Кеден төлемдерiн алу туралы НҰСҚАУ

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi 1995 жылғы 11 қыркүйектегі N 106-II. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті Төрағасының 2001 жылғы 9 ақпандағы N 45 бұйрығымен. ~V011416

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн бұйрық етемiн:
      1. "Кеден төлемдерiн алу туралы" Нұсқау бекiтiлсiн және 1995 жылдың 1 қазанынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Облыстық кеден басқармалары мен кедендердiң бастықтары:
      - осы Нұсқауға сәйкес жұмыс ұйымдастырылсын;
      - осы Бұйрықтың күшi барлық құрылымдық бөлiмшелерге жеткiзiлсiн;
      - осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Р.К. Куватовқа жүктелсiн.

      Төраға
                                                Қазақстан Республикасы 

Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi 1995 жылғы 11 қыркүйектегі N 106-II бұйрығымен бекітілген


                        Кеден төлемдерiн алу туралы

                              НҰСҚАУ
     
     1. Кеден төлемдерiнiң түрлерi
     Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзуде 
және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы 
кеден iсi туралы" заң күшi бар Жарлығымен  

Z952368_

  белгiленген басқа 
жағдайларда төмендегiдей кеден төлемдерi белгiленедi:
     1. кеден баж салығы;
     2. маусымдық кеден баж салығы;
     3. арнаулы кеден баж салығы;
     4. антидемпинг баж салығы;
     5. орнын толтыру баж салығы; 
     6. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия беруi
        үшiн төленетiн ақы;
     7. кеден құжаттарын толтыру жөнiндегi маманға 
        квалификациялық аттестат беру үшiн төленетiн ақы;
     8. кеден құжаттарын толтыру үшiн кеден ақысы;
     9. тауарларды сақтау үшiн кеден ақысы;
     10. тауарларды кедендiк алып жүру үшiн төленетiн ақы;
     11. хабарлау мен кеңес беру үшiн төлем ақы;
     12. алдын ала шешiм қабылдау үшiн төлем ақы;
     13. кеден аукциондарына қатысқаны үшiн төленетiн
         төлем ақы.

          2. Кеден төлемдерiн төлеушiлер


      Кеден төлемдерi тiкелей декларант немесе Қазақстан Республикасының кеден заңына сәйкес басқа адамдар арқылы төленедi (әрi қарай - кеден төлемдерiнiң төленуiне жауапты адамдар).
      Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кез-келген мүдделi адам кеден төлемдерiн төлеуге құқылы.

           3. Кеден төлемдерiн төлеу үшiн жауапкершiлiк
      3.1. Кеден төлемдерiнiң төленуiне жауапты адам кеден төлемдерiнiң дұрыс есептелуiн және уақытында төленуi үшiн кеден органдары алдында жауапты.
      3.2. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде Қазақстан Республикасы кеден заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар ретiнде Республиканың кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар, соның iшiнде көлiк құралдары, белгiлi бiр кеден режимiне немесе уақытша сақтау қоймасына қойылғанға дейiн, кеден төлемдерiнiң төленуi үшiн тасымалдаушы (кеден тасымалдаушысы) жауап бередi.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағы шекарасынан тауарларды сыртқа шығару кезiнде кеден төлемдерiн төлеу үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзушi адамға жүктеледi.
      3.3. Уақытша сақтау қоймаларындағы тауарларға қатысты кеден төлемдерiнiң төленуi үшiн осы қойма иесi жауап бередi.
      Егер уақытша сақтау қоймасының иесi Қазақстан Республикасының кеден органы болып табылса, онда кеден төлемдерiнiң төленуi үшiн жауапкершiлiк тауарларды уақытша сақтау қоймасына қойған адам жауап бередi, ал бұндай адам болмаған кезде тауарлардың меншiк иесi болып табылатын адам.
      3.4. 3.3. тармақтың ережелерi тауарлар жоғалған, олар кеден органының рұқсатынсыз берiлген жағдайда және осы секiлдi басқа жағдайларда тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар адамға iс жүзiнде берiлген сәтке дейiн, олардың кеден құжаттары толтырылған соң қолданылады.
      3.5. Тауарларға кеден құжаттары толтырылған кезде кеден төлемдерiнiң төленуi үшiн декларант жауап бередi.
      Егер Қазақстан Республикасында кеден шекарасы арқылы тауарлар өткiзетiн адам декларант болып табылмаса, ол адамға кеден төлемдерiнiң төленуi үшiн декларантпен бiрге ынтымақтас жауапкершiлiк жүктеледi.
      Сатып алу - сату немесе алмастыру шарты бойынша тауар жеткiзу жүзеге асырылған кезде, сыртқы сауда шартын жасаған адам немесе мәміле жасаған кезде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлiп отырған тауарларды сатып алушы (импорттық тауарларды жеткiзгенде) немесе сатушы (экспорт тауарларды жеткiзгенде) болған адамға кеден төлемдерiнiң төленуi үшiн декларантпен бiрге ынтымақтас жауапкершiлiк жүктеледi.
      3.6. Белгiлi бiр кеден режимiне қойылған тауарларды пайдалану кезiнде, кеден төлемдерiнiң төленуi үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден органының актiлерi белгiленген адамдарға жүктеледi (бұдан әрi Кеден Комитетi).
      3.7. Кеден төлемдерiнiң төленуiн қамтамасыз ету ретiнде банк немесе банк операцияларының жеке түрлерiн жүзеге асыратын ұйым кепiлi пайдаланған кезде, тауар кепiлдiгi немесе кеден органының депозитiне ақша қаражатын салған кезде қамтамасыз етiлген төлемдердiң төленуi үшiн Кеден Комитетiнiң нормативтiк актiлерiмен белгiленген адамдарға жауапкершiлiк жүктеледi.
      3.8. Кеден органдарының лицензия беруi және лицензия күшiн қайта жаңартуы үшiн, сондай-ақ кеден құжаттарын толтыру жөнiндегi маманның квалификациялық аттестатын беруi және аттестат күшiн қайта жаңарту үшiн алынатын алымдардың төленуi үшiн жауапкершiлiк лицензия не аттестат берiлетiн адамға жүктеледi.
      3.9. Тауарларды сақтау үшiн алынатын кеден алымдарының төленуi үшiн жауапкершiлiк тауарларды сақтауға қойған адамға жүктеледi.
      3.10. Тауарларды алып жүру үшiн алынатын кеден алымдарының төленуi үшiн тасымалдаушы жауап бередi.
      3.11. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз өткiзген кезде кеден төлемдерiнiң төленуi үшiн кеден органдары алдындағы жауапкершiлiк, егер бұндай өткiзудiң заңсыз екендiгiн өткiзуге қатысушы адамдар бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, осы адамдарға жүктеледi, ал тауарларды әкелген кезде - егер сатып алу сәтiнде олар тауарлардың заңсыз әкелiнгенiн бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, заңсыз әкелiнген тауарларды меншiгiне немесе иелiгiне сатып алған адамдар жауап бередi).
      3.12. Осы Нұсқаудың 1 тарауы 9-13 талаптарында көрсетiлген кеден төлемдерiнiң төленуi үшiн жауапкершiлiк кеден комитетiнiң нормативтiк актiлерi белгiлеген адамдарға жүктеледi.

         4. Кеден төлемдерiнiң төлену мерзiмдерi
      4.1. Кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын кеден баж салықтарымен кеден алымдары кеден декларациясы қабылданғанға дейiн немесе ол қабылданған күнi төленедi.
      Егер кеден декларациясы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығында бекiтiлген мерзiмде бермеген болса, онда кеден төлемдерiнiң төлену мерзiмдерi кеден декларациясы берiлуiнiң белгiленген мерзiмi бiткен күннен бастап есептеледi.
      4.2. Айрықша жағдайларда, кеден органының шешiмi бойынша төлеушiге кеден төлемдерiнiң төлену мерзiмiн ұзарту немесе оны бөлiп төлеу ұсынылуы мүмкiн.
      Кеден төлемдерiнiң төлену мерзiмiн ұзарту не бөлiп төлеудi ұсынудың тәртiбiн "кеден баж салығын төлеу бойынша мерзiм ұзарту (бөлiп төлеу) ұсыну тәртiбi туралы" Нұсқаумен белгiленген.
      4.3. Осы Нұсқаудың I тарауы 6 және 7 тармақтарында көрсетiлген кеден төлемдерi Қазақстан Республикасы кеден органдары лицензиямен квалификациялық аттестат бергенге дейiн немесе қайта жаңартқанға дейiн төленедi.
      4.4. Тауарларды кеден қоймасына сақтау үшiн алынатын кеден алымдары осы тауарлар белгiленгенге дейiн немесе ол берiлген кезде төленедi.
      4.5. Тауарларды кедендiк алып жүру үшiн кеден алымдары кеден органы тауарларды кедендiк алып жүрудi жүзеге асыру туралы кеден комитетiнiң бекiткен тәртiбiне сәйкес шешiм қабылдаған соң, бiрақ ол iс жүзiнде басталғанға дейiн төленедi.

           5. Кеден төлемдерiнiң төлену тәртiбi
      5.1. Кеден төлемдерi кеден құжаттарын толтыратын кеден органына, немесе қоймасында тауарлар сақтаулы тұрған немесе ақпарат, кеңес беретiн, алдын-ала шешiм қабылдайтын немесе лицензиямен квалификациялық аттестат беретiн кеден органы төленедi (бұдан әрi - кеден органы).
      5.2. Төлеушiнiң қалауы бойынша, кеден төлемдерiнiң Қазақстан Республикасының валютасында да, курстарына Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi баға белгiлейтiн шетел валютасында да төлене алады, бұндай төлем тек шетел валютасында ғана төленетiн жағдайларды қоспағанда.
      5.3. Кеден құжаттарын толтыруға алынатын алымдардың төленуiн қоспағанда, кеден төлемiнiң бiр түрi бойынша кеден төлемдерiн әртүрлi түрде төлеуге тек кеден органының келiсiмi бойынша жол берiледi.
      5.4. Шетел валютасын Қазақстан Республикасының валютасына қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң кеден декларациясы қабылданған күндегi курсы бойынша жасалады.
      Валютаны қайта есептегендегi сома бүтiн санға дейiн дөңгелектеу ережесi бойынша дөңгелектенедi.
      5.5. Кеден төлемдерi кеден органдарына Қазақстан Республикасының заңдары бекiткен сомалар шегiнде аударумен де, кеден органының кассасы арқылы қолма-қол есеп айырысумен де төленедi.
      Кеден құжаттары толтыратын кеден органының және Кеден комитетiнiң есеп шоттарына түсетiн барлық аударулар Қазақстан Республикасының ұлттық банкi белгiлеген тәртiпке сәйкес төлеу тапсырмасы немесе өзге төлеу құжаттары түрiнде дайындалуы тиiс.
      5.6. Кеден төлемдерiн ақшасыз аудару тәртiбi кезiнде банктiң жасалған төлемдi растайтын белгiсi бар төлеу құжатының данасы, және өткiзiлген операциясы дәлелдейтiн банк жазбасы төлемнiң жасалғанын растайды.
      Төлеу құжатының "Код" бағандарында төлеушiнiң МФО мен РНН көрсетiлуi тиiс, ал "төлемнiң мақсаты" бағанында мыналар көрсетiлуi тиiс:
            "Кеден төлемiнiң төленуi (түрi)
             шарттың (келiсiм шарттың) номерi" төлеу құжатының "Төлем мақсаты" бағанында шарт (келiсiм шарт) болмаған жағдайда көлiк құжаттарының номерлерi көрсетiледi.
      5.7. Кеден төлемдерi сомасын кеден органының есеп-шотына үшiншi бiр мүдделi адам төлеген жағдайда, ақша қаражатын аударуға берiлген төлем тапсырмасында "Код" бағанында МФО және РНН көрсетiлуi тиiс, ал "төлем мақсаты" бағанында МФО және РНН кодтары көрсетiлiп ақша қаражатының қандай адам мүддесi үшiн салынып жатқаны көрсетiлуi тиiс.
      5.8. Кеден төлемдерiн төлеуге берiлген төлеу құжатының көшiрмесi және жасалған төлемдi көрсететiн банк жазбасы ГТД бiрiншi данасымен қоса кеден органы архивiнде сақталады.
      5.9. Айрықшалық ретiнде Кеден комитетiнiң жазбаша рұқсаты бойынша кеден төлемдерi Кеден комитетiнiң есепшоттарына төленедi.
      Бұндай жағдайларда төлеу құжатының "Код" бағанында төлеушiнiң МФО және РНН кодтары, ал "Төлем мақсаты" бағанында "Кеден төлемдерiнiң төленуi" сөзiнен соң мiндеттi түрде мыналар көрсетiледi:
      - кеден төлемiнiң түрi;
      - кеден органының толық атауы;
      - шарттың номерi (келiсiм-шарттың);
      - Кеден органының кеден төлемдерiн оның депозиттiк есепшотына төлеуге берген рұқсаты.
      Кеден органының кеден төлемдерiн оның депозиттiк есеп-шотына төлеуге берген рұқсаты төлеушiнiң Кеден комитетiне берген жазбаша арызы негiзiнде берiледi.
      Көрсетiлген жағдайда кеден органдары Кеден комитетiнiң есепшотына аударуға берiлген төлем тапсырмалары мен банк жазбаларын тек қана Кеден комитетiнiң осы төлемдi жасауға берген жазбаша рұқсаты мен төленген ақша қаражатының оның есепшотына түскендiгiн растайтын жазбаша дәлелдемесi болған кезде қабылдайды.
      5.10. Шетел валютасында төленетiн кеден төлемдерi кеден органының валюталық есепшотына аударылған жағдайда, ақша қаражатын аудару үшiн комиссия төлеушiнiң есебiнен алынады.
      Аталған соманы аударылатын сома есебiнен алған кезде, яғни кеден есепшотына төленуге тиiс кеден төлемiнiң аз мөлшерi келiп түскенде, кеден органдары тек iс жүзiнде келiп түскен сомаларды ғана кеден төлемдерiнiң төленуiне есептейдi.
      Кеден төлемдерiн аударуға берiлген төлеу құжаты осы нұсқаудың 5.8.,
5.7 және 5.9.-тармақтарындағы талаптар қадағаланбай толтырылған болса, кеден комитетi оны қабылдаудан бас тартады.
      5.11. Кеден төлемдерiнiң сомасы қолма-қол ақшамен кеден органының кассасына төленген кезде жасалған төлемдi растайтын касса ордерiнiң көшiрмесi Кеден жүк декларациясының бiрiншi данасымен бiрге кеден органының архивiнде сақталады.
      5.12. Кеден төлемдерi Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетiлген баптарға сәйкес кеден режимдерiнiң көрсетiлген жүйесi бойынша төленедi.
      Кеден төлемiнiң сомасы кеден жүйесiндегi көрсетiлген бағаларға сәйкес дөңгелектенедi.
      5.13. Кеден төлемдерiне қарыздар болып қалған жағдайда немесе көлiк құралдарын кеден органдары өтемдi толық төлеп бiткенше босатпайды.
      Кеден комитетiнiң арнайы нормативтiк актiлерi белгiлейтiн жағдайларды қоспағанда, кеден төлемдерiн төлеу бойынша қарыз орын алған кезде қарыз толық төленгенше тауарларды не көлiк құралдарын босату жүзеге асырылмайды.

          6. Кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын
                     кеден алымдары
      6.1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар және көлiк үшiн кеден құжаттарын толтыру мақсатында кеден алымы алынады.
      6.2. Кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын алым кеден декларациясы қабылдағанға дейiн не ол төленген кезде төленедi. Ал оны кейiнге қалдыру не бөлiп төлеуге рұқсат етiлмейдi. Осы Нұсқаудың 9 тарауындағы 9.6-тармағы "в" және "и" тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден құжаттарын төлеу үшiн алынған кеден алымдарының артық төленген сомасы иесiне қайтарылмайды.
      6.3. Кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын кеден алымдары Қазақстан Республикасының валютасымен де курсын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi тауарлар мен көлiк құралдары құнының 0,2 % мөлшерiнде белгiлейтiн шетел валютасымен де алынады.
      6.4. Тауарлар мен көлiк құралдары құжаттарын осыған арналған орыннан тыс жерде және Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде толтыру үшiн кеден құжаттарын толтыру үшiн кеден алымдары екi есе мөлшерде алынады.
      Бұл жағдайда тауарды қабылдаушы (жiберушi немесе тауарларды қабылдаушы) жiберушi болып табылатын оның құрылымдық бөлiмшесi орналасқан кеден органының қызмет ету аумағынан тыс жерде тауарлар мен көлiк құралдарына құжат дайындау де кеден құжаттарын толтыру үшiн белгiленбеген жерде тауарлар мен көлiк құралдарына құжат толтыру ретiнде қарастырылады.
      6.5. Тауарлар мен көлiк құралдарына кеден құжаттарын толтыру үшiн алынатын кеден алымдарынан есептеу кезiнде шыққан сомалар бүтiн санға дөңгелектенедi.
      6.6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 149-бабына сәйкес көлiк құралдары мен тауарларға кеден құжаттарын толтыру кеден алымдарын алудан босатылады.
      6.7. Жеке адамдардың кеден құжаттарын толтыру үшiн алым төлеу мөлшерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасы аумағы арқылы жеке адамдардың тауар өткiзу ережелерiмен белгiленген.

              7. Кеден баж салығы
      7.1. Қазақстан Республикасы кеден аумағы арқылы өтетiн тауарлар Қазақстан Республикасы тарифiне сәйкес кеден баж салығын салуға жатады.
      7.2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 149 және 150-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден баж салықтарының бағасы жалпыға бiрдей болып табылады және Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тауар өткiзетiн адамдарға, мәмiле түрлерiне және басқа факторлерге қарамастан өткiзуге жатпайды.
      7.3. Әкелiнетiн және шығарылатын тауарларға салынатын кеден баж салықтарының бағаларын Кеден-тарифтiк кеңесiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi белгiлейдi және ол жарияланған күнiнен кейiн бiр ай өткен соң күшiне енедi.
      7.4. Кеден баж салығының бағалары кеден органы кеден декларациясын қабылдаған күнi қолданылады.
      7.5. Кеден баж салықтары Қазақстан Республикасы валютасында да, шетел валютасында да төленедi.
      Шетел валютасын Қазақстан Республикасы валютасына қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң кеден декларациясы қабылдаған күндегi курсы бойынша жасалады.
      7.6. Әкелу кеден баж салықтарының бағалары тауардың шығарылған елiне байланысты сараланып қолданылады.
      7.7. Қазақстан Республикасы сауда-саясат қатынасында барынша көмектесу режимiн қолданатын мемлекеттен әкелiнген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бекiткен әкелу кеден баж салықтарының ставкалары қолданылады.
      7.8. Қазақстан Республикасы преференция ұсынған жағдайды қоспағанда сауда-саяхат қатынасында барынша көмектесу режимi көзделмеген мемлекеттен шыққан, немесе шыққан елi анықталмаған тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығында белгiленген кеден баж салықтарының ставкалары екi есе көбейедi.
      7.9. Дамушы елдерде шығарылған кейбiр тауарларға қатысты кеден баж салықтарының екi есе азайтылған ставкалары қолданылады.
      7.10. Барынша аз дамыған елдердiң шығарған кейбiр тауарларға қатысты кеден баж салықтары қолданылмайды.
      7.11. Халықаралық келiсiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасы кеден аумағына кiргiзiлетiн тауарларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден аумағынан шығарылатын тауарларға осыған сәйкес әкелу және шығару баж салықтары салынбайды.
      7.12. Кеден баж салығынан босатылған тауарлар мен кедендiк

құрылымдары, кеден баж салығын төлеу бойынша тарифтiк жеңiлдiктер мен 
олардың өткiзiлетiн тауарларға қатысты берiлу тәртiбi Қазақстан 
Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығымен 
белгiленген.
     7.13. Әкелу баж салығын есептеу.
     7.13.1. Бiр тауарға ЭКЮ ставкасы бойынша әкелу баж салығы салынатын 
тауарларға қатысты есептеудiң негiзi тауарлардың тиiстi мөлшерi болып 
табылады.
     7.13.2. Бiр тауарға ЭКЮ ставкасы бойынша әкелу баж салығы салынатын 
тауарларға қатысты әкелу кеден баж салығын салу мына формула бойынша 
жасалады.
          Пиn 1 = Bm * Cun 1 * Ка/кbк, мұндағы
     Пun 1 - әкелу баж салығының мөлшерi;
     Bm - тауардың саны;
     Cun - бiр тауардан ЭКЮ-мен алынатын әкелу кеден баж салығының 
ставкасы;
     Ka - Декларация қабылдаған күндегi Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi белгiлеген ЭКЮ-дiң теңгедегi курсы;
     kbk - Декларация қабылдаған күндегi Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi белгiлеген әкелу баж салығы төленiп отырған валютаның 
теңгедегi курсы.
     1 мысал: Қазақстан Республикасы кеден аумағына кiргiзiлген 
тауар-араққа декларация жасалады;
     ТН ВЭД бойынша тауар коды - 220890310;
     тауар саны - 5000 литр;
     шығару кеден баж салығының ставкасы - 1 литрге 2 ЭКЮ;
     әкелу кеден баж салығы немiс маркiсiмен төленедi;
     әкелу кеден баж салығы төленетiн валютаның теңгедегi
     курсы - 1 немiс маркасына 44 теңге;
     ЭКЮ курсы - 1 ЭКЮ-ге 84,3 теңге.
     Шығару кеден баж салығын есептеу:
     Пип 1 = 5000 + 2 ЭКЮ = 84,3/44 = 19 159,1 нем. маркасы


      7.13.3. Тауарлардың кедендiк құнына проценттегi ставка бойынша әкелу

кеден баж салығы салынатын тауарларға қатысты есептеу үшiн тауардың 
кедендiк құны негiз болып табылады.
     7.13.4. Тауардың кедендiк құнына кеден баж салығын есептеу мына 
формула бойынша жасалады:
            Пиn2 = Cm * Cun 2/100, мұндағы

     Пиn 2 - әкелу кеден баж салығының мөлшерi;
     Cm - тауардың кедендiк құны;
     Cun 2 - тауардың кедендiк құнына процентпен белгiленген әкелу кеден 
баж салығының ставкасы.
     2-мысал. Қазақстан Республикасының кеден аумағына кiргiзетiн
              тауар - шашқа арналған лакке декларация жасалады;
              ТН ВЭД бойынша тауардың коды - 3305 30 000;
              тауардың кедендiк құны - 15 1500 АҚШ доллары;
              әкелу кеден баж салығының ставкасы - кедендiк
              құнының 15%
     Әкелу кеден баж салығын есептеу:
             
            Пиn 2 = 15 150 * 15/100 = 2272,5 АҚШ дол.



      7.13.5. Комбинацияланған ставка бойынша әкелу кеден баж салығы салынатын тауарларға қатысты әкелу кеден баж салығы үш кезеңмен есептеледi.
      Алдымен бiр тауар үшiн ЭКЮ - ставкасы бойынша әкелу кеден баж

салығының мөлшерi есептеледi, содан соң кедендiк құнға процент ставкасы 
бойынша кеден баж салығының мөлшерi есептеледi. Төленуге тиiс кеден баж 
салығын есептеу үшiн ең жоғарғы үлкендiк қолданылады.
     3-мысал. Қазақстан Республикасының кеден аумағына кiргiзiлетiн тауар 
- денатурланбаған этил спиртiне декларация жасалады;
     Осы жерде және бұдан соңғы мысалдарда кеден баж салықтарының мөлшерi, 
кеден баж салықтарының ставкалары шартты түрде және мысалдың көрнектiлiгi 
үшiн берiлген.
     ТН ВЭД бойынша тауардың коды - 2208 90910;
     тауардың кедендiк құны - 4500 АҚШ дол.;
     әкелу кеден баж салығының ставкасы - 40%
     бiрақ бiр литрге 2ЭКЮ-дан кем емес;
     тауардың саны - 3000 литр;
     әкелу кеден баж салығы төленетiн валюта курсы - 1 АҚШ дол.
     ЭКЮ курсы - 1 ЭКЮ 84,3 теңге.
     Әкелу кеден баж салығын есептеу:
     1) бiр тауардан ЭКЮ-дегi ставка бойынша әкелу кеден баж салығын 
есептеу:
       Пиn 1 = 3000 * 2 ЭКЮ * 84,3/62 = 8 158,06 АҚШ дол.
     2) тауардың кедендiк құнынан проценттегi ставка бойынша әкелу кеден 
баж салығын есептеу:
        Пиn 2 = 4500 * 40/100 = 1800 АҚШ дол.
     3) шыққан сандар салыстырылады және оның үлкенi алынады:
               Пиn 1 > Пиn 2,

демек, әкелу кеден баж салығын есептеу негiзi ретiнде комбинацияланған ставканың спецификалық құрамын алу қажет (1 литр 2 ЭКЮ).
      Сөйтiп, 8 158 АҚШ доллары мөлшерiндегi әкелу кеден баж салығы төленуi тиiс.
      7.14. Әкелу кеден баж салығын есептеу.
      7.14.1. Тауар бiрлiгi үшiн ЭКЮ ставкасы бойынша шығару кеден баж салығы салынатын тауарларға қатысты есептеу негiзi тауар саны болып табылады.
      7.14.2. Тауар бiрлiгi үшiн ЭКЮ ставкасы бойынша шығару кеден баж

салығы салынатын тауарларға қатысты шығару кеден баж салығын есептеу мына 
формула бойынша есептеледi:
            Пэn 1 = Bm * Сэn 1 * Кэ/Кbк, мұндағы
     Пэn 1 - шығару кеден баж салығының мөлшерi;
     Bm - тауар саны;
     Сэn 1 - 1 тауардан ЭКЮ мөлшерiндегi шығару кеден баж
салығының ставкасы;
     Кэ - Қазақстан Республикасының декларация қабылдаған күнде белгiлеген 
ЭКЮ-дiң теңгедегi курсы;
     Kbk - шығару кеден баж салығы төленiп отырған валютаның теңгеге 
қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлеген курсы.
     4-мысал. Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауар - авиациялық 
бензинге декларация жасалады (маркасы В - 94);
     ТН ВЭД бойынша тауар коды - 271 000 310;
     тауар саны - 30 000 кг;
     шығару кеден баж салығының ставкасы - 1000 кг 40 ЭКЮ;
     кеден баж салығы америка долларымен ЭКЮ курсы - 1 ЭКЮ 84,3 теңге;
     шығару кеден баж салығы төленетiн валюта курсы - 1 АҚШ доллары 
62 теңге;
     Шығару кеден баж салығын есептеу:
             Пэп 1 = 30 000 = 1000 * 40 * 84,3/62 = 1631,61
     7.14.3. Тауардың кедендiк құнына проценттегi ставка бойынша
шығару кеден баж салығы салынатын тауарға қатысты шығару кеден баж салығы 
мына формула бойынша есептеледi:
        Пэn 2 = См * Сэn 2/100, мұндағы
     Пэn 2 - шығару кеден баж салығының мөлшерi;
     См - тауардың кедендiк құны;
     Сэn 2 - тауардың кеден құнының процентiне белгiленген
шығары кеден баж салығының ставкасы;
     5-мысал. Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауар -
              тот баспайтын болатын жасалған құбырларға
              декларация жасалады;
              ТН ВЭД бойынша тауар коды - 7304 39990;
              тауардың кедендiк құны - 150 000 АҚШ дол.;
              шығару кеден баж салығының ставкасы - кедендiк
              құнның 30%
     Шығару кеден баж салығын есептеу:
             Пэn = 150 000 * 30/100 = 45 000 АҚШ дол.

