Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өз бетімен жүзу кемелерінің және жер снарядтарының командалық құрамын дипломдау туралы Ереже

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникациялар Министрлігі 1995 жылғы 26 қазандағы N 210 Бұйрық. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 4 тамыз N 567 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2012 жылғы 12 қазандағы № 691 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2012.10.12 № 691 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Флот жұмысының мемлекеттік реттелуін қамтамасыз ету, кеме қатысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттылықты болдырмау мәселелерін шешуде бірыңғайлықты орнату мақсатымен бұйырамын:
      1. Қоса берілген құжаттар бекітілсін:
      - "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелер мен жер снарядтарындағы команда құрамын дипломдау жөніндегі біліктілік комиссиялар туралы Ереже";
      - "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Кеме қатынасы мен теңізде жүзу қауіпсіздігінің Бас инспекциясы қызметкерлерімен кемелерге бақылау жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулық".
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 167-І (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      2. Су көлігінің Департаменті жаңа үлгідегі Дипломдар мен Біліктілік бланкілерінің қажетті санын әзірлесін. 1997 жылғы 1 сәуірге дейін Дипломдар мен Біліктілік куәліктерге айырбастау жүргізсін.
      3. 1987 жылғы 27 қаңтарда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы өзен флотының Бас басқармасының бастығының N 16 бұйрығымен бекітілген "Қазақ КСР-нің ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелердегі команда құрамын дипломдау туралы Ереже" және 1994 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Су көлігі Департаментінің директорымен бекітілген "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелер мен жер снарядтарындағы команда құрамын дипломдау жөніндегі білікті комиссиялар туралы Ереженің" күші жойылды деп есептелсін.
      4. Заң актілерін әзірлеу, жоғарғы кеңеспен байланыс және заң жұмыстарының Басқармасы жоғарыда аталған құжаттарды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген  тәртіппен тіркелсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Су көлігі Департаментінің директоры П.Д.Коваленкоға жүктелсін.
 

       Министр

Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында
пайдаланылатын өз бетімен жүзу кемелерінің
командалық құрамын дипломдау туралы
Ереже

      Ескерту: Ереже алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 167-І (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады