Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде мемлекеттiк кедендiк бақылау жасаудың тәртiбi туралы НҰСҚАУ

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Кеден комитеті 1996 жылғы 8 сәуір N 77-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 12 шілдеде N 182 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001.02.15. N 50 бұйрығымен. ~V011448

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығына Z952368_ , дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетiн тауарларға, валютаға және жеке тұлғалардың заттарына кедендiк бақылауды жүзеге асыруды реттеу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1440 P951440_ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды, оның iшiнде көлiк құралдарын да өткізуiнiң тәртiбi туралы" қаулысын орындау мақсатында бұйрық етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде мемлекеттiк кедендiк бақылау жасаудың тәртiбi туралы нұсқау бекiтiлсiн және 1996 жылдың 10 сәуiрiнен бастап күшiне ендiрiлсiн.
      2. Аталған Нұсқауға сәйкес Қазақстан Республикасына келетiн және Қазақстан Республикасынан кететiн жеке тұлғаларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеу қамтамасыз етiлсiн, кедендiк бақылаудың залдары көрнекi ақпараттық материалдармен қамтамасыз етiлсiн.
      3. Жергiлiктi құқық қорғау органдары "кедендiк бақылау аймақтарының"

 

шекаралары туралы хабардар етiлсiн.

     4. Қазақстан Республикасы Кеден Комитетiнiң 1996 жылғы 16 ақпандағы

N 35-П бұйрығының күшi жойылған болып танылсын.

     5. Бұйрықтың орындалуына жауапкершiлiк облыстық кеден басқармалары

бастықтары мен кедендердiң бастықтарына жүктелсiн.

     6. Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Кеден

Комитетi Төрағасының орынбасары В.В.Шклярға жүктелсiн.


     Төрағаның мiндетiн атқарушы



          Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу

            пункттерiнде мемлекеттiк кедендiк бақылау жасаудың

                              тәртiбi туралы

                                  НҰСҚАУ



 
       Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығына, дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетiн тауарларға, валютаға және жеке тұлғалардың заттарына кедендiк бақылауды жүзеге асыруды реттеу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1440 Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды, оның iшiнде көлiк құралдарын

 

да өткізуiнiң тәртiбi туралы" қаулысын орындау мақсатында:


     I. "КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ АЙМАҚТАРЫ"

     II. "КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ НЫСАНДАРЫ"

     а) "VIP" кедендiк бақылауы"

     б) жеңiлдетiлген нысанмен, "кедендiк бақылаудың жеңiлдетiлген

жолымен" кеден шекарасынан өтетiн жеке тұлғаларды кедендiк бақылау;

     в) кедендiк бақылаудың толық нысанымен, "кедендiк бақылаудың толық

жолымен" кеден шекарасынан өтетiн жеке тұлғаларды кедендiк бақылау

белгiленедi.


                  КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ АЙМАҒЫ



      Ескерту: Бөлiм алынып тасталынды -  Мемлекеттік кіріс министрлігі   


               Кеден комитетінiң 1999 жылғы 3 қараша N 531-Б

               бұйрығымен.


V990975_




                КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУДЫ ЖҮРГIЗУ МЕН

                  КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ НЫСАНДАРЫ



 
       Кедендiк бақылауды Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары кеден мақсаттарына қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi тексеру, тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу, кедендiк жете тексеру, кеден бақылауының ерекше нысаны ретiнде жеке тексеру, тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу, жеке тұлғалар мен лауазымды адамдар арасында ауызша сауалнама жүргiзу, есепке алу мен есеп беру жүйесiн тексеру, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, еркiн қоймалардың, еркiн кеден аймақтары объектiлерiнiң, бажсыз сауда дүкендерiнiң аумақтары мен үй-жайлары, кедендiк бақылауға жататын тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн, не Қазақстан Республикасы кеден органдарына бақылау жасау жүктелген қызмет жүзеге асырылатын басқа да орындарды тексеру нысанында және осы Жарлықпен Қазақстан Республикасының кеден iсi жөнiндегi заңдарында көзделген басқа да нысандарда жүзеге асырылады.
      Кеден бақылауын жүргiзген кезде адам өмiрi мен денсаулығына, жануарлармен өсiмдiктерге қауiпсiз және заңды тұлғаларға, тауарларға, көлiк құралдарына зиян келтiрмейтiн техникалық құралдар қолданылуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде кiру мен шығу кезiнде және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен өту кезiнде жеке тұлғалар үшiн кедендік бақылаудың төмендегiдей нысандары белгiленсiн.
 
                       "VIP" КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУЫ
 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi мен Сенаты Төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және олармен бiр жүрген отбасы мүшелерiнiң жеке қол жүгi кеден тексеруiне жатпайды.
      Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының, Қазақстан Республикасы Үкiметi мүшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi Төрағасының жеке қол жүгi, егер аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасын өздерiнiң тиiстi депутаттық немесе қызмет мiндеттерiн орындаумен байланысты өтетiн болса, кеден тексеруiнен босатылады.
      Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгi басшысының, өкiлдiктiң дипломатиялық жеке құрамы мүшелерiнiң, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жеке қол жүгi, оның iшiнде өздерiнiң пайдалануына арналмаған тауарлар немесе Қазақстан Республикасы кеден аумағы арқылы әкелiнуiнен, әкетiлуi мен транзитпен өтуiне Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен тыйым салынған не карантиндiк және өзге де арнайы ережелермен реттелетiн тауарлар бар екенiне елеулi негiздер болмаған жағдайда кедендiк тексеруден босатылады. Мұндай тексеру тек қана дипломатиялық агенттiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен ғана жүргiзiлуi тиiс.
      Қазақстан Республикасына келiссөздерге, халықаралық конференцияларға, кеңестерге қатысу үшiн немесе басқа ресми тапсырмалармен келетiн шетел мемлекеттерiнiң өкiлдерi, парламенттiк және үкiмет делегацияларының мүшелерi, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi ресми делегацияның тiзiмi бар болса, кедендiк тексеруден босатылады. Тiзiм кеден шекарасынан өткеннен кейiн бiр тәулiк iшiнде ұсынылуы тиiс. Тiзiмде ресми делегацияның мүшелерi, олардың азаматтығы мен сапарларының мақсаттары жөнiнде мәлiметтер болуы қажет. Тiзiм Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мөрiмен куәлендiрiледi. СIМ-нiң лауазымды адамы оған қол қояды, кеден органы бастығына берiледi.
      VIP жолағымен жүретiн жоғарыда аталған тұлғалар кеден шекарасынан Т-6 нысанындағы кеден декларациясын толтырмай-ақ өте алады. Уақытша әкелудiң/әкетудiң режимiмен өткiзiлетiн тауарлар мен заттар мiндеттi түрде декларациялауға жатады.
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық почтасы мен консулдық сағдияна ашуға, ұстап қалуға да жатпайды. Консулдық сағдиянда төменгi бөлiкте көрсетiлмеген заттар бар деп есептеуге негiздер болған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органы Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамдарының қатысуымен ұсынушы мемлекеттiң уәкiлеттi тұлғаларының сағдиянды ашуын талап етуге құқылы. Консулдық сағдиянды ашудан бас тартқан жағдайда сағдиян жөнелтiлген жерiне қайтарылады.
      Дипломатиялық почтада тек ресми пайдалануға арналған дипломатиялық құжаттар мен тауарлар, ал консулдық сағдиянда тек ресми пайдалануға арналған ресми хат-хабарлар мен құжаттар немесе тауарлар бола алады.
      Дипломатиялық почта мен консулдық сағдиянды құрайтын барлық орындарда олардың сипатын көрсететiн көрнекi сыртқы белгiлер болуы қажет.
      Дипломатиялық және консулдық курьер оның мәртебесi мен дипломатиялық почтаны құрайтын орындардың саны көрсетiлетiн ресми құжатпен - "курьерлiк парақпен" қамтамасыз етiледi. Бұған уәкiлеттiлiгi бар қызметкер құжатқа қол қояды және дипломатиялық почтаны жөнелтетiн мекеменiң мөрiмен куәлендiредi.
      Шетелдiк дипломатиялық және консулдық курьерлер өздерiнiң жеке пайдалануына арналған тауарларды, Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс тауарларды сақтау, кедендiк ресiмдеу үшiн төлемдердi қоспағанда, кеден төлемдерiнен босатыла отырып Қазақстан Республикасына әкеле және Қазақстан Республикасынан әкете алады.
      Дипломатиялық почта осы дипломатиялық почтаны ғана тасымалдауға арналған ресми құжатпен (курьерлiк парақпен) қамтамасыз етiлген уақытша дипломатиялық курьерге - ad hoc - сенiп тапсырылуы мүмкiн. Уақытша дипломатиялық курьерге өздерiнiң мiндеттерiн орындау барысында дипломатиялық курьерлердiң пайдаланатын жеңiлдiктерi мен иммунитеттерi оған мақсатты дипломатиялық почтаны жеткiзу сәтiнде тоқтатылатын жағдайды қоспағанда Нұсқаудың осы тарауында көзделген кеден жеңiлдiктерi берiледi.
      Iлеспелi дипломатиялық почтаны қарсы алатын немесе шығарып салатын дипломатиялық (консулдық) өкiлдiктiң қызметкерлерiнiң бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде қолданылатын ұсынушыға тұрақты берiлетiн өткiзу рұқсатымен ұшақжайының жазғы алаңына баруға құқысы бар.
 
             КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУДЫҢ ЖЕҢIЛДЕТIЛГЕН НЫСАНЫ
 
      Жеңiлдетiлген нысанмен Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан өзiмен бiрге немесе алып жүретiн қол жүгiнде Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген нормалардан артық тауарлары мен валютасы болмайтын тұлғалар өткiзiледi.
      Кедендiк бақылаудың жеңiлдетiлген нысанымен Қазақстан Республикасы кеден шекарасын кесiп өту жолағы "Кедендiк бақылаудың жеңiлдетiлген жолағы" делiнiп белгiленсiн. Осы жолақпен жүретiн тұлғалар заттарын, валютасын, құндылықтарын, сонымен қатар жеке мақсаттарына өткізетiн тауарларын мәлiмдеп, Т-6 нысанындағы (Т-6-ны толтыру тәртiбi N 5 қосымшасында келтiрiлген) кеден декларациясын толтырады. Кеден қызметкерлерi кеден декларациясының барлық тармақтары бойынша ауызша сұрақ алуды жүргiзедi, бұл ретте қажет кезiнде таңдау ретiнде кедендiк бақылауды жүзеге асыра отырып, өз қолымен және жеке нөмiрлiк мөрiмен кеден декларациясындағы жазуды куәлендiредi. "Кедендiк бақылаудың жеңiлдетiлген жолағында" рентген-теледидар қондырғылары мен кедендiк бақылаудың басқа да техникалық құралдары көмегiмен қол жүгiн тексеру мiндеттi түрде жүргiзiледi.
      "Кедендiк бақылаудың жеңiлдетiлген жолағымен кеден шекарасы арқылы өтетiн жеке тұлғаның белгiлеген нормалардан артық тауарларды, валютаны және құндылықтарды өткiзiп отыр деуге жеткiлiктi негiздер бар делiнген жағдайда кеден органының қызметкерi аталған заттарды жасырып қоймайтын кезiнде сол тұлғаны "Кедендiк толық бақылаудың жолағына" жiберуге құқылы.
 
                КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУДЫҢ ТОЛЫҚ НЫСАНЫ
 
      Кедендiк бақылаудың толық нысанымен Қазақстан Республикасы кеден шекарасын өзiмен бiрге немесе алып жүретiн қол жүгiнде шектелген немесе әкелуге (әкетуге) тыйым салынған не Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң белгiлеген нормаларынан артық тауарлары, валютасы және құндылықтары бар не Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес кеден баждары мен салықтарын төлеуге жататын тауарлары бар жеке тұлғалар өткiзiледi. Әкелiнетiн 5 мың АҚШ долларынан артық сома үшiн Қазақстан Республикасының кеден мекемесi жеке тұлғаға ТС-28 нысанындағы сертификатты бередi. Қазақстан Республикасы кеден шекарасын осылайша кесiп өту жолағы "Толық кедендiк бақылаудың жолағы" делiнiп белгiленсiн.
      "Толық кедендiк бақылаудың жолағымен" жүретiн тұлғалар заттарын, валютасын, құндылықтарын, сонымен қатар жеке мақсаттарына өткiзетiн тауарларын мәлiмдеп, Т-6 нысанындағы кеден декларациясын толтырады, Кеден баждары мен салықтарын төлеуге жататын тауарлар тауарларды өткiзетiн тұлғаның Өтiнiшiнде декларацияланады. Мұндай Өтiнiш кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау мақсатында кеден декларациясы ретiнде қаралады. Кеден инспекторы кеден декларациясының барлық тармақтары бойынша ауызша сұрақ алудан соң қол жүгiн тексерудi, валюта мен құндылықтарды бақылауды жүзеге асырады.
      Кеден бажын төлеу мүмкiндiгi болмаса тауар ТС-20 түбiртегiмен сақтауда қалдырылады не әкету кезiнде иесiне қайтарылады.
      Алып жүрiлмейтiн қол жүгi бар тұлға Қазақстан Республикасы кеден шекарасын кесiп өтерде Т-6 кеден декларациясында көрсетiлген қол жүгiнiң орын сандарын мiндеттi түрде көрсетедi. Кеден қызметкерi куәлендiрiлген кеден декларациясын жеке пайдалануы үшiн әкелiнген заттар мен тауарлардың мөлшерi туралы толық белгiлер жасап, алып жүрiлмейтiн жүгi бар тұлғаға бередi. Аталған тұлға алыс жүрiлмейтiн қол жүгiн алған кезде куәлендiрiлген кiру декларациясын ұсынуы тиiс.
      Он алты жасқа толмаған тұлғалар алып жүретiн тұлғаның Т-б кеден декларациясына жазылады. Валюталық операцияларды жүргiзудiң Ережелерiмен анықталынған және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi Басқармасы бекiткен Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы валютаны өткiзудiң жеңiлдiк тәртiбi он алты жасқа толмаған тұлғаларға да қолданылады.
      Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған хаттар ТС-20 түбiртегiмен ұстауға жатады.
      Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағы арқылы әкелуге (әкетуге), транзитпен өткiзiлуге тыйым салынған заттарды жеке тұлғалар өткiзетiн жағдайда мұндай заттар ұсталуға жатады және кедендiк бақылауды жүргiзген лауазымды адам кеден ережесiнiң бұзылғандығы туралы құжаттаманы жүргiзiп, нәтижелерi жөнiнде кеден органы басшыларына хабарлап айтуға мiндеттi.
      Қазақстан Республикасы кеден шекарасын кесiп өтетiн және "кедендiк бақылау аймағында" болған тұлғалардың кеден ережелерiн бұзғаны немесе контрабанда жасағаны анықталатын кезде қызметкерлер материалды алғашқы ресiмдеудi жүргiзедi, атап айтқанда:
      1 - кеден ережелерiнiң бұзылғандығы туралы хаттама жасалады, ал жеке тексерудi жүргiзген кезде жеке тексерудiң хаттамасы (N 2 қосымша) жасалынады;
      2 - тұлғалардан жазбаша түсiнiк алынады;
      3 - тәртiптiң бұзылуын анықтаған кеден қызметкерiнiң рапорты жасалынады;
      4 - алынған заттардың тiзбесi жасалынады.
 

                                   Қазақстан Республикасының кеден



                                   шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде

                                   мемлекеттiк кедендiк бақылау

                                   жасаудың тәртiбi туралы нұсқауға

                                   N 1 қосымша



 
 
             ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕКАРАСЫН КЕСIП ӨТЕТIН
            АЗАМАТТАРДЫҢ Т-6 НЫСАНЫНДАҒЫ КЕДЕН ДЕКЛАРАЦИЯСЫН
                        ТОЛТЫРУЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРI
 
      Қазақстан Республикасына келетiн немесе Қазақстан Республикасынан кететiн жеке тұлғалар кеден органы қызметкерлерiне Т-6 нысанындағы декларациясын ұсынады. Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан өтетiн тұлғаның тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi, азаматтығы және кеден декларациясы бланкiсiндегi тармақтарға сәйкес басқа да мәлiметтер нақты көрсетiлетiн кеден декларациясын жеке тұлғаның өзi толтырады. Бұл ретте Т-6 нысанындағы кеден декларациясының нақты тармағында көрсетiлген заттың бар не жоқтығы I-VII тармақтарында "Жоқ" не "Бар" деген жазумен белгiленедi.
      IV және V тармақтарында валюта тиiстi жолға жазылуы қажет. Инспектор "әрiппен жазу" бағанында алғашқы сөздiң бiрiншi әрпi бас әрiппен жазылуын қадағалауға мiндеттi, мәселен: 1400 (Бiр мың төрт жүз), 140 (бiр жүз қырық), одан соң валюта атауымен бiрге жазуды қорғауға және мөрдiң төменгi шетi қоршалған жазудың төменгi сызығына тура келетiндей етiп мұны жеке нөмiрлiк мөрiмен бекiтуге мiндеттi. Бұл ретте валюта бойынша әр жазу (оның iшiнде теңге де) жеке нөмiрлiк мөрiмен бекiтiлуi тиiс. Аса бағалы металдар, тастар мен басқа да құндылықтар бойынша жазуды кедендiк ресiмдеудiң тәртiбi де осыған ұқсас.

 

     Т-6 нысанындағы кеден декларациясында жеке тұлғаның қолы мiндеттi

түрде керек.

     Т-6 нысанындағы кеден декларациясының терiс бетiнде, "Кеденнiң ерекше

белгiлерi" тарауында жеке тұтынуы үшiн заттар мен тауарларды өткiзетiн

жеке тұлғалар олардың атауларын, мөлшерiн, үлгiлерiн, өлшемдерi мен құнын

көрсетедi.

     Тауарлардың өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметке

арналмағандығын растау мiндетi тауарларды өткiзетiн тұлғаға жүктеледi.


                                                  N 2 қосымша


                        ЖЕКЕ ТЕКСЕРУДIҢ ХАТТАМАСЫ


     199__ ж. "___"______________     _____________________________

                                          (елдi мекеннiң атауы)

     ______________________________________________________________

         (тексеру жүргiзген тұлғаның лауазымы, атағы мен тегi)

     ______________________________________________________________

     ______________________________________________________________

     куәлер ретiнде шақырылғандардың қатысуымен:

     1. ___________________________________________________________

              (тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi мен мекен-жайы)

     ______________________________________________________________

     2. ___________________________________________________________

              (тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi мен мекен-жайы)

     ______________________________________________________________

      (Қажет болса) маманның (медицина қызметкерiнiң) қатысуымен

     ______________________________________________________________

         (тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi, жұмыс орны мен лауазымы)

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан

     Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 211, 212

     баптарының талаптары сақталып, тұлғаны:

     ______________________________________________________________

        (тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi, туылған жылы, тұрғылықты

     ______________________________________________________________

          жерi)

     жеке тексерудi жүргiздi.

     Куәлерге және тексерiлген адамға құқықтары түсiндiрiлдi.

     Жеке тексеру басталар алдында тұлғаға Қазақстан Республикасы

     заңдарын бұзғандығының объектiлерi болып табылатын, өз бойында

     жасырып қойған тауарларды (заттарды) беру ұсынылды, бұған

     соңғысы былай деп мәлiмдедi:

     ______________________________________________________________

     Бетiне _______________________________________________________

     ______________________________________________________________

     ______________________________________________________ киген.

              Жеке тексерген кезде тұлғадан табылып алынды.

     ______________________________________________________________

       (алынған заттар мен құжаттардың жеке белгiлерi, анықталған

     ______________________________________________________________

             орындары мен жағдаяттары сипатталатын тiзбесi)

     ______________________________________________________________

     ______________________________________________________________

     ______________________________________________________________

     ______________________________________________________________

     ______________________________________________________________

     ______________________________________________________________

     ______________________________________________________________

     Жеке тексеру кезiнде жасалынған шағымдар мен ескертпелер: ____

     ______________________________________________________________

     ______________________________________________________________


          Хаттама оқылды, дұрыс жазылды:

          Куәлер: 1. ____________________  2. _____________________

                            (қолы)                   (қолы)

          Маман: __________________________________________________

                                       (қолы)

          Ұсталған: _______________________________________________

                                    (қолы)

          Жеке тексерудi ________________________________ жүргiздi.

                                      (қолы)

          Жеке тексеру хаттамасының көшiрмесiн _____________ алдым.

                                                   (қолы)

     Жеке тексеру кезiнде алынғандар ______________________________

     ______________________________________________________________

     ______________________________________________________________

     ______________________________________________________________

     _____________________________________________________ берiлдi.


     Алдым __________________________

                    (қолы)

     Бердiм _______________________________________________________

                         (лауазымы, атағы, қолы, тегi)

     199__ ж. "___"___________

     Жеке тексеру кезiнде алынғандар ______________________________

     ______________________________________________________________

     маған қайтарылды.

     Тұлға _____________________

                 (қолы)

     Бердiм _______________________________________________________

                         (лауазымы, атағы, қолы, тегi)


     199__ ж. "___"___________


     ЕСКЕРТУ:    Хаттама екi данада жасалынады.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады