Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 2 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 10 қаңтарда № 6449-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 - бабы 22 -тармақшасына және 31 - бабына  сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі Ж. Тасов

  Кентау қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 8 қаңтардағы
№ 2 қаулысына қосымша

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары (әрі қарай-қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 246-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 246-бабына сәйкес, адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде, олар Кентау қаласының коммуналдық меншігіне түседі және осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.

2. Қараусыз қалған жануарлардың қалалық коммуналдық меншікке келіп түсу тәртібі

      3. Қараусыз қалған жануарлардың қалалық коммуналдық меншікке келіп түсуі қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-беру актісінде міндетті түрде қараусыз қалған жануарлардың жасы, тұқымы, жынысы, түсі, жай-күйі және саулығы көрсетілуі тиіс ("Кентау қаласының ветеринариялық қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның қызметкерінің қатысуымен). Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі қараусыз қалған жануарларды беретін адамның, ауыл аумағында - тиісті ауылдық округ әкімінің, қала аумағында – "Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және "Кентау қалалық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады.

      4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарларды қабылдау-тапсыру актісі негізінде теңгерімге алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

3. Қараусыз қалған жануарларды бағалау, есепке алу және бекiтiп беру

      5. Қалалық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды одан әрi пайдалану үшiн оларды қалалық коммуналдық мүлiктер тiзбесiне енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жүргiзiледi. Тiзбеге енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте Кентау қалалық экономика және қаржы бөлiмi жүзеге асырады.

      6. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн қараусыз қалған жануарлар қала әкімдігінің қаулысы негізінде тиiстi ауылдық әкiмдер аппараттарының теңгерiмiне немесе "Жасыл қала" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне бекiтiлiп берiледi. Теңгерiмге алу Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте қабылдау-беру актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.

4. Қараусыз қалған жануарларды одан әрі пайдалану

      7. Кентау қалалық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарлар мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:

      1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттiк заңды тұлғалардың теңгерiмiне өтеусiз беру;

      2) аукцион арқылы сату;

      3) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарын қоспағанда) қорғайтын арнайы орындарға өтеусiз беру.

      8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген қағидаларының 16-тармағына сәйкес, қалалық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды одан әрі пайдалану жөніндегі мәселелерді қарау үшін Кентау қаласы әкімдігі (бұдан әрі - Әкімдік) комиссия құрады, оның құрамына әкімдік өкілдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының келісімімен жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.

      Комиссия туралы ережені әкімдік әзірлейді және бекітеді. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан тұрады. Комиссияның төрағасы әкімнің орынбасары болып табылады. Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды. Комиссияның шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімдері әкімдік үшін ұсынымдық сипатта болады.

5. Қараусыз қалған жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару

      9. Қараусыз қалған жануарлар бұрынғы меншік иесіне оларды қайтару туралы өтініш түскенге дейін сатылған немесе басқа меншік иесіне өтеусіз берілген жағдайда, оларды сатудан түскен түсім немесе олардың құны бұрынғы меншік иесіне жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Бұл кезде қараусыз қалған жануарларды бағумен байланысты қаржының көлемі шегеріледі.

      10. Қараусыз қалған жануарларды қайтару немесе олардың құнын өтеу бұрынғы меншік иесімен және Кентау қалалық экономика және қаржы бөлімімен арада жасалатын шартпен ресімделеді.

6. Қорытынды ережелер

      11. Қараусыз қалған жануарларды сатудан түскен қаражат Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте толығымен жергілікті бюджет кірісіне есептеледі.

      12. Қараусыз қалған жануарларды есепке алу, бағалау, сату және өтеусіз беру бойынша шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

Постановление акимата города Кентау Туркестанской области от 8 января 2024 года № 2. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 10 января 2024 года № 6449-13

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 22 статьи 18, статьей 31 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" акимат города Кентау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Кентау Ж. Тасов

  Приложение к постановлению
Акимата города Кентау
от 8 января 2024 года № 2

Правила поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

1. Общие положения

      1. Настоящие правила поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность (далее - Правила) разработаны в соответствии с Гражданским Кодексом Республики Казахстан со статьей 246Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе" и определяют порядок поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность.

      2. При отказе лица от приобретения в собственность содержащихся у него животных, в соответствии со статьей 246 Гражданского Кодекса Республики Казахстан, они поступают в коммунальную собственность города Кентау и используются в соответствии с настоящими Правилами.

2. Порядок поступления безнадзорных животных в городскую коммунальную собственность

      3. Поступление безнадзорных животных в городскую коммунальную собственность осуществляется на основании акта приема-передачи. В акте приема-передачи в обязательном порядке должны быть указаны возраст, порода, пол, окрас, состояние и здоровье безнадзорных животных (в присутствии работника государственного коммунального предпрития на праве хозяйственного ведения "Ветеринарная служба города Кентау"). Акт описи, оценки и (или) приема-передачи имущества составляется при участии лица, передающего безнадзорных животных, на территории сельского округа акима -соответствующего сельского округа, на территории города - ответственных сотрудников государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Кентау" и государственного учреждения "Отдел экономики и финансов города Кентау".

      4. Принятие на баланс производится после осуществления оценки животных на основании акта приема-передачи согласно приказу Министра финансов Республики Казахстан от 3 августа 2010 года №393 "Об утверждении Правил ведения бухгалтерского учета в государственных учреждениях".

3. Оценка, учет и закрепление животных

      5. Для дальнейшего использования безнадзорных животных, поступивших в городскую коммунальную собственность, производится их включение и оценка (переоценка) в перечень городского коммунального имущества. Работы по включению в перечень и оценке (переоценке) осуществляются отделом экономики и финансов города Кентау в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      6. После осуществления оценки безнадзорные животные закрепляются на балансе соответствующих сельских аппаратов акимов или на балансе коммунальное государственное учреждение "Жасыл қала" на основании постановления акимата города. Балансирование осуществляется на основании акта приема-передачи в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

4. Дальнейшее использование безнадзорных животных

      7. Безнадзорные животные, поступившие в коммунальную собственность города Кентау, используются одним из следующих способов:

      1) безвозмездная передача на баланс государственных юридических лиц, имеющих подсобное хозяйство;

      2) продажа с аукциона;

      3)безвозмездная передача животных (за исключением сельскохозяйственных животных и домашних птиц) в специальные места защиты.

      8. В соответствии с пунктом 16 Правил, утвержденных Постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года №833, для рассмотрения вопросов по дальнейшему использованию безнадзорных животных, поступивших в городскую коммунальную собственность, акиматом города Кентау (далее - Акимат) формируется комиссия, в состав которой включаются представители акимата, представители объединений субъектов частного предпринимательства по согласованию с Национальной палатой предпринимателей Республики Казахстан, а также санитарно-эпидемиологической службы и других заинтересованных организаций.

      Положение о комиссии разрабатывается и утверждается акиматом. Число членов комиссии составляет не менее 5 человек. Председателем комиссии является заместитель акима. Секретарь не является членом комиссии. Решения комиссии принимаются простым большинством голосов от общего числа присутствующих членов комиссии и оформляются протоколом. При равенстве голосов голос председателя является решающим. Решения комиссии носят рекомендательный характер для акимата.

5. Возврат безнадзорных животных бывшему собственнику

      9. В случае продажи безнадзорных животных бывшему собственнику до поступления заявления о их возврате или безвозмездной передачи другому собственнику выручка от их продажи или их стоимость возмещаются бывшему собственнику за счет местного бюджета. При этом вычитается объем средств, связанных с выпасом безнадзорных животных.

      10. Возврат или возмещение стоимости безнадзорных животных оформляется договором с бывшим собственником и отделом экономики и финансов города Кентау.

6. Заключительные положения

      11. Средства от реализации безнадзорных животных полностью зачисляются в доход местного бюджета в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      12. Затраты по учету, оценке, реализации и безвозмездной передаче безнадзорных животных осуществляются за счет средств местного бюджета.