             8. Аванстық төлемдер


      8.1. Кеден төлемдерiн төлейтiн адам өз қалауы бойынша кеден құжаттарын толтыратын кеден органының келiсiмi бойынша аталған кеден органының есепшотына болашақ кеден төлемдерi есебiне аванспен ақша қаражатын аудара алады (Аванстық төлемдi жүзеге асыру).
      8.2. Аванстық төлем, кеден органымен келiсу бойынша, кеден органының есепшотына теңгемен де, шетел валютасымен де салынады.
      Бұл жағдайда төлеу құжатында "Төлеудiң мақсаты" болғанында мыналар көрсетiлуi тиiс:
      "Аванстық төлем _____________________(сомасы)".
      8.3. Аванстық төлемдердi кеден төлемдерiн төлеушi не төлемнiң нақты түрi бойынша, бұл туралы төлеу құжатының мақсат бағанында көрсетiлуi тиiс, не кеден төлемiнiң нақты түрi көрсетiлмей жалпы сомамен салына алады.
      8.4. Аванстық төлем салынған төлемнiң нақты түрi көрсетiлмей, ақша қаражаты салынған жағдайда, аванстық ақша қаражатын есептен шығару аванстық ақша қаражатын салған сыртқы экономикалық байланыстардың нақты қатысушысы аударған төлемдердiң барлық түрi бойынша, толтырылған кеден декларацияларына сәйкес, сондай-ақ төлеушiнiң кеден органы алдындағы қарыздарының барлық түрi бойынша жасалады.
      8.5. Төлеушiден жазбаша сұрау салу қағазы келген кезде, кеден органы оған кеден төлемдерiн төлеу ретiнде аванспен салынған ақша қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат бередi.
      8.6. Аванстық төлемдер жұмсалмай кеден органының есепшотында бiр жылдан артық тұрмайды.
      Көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн төлеушi аванстық төлемдерге иелiк ету, немесе оларды қайтару туралы арызбен есепшотына аванстық төлемдер салынған кеден органына баруға мiндеттi. Бұлай болмаған жағдайда, жоғарыда көрсетiлген мерзiм аяқталған соң, аванс ретiнде аударылған ақша қаражаттары белгiсiз қаражаттар ретiнде республикалық бюджет кiрiсiне аударуға жатады.
      Бұл тармақтың ережесi аванстық төлемдерге қолданылмайды:
      - егер олардың қалдығы бiр күнтiзбелiк жылда құрылса;
      - егер олар бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде кезеңмен шығындалып тұрса және толықтырылып отырса.
      8.7. Төлеушi үнемi жұмсап және толтырып отыратын аванстық кеден төлемдерiнiң сомалары олар толық жұмсалғанға дейiн, немесе төлеушi оларды қайтару туралы арыз бергенге дейiн кеден органының есепшотында болады.
      Төлеушiнiң аванстық төлемдi қайтару туралы жазбаша арызын кеден органдары осындай арыз берiлген сәттен бастап 30 күн iшiнде қарайды.
      8.8. Кеден органының есепшотында iс жүзiнде бар аванстық төлем сомалары ғана қайтаруға жатады.

          9. Артық төленген кеден баж салықтарын қайтару
      9.1. Артық төленген кеден баж салықтары төлеушiнiң осы сомалардың төленген немесе алынған сәтiнен бастап бiр жылдан кешiктiрмей кеден органдарына берген арызы бойынша қайтарылады.
      9.2. Артық төленген кеден төлемдерi сомаларын қайтаруды есепшотына осы сомалар салынған кеден органы жүзеге асырады.
      Кеден органының есепшотында қайтаруды жүзеге асыруға қажеттi сомалар болмаған жағдайда, оның ұсынуы бойынша мұндай қайтару Кеден органының есепшотынан жүзеге асырылады.
      9.3. Кеден төлемдерiнiң сомалары қайтарылған кезде кеден баж салықтарын төлеудiң мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу ұсынылғаны үшiн алынатын проценттер, сондай-ақ мерзiмi өткiзiлгенi үшiн алынатын өсiм, егер Кеден комитетiнiң нормативтiк актiлерiнде басқалай көзделмесе, қайтарылмайды.
      9.4. Кеден төлемдерiнiң артық төленген сомаларын қайтару, егер төлеушiнiң арызында басқалай айтылмаса, олардың төленуi жүзеге асырылған есепшоттарға салынады.
      Қайтару төлем жасалған валютада жүзеге асырылады.
      Басқа валютамен қайтару тек Кеден комитетiнiң рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
      Бұған қоса шетел валютасын Қазақстан Республикасы валютасына қайта есептеу және бұны керiсiнше жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кеден декларациясы қабылданған күндегi курсы бойынша жүзеге асырылады.
      9.5. Кеден төлемдерiн қайтару туралы шешiмдi кеден төлемдерi бөлiмi бастығының ұсынуы бойынша кеден комитетiнiң басшысы қабылдайды.
      9.6. Қайтару мынадай жағдайларда жасалады:
      а) тауардың кедендiк құнын нақтылауға байланысты кеден салығы сомаларын қайта есептеу;
      б) егер кеден режимiнiң шарттарында кеден баж салығының бұрын төленген сомасын қайтару көзделсе;
      в) егер тауарларға кеден баж салықтары екi рет салынса;
      г) егер экспорттық жеткiзу болмай қалса;
      д) кеден баж салықтарының ставкалары өзгергенде;
      е) кеден баж салықтарын төлеу бойынша жеңiлдiктер ұсынылғанда;
      ж) кеден баж салықтары төленген тауарлар кеден бақылауымен жоюға жататын болса, немесе оларды әкелу (шығаруға тыйым салынған болса;
      з) кеден баж салығы төленген әкелуге/ шығаруға арналған тауар жойылған болса;
      и) егер кеден бас салықтарын артық төлеу немесе өндiрiп алу төлеген немесе өндiрiп алынған валюта курсының өзгеруi нәтижесiнде орын алса;
      к) иесi кеден органы болып табылатын кеден қоймасының жойылуына байланысты тауарларды қайтарып беру кезiнде сақтау үшiн алынған кеден алымдары сомаларының бiр бөлiгi қайтарылғанда;
      л) Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген басқа жағдайларда.
      9.7. Кеден органына мiндеттi түрде мына құжаттар берiлген кезде, артық төленген кеден баж салығын және 9.6.-тармақтың "в" және "и" тармақшаларында көзделген кедендiк құжаттар толтыру үшiн алынатын Кеден алымдарын қайтару туралы шешiм қабылданады:
      - төлеушiнiң артық төлеудiң себебi көрсетiлген қайтару туралы өтiнiшi, ақша қаражаттары қайтарылуға тиiс оның банк реквизиттерi көрсетiлген жазбаша арызы;
      - кеден төлемдерi есептелген және алынған құжаттардың көшiрмелерi;
      - өкілеттенген банктiң пайдалану туралы белгiсi бар, кеден төлемдерiнiң тиiстi сомаларының төленуiн растайтын төлеу құжаты,
      - қайтып берудiң негiздiлiгiн растайтын басқа құжаттар.
      9.8. Артық төленген кеден төлемдерiн қайтару кеден төлемдерiнiң төленген сомалары кеден органының есепшоттарына iс жүзiнде келiп түскен жағдайда және артық сомалар қайтарылатын төлеушiнiң кеден органдары алдында кеден төлемдерiн төлеу бойынша қарыздары, айыппұлдары және басқа төлемдерi болмаған кезде жүзеге асырылады.
      Артық төленген кеден төлемдерiнiң сомаларын қайтару төлеушiнiң кеден төлемдерiн төлеу бойынша қарыздары, айыппұлдары және басқа төлемдерi болған кезде тек олар өтелген соң жүзеге асырылады.
      9.10. Кеден төлемдерiнiң артық төленген сомаларын қайтару туралы

шешiм қабылданғанда ақша қаражатын қайтаруға төлеу құжаты дайындалады.
     9.11. Кеден қоймасынан тауарлар белгiленген мерзiмнен бұрын алынған 
кезде сақтау үшiн алынған кеден алымдарының сомалары қайта есептелмейдi 
және кеден органдары олардың қандай да бiр бөлiгiн қайтармайды.
     Иесi кеден органы болып табылатын кеден қоймасын жоюға қатысты пайда 
болған адамның басқа шығындарын, сондай-ақ оның алынбаған кiрiстерiн кеден 
органы толтырмайды.
     9.12. Лицензия жойылған немесе қайта шақырылған кезде оның берiлуi 
үшiн алынған алым қайтарылмайды.
     
     Оқыған:
           Багарова Ж.А.
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады