Байланыс формасы

Ақтөбе облысының әкімшілік аумақтық құрылысына бірқатар өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық мәслихаты және облыс әкімінің кезектен тыс сессияда қабылдаған 1997 жылғы 30 мамыр N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 29 желтоқсанда N 14 тіркелді

      Облыстың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын тиiмдi ету, басқару органдарын қаржыландыруға кететiн шығындарды азайту, қолда бар өндiрiстiк қуаттарды тиiмдi пайдалану және аймақтарды басқару мен олардың әлеуметтiкэкономикалық дамуына жақсы жағдай туғызу мақсатында облыстық мәслихат және облыс әкiмi шешiм еттi:

      Қазақстан Республикасының Үкiметiне Ақтөбе облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына өзгертулер енгiзу туралы ұсыныс жасау, атап айтқанда:

      1. - Әйтеке би ауданын;

      - Ақтөбе ауданын;

      - Мұғалжар ауданын тарату.

      (Түсiнiктеме жазба қосып берiлген)

      2. Шекараларын өзгерту;

      - Ақтөбе қаласы аумағының құрамына Қарғалы және Благодарный ауылдық округтерiнiң, "Елек" өндiрiстiк кооперативiнiң, Ақшат ауылының, Құршасай ауылының, Белогорка ауылының, бұрынғы "Новый" кеншарының, Сазды және Ақтөбе су қоймаларының, таратылатын Ақтөбе ауданының N 8 Өсiмдiк кеншарының қалаға жапсарлас бөлiгiнiң аумақтарын енгiзу;

      - Мәртөк ауданының,оның құрамына "Бұлақ" өндiрiстiк кооперативiнiң, таратылатын Ақтөбе ауданының "Хлебодаровка" және "Хазiрет" акционерлiк қоғамдарының аумақтарын енгiзу;

      - Ленин ауданының, таратылатын Ақтөбе ауданының Пацаев және "Тыңның 40 жылдығы" өндiрiстiк кооперативiнiң аумақтарын енгiзу;

      - Алға ауданының, оның құрамына таратылатын Ақтөбе ауданының "Аққұдық" өндiрiстiк кооперативiнiң аумағын (бұрынғы Ленин атындағы ұжымшар) және "Дәулет" өндiрiстiк кооперативiне қарасты жердiң бiр бөлiгiн енгiзу;

      - Октябрь ауданының, оның аумағына таратылатын Мұғалжар ауданының аумағын қосу;

      - Бөгеткөл ауданының, оның аумағына таратылатын Әйтеке би ауданының Бөгетсай және Тасөткел ауылдық округтерiнен басқа аумағын қосу;

      - Хромтау ауданының,оның құрамына таратылатын Әйтеке би ауданының Бөгетсай және Тасөткел ауылдық оругтерiнiң аумақтарын енгiзу.

      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі 2 тармақшасына өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1992 жылғы 30 маусымда шыққан "Арал өңiрiндегi экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заң күшiнiң экологиялық дағдарыс алдындағы аймаққа кiретiн бұрынғы Мұғалжар ауданының тұрғындарына да сақталуы өтiнiлсiн.

      Облыстық Мәслихат
хатшысы
Облыс Әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады