Кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiп басқаруға берудiң ретi жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитет 1996 жылғы 23 мамыр N 381 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 22 сәуір N 292 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және Ңекешелендіру департаментінің 1998 жылғы 22 қазандағы N 618 қаулысымен. ~V980676

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" U952721_ 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56 P960056_ қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылда реформалауды тереңдету жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 51-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
      1. Кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiп басқаруға берудiң ретi туралы қоса берiлiп отырған ереже бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Базалық салалар бас басқармасына жүктелсiн.
 
      Төраға
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 23 майдағы N 381 қаулысымен бекiтiлген
 
 
           Мемлекеттiк кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар
            акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiп басқаруға
                           берудiң ретi туралы
                                  ереже
 
      1-бап. Негiзгi айқындамалар
 
      1. Ережеде мына ұғымдар пайдаланылады:
      Комитет - Қазақстан Республикасының меншiгiне қатысты мемлекет мүддесiн бiлдiруге өкiлеттi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi;
      Қатысушы - қажеттi құжаттар тапсырған және ұсынылған жағдайлармен шарттама жасауға келiскен жеке тұлға, мемлекеттiк емес заңды тұлға немесе шетелдiк заңды тұлға;
      Объект - акцияларының мемлекеттiк пакетi сенiп басқаруға берiлетiн мемлекеттiк меншiк кәсiпорны немесе акционерлiк қоғам;
      Өтiнiм - Комитет ұсынған, қажеттi құжаттардың белгiлi бiр жиыны, сондай-ақ Қатысушының шарттама жасауға және оны орындауға берген келiсiмi;
      Тендер комиссиясы - объектiнi және акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқаруға шарттама жасау жөнiнде тендер ұйымдастыру үшiн Комитет құрған орган;
      Басқарушы фирма - Комитетпен шартқа отырушы, Тендер жеңiскерi.
 
      2-бап. Жалпы ережелер
 
      Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" U952721_ Заң күшi бар, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес әзiрленген және жеке тұлғалардың, мемлекеттiк емес заңды және шетелдiк заңды тұлғалардың мемлекеттiк меншiк объектiлерiн кейiн сатып алу құқымен кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiп басқаруға беруге шарттама жасаудың (бұдан әрi - Шарттама), сондай-ақ басқарушы фирмалардың шарттамаларды орындауларын бақылаудың негiзгi тетiктерiн айқындайды. Шарттама қорытындысы - тендерде жеңiске жеткен қатысушыдан объектiге қатысты белгiлi бiр шарттық жағдайларды орындау қажет болғанда, мемлекеттiң оған пайдалану, басқару құқықтарын беру тәсiлi болады. 3-бап. Тендер комиссиясын құру 1. Комитет тендер комиссиясын құрады. Өкiлдерi тендер комиссиясының құрамына мiндеттi түрде кiретiндер: а) Комитет; б) салалық министрлiк; в) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi; г) Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi; д) Қазақстан Республикасы Монополияға қарсы және баға саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетi; е) тиiстi облыстардың әкiмдерi; ж) еңбек ұжымы;
      Осы аталған өкiлдер тендер комиссиясының жұмысына тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде қатысуға тиiстi. Комитеттiң өкiлi тендер комиссиясының төрағасы болады.
      2. Тендер комиссиясы.
      2.1. басқаруға берiлетiн объектiлер туралы белгiленген ретiмен ақпарат хабарын жариялауды ұйымдастырады.
      2.2. өз жұмысының рет-жөнiн дербес әзiрлейдi және бекiтедi.
      Шешiм тендер комиссиясы мүшелерiнiң жалпы санынан жай көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, тендер комиссиясының төрағасының шешушi дауыс алуға құқы бар.
      2.3. қажет болған жағдайда, кеңес берушi фирмалары тартады.
      2.4. N 1 және 2-қорытындыларға сай қалып бойынша тендер комиссиясына тапсыру үшiн қажеттi, өтiнiмдер түсу шамасына қарай оларды дереу қабылдап, тiркейдi, тапсырылған құжатта аталған кемiшiлiктердi қысқа мерзiмдерде жою үшiн қажеттi шаралар қабылданғандығы туралы Қатысушыларға хабарлайды. Өзге қалаларда тұратын Қатысушылар үшiн өтiнiм жеңiлдетiлген күнгi почта белгiсi тiркеу мерзiмi болып есептеледi.
      2.5. N 3 қосымшаға сай қалып бойынша тендерге қатысушы болып танылатындығы туралы, не себептерiн көрсетiп, тендерге қатысатынын танудан бас тарту туралы Қатысушыға жазбаша хабарлайды.
      2.6. тендер жеңiскерiн айқындайды.
      2.7. тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды.
 
      4-бап. Объектiнi тендерге даярлау
 
      Объектiнi және акциялардың мемлекеттiк пакетiн сенiп басқаруға беру туралы Комитет шешiм қабылдағаннан кейiн салалық министрлiк, ведомство немесе өкiлеттi орган берiлген объектiнiң соңғы 2 жылдағы шаруашылық қызметi туралы толық ақпар тапсырады. Қаржы министрлiгi сенiп басқаруға берiлетiн объектiнiң соңғы 2 жылдағы қаржылық жағдайы туралы ақпар тапсырады.
 
      5-бап. Тендер өткiзу туралы хабарлау
 
      1. Тендер комиссиясы баспасөзде жариялау арқылы сенiп басқаруға берiлетiн мемлекеттiк меншiк объектiлерi туралы хабар жеткiзедi.
      2. Тендер өткiзу туралы хабар тендер өткiзуге дейiн кем дегенде 30 күн iшiнде республикалық ресми баспасөзде қазақ, орыс тiлдерiнде жариялануға тиiстi.
      Тиiмдiлiк жағын жақсарту мақсатында, қосымша, халықаралық баспасөзде, объект туралы толық ақпар беретiн ақпараттық бюллетень жариялануы мүмкiн.
      3. Комитет хабар жариялағаннан кейiн басқаруға берiлетiн объект туралы ақпарға барлық тiлек бiлдiрушiлер үшiн еркiн жол ашады.
 
      6-бап. Қатысушыларға қойылатын талап
 
      1. Өтiнiмдi және басқа қажеттi құжаттарды мезгiлiнде берген жеке тұлғалар, мемлекеттiк емес заңды және шетелдiк заңды тұлғалар тендерге қатысуға жiберiледi.
      Сонымен қатар, өтiнiм берген жеке тұлға осы немесе осымен ағалас салада қажеттi бiлiмi және жұмыс тәжiрибесi, ал заңды тұлғаның кәсiпорынды (объектiнi) басқару үшiн осындай бiлiктiктерi бар өкiлi болуға тиiстi.
      2. Тендерге қатысу үшiн тендер комиссиясының атына келесi құжаттарды тапсыру қажет:
      а) N 1 және 2 қосымшаларға сай, тендерге қатысу өтiнiмi;
      б) инвестициялық жобаларды негiздеу әдiстемесiне сай, экономикалық және коммерциялық тиiмдiлiгi есебiмен техникалық экономикалық негiздеу (ТЭН);
      в) ЮНИДО әдiстемесi бойынша әзiрленген бизнес-жоспар (халықаралық стандарт);
      г) жеке конвертке салынған, тендердiң шарты бойынша жазбаша түрдегi ұсыныстар;
      д) Қатысушының қаржылық қалпы туралы анықтама;
      е) кепiлдiк жарнасын енгiзгендiгiн қуаттайтын құжат.
      Кепiлдiк жарнаның мөлшерiн Комитет белгiлейдi және ол Комитеттiң есеп-шотына ақшалай түрде қаражат аудару арқылы енгiзiледi. Жарна жеке тұлғалар үшiн Комитет кассасына қолма-қол ақшамен енгiзiлуi мүмкiн.
      Сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалардың тапсыратындары:
      Бiрiншi сыныптағы шетелдiк банктiң ұсынысы;
      Заңды тұлғалар нотариалдық куәландырылған құрылтайшылық құжаттарды, сондай-ақ олардың тиiстi органда мемлекеттiк тiркеуден өткенiн қуаттайтын құжаттарды тапсырады.
      3. Қатысуға өтiнiм қабылдау тендер өткiзiлетiн күн қарсаңында күндiзгi 18 сағатта аяқталады. Белгiленген мерзiм өтiсiмен өтiнiмдердi және құжаттарды қабылдау тоқтатылады.
      4. Тендер комиссия құжаттарды алғаннан кейiн өтiнiм берушiнiң тiркелген мерзiмiн көрсетумен оның тендерге қатысуы туралы хабар жiбередi. Өтiнiм берушi хабар жiберiлген кезден бастап тендерге қатысушы мәртебесiн алады.
      Өтiнiмдерi хабарлауға қабылданбаған немесе олардан бас тартылғандарға бұл туралы себептерi көрсетiле отырып, 5 күн iшiнде хабар берiледi.
      5. Тендерге қатысуға өтiнiм бергендер туралы мәлiметтер жария етуге жатпайды.
      6. Тендерге қатысушы бұл туралы тендер басталудан 3 күн бұрын жазбаша хабарлай отырып, тендер өткiзудiң белгiленген күнiне дейiн өз ұсынысын қайтып алуға құқы бар.
      7. Тендерге қатысушылардың енгiзiлген кепiл ақша (кепiл) сомасынан тендердi ұйымдастыру бойынша шығындардың орнын толықтыру үшiн қажеттi қаражаттар алынады:
      - жеке жобаларды жасау бойынша консалтингтiк қызметтер;
      - даулы мәселелер бойынша жер-жерлерше шығу және мемлекеттiк заң мекемелерi немесе мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғалар туралы шешiмдердi қабылдау жолымен мәселелердi шешу бойынша iссапар шығыстары, оларды қайта құру, тарату, сауықтыру рәсiмдерiн жүргiзу үшiн, жекешелендiру үшiн сенiмдi басқарушыға кепiлдiкпен мемлекеттiк меншiк нысандарын жалға беру, жалдау үшiн шарттарға (келiссөздерге, келiсiмдерге) қол қою;
      - қалааралық, халықаралық телефон сөйлесулерiн төлеу ;
      - нысандардың күзетi үшiн төлем;
      - транспорт төлемi;
      - жарнамамен және ақпаратпен қамтамасыз еткенi үшiн шығындар;
      - қағаздарды, бланкілердi, кеңсе тауарларын, компьютерлердiң қосалқы бөлшектерiн сатып алу, құжаттарды түптеу , жабдықтарды, техникаларды жөндеу; - тендерлердi өткiзуге тiкелей қатысқан және жұмыс уақытынан тыс жұмыс iстеген қызметкерлердi материалдық ынталандыру үшiн. 8. Жеңiске жетпеген тендерге қатысушыға тендердi ұйымдастыру және өткiзу бойынша шығындарды жабу үшiн қажеттi енгiзiлген сомалардың 10 процентiн шегерiп қайтарады. Қалған кепiл ақша (кепiл) сомасы Қатысушыға 20 банк күнi iшiнде қайтарылады. ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару департаментiнiң 1997.08.02. N 48 қаулысымен. V970048_ 7-бап. Шарттаманың жағдайы 1. Шарттаманың негiзгi жағдайлары болуға тиiстiлерi: а) белгiлi бiр деңгейде өндiрiс бағдарын, өнiм өндiру көлемiн сақтау немесе одан кейiнгi өсiру; б) кәсiпорынның мүлiктiк кешенiне кiретiн әлеуметтiк сала объектiлерiн қаржыландырып, ұстау; в) шарттамада барлық жұмыс орындарын немесе олардың белгiлi бiр санын сақтау;
      г) объект қызметкерлерiне әлеуметтiк кепiлдiк қамтамасыз ету, өндiрiстiк жарақаттан және өндiрiстегi бақытсыз жағдайлардан объект қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығын қамдандыру;
      д) объект мүлкiн өрттен, жарылыстан, апаттан және басқа төтенше жағдайлардан, сондай-ақ дүлей күштен қамдандыру;
      е) өнiм сапасын және оның бәсекелестiгiн арттыру, өндiрiс қалдығын азайту;
      ж) объектiнiң қабылдау-өткiзу актысына қол қою кезiндегi барлық борыштарын жою (өтеу);
      з) жер қойнауына, айнала ортаға, еңбек қорғауға қатысты нормалар мен ережелердi сақтау;
      и) қаржы-қаражат тарату жөнiндегi мiндеттемелер: айналым қаражатына берiлген тауарлық несиелер, инвестициялық қаражат;
      к) баға деңгейi бойынша мiндеттемелер;
      л) өзара қолайлы баға бойынша отандық тауар өндiрушiлер үшiн iшкi нарық қажетiн қанағаттандыру жөнiндегi мiндеттемелер;
      м) басқарушы фирмалардың орта және ұзақ мерзiмдi перспективаға объектiде инвестициялық бағдарламаларды iс жүзiне асыру жөнiндегi мiндеттемелерi мен құқықтары, олардың аймақтар мен салаларды дамытудың мемлекеттiк инвестициялық стратегиясына сәйкес болуы;
      н) басқарушы фирмалардың объектiнiң қаржылық тұрақтылыққа жетуiн қамтамасыз ететiн, оны құрылымдаудың толық бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегi мiндеттемелерi мен құқықтары;
      о) объектiнiң мобилизациялық қуаттарын қолдау;
      п) әлемдiк нарық бағасы бойынша Қазақстан Республикасының тысқары жерлерде өнiм өткiзудi жүзеге асыру;
      р) жөнелтiлетiн өнiмге алдын ала ақы төлеу кезiнде проценттiк жеңiлдiктердi әлемдiк стандарттарға сәйкес келтiру жөнiндегi мiндеттемелер;
      сондай-ақ, тау-кен металлургия кешенi кәсiпорындары үшiн:
      с) тау-кен кешенi объектiсiн дамытудың Бас схемасына сәйкес тау жыныстарында жұмыстар жүргiзу;
      т) ашылған, алуға дайындалып, әзiрленген қорлардың нормативтерiн ұстау, сондай-ақ аршып алуды және пайдалы құрамдарды өңдеудi қамтамасыз ету;
      у) дәстүрлi, әсiресе, ұлттық шикiзат, материалдар берушiлермен және тұтынушылармен шарттық қатынастардың үзiлмеуi;
      2. Әрбiр жеке жағдайда объектiнiң ерекшелiгiне байланысты талаптар өзгертiлiп, толықтырылуы мүмкiн. Бұл ретте, тендер комиссиясы сенiп басқаруға берiлген өндiрiстiк сектордың құрылымдық-салалық мәнiне байланысты шарттамаға былайша ескерiп қарауға тиiстi:
      - тұтас сала объектiлерi сенiп басқаруға берiледi;
      - саланың едәуiр бөлiгi болатын iрi өндiрiстiк кешен сенiп басқаруға берiледi; - жекелеген объект сенiп басқаруға берiледi. 8-бап. Тендер өткiзудiң ретi 1. Тендер комиссиясы жеңiскердi анықтаудың мәжесiн негiзге ала отырып, Қатысушылардың ұсынысын қарайды. Тендер комиссиясы тәуелсiз сараптама жобаларын жүргiзуге құқылы. Сарапшылар тобы Экономика министрлiгiнiң басшылығымен құрылады және оның құрамына өкiлдерi кiретiндер: а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi; б) Ғылым-министрлiгi - Ғылым академиясы; в) басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволар. Сарапшылар тобының Қатысушылардың өтiнiмдерiн қарау мерзiмi 15 күнмен шектеледi.
      2. Тендер комиссиясының шешiмi оның мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда төраға шешушi дауыс алады. Дауыс тең түскен жағдайда, тендер комиссиясы Қатысушыларды келiссөзге шақырып, олардың келiсiмiмен жеңiскердi айқындау үшiн қосымша тендер өткiзуге құқылы. Бұл жағдайда, тендер комиссиясына осы кәсiпорынның жұмысын жақсартуға бағытталған қосымша ұсыныстар жасаған Қатысушы жеңiскер болып танылады.
      3. Тендер комиссиясының шешiмi хаттамамен ресiмделедi, оған тендер комиссиясының мүшелерi, оның төрағасы және сауда-саттықта ұтқан адам қол қояды. Комиссия мүшелерi өздерiнiң айрықша пiкiрлерiн бiлдiрiп, оны хаттамаға тiркеуге құқылы. Ол туралы хаттамаға белгi қойылады.
      Жеңiскер жарияланған күннен 30 күнтiзбе iшiнде тендерге қатысушылар оның нәтижелерiне наразылық бiлдiруi мүмкiн.
      4. Комитет жеңiскер жария етiлген күннен 5 күнтiзбе iшiнде тендердiң нәтижелерiн бекiтедi. Тендер нәтижелерi бекiтiлмеген, тендерге қатысуға өтiнiмдер болмаған немесе тендер комиссиясы жеңiскердiң болмағаны туралы шешiм қабылдаған жағдайларда, Комитет тиiстi тендер комиссиясына тендердiң шартын өзгертудi ұсына отырып, жаңа тендер жариялауға құқылы.
 
      9-бап. Шарттаманың қорытындысы
 
      1. (Құпия).
      2. Қатысушы жақтар Тендер аяқталғаннан соң 10 күннен кешiкпей объектiнi және акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқару шартына қол қоюға мiндеттi. Комитет және тендер жеңiскерi арасындағы шарттама N 4 қосымшаға сай түрде жасалады.
      3. Келiсушi жақтар қол қойған, Комитеттiң объектiнi және акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқару құнын қабылдау-өткiзу актысын қабылдауы, шарттаманың құрамдас бөлiгi болады.
 
      10-бап. Шарттаманың мерзiмдерi
 
      1. Комитет және Басқарушы фирма арасындағы шарттама оған қол қойылған кезден күшiне кiредi. Комитет акциялардың мемлекеттiк пакетiн (объектiнiң) Басқарушы фирмаға берген күннен оның мерзiмi санала бастайды.
      2. Шарттама өнеркәсiп саласының құрылымдық-салалық мәнiне байланысты, 5 жылдан 10 жыл мерзiмдерге жасалады.
 
      11-бап. Айрықша жағдайлар
 
      Басқарушы фирма шарттаманы тиiстi түрде орындаған жағдайда, оған объектiнi немесе акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатып алуда басым құқық берiлетiн болады. Сатып алуға жататын акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң мерзiмдерi мен мөлшерiн Комитет айқындайды.
 
      12-бап. Қатысушы жақтардың жауапкершiлiгi
 
      1. Қатысушы жақтар шарттама бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiстi түрде орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапкершiлiк алады, Қазақстан Республикасының заңдарымен және шарттамамен реттелмеген мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасы бекiткен нормалар және халықаралық келiсiмдер қолданылады.
      2. Шарттаманың талаптарын тiкелей немесе жасырын түрде бұзған мәмлелердiң күшi жоқ, ал бұған кiнәлi жақтар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiк алады.
      3. Кiнәлi жақтардың тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы, оларды материалдық зиянды өтеу мiндетiнен босатпайды.
      4. Шарттама мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда, кiнәлi жақ басқа жағына оны бұзудан болған барлық тiкелей шығынды өтеуге мiндеттi.
 
      13-бап. Форс-мажор
 
      1. Егер бұлар бөгде күш (форс-мажор) жағдайының салдарынан болса, Қатысушы жақтар шарттамадағы мiндеттемелердi толық немесе iшiнара орындамауға, сондай-ақ оларды орындаудағы кiдiрiс үшiн жауапкершiлiктен босатылады. Бөгде күш жағдайларына, Қатысушы жақтардың бақылау шеңберiнен шығатын, нақты айтқанда, әскери жанжалдар, дүлей күш (су тасқыны, жер сiлкiнiсi және басқалары) жатады.
      2. Форс-мажор (бөгде күш) болған жағдайларда, одан зардап шеккен жақ оқиғаның басталған кезiн көрсете отырып, бұл туралы басқа жағына жазбаша түрде дереу хабарлайды және форс-мажор жағдайының дәлел-айғағын тапсыруға мiндеттi.
      3. Шарттама мiндеттемелерiн орындау мерзiмi форс-мажор жағдайы болған уақытқа сай кейiн шегерiледi.
 
      14-бап. Шарттаманың орындалуын бақылау
 
      Комитет және салалық министрлiк шарттаманың орындалуын бақылап отырады. Комитет осы мақсатпен тиiстi министрлiктер мен ведомтсволардың өкiлдерiнен жұмыс тобын құрады. Жұмыс тобы өз жұмысын Басқарушы фирманың жағдайларын ескере отырып, жасалған шарттамаға сәйкес ұйымдастырады. Басқарушы фирма материалдарды (есептi) белгiленген мерзiмдерде және N 5 қосымшаға сай түрде жұмыс тобының қарауына тапсырады.
 
      15-бап. Шарттаманың күшiн тоқтату жағдайы
 
      1. Шарттама мына себептердiң бiрiмен өз күшiн тоқтатады:
      - егер қатысушы жақтардың келiсiмен оның күшi ұзартылмаған болса, шарттама күшi мерзiмiнiң соңғы күнi өтiсiмен;
      - осы Ереженiң 13-бабының 1-тармағына сай, бөгде күшке (форс-мажор) байланысты жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес, жақтардың бiрi шарттаманы орындамаған немесе шарттаманы едәуiр бұзғанда;
      - Жақтардың бiрi басқа жағының келiсiмiнсiз өз мүддесiнiң кез-келген бөлiгiн үшiншi жаққа бергенде;
      - жақтардың бiрi сот шешiмдерiн орындамаған жағдайда.
      2. Басқарушы фирма объектiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелердi шарттамада көрсетiлген мерзiмдерде орындамаған жағдайда, Комитет бұл туралы Басқарушы фирмаға 15 күн бұрын ескерте отырып, шарттаманы бiр жақты түрде бұзуға құқылы.
 
      16-бап. Даудың шешiлуi
 
      1. Қатысушы жақтар осы ережеде реттелмеген барлық мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының заң нормаларын, Қазақстан Республикасы таныған халықаралық шарт нормаларын басшылыққа алады.
      2. Шарттама бойынша объектiнi және акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн басқару құқын беру кезiнде туындаған даулы мәселелер жақтардың өзара келiсуiмен немесе сотпен қаралады. Жақтардың шешуi мүмкiн болмаған жағдайда, олар 60 (алпыс) күн iшiнде халықаралық институциональдық төрелiк орталықтарға түпкiлiктi шешуге берiледi. Бұл органдардың шешiмi екi жағы үшiн де түпкiлiктi болады.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 381 қаулысына N 1 қосымша
______________________________________________________________ Тендер комиссиясының төрағасына _______________________________ Тендерге қатысу өтiнiмi (заңды тұлға толтырады) ______________________________________________________________ (өтiнiм берген заңды тұлғаның толық аты) 1. Акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн және беру шарттарын беру құқы сенiп басқаруға берiлетiн _____________________________________ акционерлiк қоғамы (дары) туралы ___________________________________ (объектiнiң толық аты) (хабар жарияланған басылымның аты, N ___- және мерзiмi) 199__ жылы "___"_____________ N_______ санында жарияланған ақпарат хабарын оқып, бiле келiп, бiз, төменде өтiнiмге қол қоюға өкiлеттiк алғандар, ұсынылып отырған шарттармен және осы өтiнiмге тiркелген бiздiң ұсыныстарымызға сәйкес сенiп басқаруға шарттама жасауға келiстiк.
      2. Бiздiң ұсыныстарымыз қабылданған жағдайда, тендердiң нәтижесi жарияланған кезден 10 күннен кешiкпейтiн мерзiмде шарттама жасауға өзiмiзге мiндеттеме аламыз. 3. Шарттамаға қол қойылғанға дейiн бiздiң ұсыныстарымыздың қабылданғандығы туралы Сiздiң жазбаша хабарыңыз бар осы өтiнiм арамызда шарттық күшi бар болып есептелетiн болады. 4. Тендердiң нәтижесi туралы шешiмдi мына мекен-жайға жiберуiңiздi сұраймыз: ______________________________________________________________ Осы өтiнiмге келесi құжаттар тiркеледi: ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) ______________________________________________________________ (өкiлеттi адамдардың қызмет лауазымы, аты-жөнi) Қолы ____________ 19__ жыл "___"_____________ Қабылданды: 19__ "___"___________ Қолы ____________
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 381 қаулысына N 2 қосымша
______________________________________________________________ Тендер комиссиясының төрағасы _____________________________ Тендерге қатысу өтiнiмi (заңды тұлға толтырады) 1. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және беру шарттарын беру құқы сенiп басқаруға берiлетiн ____________________________________ акционерлiк қоғамы (дары) туралы __________________________________ (объектiнiң толық аты) (хабар жарияланған басылымның аты, N ___ және мерзiмi) 199__ жылы "___"_____________ N_______ санында жарияланған ақпарат хабарын оқыған, мен, ұсынылып отырған шарттармен және осы өтiнiмге тiркелген менiң ұсыныстарыма сәйкес сенiп басқаруға шарттама жасауға келiсемiн.
      2. Менiң ұсыныстарым қабылданған жағдайда, тендердiң нәтижесi жарияланған кезден 10 күннен кешiкпейтiн мерзiмде шарттама жасауға өзiме мiндеттеме аламын. 3. Шарттамаға қол қойылғанға дейiн менiң ұсыныстарымның қабылданғандығы туралы Сiздiң жазбаша хабарыңыз бар осы өтiнiм арамызда шарттық күшi бар болып есептелетiн болады. 4. Тендердiң нәтижесi туралы шешiмдi мына мекен-жайға жiберуiңiздi сұраймыз: ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ Қолы ____________ 19__ жыл "___"_____________ Қабылданды: 19__ "___"___________ Қолы ____________
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 381 қаулысына N 3 қосымша
______________________________________________________________ ______________________________________________________________ _____________________________ _____________________________ Тендерге қатысуға жiберу туралы тендер комиссиясының хабары ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ (тендерге қатысушының толық аты және мекен-жайы) Сенiп басқаруға шарттама жасауға құқық алудағы тендер ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ (объектiнiң толық аты және орналасқан жерi) 199__ жылы "___"____________, мекен-жайы ______________ болады ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ Тендер комиссиясының төрағасы _____________________________ _____________ (Аты-жөнi, қолы) 199__ жыл "___"______________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 381 қаулысына N 3 қосымша
 
 
              Кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының
                 мемлекеттiк пакеттерiн сенiп басқаруға жасалатын
                                 үлгiлiк шарттама
 
      Алматы қаласы 199__ жыл"__"___________
 
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 мамырдағы N 716 P950716_ Қаулысымен бекiтiлген, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Ереже негiзiнде жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, бiрiншi жақтан, бұдан әрi "Комитет" деп аталатын, оның төрағасы _____________ _______________ болып және екiншi жақтап, _______________________ Жарғысы негiзiнде қимыл жасайтын, бұдан әрi "Басқарушы фирма" деп аталатын, _______________________мырзаның өзi болып, төмендегiлер туралы осы шарттаманы жасады: Шарттаманың өзегi
      1.1. Шарттаманың өзегi - Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулыларына сәйкес басқаруды жүзеге асыру құқын беру және Комитет пен Басқарушы фирма арасында өзара шарттық қатынастарды айқындау.
      ______________________________________ басқару құқын беру оның ______________________ мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттiк пакетiн беру арқылы жүзеге асырылады.
      1.2. Бұдан әрi "Объект" деп аталатын __________________________ басқару құқын осы шарттамада көрсетiлген жағдайларымен Комитет бередi, ал Басқарушы фирма оны алады.
      1.3. Келiсушi жақтар "Басқару" - деп ________________________ басқарушы фирмасының Объектiнiң ағымдағы бiрқалыпты өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ететiн, перспективалық техникалық және әлеуметтiк-экономикалық бағдарламалар кешенiн iс жүзiне асыру үшiн қолайлы қаржы жағдайын туғызу мақсатымен Объектiнi дамытуға және техникалық қайта қаруландыруға бағытталған, сол объектiнiң қаржы-қаражатының, сондай-ақ заемдық немесе Басқарушы фирманың кез-келген түрде жинақтаған қаражаты есебiнен айқындалатын және жүзеге асырылатын iс-қимыл мен шаралар кешенiн түсiнедi;
      - Объектiде және оған жақын өңiрлерде экологиялық жағдайда түзету мәселелерiн бiр мезгiлде шеше отырып, өндiрiстi тұрақтандыру және дамыту жөнiнде iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру; - Объектiнiң бiрiншi кезектегi әлеуметтiк проблемаларын шешу, жұмыс орындарын сақтау және оларды жаңадан құру. 1.4. Осы шарттама Объектiнi басқаруды жүзеге асыру құқын куәландыратын құжат болады. Жақтардың құқы 2.1. Комитеттiң құқы: 2.1.1. Басқарушы фирмамен тiке келiссөздерде Қазақстан Республикасын бiлдiредi; 2.1.2. Үкiмет атынан шарттамаға қол қояды;
      2.1.3. Басқарушы фирманы басталардан отыз күн бұрын алдын ала хабарлай отырып, әрбiр күнтiзбелiк жыл аяқталысымен, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың мамандарын тарта отырып, объектiнiң барлық бухгалтерлiк кiтаптары мен есеп құжаттарына түгендеу жүргiзедi.
      2.1.4. Объектiнiң активтерiнiң _____ және одан да көп проценттерiн құрайтын мүлкiн қарызға салуға рұқсат бередi;
      2.1.5. Акция иелерiнiң жалпы жиналысында өзiнiң аумақтық органдары арқылы Басқарушы фирманың өкiлеттiктерiн iс жүзiне асыруды бақылауды жүзеге асырады.
      2.1.5. Оның дамуына жасалған, осы шарттамадағы мiндеттемелердiң және барлық қосымша келiсiмдердiң орындалуын бақылайды.
 
      2.2. Басқарушы фирманың құқықтары:
      2.2.1. Осы шарттамада айтылған жағдайларымен объектiнiң негiзгi және айналым қаражаттарын иеленедi және пайдаланады;
      2.2.2. Оған осы шарттамамен берiлген құқық шеңберлерiнде кез-келген заңды iс-қимылдар қолданады.
      2.2.3. табиғат қорғау органдары белгiлеген ретiмен өндiрiс қалдықтарын жинайды.
      2.2.4. Кеден заңдылығы шеңберiнде өндiрiс қызметiн жүзеге асыруға қажеттi машиналарды, құрал-жабдықтарды, өзге материалдарды шет елдерден әкеледi және шет елдерге шығарады. 2.2.5. әлемдiк нарық бағалары бойынша әлемдiк нарықта, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен келiсiлген, Объект өнiмiнiң бiр бөлiгiн өткiзедi, бұл ретте ақы төленiп сұраныс болғанда, iшкi нарықта өнiм сатуға ден қойылады. 2.2.6. әр тоқсан сайынғы қорытынды бойынша Объектiнiң таза пайдасынан ______ процент алады. Жақтардың мiндеттерi 3.1. Басқарушы фирма алатын мiндеттер: 3.1.1. Осы шарттаманың бұлжымас бөлiгi - Жобаға (бизнес-жоспарға) сәйкес объектiнiң активтерiн әзiрлеп, дамыту;
      3.1.2. Осы Шарттама күшiнде болатын барлық мерзiм iшiнде жер қойнауын қорғауға, айнала ортаны қорғауға, еңбек қорғауға қатысты нормалар мен ережелердi, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк органдардың қаулыларын сақтау;
      3.1.3. осы шарттаманың және Объект өнiмдерiнiң өндiрiсi және өткiзу жөнiндегi өндiрiстiк жоспарлардың орындалу барысы туралы Комитетке, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне әрбiр қаржы жылы өтiсiмен, тұрақты түрде, лайықты ақпар тапсыру;
      3.1.5. Объектiнiң өндiрiстiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты барлық шығыстар мен қалдықтардың толық және дәл бухгалтерлiк есебiн жүзеге асыру, сондай-ақ бухгалтерлiк құжаттарды тиiстi түрде сақтап, мұқият жүргiзу;
      3.1.6. Қаржы және салық органдарының бiрiншi талап етуi бойынша объект қаражатын жасау және жұмсауға қатысты, сондай-ақ кәсiпорындардың мәмiлелер жасау, атқару және олардың нәтижелерi бойынша барлық есептемелерiн тапсыру; ревизорлардың барлық бухгалтерлiк құжаттарда, материалдарда, өзге ақпарларда еркiн алуын қамтамасыз ету;
      3.1.7. шарттаманың күшiнде болатын бүкiл мерзiмiнде қолдағы жұмыс орындарының санын сақтау;
      3.1.8. шарттаманың күшiнде болатын бүкiл мерзiмiнде Объект өндiрiстiк қызметi нәтижелерiнiң айналадағы ортаға зиянды әсерiнiң қалыпты нормасынан асуына жол бермеу;
      3.1.9. шарттаманың күшiнде болатын бүкiл мерзiмiнде Объектiнiң өнiм шығару көлемiн сақтау және оны арттыруға шара қолдану;
      3.1.10. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бюджетке және мемлекеттiк бюджеттiк қорларға мезгiлiнде салық және басқа қаражат аудару;
      3.1.13. Кесте бойынша, мүмкiндiгiнше, қысқа мерзiмдерде жеңiлдiкпен несиелеу және сыртқы заем қаражаттарының есебiнен Объектiнiң айналым қаражатын толықтыруды қамтамасыз ету;
      3.1.14. шарттаманың бүкiл қолданысында Объектiге жеңiлдiк несие берiп, өсiруде шетелдiк инвесторлар тарту есебiнен (Комитетпен келiсу бойынша) АҚШ-тың ___________________________ доллары мөлшерiне дейiн кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету.
      3.1.15. шарттамаға қол қоюда келiсiлген кесте бойынша Объектiнiң Қазақстан Республикасының аралас қызметтерi және барлық деңгейдегi бюджеттерi алдыдағы барлық борыштарын жою;
      3.1.16. жiберiлген өнiмнiң мерзiмi өткен дебиторлық борыштардың, сондай-ақ барлық өзге борыштардың мөлшерiн Кәсiпорынға қайтару жөнiнде қажеттi қимылдар қолдану;
      3.1.17. осы шарттаманы жасау кезiндегiсiнен кем емес деңгейде Объектiнiң әлеуметтiк инфрақұрылым жағдайын және қызметкерлердiң заңмен айқындалған белгiлi бiр санаттары үшiн (жұмыс iстейтiн зейнеткерлер, зиянды өндiрiстерде жұмыс iстейтiндер және басқалары) жеңiлдiк тәртiбiн қамтамасыз ету;
      3.1.18. қазақстандық заңды және жеке тұлғалар құрылтайшылары болып отырған банктерден қызмет алу;
      3.1.19 Басқарушы фирманың жедел шаруашылық қызметiмен байланысты, активтердiң өзгеруi ескерiлiп, объектiнiң мүлкiн сақтауды қамтамасыз ету;
      3.1.20. заң белгiлеген ретiмен акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивиденд есептеп, пайдалануды ұсыну;
      3.1.21. Комитетпен Объект активтерiнiң _________ және одан да көп процентiн құрайтын мүлкiн қарызға салуды, сондай-ақ Объектiнiң Жарғысын өзгерту мәселелерiн келiсу.
      4.1. Басқарушы фирма несиелiк мiндеттемелер бойынша толық мүлiктiң жауапкершiлiк алады.
      Басқарушы фирманың осы шарттама бойынша өз мiндеттемелерiн жүзеге асыру кезеңiнде Объектiде шығын туындаған жағдайда, ол бұл шығындарды өз есебiнен жабуға мiндеттенедi.
      4.2. Басқарушы фирма Объектiнi техникалық қаруландыруға және әлеуметтiк саласын дамытуға инвестиция тартуды қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
      4.3. Комитет Объектiнi жекешелендiруге дайындап, жұмыс жүргiзу кезiнде Басқару фирма жан-жақты қолдау көрсетуге тиiстi. 4.4. Басқарушы фирма шарттамаға қол қойылғанға дейiн жасалған, мемлекетаралық шарттарға сәйкес Объектiнiң тұтынушыларына өнiм берудi қамтамасыз етуге мiндеттенедi. 4.5. Басқарушы фирманың басқа акционерлiк қоғамға, не өзге заңды тұлғаға салым ретiнде Объектiнi, оның акцияларын сатуға немесе пайдалануға құқы жоқ. 4.6. қолдағы бар мобилизациялық тапсырмаларды орындау, жаңа мобилизациялық қорлар мен қуаттарды енгiзу, мемлекеттiк құпияларды сақтау; ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ 5.1. Комитет алатын мiндеттер: 5.1.1. Объектiнiң ____________ процент мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн Басқарушы фирманың иеленуiне және пайдалануына беру;
      5.1.2. шарттаманың күшiнде болатын бүкiл мерзiмiнде Басқарушы фирмаға осы шарттамамен берiлген, акциялардың мемлекеттiк пакетiн толық көлемде, ал ол ұзартылған жағдайда - ұзартылған мерзiм бойында сақтау;
      5.1.3. осы шарттаманың күшiнде болатын мерзiмi iшiнде Басқарушы фирмаға жоғарыда аталған құқықтардың сақталуына кепiлдiк беру;
      5.1.4. Олардың жауапкершiлiгiн айқындау мақсатымен осы Шарттама бойынша Басқарушы фирманың басқару құқына кiрiскенiне дейiнгi жасалған мәмлелер және басқару актiлерi бойынша Объект басшылары қызметiнiң заңдылығына байланысты мемлекеттiк сараптама жүргiзудi қамтамасыз ету;
      5.1.5. Басқарушы фирмаға және Кәсiпорынға осы шарттаманы жасау кезiнде республикада қолданылып келгенiнен аспайтын кеден, салық және тұтаспай заң тәртiптерiн қолдану;
      5.1.6. заң белгiлеген ретiмен Басқарушы фирмаға акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатып алуда басым құқық беру;
      тәуелсiз сараптама нәтижелерiне негiзделген, Объектiнiң Жарғы қорының мөлшерiн қайта бағалаудан кейiн (Шартқа қол қою мерзiмiндегi жағдай бойынша). Жарғы қоры қайта тiркеледi және акциялардың құны қойылады. Олар осылар бойынша Басқарушы фирмаға сатылады. Шарттама күшiне кiрген күннен 6 айдан кешiкпей Жарғы қоры қайта тiркелуге тиiстi.
      5.2. Шарттамаға қол қойылған кезден есептегенде, екi апта мерзiмде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi объектiнiң жоғарыда аталған акцияларын пакетiн басқаруға жазбаша сенiмхат беруi, осы шарттама ережелерiнiң негiзiнде Басқарушы фирмаға Объектiнi басқару құқын беруi болады.
 
                      Жақтардың жауапкершiлiгi
 
      6.1. Осы шарттамаға бойынша мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiстi түрде орындалмаған жағдайда Қатысушы жақтар Қазақстан Республикасы заңымен белгiленген жауапкершiлiк алады, Қазақстан Республикасының заңымен реттелмеген және осы шарттаманың жағдайлары жөнiндегi мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасы бекiткен нормалар және халықаралық келiсiмдер қолданылады.
      6.2. Осы шарттаманың талап-шарттарын тiкелей және жасырын түрде бұзатын мәмлелердiң күшi болмайды, ал оған кiнәлi жақтар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiк алады.
      6.3. кiнәлi жақтардың тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы оларды зиянды өтеу мiндеттерiнен босатпайды.
      6.4. шарттама мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда, кiнәлi жақ басқа жағына осындай бұзумен болған барлық тiкелей шығындарды өтеуге мiндеттi.
 
                               Форс-мажор
 
      7.1. Егер бұлар бөгде күш (форс-мажор) жағдайының салдарынан болса, Қатысушы жақтар шарттамадағы мiндеттемелердi толық немесе iшiнара орындамауға, сондай-ақ оларды орындаудағы кiдiрiс үшiн жауапкершiлiктен босатылады.
      7.2. Бөгде күш жағдайларына, Қатысушы жақтардың бақылау шеңберiнен шығатын, нақты айтқанда: әскери жанжалдар, табиғат апаттары, дүлей күш (су тасқыны, жер сiлкiнiсi және басқалары) жатады.
      7.3. Форс-мажор (бөгде күш) болған жағдайларда, одан зардап шеккен жақ оқиғаның басталған кезiн көрсетiп және форс-мажор жағдайын баяндап, бұл туралы басқа жағына жазбаша түрде дереу хабарлайды.
      Жақтар осындай жағдайлардың салдарын бәсеңдету үшiн бiрлескен күш-жiгермен шаралар қолданады.
      7.4. Шарттама мiндеттемелерiн орындау мерзiмi форс-мажор жағдайы болған уақытқа сай кейiн шегерiледi.
 
                          Құпиялылық
 
      8.1. Шарттасушы Жақтар құпиялылықты сақтауға қатысты, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына және Үкiмет ережелерiне сәйкес барлық құжаттар, ақпар, есептемелер бойынша құпиялылықты сақтаудың мерзiмдерiн айқындайды.
      8.2. Шарттасушы Жақтардың қай-қайсысы болмасын, басқа Жағының жазбаша келiсiмiнсiз, құпияны сақтау мерзiмiнде осы Шарттаманың мазмұнын немесе өзге де ақпарларды үшiншi бiр жаққа ашуға құқы жоқ.
 
                               Даудың шешiлуi
 
      9.1. Қатысушы жақтар осы ережеде реттелмеген барлық мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының заң нормаларын, Қазақстан Республикасы таныған халықаралық шарт нормаларын басшылыққа алады.
      9.2. Шарттама бойынша объектiнi және акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн басқару құқын беру кезiнде туындаған даулы мәселелер жақтардың өзара келiсуiмен немесе сотпен қаралады. Жақтардың шешуi мүмкiн болмаған жағдайда, олар 60 (алпыс) күн iшiнде халықаралық институциональдық төрелiк орталықтарға түпкiлiктi шешуге берiледi. Бұл органдардың шешiмi екi жағы үшiн де түпкiлiктi болады.
 
                Шарттаманың күшiн тоқтату жағдайлары
 
      10.1. Шарттама мына себептердiң бiрiмен өз күшiн тоқтатады:
      10.1.1. егер қатысушы жақтардың келiсiмен оның күшi ұзартылмаған болса, шарттама күшi мерзiмiнiң соңғы күнi өткен бойда. Бұл қосымша келiссөздер жүргiзуге өзек болады;
      10.1.2. бөгде күшке (фарс-мажор) байланысты жағдайлардан басқа, жақтардың бiрi осы шарттаманы орындамаған немесе шарттаманы едәуiр бұзғанда;
      10.1.3. Бiр жағы осы шарттаманы орындамаған немесе бұзған жағдайда, басқа жағы қолайлы келiсiлген уақыт кезеңiнде шарттама ережелерiн орындауды немесе оны бұзушылықты жоюды талап ету құқын алады; өйтпеген жағдайда, талап етушi жақ жоғарыда аталған уақыт кезеңiнiң күнi өтiсiмен шарттаманың күшiн бiр жақты түрде жоюға құқы бар; 10.1.4. Жақтардың бiрi басқа жағының келiсiмiнсiз өз мүддесiнiң кез-келген бөлiгiн үшiншi жаққа бергенде; 10.1.5. жақтардың бiрi сот шешiмдерiн орындамаған жағдайда. 10.2. Басқарушы фирма объектiнiң қызметiн қаржылай қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелердi ______________ банк күнi iшiнде (жазумен) орындамаған жағдайда, комитет шарттаманы бiр жақты түрде бұзуға және Басқарушы фирмаға осы шарттаманы орындамауы туралы талап қоюға құқылы. 10.3. Жақтардың осы шарттама бойынша қатынастары осы жақтардың барлық мүлiктiк талаптары реттелгеннен кейiн тоқтатылады. Олар бұл туралы акт жасайды, оған қол қою мерзiмiнен бастап, осы шарттама күшiн жояды. Шарттаманың күшiнде болу мерзiмi 11.1. Осы шарттама оған қол қойылған кезден күшiне кiредi. Алайда, жоғарыда айтылғандай, Комитеттiң Басқарушы фирмаға акциялардың мемлекеттiк пакетiн берген күнiнен мерзiм есептеле бастайды. 11.2. Шарттаманың күшiнде болу мерзiмi __________________ жыл (жазумен). Айрықша жағдайлар
      12.1. Комитет және Басқарушы фирма өзара келiсулерi бойынша, қолданыстағы рет-жөнiне сәйкес, осы шарттамаға өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге, шарттама күшiнiң мерзiмiн ұзартуға, сондай-ақ осы шарттаманы iс жүзiне асыруға байланысты қажеттi қосымша келiсiмдер жасауға құқықтары бар.
      12.2. осы шарттаманың барлық қосымшалары мен толықтырулары оның бұлжымас және қажеттi бөлiгi болады және оларға Келiсушi жақтардың өкiлеттi уәкiлдерi қол қоюға тиiстi.
      Бұл ретте осы шарттаманың және оның қосымшасының мәтiндерiнiң мағынасы мен құрамында алшақтық болған жағдайда, мерзiмi бұрынырақ қойылған құжаттардың ережелерi басыңқы пайдаланылады.
      12.3. Жақтар шарттамаға отырғаннан кейiн қаржы-шаруашылық жағдайда бағалау үшiн бiрлесе отырып тәуелсiз аудитор тағайындайды. Аудиторлық тексерудiң қорытындылары Меммүлiккомына берiледi, ол бекiтедi және олар осы шарттамаға қосымша жағдайларды келiсу үшiн негiз болуы мүмкiн.
      12.4. Осы шарттама орыс тiлiнде үш данамен жасалған және олардың әрқайсысының бiрдей заңдық күшi бар.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады