Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнетiн тауарларға қосымша құнға салық пен акциздердi қолданудың тәртiбi туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi 1995 жылғы 29 қыркүйектегi N 131-П. Күші жойылды - ҚР Салық комитетінің 1998 жылғы 27 тамыздағы N 82 және Қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің 1998 жылғы 1 қыркүйектегі N 153-П бірлескен бұйрығымен. ~V980629

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ "Салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" және 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_ "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлықтарына сәйкес бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясымен бiрге "Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнетiн тауарларға қатысты қосымша құнға салық пен акциздердi қолданудың тәртiбi туралы" нұсқау бекiтiлсiн.
      2. Кеден комитетiнiң баспасөз қызметi (Ә.О.Мұратбаева) осы бұйрықтың

ережелерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
     3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы 
Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi Төрағасының орынбасары Р.К. 
Куватовқа жүктелсiн.

     Төраға

                 Бекiтемiн                         Бекiтемiн
          Бас салық инспекциясының          Қазақстан Республикасы
            бастығы - Қазақстан               Министрлер Кабинетi
            Республикасы Қаржы                жанындағы Кеден
          министрiнiң орынбасары            комитетiнiң төрағасы

            Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн
             тауарларға қатысты қосымша құн мен акциздерге
           (жанама салыққа) салық салуды қолданудың тәртiбi
                            туралы нұсқау

           1. Жалпы ережелер



      1.1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер төлеу туралы" 24.04.95 ж. N 2235 Z952235_ , "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 20.07.95 ж. заң күшi бар Жарлығы негiзiнде жасалды.
      1.2. Қосымша құн салығы осы Нұсқауда, Қазақстанның заң актiлерiнде көрсетiлген, Z952235_ "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер төлеу туралы" Жарлықтың ережелерiне қайшы келмейтiн, Қазақстанның кеден аумағына ТМД мемлекеттерi шегiнен әкелiнетiн тауарларға, сондай-ақ шығарылған елi ТМД-ға қатысушы мемлекет болып табылатын тауарларға қосымша құн салығы белгiленген тәртiп бойынша салынады.
      1.3. Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар ережелерiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, осы Нұсқаудың 1.4. тармағында белгiленген тiзiм бойынша Қазақстан Республикасының кеден аумағына сырттан әкелiнетiн, акцизге жататын тауарларға, сондай-ақ оның шығарылған елi, тауардың акцизге жататын мемлекетi ТМД болмаса, акциз салығы салынады.
      Шығарылған мемлекетi ТМД-ға мүше мемлекеттерден Қазақстан

Республикасының кеден аумағына ТМД әкелiнетiн тауарларға акциз белгiленген 
тәртiп бойынша салынады.
     1.4. Акциз ставкалары тауарларға салынатын кеден салығының 
процентiмен, яки тауардың әр өлшемiне ЭКЮ-мен, яки аталған екi салық түрiн 
үйлестiру арқылы ставкалар қосып белгiленедi.
     Қазақстан Республикасына сырттан әкелiнетiн акцизге жататын тауарлар 
тiзiмi:
     1) iшiмдiк этиль спитрi және тамақ шикiзатынан тазартылып жасалған 
этиль спиртi;
     2) арақ;
     3) ликер-арақ бұйымдары;
     4) күшейтiлген iшiмдiктер, күшейтiлген шырын және бальзам;
     5) шарап;
     6) коньяк;
     7) шампан шарабы;    
     8) сыра;
     9) шарап материалдары;
     10) темекi бұйымдары;
     11) темекiсi бар басқа бұйымдар;
     12) бекiре және арқан балық, бекiре және арқан ұрығы, бекiре және 
арқан балықтан және ұрықтан дайындалған таңсық тамақтар;
     13) алтын, платина немесе күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар;
     14) өңделген және өңделмеген мех терiлер (көртышқан, қоян, ит, бұғы, 
қой терiлерiнен басқа);
     15) табиғи мех бұйымдары, пальто, шолақ пальто, кеудемше, жамылғы, 
палантин, боа, бөкебай, бас киiм, жаға, тон, тiлiк пен қоса (көртышқан, 
қоян, ит, бұғы, қой терiлерiнен басқа);
     16) пальто, шолақ пальто, кедемше, мехтан өңдеп қолданған жамылғылар 
(көртышқан, қоян, ит, бұғы, қой терiлерiнен басқа);
     17) табиғи терiден жасалған киiмдер;
     18) хрусталь бұйымдар, жарық беретiн хрусталь аспаптар;
     19) бензин (авиациялықтан басқа), дизель майы;
     20) жеңiл автомобиль;
     21) атылғыш және газ қарулары (мемлекеттiк билiк органдары мұқтажы 
үшiн алынғаннан басқа);


      1.5. Акциз ставкасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi және акцизге жататын, сырттан әкелiнетiн табиғи түрiндегi таза көлемi немесе кеден құнының процентiмен белгiленедi.
      1.6. ҚҚС мен акциз Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсi белгiлеген бағамен теңге, шет ел валютасы түрiнде де есептелiп төленедi.
      Шетел валютасы Қазақстан Республикасының валютасына аударылғанда, олардың бағамы Қазақстан Республикасының кеден декларациясы қабылданған күнгi белгiленген бағамымен есептеп шығарылады.
      Салық кеден органының депозит шотына түсiрiлiп, содан соң осы Нұсқаудың 7.3. тармақтарында белгiленгендей, салық сомасы бюджетке аударылады.
      1.7. Кеден органдары келесi есептi айдың 5-не дейiн ай сайын салық органына есептi кезеңде ҚҚС мен акцизден есептелiп, түскен салық сомасы туралы хабарлайды.
      ҚҚС мен акцизден бюджетке есептелiп, түскен салық сомасы, сондай-ақ мерзiмi өткен төлемдер туралы мәлiметтердi облыстық және Алматы қалалық салық инспекциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясына келесi есептi айдың 10-нан қалдырмай тапсырылады.

            2. Қосымша құн мен акциз салығын төлеушiлер

      2.1. Сырттан тауар әкелушi барлық заңды тұлғалар мен жеке адамдар төлеушiлер болып табылады, ҚҚС мен акциздi кеден iсi жөнiндегi нормативтi актiлер белгiлеген декларант яки басқа адам басқа да кеден салығымен бiр мезгiлде, яғни кедендiк толтыруға арналған кедендiк жүк декларациясы қабылданғанға немесе қабылданғаннан кейiн төлейдi.
      Салық төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған жағдайда, салық төлеу жөнiндегi жауапкершiлiк шарт ұстаушыға жүктеледi.
      Төлемдер қайта қаралған, соның iшiнде кеден құны өзгерiске ұшыраған жағдайда төлемдi өндiру де, сондай-ақ айыппұл мен өсiмдi өндiрiп алу да тауарлы импорттаушы жауапты адамнан өндiрiлiп алынады.

          3. ҚҚС мен акцизден құтқару

      3.1. Төменде көрсетiлген тауарлар акциз төлеуден құтқарылады:
      а) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бекiткен норма бойынша сырттан әкелетiн адамдардың тауарлары;
      б) жолға шыққан кездегi және аралық аялдамаларда жүк, багаж және жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру, пайдалану үшiн көлiк құралдарын қажет ететiн, сондай-ақ апатын (бұзығын) жою үшiн шет елден алынған тауарлар;
      в) Қазақстан Республикасының кеден шекарасын өткенге дейiн бүлiнудiң салдарынан және бұйым ретiнде пайдалануға жарамай қалған тауарлар;
      г) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген, гуманитарлық көмек ретiнде әкелiнетiн тауарлар;
      д) техникалық көмекпен қоса, мемлекет, үкiмет, халықаралық ұйым тарапынан қайырымдылық мақсатпен әкелiнетiн тауарлар;
      е) иесiз, сондай-ақ мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өтiп кеткен байлықтар;
      ж) шет ел дипломатиясы мен оған теңгерiлгендердiң ресми пайдалануы, сондай-ақ сол өкiлеттiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық адамдары, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн тауарлар және Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес салықтан құтқарылған тауарлар;
      з) "Еркiн айналымға шығарылған тауарларды жiберу" тәртiбiнен басқа (осы Нұсқаудың 9-бөлiмiн қараңыз) Қазақстан Республикасының кеден заңы белгiлеген, кеден тәртiбi шеңберiнде салықтан құтқарылған, Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетiн тауарлар.
      ҚҚС мыналарға салынбайды:
      - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен норма бойынша жеке адамдардың акцизге жататын сырттан әкелген тауарлары;
      - осы нұсқаудың 3.1. тармағындағы "б-3" тармақшаларында белгiленген (олардың акцизге жататын тауарлар тiзiмiне кiретiндiгiне қарамастан), сырттан әкелiнген тауарлар;
      - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен ақысыз тауар әкелу нормасына сәйкес келетiн норма бойынша жеке адамдардың сырттан әкелiнетiн тауарлары.

             4. Акциздердi есептеп шығару тәртiбi

      4.1. Қазақстан Республикасының кеден заңына сәйкес белгiленген кеден құны, нақты түрiндегi таза көлем акцизге жататын, сырттан әкелiнетiн тауарлар салық салудың объектiсi болып табылады.
      Маркалауға жататын тауарлар бойынша есептелген акциз сомасы әкелiнген тауарлардың көлемi бойынша акциз түсiмi маркасының құнына қарай кемiтiледi.
      4.2. Қазақстан Республикасы аумағына акцизге жататын тауарларды

әкелген жағдайда оған акциз ақы кеден құны көрсетiлген сондағы валютамен 
төленедi.
     4.3. Тауардың әр өлшемiне ЭКЮ ставкасымен салынатын акциздерге 
қатысты тауарлар үшiн оларды есептеу негiзi тауардың нақты түрiндегi таза 
көлемi болып табылады.
     4.4. Тауардың әр өлшемiне ЭКЮ ставкасымен салынатын акциздерге 
қатысты тауарларға акциз есептеп шығару:
     Ас 1 - Вт * А1 Формуласы бойынша шығарылады, ондағы:
     Ас 1 - акциздiң мөлшерi;
     Вт - тауардың саны;
     А1 - тауардың әр өлшемдегi ЭКЮ акцизiнiң ставкасы.

        5. Қосымша құнға салық салуды есептеп шығару



      5.1. Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнетiн тауарларға салынатын қосымша құн салығы есептеп шығарудың объектiсi: өзiмен қоса оның көлемi; Қазақстан Республикасының кеден заңына сәйкес белгiленетiн тауарлардың кеден құны, сондай-ақ кедендiк толтыру, импорттық кеден ақы, тауарды

сырттан әкелгенде төленуге тиiстi акциздер үшiн алынатын кеден түсiмiнiң 
сомасы болып табылады.
     5.2. Қосымша құнға салынатын салық сомасы мынадай формуламен есептеп 
шығарылады:
     а) кеден ақы мен акциз салығы салынатын тауарлар бойынша:
       Нс - (С + Тс + П + Ас) * Н/100
     б) кеден ақы салынуға тиiстi, бiрақ акциз салығы салынбайтын тауарлар 
бойынша:
       Нс - (С + Тс + п) * Н/100
     в) Кеден ақы да, акциз салығы да салынбайтын тауарлар бойынша:
     Н с - (С + Т с) * Н/100, ондағы:
     Нс - ҚҚС мөлшерi;
     С - кеден құны;
     П - кеден сомасының түсiмi;
     Тс - кеден тәртiбiнiң жиынтығы;
     Ас - акциз сомасы;
     Н - қосымша құн салығының ставкасы;


      5.3. Жеке адамның қалауы бойынша айналымға салынатын мөлшер кедендiк толтыру, сырттан тауар әкелгенде төленуге тиiстi импорттық кеден ақы мен акциз үшiн есептеп шығарылған эквиваленттi сомадан белгiленедi. Ондайда ҚҚС сомасы сырттан әкелiнетiндер сомасы есептелген түсiм, ақы 1,2 коэффициентке арналған салық сомасы көбейту әдiсiмен белгiленедi.
      Мәселен, сырттан әкелгенде жеке адамға кеден ақыға 1200, кедендiк толтыру үшiн түсiмге 105 теңге, акцизге (акцизге жататын тауарларға) 3500 теңге, барлығы 4805 теңге төлеу керек болды делiк. Мұндайда ҚҚС 5766 теңге (4805 * 1,2) болады.

         6. Кедендiк жүк декларациясын толтыру тәртiбi

      6.1. Төлеуге тиiстi акциз сомасы кедендiк жүк декларациясында (КЖД) және оған берiлген қосымша парақта:
      - егер тауарға процент ставкасы бойынша акциз салығы салынса, тауардың кедендiк құны көрсетiлген валютамен;
      - тауардың бiр өлшем салмағы көрсетiлген таза көлемiнен ЭКЮ-дiң ставкасы бойынша акциз салынуға тиiстi тауарларды толықтырғанда ЭКЮ мен есептеп шығарылады.
      Ескерту: Бұл жерде "Есептеудiң нақтылығы" графасында нақты төленген сома мен төлем төленген валюта аты туралы мәлiмет көрсетiлген.
      47-шi графаның бiрiншi бағанасындағы "Түр" дегенде төлем коды көрсетiлген: акциздi теңгемен есептегенде - "30", Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсi белгiлеген бағамен акциздi шет ел валютасымен төлегенде - "31".
      Графаның "47-графаны есептеп шығарудың негiзi" деген екiншi бағанасы толтырылмайды. Бұл жерде акция сомасын есептеп шығарудың негiзi:
      - құн процентiнiң ставкасы бойынша акциз салынатын тауарлар бойынша - 45 графада көрсетiлген тауардың кедендiк құны;
      - тауардың өлшемiнен ЭКЮ-дiң өзгеше ставкасы бойынша акциз салынатын тауарлар бойынша - 38 графада көрсетiлген тауардың таза салмағы;
      - көрсетiлген нақты көлемге сай ЭКЮ-дiң ставкасы бойынша 31 графаның оң жақтағы бөлiмшесiнде көрсетiлген тауардың саны болып табылады.
      "47-графаның ставкасы" графасының үшiншi бағанасында акциз ставкасының белгiленген мөлшерi көрсетiлген.
      "47-графаның сомасы" графасының төртiншi бағанында акциз ставкасының белгiленген мөлшерi көрсетiлген.
      "47-графаның ТТ" (төлем тәсiлдерi) графасының бесiншi бағанында: - "бн"- қолма-қол ақшасыз банк арқылы есеп ажырасу; "кт" - қолма-қол ақшамен салық сомасын төлеу; "ун" - салықты шартты түрде есептеу көрсетiлген.
      6.1. Таңбаланған тауарларға КЖД мен оған қосымша парақтарды толтырғанда осы Нұсқаудың 6.2. тармағында көрсетiлген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
      6.2. ҚҚС тауардың кедендiк құны көрсетiлген валюта бойынша есептеп шығарылады.
      Ескерту: Ондайда "Есептеудiң нақтылығы" графасында нақты төленген сома мен төлем төленген валютаның аты, яки салықты кейiнге қалдыру туралы мәлiметтер көрсетiлген.
      "Түр" графасының бiрiншi бағанасында төлем коды көрсетiлген: - ҚҚС-ты теңгемен есептегенде - "32", ҚҚ-ын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсi белгiлеген бағамен шет ел валютасымен есептегенде - "33".
      "Есептеп шығарудың негiзiнiң" екiншi бағанасы толтырылмайды.
      "Ставка" графасының үшiншi бағанасында қосымша құнға салынатын салықтың белгiленген мөлшерi көрсетiлген.
      ҚҚС сомасын есептеп шығарудың негiзi кедендiк толтыру үшiн кедендiк сомасы осы декларацияға сәйкес импорттық кедендiк ақы мен акциз сомасына қосылатын, 45 графада көрсетiлген, тауардың кедендiк құны болып табылады.
      Осы Нұсқаудың 4.3. тармағына сәйкес жеке адамның төлеуiне тиiстi ҚҚС анықтағанда ҚҚС есептеп шығарудың негiзi кедендiк толтыру, импорттық кеден ақы мен акциз үшiн есептеп шығарылған түсiм сомасы болып табылады. Бұл жағдайда "Ставка" графасының үшiншi бағанасында 1,2 коэффициентi көрсетiлген.
      "ТТ" "төлем тәсiлдерi" графасының бесiншi бағанасында:
      "бн" - қолма-қол ақшасыз банк арқылы есеп ажырасу;
      "кт" - қолма-қол ақшамен салық сомасын төлеу;
      "оп" - салық төлеудi кейiнге қалдыру;
      "ун" - салықты шартты түрде есептеу көрсетiлген.

            7. Төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi

      7.1. ҚҚС мен акциздi төлегенiн растау үшiн толтырылған кедендiк жүк декларациясына төлегенi туралы банктiң белгi соққан төлем құжатының данасы және ұйымның бiрiншi басшысының, оның бас бухгалтерiнiң қолымен расталып, ұйымның банк және қаржы құжаттарына қоятын мөрi басылған жеке шотының банк көшiрмесi тiркелуге тиiс. Таңбалануға тиiстi, акцизге жататын тауарларды әкелгенде кеден орталығының депозит шотына ақша қаржысы нақты түскен жағдайда ғана тауарларды толтыруға болады.
      7.2. ҚҚС және акциздiң сомасы кеден органының депозит шотына түсiрiледi. Кеден органы депозит түсуiн банк көшiрмесi бойынша бақылайды. Төлем тапсырысын банктiң орындауға алған күнiнен он төрт календарьлық күнге дейiн қаржы депозит шотына түспесе, бұл салықтарды өндiрiп алу үшiн оны салық қызметi органына бередi. Салық қызметi органы өндiрген төлем сомасы Кеден комитетiнiң депозит шотына түсiрiледi.
      7.3. Қазақстан Республикасының заңында белгiленген, айдың 1 күнiнен 5-iн қоса алғанда әкелiнген тауар мөлшерiнiң ҚҚС мен акцизден түскен сомасы 8-шi күнi бюджетке аударылады; 6-нан 10-на дейiн түскенi 13-iнде; 11-нен 15-не дейiн түскенi 18-iнде; 16-нан 20-на дейiн түскенi 23-iнде; 21-нен 25-не дейiн түскенi 28-iнде есеп беретiн әр айдың соңғы күнiнде; 29-нан 31-не дейiн түскенi есеп беретiн айдың 3 күнiнде 1 бөлiм, 2 параграф, 010 символға (қосымша құн салығы бойынша), 3 бөлiм, 16 параграф, 003 символға (акция бойынша) аударылады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке түсетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 24.04.95 ж. N 2235 Жарлығының 70 және 152-баптарындағы белгiленген жағдайға байланысты ҚҚС төлеудi кейiнге қалдыруы салық инспекциясының бастығы шешедi.
      ҚҚС төлеу жөнiндегi кейiнге қалдырылған төлемдi өндiрiп алуды бақылау iсi салық қызметi органына жүктеледi.

           8. Бұрын төлеген ҚҚС мен акциздi қайтарып
                        беру тәртiбi

      ҚҚС мен акцизден төленген немесе өндiрiп алған соманы төлем төлеушiнiң бұл сомаларды төлеген немесе өндiрiп алынған сәтiнен кеден органына бiр жылдан кешiктiрмей берген жазбаша арызы бойынша:
      егер кеден тәртiбi шарттары бойынша бұрын төленген ҚҚС мен акциз сомасын қайтару көрсетiлген болса, кедендiк құнға өзгерiстер енгiзiлуiне байланысты ҚҚС мен акциз сомасы қайта құрылған жағдайда қайтарылады.
      Салық органдарында бұрын төленген ҚҚС мен акциз сомасын кеден органдарының растауымен салық органдары қайтарады.
      ҚҚС мен акциздердi қайтару үшiн кеден органдарына мынадай құжаттар тапсырылады:
      ҚҚС мен акциздi төлегенi немесе өндiрiп алғаны туралы төлеушiнiң өтiнiшi;
      төлемнiң есептеп шығарылғанына және өндiрiп алынғанына сәйкес кеден органы толтырып, жасаған кедендiк жүк декларациясы;
      төлемнiң төленгенiн растайтын, төлемнiң алынғаны туралы банк белгi соққан ҚҚС мен акциздiң төлеуге тиесiлi сомасының төлем тапсырысы;
      шекараны шын мәнiнде кесiп өткенi туралы шекара кеденi белгi соққан тауарды алып жүру құжаттары;
      артық төленген соманы немесе салық пен акциздi дұрыс есептеп шығармаудан болған соманы қайтару үшiн төленген немесе өндiрiп алынған соманың артық немесе дұрыс есептелмегенiн растайтын қажеттi қосымша құжаттар.
      9. Кедендiк әртүрлi тәртiпке байланысты қосымша құн мен акциздерге салық салуды қолданудың Ерекшелiктерi
         Еркiн айналымға шығару

      Осы Нұсқаудың 3.1. және 3.2. тармақтарында көрсетiлген жағдайлардан басқа еркiн айналымға (импорт) шығару үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарларға Қазақстан Республикасының заңы мен осы Нұсқауда белгiленген тәртiппен ҚҚС және акциз салынады. Еркiн айналымға шығару тәртiбi орнына кеден тәртiбiнiң басқа өзгерiстерi қолданылса, онда салық салудың кеден тәртiбi өзгерiстерiнiң күшiне кiргеннен күнгi механизмi қолданылады.

          Тауарларды сырттан қайта әкелу (реимпорт)

      Үш жыл бойы әкелiнген сәттен әкетiлген кезге дейiн сол күйiнде болған, бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан сыртқа шығарылған, табиғи тозу салдарынан өзгерiске ұшыраған немесе қалыпты жағдайда тасымалдағанның өзiнде азайған және басқа да жағдайларға тап болған, Кеден комитетi анықтаған Қазақстан тауарларын сырттан қайта әкелгенде одан ҚҚС мен акциз алынбайды.
     Тауарларды мемлекеттер шегiнен - ТМД мүшелерiнiң реимпорттағанда, тауарды әкету кезiнде берiлетiн басқа да жеңiлдiктерден төлем түрiнде түскен соманы тауардың орнын ауыстырушы адам қайтарып бередi.
      Бұл сомадан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсi белгiлеген қайта қаржыландыру ресми процент ставкасы бойынша олардан процент өндiрiледi.

           Өтетiн тауарлар

      Өтетiн тауарлардан қосымша құн мен акция салығы алынбайды. Акцизге жататын тауарларды алып өткенде төлемдi қамтамасыз ету үшiн депозит шотқа өткiзiлген ҚҚС мен акциз Кеден комитетiнiң нормативтi құжаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарды анық алып өткен жағдайда қайтарылып бередi. Егер тауар құрылмаған, апат немесе жойқын күштiң әсерiнен iз-тозсыз жоғалмаған, яки табиғи тозудан жетпей қалмаған, яки қалыпты жағдайда тасымалдаған және сақтағанның өзiнде азайған, яки тиiстi құжаттар тапсыру кезiнде шет мемлекеттердiң органдары немесе лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңына заңсыз әрекет етуi салдарынан тауарлар иелiктен шығып қалған болса, баратын кеден органына жеткiзiлмеген жағдайда төленген ҚҚС мен акциз еркiн айналымға шығарылғандағыдай республика бюджетiне аударылады.
      Тауарды алып өтуге тасымалдаушы жауап бередi.

            Кеден қоймалары

      Кеден қоймасына импорттық тауарларды орналастырғанда қосымша құн және акциз салығы алынбайды. Кеден заңында белгiленген тәртiп бойынша қоймадан тауарлар еркiн айналымға шығарылғанда ҚҚС мен акциз алынады, ал кеден тәртiбiнiң басқа жағдайында - сол тәртiпке сәйкес салынады.
      Кеден қоймасы арқылы айналымға түсетiн тауарларға қатысты ҚҚС және акциздердi төлеу жауапкершiлiгi кеден қоймасының иесiне жүктеледi. Кеден комитетiнiң келiсiмi бойынша ҚҚС мен акциз төлеу жөнiндегi жауапкершiлiк кеден қоймасына тауар сақтауға қойған адамға жүктелуi мүмкiн. Кеден қоймасы Қазақстан Республикасының кеден органдарының қарамағында болған жағдайда, қосымша құн мен акциз салығын төлеу жөнiндегi жауапкершiлiк тауарын кеден қоймасына сақтауға қойған адамға жүктеледi.

          Ақысыз сауда магазиндерi

      Ақысыз сауда магазиндерiне қосымша құн мен акциз салығы алынбайды. ҚҚС мен акциз салығы жөнiндегi жауапкершiлiк ақысыз сауда магазинiнiң иесiне жүктеледi.

          Кеден аумағындағы тауарларды қайта өңдеу

      Кеден аумағында қайта өңдеуге жататын тауарларды мемлекеттер шегiнен - ТМД-ға мүше елдерден әкелгенде ҚҚС мен акциз еркiн айналымға шығарылатын кездегi секiлдi салық заңында көрсетiлген тәртiппен алынады. Егер қайта өңделген өнiм Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн күннен екi жылға кешiктiрiлмей сыртқа шығарылса, кеден заңы ережелерi шарттарын сақтай отырып, ҚҚС мен акцизге төленген төлем өңделетiн өнiм шығарылғанда кеден органының депозит шотына қайтарылады. ҚҚС мен акцизге төленген соманы қайтаруға кеден органына тапсырылған:
      - төлеушiнiң ақша қаржысы қайта қайтарылуы, оның банк реквизитi көрсетiлгенi туралы тiлегi бар жазбаша өтiнiшi;
      ҚҚС мен акциз есептелiп, алынған өңделуге тиiстi тауарды мемлекеттер шегiнен - ТМД-ға мүше елдерден әкелгенде толтырылған кедендiк жүк декларациясы;
      - орындалғаны жөнiнде банк өкiмiнiң белгiсi бар, ҚҚС пен акциздi төлегенiн растайтын төлем құжаттарының данасы және ұйымның төлегенiн растайтын оның банктегi шотының көшiрмесi;
      - республиканың кеден аумағында өңдеуге болатын тауарға рұқсат негiз бола алады.
      Егер өңдеу жөнiндегi қызмет төлемi өңделуге әкелiнген тауардың

бөлiгiне жүргiзiлсе, онда ол тауар еркiн айналым үшiн шығарылған тәртiпке 
қатысты ҚҚС мен акциз салуға жатады. Егер қызмет төлемi өтем тауарларына 
жүргiзiлсе, өңдеуге әкелiнген бұл өтем тауарларының сол бөлiгiнде ғана
қосымша құн мен акциз салығы салынады. Яғни қайта өңдеуге әкелiнгенде 
төленген ҚҚС мен акция сомасы ол қайта әкелгенде, ҚҚС мен акциз сомасын 
қоспағанда, қайта өңдеу жөнiндегi қызметке арналған көлемнен есептеп 
қайтарылады.
 
         Кеден бақылауымен тауарды қайта өңдеу

     Тауар кеден бақылауымен қайта өңдеуге әкелiнгенде одан ҚҚС мен акциз 
алынбайды.

         Уақытша әкелу мен уақытша әкету

     Уақытша әкелiнгенде және қайта әкетiлгенде Қазақстан Республикасының 
Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi белгiлегендерден басқа 
жағдайда ҚҚС мен акциз алынбайды.

        Кеденнiң еркiн аймағы мен еркiн қоймасы



      Шет ел және Қазақстан тауарларын кеденнiң еркiн аймақ аумағына әкелген немесе еркiн қоймаға орналастырған жағдайда ҚҚС мен акциз алынбайды.
      Кеденнiң еркiн аймағына және еркiн қоймасы аумағына тауарларды әкелгенде Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлiгiнде ҚҚС мен акциз салынады.
      Егер босату немесе қайтару нақты экспорт тауарларына қатысты көрсетiлмесе, кеденнiң сыртқа шығару тәртiбiне сәйкес Қазақстан Республикасы шегiнен сыртқа әкетуге арналған Қазақстан тауарларын әкелгенде немесе еркiн қоймаларға орналастырғанда онда ҚҚС мен акцизден құтқарылады, яки олар қайтарылады. Ондай тауарлар ҚҚС мен акциз қайтарып берiлген яки одан құтқарылған күннен алты ай кешiктiрiлмей сыртқа шығарылуға тиiс. Қазақстан Республикасының шегiнен, кеденнiң еркiн аймағы аумағынан және еркiн қоймасынан сыртқа шығаруға жататын тауарларды қайтарғанда Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлiгiне, яки белгiленген мерзiм iшiнде сыртқа шығарылмаған жағдайда, жалпы тәртiп бойынша, салық органдарына ҚҚС және акциз төленедi, сондай-ақ олардан Қазақстан Республикасы Ұлттық банк белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми проценттiк ставкасы бойынша процент алынады.

          Кеден аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу

      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды қайта өңдеуге шығарғанда салық органдарына төленген ҚҚС мен акциз қайтарылмайды.
      Егер өнiмдi кеден аумағынан тыс қайта өңдеуге рұқсат алған адам, яки оның кеден брокерi бұл өнiмдердiң еркiн айналымға шығарылатынын көрсеткен болса, өнiмдердi қайта өңдеуге әкелгенде одан ҚҚС мен акциз алынбайды.

          Тауарларды сыртқа шығару

      Жасаушы кәсiпорын тiкелей сыртқа шығаратын тауарлар осы Нұсқауда көрсетiлгеннен басқа жағдайларда ҚҚС мен акцизден құтқарылады. Одан құтқару Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Бас салық инспекциясы белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.

         Тауарларды қайта сыртқа әкету (реэкспорт)

      Қайта сыртқа тiкелей және мүлде әкетуге арналған шет ел тауарлары Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнгенде, одан ҚҚС мен акциз алынбайды. Ондай тауарларды шын мәнiнде қайта сыртқа шығару кеден декларациясы қабылданған күннен алты ай кешiктiрiлмей жүзеге асырылуға тиiс.
      Егер тауар әкелiнгенде қайта сыртқа шығаруға арналғандығы тiкелей хабарланбаса, яки сол қалпында хабарланып, бiрақ алты ай iшiнде әкетiлмесе, онда одан кеден немесе салық органдарына ҚҚС мен акциз Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми проценттiк ставкасы бойынша процент төленедi.
      Егер:
      - табиғи тозу салықтарынан өзгеруден немесе қалыпты жағдайда

тасымалдау мен сақтаудан азайғаннан басқа сыртқа қайта шығарылатын тауар 
әкелiнген сәттегi күйiнде болса;
     - тауар әкелiнген сәттен екi жыл iшiнде сыртқа қайта шығарылатын 
болса;
     - сыртқа қайта шығарылатын тауар табыс алу мақсатында пайдаланылмаса, 
тауарды сыртқа қайта шығарғанда ҚҚС мен акцизге төленген соманы кеден 
немесе салық органдары қайтарып бередi.

          Тауарларды жою. Мемлекет пайдасына бола
                  тауардан бас тарту

     Тауарды жойған немесе мемлекет пайдасына бола тауардан бас тартқанда 
қосымша құн және акция салығы алынбайды.
     
Оқыған:
     
     Багарова Ж.А.
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады