Құбыр жүргiзетiн транспортпен және электр берiлiсiнiң желiлерiмен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Кеден комитетi 1996 жылғы 28 мамыр N 114-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 12 маусымда N 180 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 51 бұйрығымен. ~V011441

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Жарлығының 154, 193, 201, 202 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы құбыр жүргiзетiн транспортпен және электр берiлiсiнiң желiлерiмен тауарлар өткiзудiң кедендiк ресiмделуiн және кедендiк бақылауын жетiлдiру мақсатында бұйрық етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы құбыр жүргiзетiн

 

транспортпен және электр берiлiсiнiң желiлерiмен өткiзiлетiн тауарларды

кедендiк ресiмдеу туралы қоса тiркелiп отырылған Нұсқау бекiтiлсiн.

     2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

Кеден комитетi Төрағасының Бiрiншi орынбасары Ә.М.Мелдехановқа жүктелсiн.


     Төраға


                                             ҚР КК-нiң

                                             28.05.96 N 114-П

                                             бұйрығымен

                                             бекiтiлген


               Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы

            құбыр жүргiзетiн транспортпен және электр берiлiсiнiң

         желiлерiмен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу туралы

                                   НҰСҚАУ


     1. Жалпы ережелер



 
       1.1. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы құбыр жүргiзетiн транспортпен және электр берiлiсiнiң желiлерiмен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу туралы осы Нұсқау (бұдан әрi - Нұсқау) Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы магистралды мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары және газ құбырларымен және электр берiлiсiнiң желiлерiмен өткiзiлетiн тауарларды (бұдан әрi - тауарлар) кедендiк ресiмдеу тәртiбiн анықтайды.
      Осы Нұсқаудың күшi бiреуi құбыр жүргiзетiн транспорт болып табылатын әркелкi түрлерiмен тауарларды тасымалдаудың аралас күйiне де қолданылады.
      1.2. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы құбыр жүргiзетiн транспортпен және электр берiлiсiнiң желiлерiмен өткiзiлетiн тауарларды өткiзу "Қазақстан Республикасы кеден iсi туралы" Жарлықта көзделген тәртiппен кеден режимдерiне және Қазақстан Республикасы кеден заңдарының өзге де қалыпты құқықтық актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.
      1.3. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы құбыр жүргiзетiн транспортпен және электр берiлiсiнiң желiлерiмен өткiзiлетiн тауарлар осы Нұсқауға және Қазақстан Республикасы КК-нiң басқа да қалыпты актiлерiне сәйкес кедендiк ресiмдеуге және кедендiк бақылауға жатады.
      Тауарларды кеден органдарының рұқсатынсыз өткiзуге жол берiлмейдi. Тауарларды кеден органдарының рұқсатынсыз өткiзетiн тұлға Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауап бередi.
      1.4. Тауарларды өткiзетiн тұлға Қазақстан Республикасы кеден органдарына осы органдардың кедендiк және валюталық бақылауды жүргiзуi үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi. Құжаттар мен мәлiметтер, оларды ұсыну тәртiбi осы Нұсқау, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлық және Қазақстан Республикасы КК-iнiң қалыпты актiлерi арқылы анықталады.
      1.5. Тауарларды кедендiк ресiмдеу бұл үшiн анықталған жерлерде кеден органының қызметi аймағында жүргiзiледi. Өнiм қоюға шет ел тұлғасымен (бұдан әрi тиiсiнше экспортшы немесе импортшы) шарт жасасқан ұйым тауарларды кедендiк ресiмдеудi тауардың орналасқан жерi бойынша аймақта жүргiзедi.
      ЕСКЕРТУ. 1.5.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Кеден комитетiнiң
               1997.01.10. N 5-П бұйрығымен.
      1.6. Кедендiк ресiмдеудiң нақты орнын тиiстi кеденнiң бастығы белгiлейдi.
      Тауарларды өткiзу транспорттың бiр түрiнен көбiн (құбырмен жүргiзетiн-темiржол транспорттың, құбырмен жүргiзетiн автомобиль транспорттың ж.т.б.) пайдаланатын жағдайда кедендiк ресiмдеу қызметi аймағында соңғы түрiне қайта тиеу жүзеге асырылатын кеден органында жүргiзiледi.
      Егер тауарларды iс жүзiнде әкелу (әкету) теңiз (өзен) транспортын пайдалана отырып жүргiзiлетiн болса, онда кедендiк ресiмдеу қызметi аймағында Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тiкелей өтетiн теңiз (өзен) кемеге тиеп салу жүзеге асырылатын кеден органында жүргiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 1.6.-тармақ өзгертiлдi - ҚР Кеден комитетiнiң
               1997.01.10. N 5-П бұйрығымен.
 
      2. Тауарларды декларациялау
 
      2.1. Тауарлар осы Нұсқауға, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлыққа және Қазақстан Республикасы КК-iнiң қалыпты актiлерiне сәйкес кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органында декларациялауға жатады.
      2.2. Бiр топтама ретiнде жеткiзiлiм көлемiне қарамастан бiр шарт (келiсiм шарт) арқылы жеткiзiлетiн тауарларды бiр күнтiзбелiк ай iшiнде, ал электр энергиясын тоқсан iшiнде декларациялауға болады. Мұндайда теңiз (өзен) транспортын пайдалану жағдайларын қоспағанда декларациялауға кеден органының арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.
      2.3. Толық кедендiк жүк декларациясы (бұдан әрi - КЖД) төрт данада толтырылады, кедендiк ресiмдеу аяқталған соң олардың:
      бiрiншi данасы - кеденде қалады;
      екiншi данасы - кедендiк статистикада қолданылады;
      үшiншi данасы - декларантқа қайтарылады;
      төртiншi данасы - тасымалдаушыға беру үшiн декларантқа қайтарылады және тауарды тасымалдауға рұқсат болып табылады.
      Егер тауарлар Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы осы Нұсқаудың 1.5. тармағында көрсетiлген транспорт әркелкi түрлерiн пайдалана отырып өткiзiлетiн болса, онда Қазақстан Республикасы кеден аумағынан нақты әкетуге рұқсат болып кеден органының "Шығаруға рұқсат" мөртаңбасы басылған, кеден органы лауазымды адамының жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлген, КЖД нөмiрi бар, сонымен қатар жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлген тасымалдау құжаттары саналады.
      2.4. Бiр топтама ретiнде бiр шарт (келiсiм шарт) арқылы жеткiзiлетiн тауарларды декларациялау кезiнде декларант КЖД-ның 31 бағанына күнтiзбелiк айдың және жылдың не тоқсан мен жылдың атын көрсете отырып "... үшiн өнiм қою iшiндегi жеткiзiлiм" деп қосымша жазу жазады.
      Тасымалдаушы тауарларды Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткiзудi тек КЖД-да мәлiмделген мерзiмде ғана жүргiзе алады.
      ЕСКЕРТУ. 2.4.-тармақ өзгертiлдi - ҚР Кеден комитетiнiң
               1997.01.10. N 5-П бұйрығымен.
 
          3. Уақытша кедендiк жүк декларациясын беру жолымен
        тауарларды декларациялау кезiнде оларды кедендiк ресiмдеу
 
      3.1. Декларант ерекше себептермен КЖД-ны бере алмаса, уақытша кедендiк жүк декларациясын (бұдан әрi - УКЖД) беруге рұқсат етiледi.
      Ерекше себептер ретiнде:
      - КЖД-ны беретiн күнге кеден органына iс жүзiнде ұсынылуы мүмкiн құрылған тауар топтамасының жоқтығының;
      - КЖД-ны беретiн күнге тауарлардың мөлшерi мен сапасын және олардың құнын анықтаудың мүмкiн еместiгiнiң қаралуы мүмкiн.
      3.2. Декларант УКЖД-ны тауардың жеткiзiлiмi жоспарланатын айдың алдындағы, электр энергиясы үшiн тоқсанның алдындағы ай iшiнде кеден органына ұсынады.
      УКЖД-мен бiрге мәлiмделген кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасы КК-нiң белгiлеген кедендiк ресiмдеу және кедендiк, валюталық бақылауды жүргiзуге қажеттi құжаттар мен мәлiметтер де берiледi.
      УКЖД-ны - жеткiзiлiм айында ұсынуға жол берiледi.
      3.3. УКЖД мәлiмделген кеден режимiне қатысты қолданылатын КЖД-ны толтыру тәртiбiне сәйкес төмендегi ерекшелiктер:
      а) "Декларация үлгiсi" 1 бағанының үшiншi бөлiмшесiнде "УД" әрiп индексi - "уақытша декларация" жазылып көрсетiледi;
      б) транспорт құжаттарының нөмiрлерi мен күндерi көрсетiлмей тауарлардың жоспарланатын мөлшерi көрсетiледi;
      в) тауарлар мөлшерi мен сапасына байланысты КЖД-да мәлiмделiнуге жататын басқа мәлiметтер жеткiзiлiмге жататын тауардың жоспарланатын мөлшерi ескерiлiп, шамалай көрсетiледi;
      г) декларант тауардың құнын сыртқы саудалық мәмiле сауда-саттық бағасын ескере отырып мәлiмдейдi. Келiсiм шартта (шартта) тауардың белгiленген (дәл, түпкi) бағасы болмаса, оны анықтау шарттары (мәселен, белгiлi бiр күнге бағаны есептеудiң немесе тауарды сату күнiне биржалық бағалаудың формуласы негiзiнде) ғана белгiленiп отырса, сонымен қатар УКЖД-ны беретiн күнге әкелiнетiн тауардың мөлшерi мен сапасы туралы дәл ақпарат жоқ болса, онда әкелiнетiн (әкетiлетiн) тауарды шартты (уақытша) бағалау үшiн не келiсiм-шартта белгiленген алдын алғы (шамалай) баға, не келiсiм-шартпен белгiленген есептеу шарттарына сәйкес УКЖД-ны беретiн күнге анықталған есептеу бағасы қолданылады.
      Мұндай есептеудi жүргiзу мүмкiн болмаса, онда әкелiнетiн (әкетiлетiн) тауарды шартты (уақытша) бағалауды кеден органындағы бар бағалық ақпараттың негiзiнде жүргiзуге болады.
      д)
      ЕСКЕРТУ. д)-тармақша алынып тасталды - ҚР Кеден комитетiнiң
               1997.01.10. N 5-П бұйрығымен.
      3.4. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзудi тасымалдаушының УКЖД-ның 44 бағанында мәлiмделген мерзiмдерiнде, алайда үш айдан асырмай жүргiзуге болады.
      ЕСКЕРТУ. 3.4.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Кеден комитетiнiң
               1997.01.10. N 5-П бұйрығымен.
      3.5. УКЖД-ны, транспорт және басқа да құжаттарды ресiмдеудi кеден органы КЖД-ны беру жолымен декларацияланатын тауарларға қатысты қолданылатын тәртiпке сәйкес жүргiзедi.
      3.6. УКЖД парақтарын бөлiп тарату осы Нұсқаудың 2.3. тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      3.7. УКЖД-да мәлiмделген тауар топтамасы жеткiзiлгеннен кейiн 20 күннен кешiктiрмей декларант УКЖД-да мәлiмделген тауардың кедендiк ресiмдеуiн жүргiзген кеден органына толық кедендiк жүк декларациясын ұсынады.
      Аталған мерзiм коносаменттi, қабылдау-өткiзу актiсiн не жеткiзiлген тауардың мөлшерiн анықтау үшiн пайдаланатын және тасымалдаушы ресiмдейтiн (бұдан әрi - транспорт құжаттары) басқа да құжатты ресiмдеген күннен бастап есептеледi.
      Декларацияланатын топтамаға бiрiнен кейiн бiрi бiрнеше транспорт құжаттары жасалған жағдайда аталған мерзiм соңғы транспорт құжаты ресiмделген күннен бастап есептеледi.
      Аталған мерзiм табиғи газ бен электр энергиясы үшiн тауар жеткiзiлген айдың соңғы күнiнен бастап есептеледi.
      Ерекше жағдайларда кеден бастығының рұқсатымен КЖД ұсыну мерзiмi ұзартылсын, бiрақ 30 күннен асырылмасын.
      ЕСКЕРТУ. 3.7.-тармақ өзгертiлдi - ҚР Кеден комитетiнiң
               1997.01.10. N 5-П бұйрығымен.
      3.8. КЖД-ны декларант толтырады және бередi, кеден органының УКЖД-ны қабылдаған күнiне қолданылатын Қазақстан Республикасы КК-iнiң қалыпты актiлерiне сәйкес қабылданады және ресiмделедi.
      КЖД төмендегi ерекшелiктер:
      - "Декларация үлгiсi" 1 бағанының үшiншi бөлiмшесiнде "ТД" әрiп индексi - "толық декларация" жазылып көрсетiледi;
      "Жөнелтушi" 2 бағанында тауарларды мұнай, мұнай өнiмдерiн, газ бен электр энергиясын тiкелей өндiрушiлердi көрсетедi, жөнелтушi тауарлардың өндiрушiсi болып табылмаса, Қазақстан Республикасы кеден аумағынан әкету, осы аумаққа әкелу үшiн тауарларды тиеу мен оларды тасымалдаушыға беру бойынша әрекеттер жасайтын тұлға туралы мәлiметтердi көрсету қажет.
      "Жалпы декларация/алдын алғы құжат" 40 бағанында УКЖД-ының анықтамалық нөмiрi көрсетiледi.
      "Кедендiк бақылау" Д бағанында кеден органының лауазымды адамы транспорт құжатының күнiн қосымша жазады, табиғи газ бен электр энергиясы үшiн тауар жеткiзiлiмi жүзеге асырылған соңғы айдың күнiн көрсетедi. Осы жазу кеден органының лауазымды адамының қолымен және "Шығаруға рұқсат"

 

мөртаңбасымен куәлендiрiлуi ескерiлiп толтырылады.

     КЖД парақтары төмендегiдей тәртiппен бөлiнiп таратылады:

     бiрiншi данасы - кеденде қалады;

     екiншi данасы - кедендiк статистикада қолданылады;

     үшiншi данасы - декларантқа қайтарылады;

     төртiншi данасы - тасымалдаушыға беру үшiн декларантқа қайтарылады

және тауарды тасымалдауға рұқсат болып табылады.

     3.9. Сыртқы сауданың статистикасында және валюталық бақылауды жүзеге

асыру үшiн тек қана толық кедендiк жүк декларациялары ескерiледi.


          4. Тауарларды кеден органы мәлiмдегеннен өзгеше

         мөлшерде әкелу (әкету) жағдайында оларды кедендiк

                     ресiмдеудiң ерекшелiктерi


     4.1. Әкелiнген (әкетiлген) тауардың нақты мөлшерi УКЖД немесе КЖД-да

мәлiмделген мөлшерден асуы мүмкiн емес.


 
       4.2. Әкелiнген (әкетiлген) тауардың нақты мөлшерi УКЖД немесе КЖД-да (топтаманы жөнелткенге (алғанға) дейiн кеден органына нақты ұсынылған нақты тауар топтамасын декларациялау кезiнде) мәлiмделген тауарларды нақты әкелудi (әкетудi), сонымен қатар УКЖД (КЖД)-да мәлiмделгеннен аз мөлшерде әкетудi (әкелудi) жүзеге асырмаған жағдайда мұндай тауарлар келесi жолы да жеткiзiлетiн кезiнде қайта декларациялауға жатады.
      4.3. Декларанттағы УКЖД (КЖД) данасын, кеден органдары мен лауазымды адамдары жүргiзген кеден мөрлерi, мөртаңбалары мен жазбалары қойылған осындай тауарларға транспорттық және тауарды iлеспелеу құжаттарын, сонымен қатар жеткiзбеудiң себептерi, нақты әкелiнген (әкетiлген) тауардың мөлшерi туралы экспортшының (импортшының) жазбаша түсiнiктемесiн тауарлар КЖД-ны осы Нұсқаудың 3.7. тармағында көрсетiлгеннен аспайтын мерзiмде беру жолымен декларацияланатын жағдайда декларант КЖД-ны бергенге дейiн немесе берумен бiр мезгiлде кеден органына ұсынады.
      4.4. Әкелу (әкету) жүзеге асырылмаған жағдайда УКЖД (КЖД)-ны жою кеден органы лауазымды адамының қолымен және жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлетiн "Жойылды" "С" бағанында жазу немесе сызып тастау жолымен жеткiзiлiмнiң жүзеге асырылмағаны жайында тасымалдаушының деректi растауынан соң жүргiзiледi.
      4.5. КЖД-да мәлiмделген тауарларды әкелудi (әкетудi) iшiнара кеден органының лауазымды адамы жүзеге асырған жағдайда декларант пен кеден органының УКЖД (КЖД) даналарының "С" бағанында нақты жеткiзiлген тауардың мөлшерi көрсетiледi және кеден органы лауазымды адамының жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлетiн "Тауар iшiнара жеткiзiлдi" деген жазу жазылады.
      4.6. Транспорт және тауарларға iлеспе құжаттарында кеден органдарының лауазымды адамдары жүргiзген кеден мөрлерi, мөртаңбалары мен жазбалары кеден органы лауазымды адамының қолымен және жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлетiн "Жойылды" жазуын жазу және сызып тастау жолымен жойылады.
 
            5. Кеден төлемдерiн төлеу, экономикалық саясат пен
                     басқа да шектеу шараларын сақтау
 
      5.1. Декларациялауы УКЖД-ны беру жолымен жүзеге асырылған тауарларға қатысты экономикалық саясат пен шектес шараларын сақтау Қазақстан Республикасы валютасына шет ел валютасын аудару бағамын қоса отырып аталған уақытша декларацияны кеден органының қабылдаған күнi қолданылатын нормаларға сәйкес жүргiзiледi.
      Кеден төлемдерi УКЖД қабылдағанға дейiн немесе қабылдаумен бiр мезгiлде төленедi. Кеден төлемдерiн төлеудi кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеудi ұсыну Қазақстан Республикасы Кеден Комитетiнiң қалыпты актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. Төлеудi кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеудiң басталған күнi болып кеден органының УКЖД-ны қабылдаған күнi саналады.
      5.2. Жеткiзiлiм нәтижесiнде төлеуге жататын кеден баждарының, салықтар мен алымдардың сомасы УКЖД-да мәлiмделгенмен салыстырғанда өсетiн жағдайда оларға қосымша төлеу жүргiзiледi, егер азаятын жағдайда кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органы төлеушiге айырмасын қайтарады не төлеушiнiң өтiнiшi бойынша артық төленген сомаларды келесi төлемдер есебiне жатқызады.
      Кеден төлемдерiне қосымша төлеудi төлеушi Қазақстан Республикасы кеден органының КЖД-ны қабылдағанына дейiн немесе қабылдауымен бiр мезгiлде жүргiзедi.
      Кеден төлемдерi мен салықтардың сомаларын қайтаруды, сонымен қатар оларды келесi төлемдер есебiне жатқызуды Қазақстан Республикасы қалыпты актiлерiне сәйкес кеден органдары жүргiзедi.
      5.3. КЖД-ның (УКЖД-ның) күшi жойылған кезде кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдарын қайтару жүргiзiлмейдi. Төлеушiнiң өтiнiшi бойынша сома тауардың келесi топтамаларын кедендiк ресiмдеу үшiн төлемдердiң есебiне жатқызылады.
      ЕСКЕРТУ. 5.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Кеден комитетiнiң
               1997.01.10. N 5-П бұйрығымен.
 
                   6. Кедендiк және валюталық бақылау
 
      6.1. Кедендiк және валюталық бақылауды кеден органдары "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлыққа, Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына және қалыпты актiлерiне сәйкес жүргiзедi.
      УКЖД-ны беру жолымен тауарларды декларациялау кезiнде аталған декларацияны кеден органы қабылдаған күнi қолданылатын нормаларға сәйкес қолданылады.
      Валюталық түсiмдердiң түсу мерзiмi кеден органы лауазымды адамының КЖД "Д" бағанында қосымша көрсеткен транспорт құжатының күнiнен бастап, табиғи газ бен электр энергиясы үшiн тауарды жеткiзу жүзеге асырылған айдың соңғы күнiнен бастап және "Шығаруға рұқсат" мөртаңбасында көрсетiлген күннен бастап есептеледi.
      6.2. КЖД ұсынылғанға дейiн УКЖД-ны беру жолымен тауарларды декларациялау кезiнде бақылау үшiн экспортшы (импортшы) ұсынатын жедел, коммерциялық және транспорт құжаттары пайдаланылады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы кеден органының талабы бойынша тасымалдаушылар не аталған құжаттары бар не тауарлардың мөлшерi мен сапасы туралы мәлiметтерi бар басқа тұлғалар қолданады.
      6.3. Тауарларға қатысты өкiлеттiктерге ие тұлғалар тауарлардың мөлшерi мен сапасын анықтауды жүргiзуге мiндеттi. Тауарлардың мөлшерi мен сапалық құрамын растайтын құжаттар КЖД-ны берумен бiр мезгiлде кеден органына берiледi.
      6.4. Тауарлардың мөлшерi мен сапасына бақылауды қызметi аймағында құбыр жүргiзетiн транспортта және электр берiлiсiнiң желiлерiнде қабылдау-өткiзу пункттерi, сонымен қатар транспорттың бiр түрiнен екiншi түрiне тиеп салатын жерлер орналасқан Қазақстан Республикасы кеден органдары жүзеге асырады.
      Тауарлардың мөлшерi мен сапасының бағасына сәйкес келуiн бақылау үшiн кеден органдары кеден лабораториялары жүргiзетiн сараптау бағалауын пайдалана алады.
 
          7. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы
            транзитпен өткiзiлетiн тауарларды ресiмдеу
 
      7.1. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы транзитпен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы кеден аумағында орналасқан екi пункт арасында, басқа мемлекеттердiң аумағы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеудi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлыққа және Қазақстан Республикасы КК-iнiң қалыпты актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
      7.2. Тауарларды декларациялауды тауарлар транзитiнiң кеден режимiне қатысты осы Нұсқауға сәйкес тауарлардың шетелдiк иелерiне транспорттық экспедиторлық қызмет көрсететiн қазақстандық заңды тұлға, сонымен қатар кеден делдалы (брокерi, шарт негiзiнде декларант) жүзеге асырады.
      7.3. Қолданылып жүрген қалыпты актiлермен транзиттiк тауарларды кедендiк ресiмдеудiң (КЖД ұсынылмай) өзгеше тәртiбi көзделген жағдайда декларациялауы жөнелтетiн ел, жiберген ел, Қазақстан Республикасы кеден аумағынан әкетiлген және осы аумаққа әкелiнген тауардың статистикалық құны, мөлшерi туралы мәлiметтерi бар жалпы деректердi Қазақстан Республикасы кеден органдарына беру жолымен қазақстандық тұлға немесе кеден делдалы (брокерi, шарт негiзiнде декларант) жүзеге асырады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады