Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 453 "Ақтоғай ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 130 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 сәуірде № 6581-09 болып тіркелді

      Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 453 "Ақтоғай ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6117 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Р. Абеуов

  Ақтоғай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 130
шешіміне қосымша
  Ақтоғай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 қарашадағы
№ 453 шешіміне 2 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Ақтоғай ауданының келесі объектілерінде кемінде 800 метр қашықтықта айқындалады:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) темір жол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде.

О внесении изменения в решение Актогайского районного маслихата от 30 ноября 2020 года № 453 "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Актогайского района"

Решение Актогайского районного маслихата Карагандинской области от 29 марта 2024 года № 130. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Карагандинской области 3 апреля 2024 года № 6581-09

      Актогайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Актогайского районного маслихата от 30 ноября 2020 года № 453 "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Актогайского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6117) следующее изменение:

      приложение 2 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Р. Абеуов

  Приложение к решению
Актогайского районного маслихата
от 29 марта 2024 года
№ 130
  Приложение 2 к решению
Актогайского районного маслихата
от 30 ноября 2020 года № 453

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      1. Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования определяются на расстоянии не менее 800 метров на следующих объектах в Актогайском районе:

      1) мест массовых захоронений;

      2) железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) организаций, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) опасные производственные объекты и иные объекты, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи.