок использования специализированных мест, согласно приложению 3 к настоящему решению;

      границы прилегающих территорий в Жарминском районе, в которых запрещено проведение пикетирования, согласно приложению 4 к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Жарминского районного маслихата от 23 ноября 2020 года № 52/499-VI "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Жарминском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7868).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата
      М. Оспанбаев

  Приложение 1 к решению
Жарминского районного
маслихата
от 4 марта 2024 года
№ 11/210-VIII

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Жарминском районе и нормы их предельной заполняемости

№ п/п

Специализированное место

Норма предельной наполняемости

1.

Центральная площадь, расположенная на улице Достык села Калбатау

не более 100 человек

  Приложение 2 к решению
Жарминского районного
маслихата
от 4 марта 2024 года
№ 11/210-VIII

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест в Жарминском районе

      1. Организатор или представители организатора имеют право использовать средства аудиовизуальной техники, а также техники для произведения видео и фотосъемки при проведении мирных собраний.

      2. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором или представителями организатора и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний.

  Приложение 3 к решению
Жарминского районного
маслихата
от 4 марта 2024 года
№ 11/210-VIII

Порядок использования специализированных мест в Жарминском районе

      Мирные собрания проводятся в специализированных местах, определенных данным решением, для организации и проведения мирных собраний, за исключением пикетирования.

      В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      Мирные собрания начинаются не ранее 9.00 часов и заканчиваются не позднее 20.00 часов по местному времени в день проведения мирных собраний.

      Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Продолжительность пикетирования не должна превышать 2-х часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      По требованию представителя местного исполнительного органа, сотрудников правоохранительных органов приостанавливают или прекращают мирные собрания в случаях, предусмотренных  статьями 17  и  18  Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", с информированием участников мирных собраний о необходимости исполнения такого требования.

  Приложение 4 к решению
Жарминского районного
маслихата
от 4 марта 2024 года
№ 11/210-VIII

Границы прилегающих территорий в Жарминском районе, в которых запрещено проведение пикетирования

      Определить границы проведения пикетирования на расстоянии не менее 800 метров от прилегающих территорий следующих объектов Жарминского района:

      1) мест массовых захоронений;

      2) объектов железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) организаций, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) опасные производственные объекты и иные объекты, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи.