Авиация қызметкерлеріне куәлік беру және класс тағайындау жөніндегі Ережесі

Жаңа

Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар Министрлігінің 1995 жылғы 1 қыркүйектегі N 181 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 31 қазанда N 122 тіркелді

             Азаматтық авиация мамандарына классификация өткізу
                                 ережелері
      1.1. Классификацияға қойылатын жалпы талаптар
      1.1.1. Азаматтық авиация оқу орындарының аяқтаған мамандарға алғашқы класты тағайындау мемлекеттік сынақ комиссиясының мемлекеттік квалификация комиссиясының шешімдері негізінде өткізіледі және де сол оқу орны басшысының бұйрығымен дайындалады.
      1.1.2. Басқа министрліктерден және ведомостволардан Азаматтық авиация кәсіпорындарына ауысып келген мамандарға алғашқы класс дайындау, оларды осы бап бойынша қайта дайындықтан өтуінен кейін және квалификациясын тексергеннен кейін тиісті жергілікті квалификация комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық авиация оқу орындарын бітіруші шетел азаматтарына класс тағайындалмайды және тәртіп бұзу талаптары берілмейді.
      1.1.3. Мамандарды класс бойынша көтеру жұмыстарын тексеруді Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясы әскери - дәрігерлік комиссиясының (ВВК ГА
РА) төрағасы, авиакомпаниялар, бірлестіктер, ұйымдар жанынан құрылған жергілікті квалификация комиссияларының төрағалары жүзеге асырады. Авиамамандардың кәсіби білімін тексеру, Азаматтық авиация әскери-дәрігерлік комиссиясы бекіткен бақылау сұрақтары арқылы өткізіледі.
      1.1.4. Әр жылы 1-ші қарашаға дейін, авиакомпаниялар, бірлестіктер және ұйымдастырудың жергілікті квалификация комиссиялары Азаматтық авиация әскери-дәрігерлік комиссиясына мамандарды класс бойынша көтерудің келесі жылға арналған өтінішін тапсыруды, бұл өтініште олар самолет түрін, мамандығын әр кварталға арналған мерзімін атап көрсетеді.
      1.1.5. Азаматтық авиация әскери-дәрігерлік комиссиясы (ВВК ГА) келіп түскен өтініштер негізінде класс бойынша көтерудің жоспарын жасап, оны бекітіп, авиакомпаниялар, бірлестіктер және ұйымдардың жергілікті квалификация комиссияларына жіберіледі.
      1.1.6. Авиакомпаниялар, бірлестіктер мен ұйымдардың бірінші басшылары авиамамандардың кәсіби даярлығы және АА ӘКК-ына (ВКК ГА) дер уақытында келулері үшін жеке жауапкершілік атқарады.
      1.1.7. Класс бойынша көтерілетін маманға белгіленген формада ұсыну дайындалады. Азаматтық авиация әскери-дәрігерлік комиссиясына 1-ші данасы тапсырылады.
      1.1.8. Класс бойынша көтерілуде кандидаттар тиісті квалификациялық комиссияға келген кезде өздерімен бірге:
      - тәртіп бұзу талондарымен бірге өзінің куәлігі;
      - әуе қозғалысы қызметінің диспетчері кітапшасы (диспетчер үшін);
      - диплом көшірмесі (оқу орнын бітіргені туралы куәлік);
      - дәрігерлік тексеруден өту анықтамасы;
      - дәрігерлік тексеруден өту анықтамасы;
      - үш фотосурет 4х5 см/жұмыс киімімен, бас киімсіз/алып келеді.
      1.1.9. Класс бойынша көтеру туралы.
      Азаматтық авиакомпания әскери-дәрігерлік комиссиясына, авиакомпаниялар бірлестік ұйымдардың жергілікті квалификациялық комиссиясына түскен материалдарды авиакәсіпорындардың жергілікті комиссияларының хаттамасы бекітілгеннен кейін 3 айға дейін күші бар болады.
      1.1.10. Маманға класс беру жөніндегі материалдар алынған соң, кандидат кәсіби дайындық тексеруінен өтеді. Оның ішіне арнайы пәндер бойынша теориялық білім және мамандық бойынша практикалық жұмыс кіреді.
      1.2. Теориялық білім және практикалық жұмыс деңгейіне қойылатын талаптар:
      1.2.1. Арнайы пәндер бойынша теориялық білім деңгейін тексеруді, класс бойынша көтерілетін маман тек жергілікті квалификация комиссияларынан өтеді, комиссияға тиісті кластар беру хұқығы беріледі.
      Азаматтық авиация әскери-дәрігерлік комиссия класс берген мамандар арнайы пәндер бойынша екі мекемеде сынақ тапсырады.
      Авиакомпаниялар, бірлестіктер және ұйымдардың жергілікті квалификация комиссиясына және Азаматтық авиация әскери-дәрігерлік комиссиясына.
      1.2.2. Әрбір арнайы пән бойынша теориялық білім тексеруді Азаматтық авиация дәрігерлік комиссиясында 2 адам, ал жергілікті квалификация комиссиясында 1 адам өткізеді.
      Бір сынаққа берілетін уақыт 20 минуттан аспау керек және күніне ӘДК үшін 2 сынақтан көп болмау керек, ал ЖКК үшін 3 сынақтан көп болмауы керек.
      1.2.3. Азаматтық авиация әскери-дәрігерлік комиссиясынан (ӘДК) және ЖКК-деп арнайы пәндерден немесе практикалық жұмыстан тексеруден өту кезінде төмен баға алған мамандар класс бойынша көтерілмейді.
      Олар берілген кластың талаптарына сай келмейтін пәндер бойынша екі апта мерзімі ішінде ЖКК-де тексеруден өтуге міндетті.
      1.2.4. Білімін тексеру кезінде арнайы пәндерден немесе практикалық жұмыстан осы Баптың талаптарына сәйкес келмейтін білім деңгейін көрсеткен Азаматтық авиация мамандары, қайта тексеруден тек 3 ай уақыт өткеннен кейін рұқсат ала алады.
      1.2.5. Класс бойынша көтеруде алған бағалар қатарда кіргеннен соң, өз басымен жұмыс істеуге рұқсат алған соң, куәлік 1 жылға ұзартылған соң өз күшіне енеді.
      1.2.6. Ұшқыштар құрамының ұшу кезіндегі практикалық жұмысын тексеру, оларды ӘДК арқылы 1 класқа ұсыну кезіндегі Азаматтық авиация әскери- дәрігерлік комиссиясының (ӘДК) команданың-ұшқыштар және инспекторлық құрамы арқылы жүзеге асырылады.
      Азаматтық авиация ӘДК төрағасының авиакомпаниялар, бірлестіктер және ұйымдардың командалық ұшқыштар және инспекторлық құрамының 1 класқа ұсыну кезінде ұшу кезіндегі практикалық жұмысты тексеру барысын қадағалап сараптауына хұқығы бар.
      1.2.7. Екінші класқа көтерілуге ұсынылатын ұшқыштар құрамының ұшу кезіндегі практикалық жұмысын тексеру, бекітілген бағдарламалар бойынша авиакомпаниялар, бірлестіктер мен ұйымдардың ЖКК (МКК) төрағасының нұсқауы бойынша, ЖКК (МКК) мүшелері немесе ұшқыштар бөлімшелерінің командалық - ұшқыштар құрамымен өткізіледі.
      1.2.8. Мамандардың практикалық жұмысын тексеру, оларды класс бойынша көтерген кезде, бекітілген бағдарлама қолданылады.
      Басқа мамандардың практикалық жұмысын тексеру олардың жұмыс орындарында өткізіледі. Класс бойынша көтерудің осы аталған тексеруінің қорытындылары 3 айға дейін жарамды боп саналады, куәлік мерзімін ұзарту үшін, Қазақстан Республикасы негізгі ұшу ережелерінің талаптарын ескеру керек.
      1.2.9. Мамандардың практикалық жұмысын бағалау "бес" балдық жүйе бойынша жүргізіледі, одан кейін практикалық тексеруден қағазында "берілген класқа сәйкес (сәйкес емес)", "лайықты (лайықты емес)" деп көрсетіледі.
      1.2.10. Ұшу техникасын, ұшақты меңгеруді, ауадағы практикалық жұмысты класс бойынша көтерілетін кандидаттар орындаған кезде, оларды тексеретін мамандардың класы тексерілетіндерден жоғары болуы шарт.
      1.2.11. Класс бойынша көтерілуге ұсынылған 4-ші класспен ұшатын пилоттар мен штурмандар, егерде олар қажет етілетін түнгі ұшуларды авиакәсіпорындарының мүмкіндіктеріне және географиялық орналасуына орай орындай алмаған болса, онда олардың өз бетімен апатсыз 500 сағат көп болуы керек.
      1.3. Класс бойынша көтеру (түсіру) кезінде құжаттарды дайындаутәртібі
      1.3.1. Кандидаттардың теория білімін тексерген соң, класс берудегі практикалық жұмысынан және өзімен жеке әңгімелесуден кейін ЖКК мүшелері шешім қабылдайды, бұл ЖКК отырысының хаттамасына енгізіледі.
      1.3.2. Азаматтық авиация маманына класс беру басшы бекіткен ЖКК хаттамасы арқылы дайындалады.
      Маманның жоғарғы (төменгі) класқа ауысу күні болып, ӘДК немесе ЖКК-ның хаттамасы бекітілген күні есептеледі. ӘДК немесе ЖКК хаттамасының күні және нөмірлі класс бойынша көтерілген (түскен) ретінде маманның куәлігіне енгізіледі, класс бойынша (түскен) жайлы хаттаманың көшірмесі маманның жеке іс қағазына енгізіледі. ЖКК отырысының хаттама нөмірлері жаңа жылдың басынан қайта басталады.
      1.3.3. Басқа министрліктерден, ведомостволардан (МАП-тан басқа) Азаматтық авиацияның ұшу жұмысына алынатын ұшқыштар құрамына класс беру олардың белгіленген квалификацияны көтеру немесе қайта оқу бағдарламасы бойынша арнайы дайындықтан өткен соң және авиакомпаниялар, бірлестіктер және ұйымдардың ЖКК-сы олардың квалификациясын тексергеннен кейін іске асырылады. Бұл жағдайда арнайы ұшақтарды жұмыс істеу тәжірибесін ескере отырып, осы Баптың белгіленгенінен бір саты төмен класс беріледі және келесі класқа бір жылдан кейін көтерілуге хұқығы болады.
      1.3.4. Көлік және коммуникациялар Министрі, әуе транспорты Департаментінің директоры, авиакомпаниялар, бірлестіктер, ұйымдардың бірінші басшылары ӘДК-ге немесе ЖКК-ге класс бойынша түсіруді анықтау мақсатымен жіберген Азаматтық авиакомпания мамандары бұйрық шыққаннан кейін бір ай ішінде тексеруден өтуге міндетті. Егер маман осы 1 ай ішінде бір себептермен (аурудан басқа) тексеруден өтпесе, тексеруден өткенше өз міндетін орындаудан босатылады, ал 3 айдан кейін ӘДК-ге немесе ЖКК-ге жіберу, маманның құжаттар талаптарын бұзған жағдайында болады.
      1.3.5. Маманды класс бойынша түсіру кезінде оның куәлігі ауыстырылады, авиациялық техниканы техникалық жағынан іске қосудағы түсіруден басқа жағдайда.
      1.3.6. Класс бойынша түсірілген Азаматтық авиация мамандары класс бойынша қайта көтерілуге мамандығы бойынша бір жыл жұмыс істегеннен кейін ғана рұқсат алады. Бұл жағдайда класс бойынша көтеру белгіленген осы Баптың ережелері арқылы іске асырылады.
      1.3.7. Тәртіп жағынан ескерту алған Азаматтық авиация мамандары класс бойынша көтерілуге ескерту алған кезден бастап бір жыл уақыт өткен соң рұқсат алады. 1.3.8. Өзінің тікелей кінәсі арқылы әуеде де қауіпті жағдай туғызған ұшқыштар құрамының мүшесі класс бойынша көтерілуге 500 сағаттық ұшудан өткен соң, ғана жіберіледі, әуе қозғалысы қызметінің маманы - бір жылдық жұмыстан соң жіберіледі. 1.3.9. Авиациялық техниканы техникалық жағынан іске қосушы инженерлер мен техниктерге класс беру категория немесе разряд берген кезде қатар беріледі.

                5-ші БӨЛІМ Пилоттарды классификациялау

      5.1. Кластық квалификация беруге ұсынылған пилот мынадай топтарға сай болуы керек:
      5.1.1. Ұшқыштар оқу орнының "пилот" мамандығы бойынша арнайы білімі болуы керек.
      5.1.2. Осы баптың 1 қосымшасында көрсетілгендей арнайы пәндерді білуі білімі болуы керек.
      5.1.3. Өзінің кәсіби дайындық деңгейіне сай әуе кемесін басқара білуі керек, борт жүйелерін ұшқыштың - навигациялық жүйелерді іске қоса білуі керек, ауа-райы жағдайына анализ жасай білуі керек және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дұрыс шешімдер қабылдауға дайын болуы керек.
      5.2. Азаматтық авиация пилотының 3-ші класы мынадай жағдайларда беріледі.
      5.2.1. Ұшқыштық оқу орындарында "пилот" мамандығы бойынша Мемлекеттік сынақ комиссиясының, немесе Мемлекеттік квалификация комиссиясының және оқу орны басшысының бұйрығы негізінде оқудың толық курсын бітірген Азаматтық авиация мамандарына.
      5.3. Азаматтық авиация пилотының 2-ші класы:
      5.3.1. Азаматтық авиация ұшқыштар оқу орындарының инструкторлық қызметінде үздіксіз стажбен жұмыс істеген ұшқыштық - командалық және инструкторлық құрамындағы адамдарға, 3 жылдан кем емес жұмыс істеген звено командиріне және одан жоғарыларға:
      - Жалпы апатсыз ұшуы 1500 сағаттан кем болмаса, соның ішінде 3-4 класты ұшқыштарды өз бетімен ұшуы 800 сағаттан кем болмаса, және де түнгі ұшуға рұқсаты болса;
      - Пилот инструктор немесе ұшқыштық командалық құрамының мүшесі ретінде 3-ші, және 4-ші класты ұшақтармен тік ұшақтарда апатсыз ұшу сағаты 100 сағат болса, оның ішінде 50 сағат түнде.
      5.3.2. Жалпы апатсыз ұшу сағаты 200-ден асатын 4 класты ұшақтар мен тік ұшақтардың командирлеріне, соның ішінде өз бетімен ұшуы 500 сағаттан кем болмаса және түнгі ұшуға рұқсаты болса.
      5.3.3. Жоғарғы ұшақтар оқу орындарын бітірген, 1-ші, және 2-ші класс бойынша қайта оқытылған, 2000 сағаттан кем емес апатсыз ұшу тәжірибесі бар, соның ішінде түнде ұшуы 300 сағатқа толатын адамдарға.
      5.3.4. Ұшақтар оқу орнын 1-ші класты тік ұшақта екінші пилоттарына 1-ші класты тік ұшақта жалпы апатсыз ұшуы 2000 сағаттан асса және КВС бағдарламасы бойынша кандидаттарға.
      5.3.5. Жалпы апатсыз ұшуы 2000 сағат асатын, соның ішінде тік ұшақтарға 800 сағат өз бетімен ұшуы бар және КВС бағдарламасы бойынша кандидат 1-ші класты тік ұшақтардың екінші пилоттарына.
      5.3.6. Жалпы апатсыз ұшуы 2000 сағаттан асатын соның ішінде түнде ұшуы 100 сағаттан кем емес, ұшудың ең жақсы техникасын меңгерген 3-ші класты ұшақтардың пилоттарына.
      5.4. 2-ші класты пилот атағына ұсынылған кандидаттар 3-ші класты пилот ретінде жұмыс істеу стажы 3 жылдан кем болмауы керек, сонымен қатар аттестациясы қанағаттанарлық, ұшу ережелері, РЛЭ, ВС бойынша "бес" деген бағалары болуы керек, осы баптың 1-ші қосымшасында көрсетілгендей, қалған пәндерден алған бағасы "төрттен" кем болмау керек, ұшу техникасы және ұшақты айдау бойынша ұшақ командирлері "бес" екінші пилоттар "төрт" деген баға алу керек.
      5.5. Азаматтық авиация пилотының 1 классы:
      5.5.1. Инструкторлық, звено командирі қызметінде 3 жылдан кем үздіксіз стажбен қызмет істеген Азаматтық авиация ұшқыштар оқу орындарының ұшқыштық-командалық және инструкторлық құрамының өкілдеріне: 3-ші және 4-ші класты ұшақтарда жалпы апатсыз ұшуы 2500 сағат кем болмаса, соның ішінде түнде ұшуы 80 сағат, өз бетімен ұшуы 1500 сағат болса және ауа-райы жағдайының ең жаман кезінде ұшуға рұқсат бар болса.
      5.5.2. Азаматтық авиация жоғарғы ұшқыштар училищесінде бітіруші, жалпы апатсыз ұшуы 4000 сағат, түнде ұшуы 800 сағат болатын өз бетімен ұшуы 100 сағат толатын, соның ішінде 1, 2, 3 класты ұшақтарда ұшуы 700 болатын және 1-ші категориялы метеоминимумды ұшуға рұқсаты бар 2-ші класты ұшақ командирлеріне (ИЛ-86 басқа).
      5.5.3. Жалпы апатсыз ұшуы 4000 сағаттан кем емес, соның ішінде түнде ұшуы 500 сағат болатын, өз бетімен 2000 сағат ұшуы бар, соның ішінде 2 класты ұшақтарда 1000 сағаты бар, 1 категориялы метеоминимумда ұшуға рұқсаты бар 2-ші класты ұшақ командирлеріне.
      5.5.4. Жалпы апатсыз ұшуы 4000 сағаттан кем емес, соның ішінде түнде ұшуы 500 сағат болатын, өз бетімен ұшуы 2000 сағат болатын, соның ішінде 3 класты ұшақта ұшуы 1000 сағатқа жететін және метеоминимумның ең төменгі жағдайында ұшуға рұқсаты бар 3-ші класты ұшақ командиріне.
      5.5.5. Жалпы апатсыз ұшуы 4500 сағат кем емес, соның ішінде түнде ұшуы 1000 сағат болатын, 1000 сағат өз бетімен ұшуы бар және 1 класты ұшақтарда екінші пилот ретінде 500 сағат ұшуы бар 1 класты ұшақтардың екінші пилоттарына.
      5.5.6. Жалпы апатсыз ұшуы 4000 сағат кем емес, өз бетімен 2000 сағат ұшуы бар және метеоминимумның ең төменгі жағдайында кәсіпорын орналасқан жерде түнде де күндіз де ұшуға рұқсаты бар 4-ші класты ұшақ командирлеріне.
      5.5.7. Жалпы апатсыз ұшуы 4000 сағат кем емес, тік ұшақтарды өз бетімен ұшуы 1000 сағат болатын, метеоминимумның ең жаман жағдайында авиакәсіпорын орналасқан жерден ұшуға рұқсаты бар тік ұшақтар командирлеріне.
      5.5.8. Жалпы апатсыз ұшуы 4000 сағат кем емес, оның ішінде түнде ұшуы 100 сағат болатын, өз бетімен 1000 сағат ұшуы бар, соның ішінде 1-ші және 2-ші класты тік ұшақтарда 500 сағат ұшуы бар ауа-райының ең жаман жағдайында ұшуға рұқсаты бар 1-ші және 2-ші класты тік ұшақтар командирлеріне.
      5.6. 1-ші класты пилот квалификациясын беруге ұсынылған кандидаттар екінші класты пилот ретінде жұмыс істеу стажы 3 жылдан кем болмауы керек, аттестациясы ойдағыдай және ұшу техникасы, тік ұшақты жүргізу, ұшу ережелері, РЛЭЭ, практикалық аэродинамикадан "бес", ал қалған пәндерден "төрттен" төмен бағалар болмауы керек.
      5.7. Класс бойынша көтерілу кезінде пилоттар Қазақстан Республикасы авиациясының жоғарғы квалификация комиссиясына 1-8 пәндері бойынша сынақтар тапсырады, ал жергілікті квалификация комиссиясына сынақ тапсырған кезде 1-12 пәндері бойынша, куәлік мерзімін ұзарту кезінде 1-8 пәндері бойынша. Бұл осы баптың 1-ші қосымшасында көрсетілген.

                             6-шы БӨЛІМ
                       Штурмандарды классификациялау

      6.1. Штурманның класс квалификациясын беруге ұсынылатын кандидат мынадай талаптарға сай болуы керек:
      6.1.1. Авиациялық оқу орнының немесе арнайы оқу орнының штурмандық білімі болуы керек немесе ұшқыштар арасынан арнайы бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі керек.
      6.1.2. Осы баптың 1-ші қосымшасында көрсетілгендей арнайы пәндерді білуі керек.
      6.1.3. Ұшақты жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін, жерді және ұшу кезіндегі навигациялық-ұшқыштық құралдарды іске қосуды білуі керек; борттағы радионавигациялық құралдарды ұшақты жүргізу мақсатында қолдана білуі керек; екі жақты радио байланысын жүргізе білуі керек; метеожағдайға анализ жасауы керек; топографиялық картаны оқып, оны ұшу кезінде қолдана білуі керек; радио-станциялардың белгілі дауыстарын қабылдай білуі керек.
      6.2. Үшінші класты штурман атағы штурман факультетінің, ұшқыштар оқу орнының және арнайы бағдарламалар бойынша толық курсын бітірген мамандарға, Мемлекеттік емтихан комиссиясы шешімі мен ұшқыштар оқу орны бастығының, авиакомпания президентінің бұйрығы негізінде беріледі.
      6.3. 2-ші класты штурман атағы жалпы апатсыз штурман ретінде:
      6.3.1. 1600 сағат ұшуы бар 4, 3, 2 класты ұшақтар штурмандарына және тік ұшақтар штурмандарына, ал пилоттар қатарынан қайта оқытылғандарға штурман ретінде 50% кем емес ұшуы бар болғанда;
      6.3.2. 4-ші және 3-ші класты ұшақтарда және тік ұшақтарда ұшатын штурман-инструктор және одан жоғарғы қызметте үздіксіз жұмыс істеу стажы 3 жылдан кем емес, ұшу сағаты 1200-ге толатын, соның ішінде 50 сағат түнде ұшуы бар Азаматтық авиация ұшқыштар оқу орындарының штурмандық құрамының өкілдеріне;
      6.3.3. 2-ші класты штурман атағына ұсынылған кандидаттардың 3-ші класты штурман ретінде жұмыс істеу стажы 3 жылдан кем болмауы керек, аттестациясы ойдағыдай болу керек. Ұшақты жүргізу техникасының бағасы "4"-тен кем болмауы керек, және осы Баптың 1-ші қосымшасында көрсеткендей арнайы пәндерден сынақ тапсырған кезде "4"-тен төмен баға болмауы керек.
      6.4. Азаматтық авиацияның 1-ші класты штурман алғашқыдағы штурман қызметінде апатсыз ұшу кезінде:
      6.4.1. Жалпы ұшуы 2500 сағат, соның ішінде ұшуы 400 сағат болатын 1-ші класты ұшақтар штурмандарына;
      6.4.2. Жалпы ұшуы 3000 сағат, соның ішінде түнде ұшуы 400 сағат, ал пилоттар қатарынан қайта оқытылғандардың штурмандық қызметіне 50% ұшуы болғанда 2-ші және 3-ші ұшақтар штурмандарына;
      6.4.3. Жалпы ұшуы 3000 сағат, ал пилоттар қатарынан қайта оқытылған штурмандық қызметте 50% ұшуы болғанда 4-ші класты ұшақтар және тік ұшақтар штурмандарына;
      6.4.4. АЭЭ штурманы қызметінде үздіксіз жұмыс істеу стажы 3 жылдан кем емес, 2500 сағат ұшуы, соның ішінде 100 сағат түнде ұшуы бар Азаматтардың авиация ұшқыштар оқу орындарының штурмандық құрамының адамдарына;
      6.4.5. Бірінші класты беруге ұсынылған кандидаттардың екінші класты штурман ретінде жұмыс істеу стажы 3 жылдан кем болмау керек, ұшақты жүргізу техникасын тексеруді "5"-ке өткізу керек, ауа-райының қиын жағдайында ұшақты жүргізудің барлық әдістерін білуі керек, ойдағыдай аттестациясы болуы керек. Осы Баптың 1-ші қосымшасы 1, 5, 9, 10 пункттерінде көрсетілгендей пәндерден сынақ тапсыруды "5" деген бағаға өткізу керек, ал басқа пәндерден "төрт"-тен кем баға болмау керек;
      6.4.6. 1-ші класс беру кандидаттарының ұшақты жүргізу техникасын тексеруді осы "Баптың" 4, 2, 7 пункттерінде көрсетілген мамандар жүргізеді.
      6.5. Класс бойынша көтерілуге ұсынылған штурмандар егерде осы баптың 6.1.1. пунктінде талаптарына сай келмесе арнайы курсты аяқтағандар, Лесотехникалық академияны, Новочеркасск политехникалық институтын бітіргендер, осы баптың 6.3., 6.4.4. пункттерінде көрсетілгендей штурман ретінде өз бетімен ұшу сағатын 20%-ке көп болу керек.
      6.6. Класс бойынша көтерілу кезінде штурмандар 1-6, 9-10 пәндері бойынша Азаматтық авиацияның авиакомпаниялары мен мекемелерінің жергілікті квалификация комиссиясына сынақ тапсырады.

                             7-ші БӨЛІМ 
                    Бортинженерлерді классификациялау

      7.1. Бортинженерлік класс классификациясы берілетін кандидат мына талаптарға сай болуы керек:
      7.1.1. Жоғарғы білімі болу керек (1610 мамандығы "авиадвигательдерді және әуе кемелерін эксплуатацияға қосатын инженер-механик") және бекітілген бағдарламалар бойынша арнайы дайындықтан өту керек.
      7.1.2. Осы Баптың 1 қосымшасында көрсетілгендей арнайы пәндерді білуі керек.
      7.1.3. Бортинженерлердің (бортмеханиктердің) міндеттеріне сай ұшақтарды жерде және әуеде эксплуатацияға қоса алу керек.
      7.2. 3-ші класты бортинженер мына жағдайларда беріледі:
      7.2.1. Осы Баптың 7-1 пунктіндегі талаптарға сай, өз бетімен бортмеханик ретінде жұмыс істеуге рұқсаты бар Азаматтық авиация мамандарына.
      7.2.2. Бортинженер қызметіне осы Баптың 7.1. пунктінің талаптарына сай 3 класты бортмеханиктерге және бортинженерлер ретінде өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат алғандарға тағайындалған.
      7.3. Бортинженер мамандығы бойынша дайындықтан өткен жоғарғы оқу орындарының түлектеріне "бортинженер" куәлігі диплом алған кезде бірге беріледі, одан кейін стажировка бағдарламасынан өткен соң, өз бетімен жұмыс істеуге жіберіледі.
      7.4. 3-ші класты бортинженер атағына ұсынылған кандидаттар дайындық және ұшу жұмысының практикалық меңгеруін тексеру кезінде "4"-тен төмен баға алмау керек, аттестациясы ойдағыдай болу керек және осы Баптың 1-ші қосымшасындағы көрсетілгендей "4"-тен төмен емес бағаларға сынақ тапсыру.
      7.5. 2-ші класты бортинженер мына жағдайда беріледі:
      7.5.1. Бортинженер ретінде жұмыс істеу стажы 3 жылдан кем емес, жалпы апатсыз ұшу уақыты 1500 сағаттан асатындарға.
      7.5.2. 2-ші класты бортинженер қызметіне тағайындалған, осы Баптың
7.1. пунктінің талаптарына сай, бортинженер ретінде өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат алған және бортинженер ретінде өз бетімен 200 сағат ұшуы барларға.
      7.5.3. Бортинженер қызметінде, бірақ бортмеханик куәлігі бар, жалпы апатсыз ұшу уақыты 1500 сағаттан асатын, осы Баптың 7.1. пунктінің талаптарына сай жоғары білімін санамағанда 1610 мамандығы бар мамандарға.
      7.6. 2-ші класты бортинженер атағына ұсынылған кандидаттар дайындық және ұшу жұмысының практикалық меңгеруін тексеру кезінде "4"-тен кем баға алмау керек, аттестациясы ойдағыдай болу керек, және РЛЭ бойынша сынақты "беске", ал қалған пәндерден "төрттен" төмен баға алмау керек.
      7.7. 1-ші класты бортинженер атағы мына жағдайда беріледі:
      7.7.1. Бортинженер ретінде жалпы жұмыстың істеу стажы 3 жылдан кем емес, бортинженерге, 2 класс бортмеханик ретінде жалпы апатсыз ұшуы 3000 сағат, бортинженерлер ретінде өз бетімен ұшуы 200 сағат болған жағдайда.
      7.7.2. Бортинженер қызметіне тағайындалған 1-ші класты бортмеханиктерге, осы Баптың 7.1. пунктінің талаптарына сай, бортинженер ретінде өз бетімен жұмыс істеуге рұқсаты бар және бортинженер ретінде өз бетімен ұшуы 200 сағат толғандарға.
      7.7.3. Бортинженер қызметіндегі, бірақ 1-ші немесе 2-ші класты бортмеханик куәлігі бар, жалпы апатсыз ұшуы 3500 сағаттан кем емес, осы Баптың 7.1. пунктінің талаптарына сай 1610 мамандығы бойынша жоғарғы білімін есептеген мамандарға.
      7.7.4. 1-ші класты бортинженер атағына ұсынылған кандидаттар дайындық және ұшу жұмысының практикалық меңгеруін тексеру кезінде "бес" деген баға алу керек, аттестациясы ойдағыдай болу керек және осы Баптың 1 қосымшасындағы 1, 3, 7, 8 пункттерінде көрсетілген арнайы пәндерден "бес" деген бағаға сынақ тапсыруы шарт, ал басқа пәндерден алған бағалары "төрттен" төмен болмауы керек.
      7.9. Дайындық және ұшу жұмыстарының практикалық меңгеруін тексеруге Азаматтық авиация Департаментінің, авиакомпаниялардың және бірлестіктердің бортинженер-инспекторлары (инструкторлары) хұқығы бар.
      7.10. Куәлік мерзімін ұзартқан кезде және класс бойынша көтеру кезінде осы Баптың 1-ші қосымшасында көрсеткендей Азаматтық авиация жоғарғы квалификация комиссиясына және авиакомпанияларының, бірлестіктердің және кәсіпорындардың жергілікті квалификация комиссиясына 1-4, 7-9, 11-13 пәндері бойынша сынақ тапсырылады.

                                8-ші БӨЛІМ 
                    Бортмеханиктерді классификациялау

      8.1. Бортмеханик класының квалификациясы берілетін кандидат мына талаптарға сай болуы керек.
      8.1.1. Жоғарғы (1610 мамандығы "авиадвигательдерді және ұшақтарды эксплуатацияға қосатын "Инженер-механик") немесе арнайы орта (0579 мамандығы "авиадвигательдерді және ұшақтарды эксплуатацияға қосатын Техник- механик") білімі болуы керек және белгіленген бағдарламалар бойынша арнайы дайындықтан өту керек.
      8.1.2. Осы Баптың 1-ші қосымшаларында көрсеткендей арнайы пәндерді білуі керек.
      8.1.3. Бортинженер (бортмеханик) міндетін сай жерде және әуеде ұшақты эксплуатацияға қоса білуі керек.
      8.2. 3-ші класты бортмеханик осы Баптың 8.1. пунктінде талаптарға сай бортмеханик ретінде өз бетімен жұмыс істеуге рұқсаты бар мамандарға беріледі.
      8.3. 3-ші класты бортмеханикке ұсынылған кандидаттар дайындық және ұшу жұмысының практикалық меңгеруін тексеру кезінде "төрттен" төмен баға алмау керек. Аттестациясы ойдағыдай болу керек және авиакомпания ЖКК-на осы Баптың 1-ші қосымшасында көрсеткендей барлық пәндерден "төрттен" төмен емес, бағаларға сынақ тапсыруы керек.
      8.4. 2-ші класты бортмеханикке ұсыну 3-ші класты бортмеханик ретінде кемінде 3 жыл стажы бар, жалпы апатсыз ұшуы 1500 сағат толған мамандарға беріледі.
      8.5. 2-ші класты бортмеханикке ұсынылған кандидаттар дайындық және ұшу жұмыстарының практикалық меңгеруін тексеру кезінде "төрттен" төмен баға алмауы керек, аттестациясы ойдағыдай болу керек, және осы Баптың 1 қосымшаға 3 пунктте көрсеткендей арнайы пәннен "беске" сынақ тапсыру керек, ал қалған пәндерден алған бағасы "төрттен" төмен болмау керек.
      8.6. 1-ші класты бортмеханик атағы 2-ші класты бортмеханик ретінде кемінде 3 жыл жұмыс стажы бар және жалпы апатсыз ұшуы 3500 сағат болған бортмеханиктерге беріледі.
      8.7. 1-ші класты бортмеханик ұсынылған кандидаттар дайындық және ұшу жұмысының практикалық меңгеруін тексерген кезде "бес" деген бағаға тапсыруы керек, аттестациясы ойдағыдай болу керек және осы Баптың 1 қосымшасы 1, 3, 7, 8, 13 пункттерінде көрсеткендей пәндерден "бес" деген бағаға ал басқа пәндерден "төрт" деген бағаға сынақ тапсыру керек.
       8.8. Класс бойынша көтерілетін бортмеханиктердің практикалық жұмысын тексеруге Азаматтық авиация Департаментінің, авиакомпаниялардың, бірлестіктердің және кәсіпорындардың бортинженер-инспекторлардың (инструкторлардың) хұқығы бар. 8.9. Куәлік мерзімін ұзартқан кезде және класс бойынша көтерілгенде 1-4, 7-9, 11-13 пәндері бойынша осы Баптың 1 қосымшасында көрсеткендей Азаматтық авиацияның, авиакомпаниялардың, бірлестіктердің, кәсіпорындардың ЖКК-на не Азаматтық авиацияның ӘДК-на сынақтар тапсырады.

                          9-шы БӨЛІМ
           Әуе қозғалысы қызметінің мамандарын классификациялау

      9.1. Класс квалификациясы әуе қозғалысы қызметінің мынадай мамандарына беріледі: - диспетчерлерге; - диспетчер-инструкторға; - аға диспетчерлерге; - ұшу жөніндегі жетекшілерге; - диспетчер пункттерінің жетекші құрамына; - "Казаэронавигация" Азаматтық авиация қозғалысы қызметінің инспекторлық және инструкторлық жетекші құрамына.
      9.2. Диспетчер класының квалификациясына ұсынылған кандидаттар мынадай талаптарға сай болуы керек:
      9.2.1. Орта арнайы білімі болуға және бекітілген бағдарламалар бойынша арнайы даярлықтан өтуге;
      9.2.2. Осы Баптың 2-ші қосымшаларында көрсеткен арнайы пәндерді білуі керек.
      9.2.3. Әуе қозғалысын басқару және ұшулар орындалып жатқан кездерде радиомен хабар алмасу ережелерін, фразиологиясын жұмыс технологиясына сай болып, әуе қозғалысын басқара алуы керек, әртүрлі әуе және ауа-райы жағдайларында дұрыс, өз уақытында қимылдауы керек; әуе қозғалысын басқарудағы радио құралдарын, байланыс құралдарын жұмыс кезінде дұрыс қолдана білуі керек, істеуі керек, аэродромда және жауапты аймақта апатқа ұшыраған ұшақтарды дер кезінде көмек көрсету керек.
      9.3. 3-ші класты әуе қызметкерлерінің диспетчер атағы мына жағдайда беріледі:
      9.3.1. Технологиялық практикадан және теориялық пәндерден сынақтар тапсырған Азаматтық авиация оқу орындарының түлектеріне;
      9.3.2. Оқу орындарында, УТЦ-да диспетчерлер курсының дайындығынан өткен әуе қозғалысы қызметіне авиация мамандарынан жұмысқа алынған, әуе қозғалысын басқару пунктінде стажировкадан өткен және өз бетімен әуе қозғалысын басқаруға рұқсат алған адамдарға.
      9.4. 3-ші класты диспетчер атағына ұсынылған, әуе қозғалысы қызметіне алынған мамандар осы Баптың 1.2. пунктінде көрсетілген талаптарға сай аттестациясы ойдағыдай, диспетчерлік пунктте байланысты әуе қозғалысы қызметі бекіткен іскерліктерді меңгеруі керек пункт 5.6.9., 2-ші қосымша бойынша емтихандарды "4"-тен төмен тапсырмауы тиіс, ал қалған пәндерден "3"-тен төмен болмауы тиіс.
      9.5. 2-ші класты әуе қозғалысы қызметінің мынадай әуе қозғалысына қызметінің мамандарына беріледі:
      9.5.1. Диспетчерлерге, диспетчер инструкторларға, автоматты жүйедегі әуе қозғалысы қызметінің аға диспетчерлеріне;
      9.5.2. Диспетчерлерге, диспетчер инструкторларға, бас аймақтық, өлкелік әуе қозғалысы қызметінің аға диспетчерлеріне;
      9.5.3. Осы Баптың 8.5.1, 8.5.2 пункттерінде көрсетілмеген әуе қозғалысы қызметінің диспетчерлік пункттерінің аға диспетчерлеріне, және диспетчер инструкторларына;
      9.5.4. Әуе қозғалысы қызметінің азаматтық секторы ЕС орталығының ауысым бастықтарына, ұшу жөніндегі жетекшілерге, диспетчер пункті басшыларына;
      9.5.5. Бір немесе бірнеше диспетчерлік пункттерден әуе қозғалысы қызметінің өз бетімен басқаруға рұқсаты бар, Азаматтық авиация мекемелерінің және кәсіпорындарының, "Қазаэронавигациясының" филиалдарының және аппараттарының жетекші және инструкторлық құрамына;
      9.6. 2-ші класты әуе қозғалысы қызметінің диспетчері атағы ұсынылған кандидаттар ойдағыдай аттестациядан өтуі керек, 3-ші класты диспетчер ретінде 3 жыл жұмыс стажы болу керек, тиісті диспетчерлік пунктен әуе қозғалысын басқару жөнінде практикалық іскерліктерін тексеруден өткізу керек және "төрттен" төмен емес бағаға осы Баптың 2-ші қосымшасында көрсеткен арнайы пәндерден сынақ тапсыру керек.
      9.7. 1-ші класты диспетчер атағы осы Баптың 8.5. пунктінде көрсетілген екінші класты диспетчер ретінде үздіксіз жұмыс стажы 3 жыл болған, немесе кәсіпорын басшысының қалауымен жоғарғы кәсіби іскерлігі үшін 2 жыл жұмыс істеген мамандарға беріледі.
      9.8. 1-ші класс диспетчер атағы берілген әуе қозғалысы қызметінің кандидаттары ойдағыдай аттестациядан өту керек, "бес" деген бағаға тиісті диспетчерлік пункттен әуе қозғалысы қызметі бойынша практикалық іскерліктен, тексеруден өту керек, және осы ережеге 2 қосымшада көрсетілген 1.3.4. арнайы пәндері бойынша "бес" деген бағаға, ал қалған арнайы пәндер бойынша "төрттен" кем емес бағаға емтихан тапсырулары керек.
      9.9. АА ОЖО-тары (УТЦ ГА) мен оқу орындары жанындағы курстарда бастапқы дайындықтан өткен қозғалыс қызметі диспетчерлеріне АА (ГА) авиакомпаниялары, бірлестіктері мен ұйымдарының ЖКК-ына (МКК) кластық атақ беруге ұсыныс, 4х5 см өлшемді үш фотосурет (бас киімсіз түскен), ал бағалар парағы орнына курстарды бітірген туралы куәліктің көшірмесі жіберіледі.
      9.10. Класын көтеруге кандидаттардың жұмыс орындарында ӘҚБ (УВД) бойынша практикалық дағдыларын тексеруге мыналар, құқылы: "Қазаэронавигация" кәсіпорынының қозғалыс қызметі аппаратының басшы және инспекторлық құрамы; "Қазаэронавигация" филиалдарының бастықтары; ұшулар басшылары; аға диспетчер; диспетчер-конструктор; ӘҚБ (УВД) Орталықтары диспетчерлік пункттерінің бастықтары.
      9.11. Класты көтеру кезінде ӘКК-ға (ВКК) 1-6 мен 8 тармақшылар бойынша емтихандар, ал ЖКК-ға осы ережеге 2 қосымшада көрсетілген барлық пәндер бойынша емтихандар тапсырылады. Куәліктің жарамдылығы мерзімін ұзарту кезінде осы Ережеге 2 қосымшаның 1-6 мен 8-тармақшылары бойынша емтихандар тапсырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады