"Бекiтiлген инвесторларға Қазақстан Республикасында бiлiктi қызметкерлер, тауарлар мен қызмет көрсетулер iздеуiнде жәрдемдесудiң тәтiбi туралы ереженi" бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1997 жылғы 8 шiлде N 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 15 қазанда тіркелді. Тіркеу N 393. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығымен.

ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығынан
үзінді

      "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысының  қабылдануымен байланысты, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының  27-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
      1. Инвестициялар мәселелері жөніндегі мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
      12) "Бекiтiлген инвесторларға Қазақстан Республикасында бiлiктi қызметкерлер, тауарлар мен қызмет көрсетулер iздеуiнде жәрдемдесудiң тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 8 шiлдедегi N 26 қаулысы (1997 жылғы 12 қазан N 393)....

      Төраға

--------------------------------------------

      "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15 және 16-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
      Қоса берiлiп отырған "Бекiтiлген инвесторларға Қазақстан Республикасында бiлiктi қызметкерлер, тауарлар мен қызмет көрсетулер iздеуiнде жәрдемдесудiң тәртiбi туралы ереже" бекiтiлсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiдегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы 8 шiлдедегi
N 26 қаулысымен
бекiтiлген

Бекiтiлген инвесторларға Қазақстан Республикасында
бiлiктi қызметкерлер, тауарлар мен қызмет көрсетулер
iздеуiнде жәрдемдесудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      Осы Ереже "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының және "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Ереженiң негiзiнде әзiрлендi және бекiтiлген инвесторларға бекiтiлген келiсiм шарттың шеңберiнде бiлiктi қызметкерлер, тауарлар (өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдер) iздеуде жәрдем көрсетудiң тәртiбiн айқындайды.

II. Бiлiктi мамандар

      2.1. Комитет (Жарнама және үйлестiру дирекциясы) бекiтiлген инвесторларға бiлiктi кадрлар iздеуде мына санаттар бойынша жәрдем көрсетедi:
      - инженерлiк-техникалық қызметкерлер
      - экономистер
      - заңгерлер
      - қаржышылар.
      2.2. Комитет (Жарнама және үйлестiру дирекциясы қажеттi мамандықтар, сондай-ақ жоғарыда аталған бейiн мамандарын даярлауды жүзеге асыратын оқу орындары бойынша деректер банкiн қалыптастырады.
      2.3. Комитет бiлiктi кадрларды iздеуге аймақтың жұмыспен қамту қызметтерiн тиiстi агенттiктер мен компанияларды құрады.
      2.4. Инвестор бiлiктi кадрларды iздеудi дербес жүргiзуге құқылы.

III. Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдер

      3.1. Комитет (Әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау дирекциясы) бекiтiлген келiсiм-шарттың шеңберiнде жобаны жүзеге асыру үшiн инвесторға қажеттi өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы тауарлардың мынадай топтары бойынша деректер банкiн қалыптастырады (ТМД 1997 жылғы сыртқы экономикалық қызметiнiң Бiрыңғай тауар номенклатурасына сәйкес):
      VII бөлiм "Пластмассалар және олардан жасалатын бұйымдар; каучук және резеңке бұйымдар":
      - 39-топ "Пластмассалар және олардан жасалатын бұйымдар"
      - 40-топ "Каучук және ағаштан жасалатын бұйымдар".
      IХ бөлiм "Ағаш және ағаштан жасалатын бұйымдар...;
      - 44-топ "Ағаш және одан жасалатын бұйымдар; ағаш көмiрi"
      Х бөлiм "Ағаштан жасалатын қағаз массасы..., одан жасалатын қағаз бен картон бұйымдары";
      - 47-топ "Ағаштан немесе басқа талшықты өсiмдiк материалдарынан жасалатын қағаз массасы, қағаз және картон қалдықтары мен макулатура".
      - 48-топ "Қағаз және картон; қағаз массасынан, қағаздар мен картоннан жасалатын бұйымдар"
      XV бөлiм "Асыл емес металдар және олардан жасалатын бұйымдар":
      - 72-топ "Қара металдар"
      - 73-топ "Қара металдардан жасалатын бұйымдар"
      - 74-топ "Мыс және одан жасалатын бұйымдар"
      - 75-топ "Никель және одан жасалатын бұйымдар"
      - 76-топ "Алюминий және одан жасалатын бұйымдар"
      - 77-топ - болашаққа резервтелген
      - 78-топ "Қорғасын және одан жасалатын бұйымдар"
      - 79-топ "Мырыш және одан жасалатын бұйымдар"
      - 80-топ "Қалайы және одан жасалатын бұйымдар"
      - 81-топ "Өзге асыл емес металдар; метал-керамика; олардан жасалатын бұйымдар"
      - 82-топ "Аспап, пышақ бұйымдары және асыл емес металдардан жасалатын олардың бөлiктерi"
      - 83-топ "Асыл емес металдардан жасалатын өзге бұйымдар"
      ХVI бөлiм "Машиналар, жабдық және тетiктер:
      электр техникасы жабдығы...; олардың бөлiктерi мен керек-жарақтары"
      - 84-топ "... қазандар, жабдық және механикалық құрылғылар; олардың бөлiктерi"
      - 85 топ "Электр машиналары мен жабдық...;
      олардың бөлiктерi мен керек-жарақтары"
      XVII бөлiм "жер бетi, әуе және су көлiгi құралдары мен олардың керек-жарақтары";
      - 87-топ "Жер бетi көлiгiнiң құралдары ... олардың бөлiктерi мен жабдықтары"
      ХVIII бөлiм "Оптикалық ... өлшеу, бақылау приборлары мен аппараттары ...; олардың бөлiктерi мен керек-жарақтары":
      - 90-топ "Оптикалық ... өлшеу, бақылау приборлары мен аппараттары ...; олардың бөлiктерi мен керек-жарақтары":
      3.2. Деректер банкiне, сондай-ақ қазақстандық кәсiпорындар, өнiмнiң техникалық сертификаты, оның ГОСТ-қа сәйкестiгi, өндiрiстiк көлемi, ақы төлеу және беру шарттары туралы мәлiметтер де кiредi.
      3.3. Инвестор өнiмдi iздеудi дербес жүргiзуге құқылы.

IV. Қызмет көрсетулер

      4.1. Комитет (Әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау дирекциясы) бекiтiлген келiсiм-шарттың шеңберiнде жобаларды жүзеге асыру үшiн қажеттi қызмет көрсетулердiң негiзгi түрлерiнiң (консалтингтiк, инжирингтiк, заңгерлiк) тiзбесiн қалыптастырады.
      4.2. Комитет (Әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау дирекциясы) деректер банкiн қалыптастырады, оған жоғарыда аталған қызмет көрсету салаларында жұмыс iстейтiн фирмалар мен компаниялардың тiзбесi, олардың мекен-жайлары мен телефондары кiредi.
      4.3. Инвестор қызмет көрсету салаларында жұмыс iстейтiн компанияларды дербес iздеуге құқылы.

V. Жәрдем көрсетудiң тәртiбi мен шарттары

      5.1. Инвестор Комитеттiң Дирекцияларында қажеттi қызметкерлерге, тауарлар мен қызмет көрсетулерге сұрау жасауды ресiмдейдi.
      5.2. Комитет бекiтiлген инвесторға жоғарыда аталған қызмет салаларында жұмыс iстейтiн компаниялар мен фирмалардың тiзбесiн ұсынады.
      5.3. Жеке адамдар үшiн мамандарды iрiктеудi өлшемдерi осы саладағы кәсiбилiгi, тәжiрибесi, беделдiлiгi, ұсыныстамалар және заңды тұлғалар үшiн өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы және қызмет көрсету рыногындағы жоңғары бәсекелестiктiң деңгейi болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады