Бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар бойынша салық төлеу тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ N 35

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясы 1995 жылғы 21 маусымдағы N 35 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1995 жылғы 4 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 76. Күшi жойылды - ҚР Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен. ~V970068

      Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 сәуiрдегi "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" U952227_ Заң күшi бар Жарлығы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 U952235_ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығы негiзiнде шығарылды.
 
                          I. Салық төлеушiлер
      1. Бағалы қағаздарға меншiк құқығының ауысуына байланысты операциялар жүргiзушi, сондай-ақ олардың эмиссиясын жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салық төлеушiлер болып табылады.
 
                      II. Салық салу объектiлерi
      1. Акционерлiк қоғам ұйымдастырылған кезде акцияларды шығару құны мiндеттi түрде Жарғылық қордың сомасына тең болуы тиiс.
      2. Бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салық салудың объектiлерi мыналар:
      2.1. Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған бағалы қағаздардың бастапқы және қосымша эмиссиясының құны;
      2.2. Қазақстан Республикасында шығарылған бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлердегi сату, сатып алу, өтемсiз беру, құрылтайшылар арасында орналастыру, айырбастау, кепiлге салынған бағалы қағаздарды кепiл ұстаушының меншiгiне беру, мұрагерлiкке алу операциялары және оларға меншiк құқығының ауысуымен байланысты бағалы қағаздар жөнiндегi басқа операциялар кезiндегi бағалы қағаздардың нарықтық құны.
      Қазақстан Республикасы аумағында шетелдiк эмитенттер айналысқа шығарған бағалы қағаздар осы Жарлыққа сәйкес басқа да бағалы қағаздармен бiрге тең жағдайлар негiзiнде бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салық салынады.
      Айналысқа отандық және шетелдiк эмитенттер материалдық, сол сияқты материалдық емес түрде шығарған акциялар, облигациялар күйiндегi бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн аталған операциялар салық салуға жатқызылады.
      Тiркеусiз шығарылған немесе заңсыз шығарылған бағалы қағаздар осы нұсқаулықтың 3 тармағында келтiрiлген ставка бойынша жалпы белгiленген тәртiппен салық салынуға жатқызылады.
 
                III. Салық ставкалары және жеңiлдiктер
      3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы бағалы қағаздарды шығаруды /эмиссиясы/ тiркеген кезде эмиссияның көрсетiлген құнының 0,5 процентi мөлшерiнде салық төленедi.
      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы шығарылған бағалы қағаздар эмиссиясының алғашқы және қосымша бағасы, қолданымдағы заңға сәйкес жүргiзiлген акционерлiк қоғамның мүлкiн қайта бағамдау бағасы акциясының эмиссиясынан басқа.
      Мысалы: Акционерлiк қоғам құрылған кезде оның алғашқы акциясының эмиссиясы 1000 мың теңге болды. Сосын Үкiметтiң қаулысына сәйкес мүлiкке қайтадан бағамдау жүргiзiлiп оның жарғылық қоры 5000 мың теңгеге дейiн көбейдi. 4000 мың теңгеге қосымша эмиссия жасағанда акционерлiк қоғам эмиссиясының проспектiсiн қайта тiркегенi үшiн салықтан босатылады.
      4. Орталық атқарушы өкiмет органдары /мемлекеттiк комитеттер, министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi өкiлдi, атқарушы органдар/ шығарған бағалы қағаздардың қозғалысы бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде олардың сатылу құнының 1000 теңгесiнен 1 теңге мөлшерiнде алдыңғы абзацта көзделген тәртiппен салық төленедi.
      5. Басқа заңды және жеке тұлғалар шығарған бағалы қағаздардың қозғалысы бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде олардың сатылу құнының әрбiр 1000 теңгесiнен 3 теңге мөлшерiнде салық төленедi.
      6. Сатып алу бағасы көрсетiлген құнынан төмен болған жағдайда немесе ақысыз-пұлсыз басы бүтiн берiс, сыйға беру, мұраға қалдыру кезiнде бағалы қағаздың көрсетiлген құнынан сол мөлшерде салық төленедi.
      Мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясы салық салуға жатпайды.
 
                      IV. Салық сомасын белгiлеу
      7. Төлеушiлер салық сомасын эмиссия құны мен бағалы қағаздар қозғалысы жөнiндегi операциялар бойынша мәмiле сомасына және салық ставкаларына қарай дербес есептейдi.
      Салық сомасы эмиссияның көрсетiлген құнына сүйене отырып, бағалы қағаздардың әрбiр шығарымы бойынша бөлек есептеледi.
 
                 V. Салық төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi
      8. Бағалы қағаздардың эмиссиясын тiркеген кезде эмитент тiркеушi органға тиесiлi салық сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат тапсыруға мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен тәртiптi бұза отырып, эмитент жүзеге асырған бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеуден бас тартылған жағдайда, төленген салық қайтарылуға жатпайды және бағалы қағаздар эмиссиясы кейiнiрек тiркелген кезде ескерiледi.
      Тiркелмеген бағалы қағаздар эмиссиясы жағдайларында бағалы қағаздар эмиссиясының басталуы салықты төлеу мерзiмi болып есептеледi.
      Бағалы қағаздардың қозғалысы жөнiндегi операцияларды сатушы немесе сатушының тапсыруы бойынша делдал жүзеге асырған кезде сатып алушы /алушы/ осы операциялардың жүзеге асырылуы сәтiнде сатушының шотына салық енгiзедi. Сатушының шотына түскен салықты ол банктiк үш күн iшiнде бюджетке енгiзедi:
      N 1 мысал. "А" фирмасы 100,0 мың теңге сомасында "Б" компаниясының акциясын сатып алды. Осы "А" фирмасы "Б" компаниясына бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салынатын салықпен бiрге 100,3 мың теңге сомасына ақшалай қаржы аударды. "Б" компаниясының акциясын сатушының шотына келiп түскен 0,3 мың теңге /0,003х100,00/ мөлшерiндегi салық банктiк үш күн iшiнде бюджетке енгiзiлуi тиiс.
      Биржа нарығындағы мәмiленi жүзеге асырған кезде бағалы қағаздарды сатып алушылар /алушы/ осы мәмiлелердi бiр мезгiлде ресiмдей отырып, қор биржаларындағы есеп айырысу бөлiмдерiнiң шоттарына салық енгiзiледi. Қор биржалары салыққа тиесiлi соманы мәмiленi ресiмделгеннен кейiн банкiлiк үш күн iшiнде енгiзедi.
 
      N 2 мысал.
      Қор биржасында 200,0 мың теңге сомасында акциялар сатып алған "Б" фирмасы биржаның есеп айыру шотына 200,6 мың теңге бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салынатын салықпен қоса ақшалай қаржы аударды.
      Қор биржасы 0,6 мың теңге мөлшерiнде салық сомасын банктiк үш күн iшiнде бюджетке аударуы тиiс.
      акциялар және облигациялар бойынша операцияларды /алушыларды/ эмитенттiң шотына салық енгiзедi. Эмитент салықтардың тиесiлi сомасын осы сома есепке алынғаннан кейiнгi келесi айдың 20-да бюджетке енгiзедi.
 
      N 3 мысал.
      Акционер Иванов А.А. "А" акционерлiк қоғамынан /эмитент/ 10000 теңге сомасына акция сатып алып, бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салынатын салықпен қоса қоғам кассасына 10030 теңге аударды.
      "А" акционерлiк қоғамы /эмитент/ 30 теңге мөлшерiндегi тиесiлi салық сомасын келесi айдың 20-на дейiн бюджетке енгiзедi.
      Бағалы қағаздармен операциялар жасауға салынатын салық жөнiндегi декларацияны салық төлеушi салық қызметiнiң органдарына есеп берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20 күнiне дейiн Бас мемлекеттiк салық инспекциясы белгiленген нысан бойынша ұсынады.

 

     Егер тоқсандық орташа төлемдер жылына 20 ең төменгi айлық жалақыдан

кем болса, декларация жылына 1 рет ұсынылады.


              VI. Төлеушiнiң жауапкершiлiгi және салық

                        төлеуге бақылау жасау

     9. Бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салынатын салықты

толық әрi уақытылы төлеу жауапкершiлiгi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес

салық төлеушiге жүктеледi.

     10. Салықты дұрыс есептеу және уақытылы төлеуге Қазақстан

Республикасы заңдарына сәйкес салық органдары бақылау жасайды.


     Бас салық инспекциясының

     бастығы - Қазақстан

     Республикасы Қаржы

     министрiнiң бiрiншi

     орынбасары


     КЕЛIСIЛДI:


     Қазақстан Республикасы

     Әдiлет министрiнiң

     орынбасары



                                        Қазақстан Республикасы



                                        Қаржы министрлiгi Бас

                                        салық инспекциясының

                                        Нұсқаулығына N 1 қосымша

                                        "___"_____________ 1995 ж.

                                                N _____

                                        _________________________

                                              /қала, аудан/

                                        ___________ бойынша салық

                                        инспекциясы

                                        Табыс ету мерзiмi _______

                                        Нақты табыс етiлдi ______



 
 
               Заңды /жеке/ тұлғалардың бағалы қағаздармен

 

                  жүргiзiлетiн операциялары бойынша


                             ДЕКЛАРАЦИЯ


                      ________ тоқсан 199  жыл


     _______________________________________________________________

     Көрсеткiштер                       Төлеушiнiң  Салық инспекция.

                                        деректерi   сының деректерi

                                        бойынша     бойынша

     _______________________________________________________________


     1. Бағалы қағаздар /акциялар,

        облигациялар/ эмиссиясының

        құны


     2. Бағалы қағаздар эмиссиясы

        құнынан эмиссия /0,5/

        бөлiгiнде бағалы қағаздармен

        /акциялармен, облигациялармен/

        жүргiзiлген операцияларға

        салынатын салық


     3. Өткiзiлген бағалы қағаздар

        /акциялар, облигациялар/


     4. Бағалы қағаздардың

        қозғалысы бөлiгiндегi

        бағалы қағаздармен

        жүргiзiлетiн операцияларға

        салынатын салық /1000 теңгеден

        1 теңге/


     5. Қалған бағалы қағаздар /акциялар,

        облигациялар/ өткiзiлген


     6. Бағалы қағаздар қозғалысы

        бөлiгiндегi бағалы қағаздармен

        жүргiзiлген операцияларға

        салынатын салық /1000 теңгеден

        3 теңге/


     7. Бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн

        операцияларға салынатын салықтың

        барлығы


     8. Бюджетке бағалы қағаздармен

        жүргiзiлген операцияларға

        салынатын салық аударылды


     Анықтамалық:


     а/ Қор биржасының есепшотына енгiзiлген бағалы қағаздармен

жүргiзiлген операцияларға салынатын салық сомасы;

     б/ сатушы мен эмитент енгiзген бағалы қағаздармен жүргiзiлген

операцияларға салынатын салықтың сомасы.

     Заңды және жеке тұлғалардың есеп айырысу және басқа да шоттары

бар барлық банкiлердiң атауы:


     Банк мекемесiнiң аты                 Шот нөмiрi

     _________________________          ____________________________

     Кәсiпорын /бiрлестiк, ұйым/        Салық инспекциясының

     басшысы                                    басшысы

     _________________________          ____________________________

                /қолы/                          /қолы/

     Бас бухгалтер                      Бөлiм бастығы

     _________________________          ____________________________

                /қолы/                          /қолы/





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады