Бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды қабылдау, сақтау, сату және есепке алу Ережесiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Бұйрық Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және Сауда министрлiгi 1995 жылғы 9 қазандағы N 200-п Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 30 қарашада тіркелді. Тіркеу N 6

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20-шiлдедегi "Бағалы металдар мен бағалы тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы" Заң күшi бар Жарлығына U952372_ нормативтiк актiлердi сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
      1. Бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды қабылдау, сақтау және есепке алудың Ережесiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      I-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған зергерлiк бұйымдар, корпусы бағалы металдан жасалған сағаттар меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан осы көрсетiлген құндылықтардың сақталуына барлық қажеттi жағдайды қамтамасыз етушi сауда кәсiпорындары (базарлар, қоймалар, дүкендер мен дүкендердiң бөлiмдерi) арқылы сатылады.
      Сауда кәсiпорындарында осы объектiде құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етiлетiндiгiн растайтын iшкi iстер органдарының қорытындысы болуға тиiс.
      II-тармақтағы оларды сатуға мемлекеттiк сынама бақылау инспекциясының лицензиясы бар" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. "Қазақзергер" республикалық бөлшек сауда кәсiпорны мен жергiлiктi жерлердегi сауданы басқару органдары осы бұйрықты тиiстi кәсiпорындар мен ұйымдарға жеткiзетiн болсын.
 
      Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады